[
141
]
өзі Алтын Орданың қаһарлы ханы Этмануил Этмануиловичке
салық төледі».
3
Ескерте кететін жайт – Добролюбов орыс фолькло
рында татарлар дәуірінен үш ғасыр бұрын өмір сүрген Вла
димир князьді татарлардың шабуылына қарсы ұрыстарға
араластырғанын айтқанда, тұтастанудың екі түрін қамтыған.
Бірі – тарихи да, екіншісі – бір әмірші төңірегіне батырларды
топтау.
Тұтастану құбылысын Шоқан Уәлиханов та аңғарған. Қыр
ғыз дардың «Манасы» туралы қысқаша сипаттама берген тұста
ол тарихи тұтастану мен бір адамға байланысты топтау (яғни
фольклорлық циклге түсу) әдістерін меңзейді. Шоқан былай
дейді: «Манас» – энциклопедия, халықтың бүкіл ертегілерінің,
әңгімелерінің, аныздарының, географиялық, діни, ойлау дә
режесі мен білімінің, имандылық түсініктерінің бір уақытқа
телінген, бір адамның, Манас батырдың төңірегіне топталған
біртұтас жиынтығы»
4
.
Міне, тұтастану құбылысы фольклордың заңдылығы еке
нін осыданақ көруге болады. Жалпы зерттеушілер мен жи
наушылар интуиция арқылы байқаған бұл заңдылық біз дің
дәуірімізде де ғалымдар назарын аударып, олар бұл құбы
лысты арнайы зерттеуге кірісті. Осы тұрғыда, әсіресе академик
В. Жирмунскийдің еңбегін айрықша атаған жон. Ол кісі
Шығыс пен Батыс халықтарының эпосын (кейде аңыз бен
ертегілерін де) мейлінше кең салыстырмалы түрде зерттеудің
арқасында жалпы эпос жанрында сюжеттік, ғұмырнамалық
(биографиялық) және батыр (әмірші) төңірегіне, шежірелік
(генеалогиялық) тұтастану бар екенін анықтап, оларды ти
по
ло
гиялық тұрғыда сипаттап, бұл құбылыстың қоғам мен
фольклордың даму деңгейіне қарай әр кезеңде әр қилы кө
рінетінін дәлелдеген. 1947 жылы өзбек эпосы туралы еңбегінде
ғалым тек шежірелік тұтастану жайында айтса
5
, 1962 жылы
тұтастануды арнайы проблема ретінде қарастырып, оның
төрт түрін белгілейді
6
. Біріншісі, жоғарыда айтқанымыздай,
Достарыңызбен бөлісу: