Қасқабасов С. Таңдамалы


ЖАНУАРЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ ЕРТЕГІ



Pdf көрінісі
бет34/60
Дата06.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#55473
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60
ЖАНУАРЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ ЕРТЕГІ
Халық прозасының бұл жанрындағы шығармалардың түп 
төркіні адамзат тарихының ең арғы заманында, аңшылық өмір 
кезінде жатыр. Басқаша айтқанда, жануарлар жайындағы 
ертегілер ертедегі адамдардың аң аулаумен ғана күнелткен 
шағында туған. Ол кездегі адамдар кейбір аңдарды қасиетті 
деп санап, қадір тұтқан, оларды өздерімен туыстас деп ойлаған, 
ал кейбір жануарларды рудың бабасы деп сенген. Осындай 
аңдардың мейірі түспесе, аңшылардың жолы болмайды деп 
түсінген. Сондықтан ертеректе аң аулауға кеткенде, әйелдер 
үйде отырып, сол аңдарды мақтаған, оларға арнап неше 
түрлі әдемі әңгімелер, өлеңдер шығарған. Оларды өте күшті, 
айлалы, айбарлы етіп бейнелеген. Мұндай мақтау ертегілер мен 
әңгімелерді ол аңдар естиді, содан соң мейірленеді деп сенген. 
Сөйтіп, аңшыларға көмек болады деп ойлаған.
Ол заманда мифпен аңдар туралы әңгімелерге де сен ген, 
олардың магиялық қасиеті бар деп түсінген. Сол себепті бұл 
әңгімелерде тұспалдау болмаған. Ондағы аңдарды – жануарлар 
деп түсінген (ал кейінгі ертегіде аңдар – адам орнында болған), 
олардың іс­әрекетін шын деп қабылдаған, себебі ол кездегі 
табиғат, өмір туралы түсініктер мен пайымдаулар тотемизмге, 
анемизмге және магияға негізделген. Сондықтан дүниені, 
адамның өзін қоршаған маңайды тануға бағытталған әлемнің, 
тіршіліктің қалай пайда болуы ғана туралы көне мифтермен 
қатар жан­жануарлардың шығуы, мінез­құлқы, ерекшеліктері 
жайындағы әңгімелер де танымдық қызмет атқарған, таза 
практикалық нысана көздеген.
Алайда адамзат санасы мен қоғамы ілгерілеп дамыған сайын 
өмір туралы, тірі табиғат пен өлі табиғат жайлы түсініктер 
түбегейлі өзгереді. Бір кезде қасиетті саналып, қадірленген 
нәрселер, бірте­бірте мінеле бастайды, сынға ілінеді. Баяғы 
заманда тотемдік қасиеттерге ие болып жүрген аң мен құс енді 
басқаша қабылданады. Сөйтіп, көне дәуірде шыққан мифтер 
мен әңгімелер келе­келе магиялық сипатынан айырылып, 
ондағы пір тұтылған жануарлар енді сынға алынады немесе 
аллегориялық сипат алады. Сөйте­сөйте баяғы жануарларды 
қастерлейтін әңгімелер басқаша айтылады, тіпті уақыт өте келе 


[
177
]
жаңа әңгімелер шығады, жануарлар қасиетті болып көрінбейді, 
қайта керісінше бейнеленеді. Байырғы сүйікті жануарлардың 
мінез­құлқындағы күлкілі жақтары ирониялық түрде 
суреттеледі. Сөйтіп, қазіргі ғылымда әлі анықтала қоймаған, 
ел арасында осы күнге дейін сақталған жануарлар жайындағы 
ескі тотемистік түсініктер мен классикалық ертегілер ара­
сындағы қайшылық пайда болады
8
. Басқаша айтқанда, ескі 
мифтер мен әңгімелерде жануарлар тотемистік тұрғыдан 
бей 
неленсе, кейінгі әңгімелер мен ертегілерде олар мүлде 
кереғар көрсетіледі. Демек, мұндағы алшақтық тура мағына 
мен ауыспалы мағынаның, шын образ бен оның тұспалының 
арасында болады.
Кейінгі заманда туған әңгімелер мен ертегілер бұрынғы лар­
дан тек кейіпкерлерді ғана мирас еткен, ал олардың іс­әрекеті 
мен мінез­құлқын басқа тұрғыдан бағалаған. Бірақ мұнда 
бір айтатын нәрсе сол: жануарлар жайындағы классикалық 
(аллегориялық) ертегі мен ескі мифтік әңгімелер ара 
сында 
әлі де болса тотемистік ұғымды сақтаған әңгімелер бар. Олар 
феодализм қоғамын толық басынан өткізбеген елдердің фольк­
лорында сақталған, бірақ, әрине, сол алғашқы күйіндей емес.
Ал таза ертегі көркем жанр ретінде мифтік ұғымдардан 
біржола қол үзгенде ғана қалыптасады. Онда жануарлар об­
разы адамды тұспалдап бейнелеу деп қабылданады. Жану арлар 
жайындағы классикалық ертегі мифтік және діни ұғымдардан 
таза, мұндағы қиял көркемдік қызмет атқарады.
Егер жануарларға байланысты тотемистік түсініктерге не­
гізделіп туған көне­әңгіме мифтердің мақсаты әрбір адам 
білуге міндетті мифологияны білдірсе (хабарласа), көркем 
ертегінің мүддесі басқа. Бұл жанр пайда болып, қалыптасқан 
шақта адамзат таптық қоғамда өмір сүрген еді. Сол себепті 
мұндағы қиял тұспалдау түрінде болады да, әлеуметтік­тап­
тық мүдделерді көрсетуге жұмсалады. Сөйтіп, жануарлар 
жайындағы классикалық ертегілерде әңгіме шын мәніндегі аң 
мен құстар жайында емес, адамдар жайлы болады.
Міне, жануарлар жайындағы ертегі жанрының туып, даму 
процесі осындай. Ол – типологиялық құбылыс, барлық елдің 
ертегісіне тән заңдылық. Қазақ ертегісі де осы заңдылық 
12­278


[
178
]
бойынша туып, қалыптасқан. Рас, оның өзіне тән ерекшелігі 
де бар.
Жануарлар жайындағы қазақ ертегілерін үш топқа жік­
теуге болады. Біріншісі – шығу мерзімі жағынан ең көне миф 
жанрымен байланысын толық үзе қоймаған, жануарлардың 
пішініндегі, немесе жүріс­тұрысындағы, я болмаса мінез­
құлқындағы, әйтеуір қандай да болсын ерекшелігін түсіндіре 
баяндайтын этиологиялық ертегілер. Екіншісі – Шығыс жә­
не Батыс халықтарының көпшілігіне мәлім, яғни дүниежүзі 
елдерінің жануарлық эпосын құрайтын классикалық ер­
тегілер. Бұлар бүгінгі дәуірде балалардың үлесіне тиген. Қай 
елдің болсын жануарлар жайындағы классикалық ертегілері 
адам мінезінің ақылдылық, ақымақтык, қулық­сұмдық сияқ­
ты жақтарын қарапайым аллегориялық формамен ашып бе­
реді. Үшінші топқа мысал ертегілер (апологтар) жатады. Бұл 
ертегілер көбінесе кітаби болып келеді де, әдебиетке жақын 
тұрады. Мұнда жануарлар бейнесі шартты түрде алынғанмен, 
ғибрат ашық айтылады. Енді осы үш топты жеке­жеке, нақты 
мысалдар арқылы қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет