Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет6/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
Адам мен аңның, табиғаттың бірлігі. Алғашқы қауымның 
көне мифологиясында адам мен аңдардың әлі бөлектенбей, 
бірге өмір сүргені жайында айтылады да, содан кейін олардың 
қалайша бөлініп кеткені, қандай қасиеттерге ие болғаны ту­
ралы баяндалады. Қазақ халқының өзгеріске ұшырап жеткен 


[
 
 19  
]
көне бір мифінде былай делінеді: «Ең әуелі төрт адам мен төрт 
жануар жасалыпты: түйе, жылқы, сиыр және қой. Бүлардың 
бәрі де шөппен қоректенетін болыпты. Бірақ адамдар шөпті 
тамырымен жұлып алып, қойын­қонышына тығып, өздеріне 
қор жинай бастапты. Мұны көрген жануарлар Құдайға шағым 
жасапты: «Мына түрімен адамдар шөпті тып­типыл етеді», – 
депті. Сонда Құдай олардан былай деп сұрапты: «Жарайды, 
мен адамға шөппен қоректенуге тыйым салайын, ал сендер 
өздеріңді союға, жеуге, сатуға келісесіңдер ме? Жануарлар 
келісім беріпті»
15
.
Жоғарыда айтқандай, бұл миф ежелгі классикалық сипа­
тын өзгерткен. Мұнда алғашқы қауым мифологиясындағы жа­
сампаз қаһарманның орнына құдай бейнесі енген. Әрине, бұл – 
бертінгі дәуірдегі бірқұдайлық діннің әсері. Соған қарамастан, 
бұл тексте көне мифке тән адам мен жануарлардың о бастағы 
бірлігі туралы түсінік сақталып қалған.
Енді Африка тұрғындарының мифіне назар аударайық.
«О баста жануарлардың барлығы да адамға тән қасиеттерге 
ие еді және сөйлей білетін. Сол заманда Хоккхиган есімді бір 
шатақ адам өмір сүріпті. Ол көзіне түскен аңмен ұрыса бе­
ріпті де, оларға зияндық істеуге тырысып бағыпты. Содан бір 
күні жоғалып кетіпті. Бірақ жоғалардың алдында ол өз зы­
мияндығын жүзеге асырып үлгеріпті: содан бері хайуандар 
адам 
дардың үйлерінен шығыпты да, осы күнгі қалпына 
келіпті»
16
.
Келтірілген текстің мазмұны алғашқы қауым кезіндегі 
көне түсініктің ізін сақтап қалған. Мұнда, біріншіден, аң мен 
жануар бір деп ұғынылса, екіншіден, олардың кейбір салты өз 
бетімен, яғни ешкімнің басқаруынсыз реттелген.
Ал мұндай түсінік алғашқы қауым адамының дүниедегі 
тіршілік, маңайындағы нәрселер, жан­жануар, адам, бәрі­бәрі 
өз­өзінен пайда болған, оларды ешкім жасамаған және ешкім 
басқармайды деген үғымға негізделген.
Тағы бір мысал келтірейік:
«Ерте заманда бүкіл ірі қара мал, қой, ешкілер орманда 
мекендепті. Бір күні Торорут: «Барлық жануар джунглидегі 
бәлен жерге белгіленген күні келсін», – деп, хабар жіберіпті. 
Өзі сол жерде үлкен етіп от жағыпты. Жануарлар отты көріп, 


[
  20  
]
қайтадан ормандарына қашыпты. Оттан қорықпай тек ірі қара 
мал мен қой, ешкі қалыпты. Олардың қашпағанына риза болған 
Торорут: «Бұдан былай бұлар адамдармен бірге тұрсын, ал 
адамдар олардың етін жеп, сүтін ішсін», – деп жариялапты»
17
.
Бұл мифте адам мен үй жануарларының арақатынасын 
реттеуші жасампаз қаһарман бар. Ол отты бірінші жаққан, үй 
жануарларын адамдарға бағындырып берген кейіпкер ретінде 
бейнеленеді. 
Австралия тұрғындарының мифтерінде құстар да, жән­
діктер де адамдар сияқты ру­тайпа болып өмір сүреді, олар 
да бір­бірімен өшігіп, жауласады, үйленеді, балалы болады
т.т. Бір қызығы – құс пен аң үйлене береді, сол сияқты аспан 
шырақтары мен жер тұрғындары да қосыла алады... Ал аңдар 
отау құрып, үй болып, адам тәрізді тіршілік етеді. Олар алғаш 
от жағуды үйренеді. Міне, сондай мифтің біреуі: «Ол күндері, 
Бутулга тырна ағашқа өрмелегіш кенгуру Гунарға үйленген 
күндері, олардың елінде от дегенді білмейтін. Тамақты ши­
кідей, әйтпесе күнге кептіріп жейтін.
Бір күні Бутулга бір ағашты екінші ағашқа үйкеп отыр еді, 
ұшқын мен түтін пайда болды.
– Мынаны қара, – деді ол Гунарға, – мен мына бір ағашты 
екінші бір ағашқа үйкеп едім, мынадай болды. Қандай жақсы 
болар еді, егер біз от жағып, тамақты пісіріп жесек, күнге кеп­
кенін тоспай­ақ.
Гунар түтінді көрді де:
– Біз от жаға алсақ, ғаламат күн болар еді. Қолыңдағы ағаш­
ты жар да, қуысына кабығы мен шөп сал, ұшқын от боп жануы 
үшін, – деді.
Бутулга әйелінің айтқанын істеді. Ұзақ үйкегеннен кейін 
қуыстың ішінен жалын көрінді. Гунар айтқандай­ақ, ұшқын 
шөпке тиіп, қабық тұтанып, түтін шықты. Сөйтіп, олар от жағу 
өнерін ашты...»
18
.
Адам мен аңның әлі бөлінбеген кезі бұл мифте өте айқын 
кө рінеді. Аңдар от жағуды үйренумен бірге тамақты пісіріп 
жеуге ұмтылады. Демек, алғашқы қауым адамының түсінігі 
бойынша, аңдар да кісілер сияқты «мәдени» өмірге құштар. 
Олар да өзара әңгімелесіп, ақылдасып отырады, тіпті армандай 
да алады. Мұндай көне ұғым көптеген халықтардың мифінде, 


[
 
 21  
]
наным­сенімінде кездеседі. Сондықтан да  кейбір елдерде құс­
тардың әні, аңдардың әңгімесі, өлеңі болады, тек оларды 
тыңдай, түсіне білу керек деген ұғым бар және оған негіздеген 
неше түрлі фольклорлық шығармалар ән түрінде, өлең түрінде 
немесе  аңыз, жыр түрінде айтылады. Осыған орай мына жағ­
дайды да айту керек.
Сібір мен Қиыр Солтүстік халықтары миф пен ертегіні түнде 
ғана айтатын болған, әсіресе қыста, аңға барған уақытта. Ай­
тушылар мен аңшылардың сенімі бойынша, андар да  ертек 
пен  мифті жақсы көреді, адам сияқты естіп, тыңдайды, тіпті 
сақтықты да ұмытып кетеді екен. Олар да жақсы аяқталатын 
ертекті ұнататын көрінеді. Сондықтан аңды алдаудың ең бір 
ұтымды әдісі – қызғылықты әрі «бақытты» ертегіні нанымды 
етіп айту деп ұғынылған.
Мифке, көне ертегіге мұндай магиялық­сиқырлы күш телу – 
алғашқы қауым адамдарының бәріне тән. Бұл туралы арнайы 
этнографиялық еңбектерде көп айтылған. Ал аңдар да адам 
сияқты «эстетикалық ләззат» алуға әуес деген ежелгі түсінік, 
сөз жоқ, мифологиялық сананың жемісі екенін арнайы айту 
лазым. Көне мифтерде тіпті аң­құстар адамнан да ақылды 
болып бейнеленеді. Мысалы, Африканың мампруси елі өз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет