Керегеге ілінген
Шабылмаған семсер тұр.
Жаудан алмай кегімді
Есіл де өмір өткен құр!
20
–
деп, жырау айдаудағы амалсыздыққа налиды, бірақ өзінің
жолынан, ниетінен айнымайды, өрмінез қалпында кала ды.
XVIІXVIІІ ғасырдағы қазақ поэзиясын тағы бір биікке
көтеріп, жыраулық дәстүрді ары қарай дамыта түскен үлкен
талант иесі Ақтамберді Сарыұлы болды. Ол 1675 жылы
Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан әйгілі Қаратаудың
қойнауында, ауқатты феодалдар үйінде туған. Атаанасынан
ерте айырылған ол жамағайын туысы Бердіке деген батырдың
қолында өседі. Бердіке болашақ жырауды жастайынан соғыс
өнеріне баулып, оның мінезқұлқына ерлік, қайсарлық қасиет
дарытады. Ақындық таланты ерте білінген Ақтамберді 10
11 жасындаақ өлең шығара бастайды, ал 17ге толғаннан
соң қазақтардың Моғолстанға, Жоңғарияға жасаған жо
рықтарына қатысып, ұрыстарда қаһармандық көрсетіп жү
реді. «Ақтабан шұбырынды» уағында Ақтамберді атақты
батыр, әрі жырау, Орта жүзге қарайтын руларды басқарушы
ретінде көрінеді. Батыр жырау қазақтардың жоңғарлықтарға
қарсы күресін ұйымдастырғандардың бірі болады, өзі қазақ
жасағының алдыңғы сапында шайқасады. Жоңғар мемлекеті
күйрегеннен кейін Ақтамберді өзінің зор беделі мен жыраулық
сөзі арқасында елді соңына ертіп, жаудан азат етілген
атамекенге орнықтыруда орасан еңбек етеді. Өзі солармен бірге
Қазақстанның шығысына көшіп келеді. Ақтамберді жырау
93 жасында, яғни 1768 жылы қайтыс болады. Оның күмбезі
[
223
]
Шыңғыстаудың «Құндызды» деген жерінде, «Жүрекжота» деп
аталатын төбенің басында.
Ақтамберді жыраудың әзірше бізге мәлім 26 шығармасы
бар, олар тақырыбы жағынан үш топ құрайды да, осы үш
топ жырау өмірінің үш кезеңін бейнелеп, содан хабар береді:
жастық шағы, кемеліне келіп, даңққа бөленген кезі және
қартайған уақыты. Осыдан болу керек, Ақтамберді поэ зия
сында қаһармандық пен лирикаға тән нәзіктік, қатал шындық
пен сағым қиял қатар өріліп, аралас жүреді.
Бірінші топқа жататын шығармалар Ақтамбердінің жас
кезінде, жетімдік көріп, көңілі жүдеп жүрген шақта туған
болу керек. Ол өлеңдері мен толғауларында тағдырға налу,
жал ғыздық пен кедейшіліктен тарығу, өзінің нашарлығына
қорлану, өкінуөксу бар. Автордың өзі де оның лирикалық
кейіпкері де жалғызілікті, қорғансыз, барлық жерде өзінің
әлсіздігін сезеді, зорлықзомбылық көреді. Ол осындай халін
уайымдайды, бірақ келешектен үмітін үзбейді. Жылдамырақ
есейгісі, елдің қатарына қосылып, дұшпандарынан кек алғысы
келеді, соны армандайды.
Дұшпаннан көрген қорлығым
Сары су болды жүрекке,
Он жетіде құрсанып,
Қылыш ілдім білекке,
Жауға қарай аттандым
Жеткіз деп, Құдай, тілекке
21
.
Міне, бұл – Ақтамбердінің кәмелетке жетіп, өзінөзі қорғай
алатын шаққа келгендегі көңілкүйі, арманына жеткен сәті.
Осыдан бастап Ақтамбердінің тасы өрге домалап, ол атақ
даңққа ие болады.
Ақтамберді өмірінің көбін жорықта, ат үстінде, жортуылда
өткізген. Ол өз маңайы ғана емес, алыстағы шет елдерге де сапар
шеккен, оларға шабуыл жасаған жасақтардың ішінде болған.
Ең бастысы және Ақтамберді үшін ең қиыны сол – қазақтардың
жаудан басым түсіп, тізесін бүктіргенін ғана емес, ойраттардан
ойсырай жеңілгенін көзімен көріп, басынан өткерген, өз
[
224
]
ағайындарының ерлігімен бірге сужүрек қорқақтығының да
куәсі болған...
Қалай болғанда да Ақтамберді қорықпайүрікпей, қалың
шайқастың ортасында болып, қазақ қолын жеке қаһар
мандығымен де, жалынды жырымен де жігерлендіріп, қайрат
тандырған, оларды ерлікке шақырған, жасақтардың жеңіске
деген, өз күшіне деген сенімдерін арттырған, оларды жауға
тойтарыс беруге жұмылдырған:
Достарыңызбен бөлісу: |