Асан қайғы толғауларының «Елдік мұрат» идеясы.
Қазақ әдебиетінің тарихында ақын-жыраулардың поэзияларының ерекше орын алатыны айтпаса да белгілі дүние. Қазақтың төл әдебиетінің алдында тұрып, көш бастаған Асан қайғы толғауларының идеологиялық тұрғысы өте кең ауқымды алатыны сөзсіз. Асан қайғы ел жадында мәңгі сақталып қалар, аңызы мен ақиқаты араласа ұсынылатын ойшыл жырау. Асан қайғының қай толғауын алып қарасақта елдің хәлін, мұратын, көркеюін, алға қарай дамуын, елдің жақсылығын ойлаумен арпалысты. Өмірден көрген-түйгендерін ұлағат етіп, салиқалы ақыл-ойға ден салды, әрі соны келешек ұрпаққа мұрат етіп қалдырды. Асан қайғы толғауларында сөз болған ел ішіндегі көріне бастаған кейбір қайшылықтар мен елдің көңілі ауған, бойға дарытқысы келетін, бойдан арылтқысы келетін жыр толғаулары әлі күнге дейін өз манызын жоғалта қойған жоқ. Асан қайғының ел мен жер туралы, оның қадірі туралы кеңінен қамти жырлаған туындысы «Қырында киік жайлаған» атты толғауы еді. Ол толғауда елдің тыныштығын қашырған, мазасын кетірген, хандық билікке таласқан байбатшаларға мына бір бастаумен ғана ақылын айтты десек артық емес.
Үзінді:
Ойыл деген ойынды, Елбең-елбең жүгірген,
Отын тапсаң, тойынды. Ебелек отқа семірген,
Ойыл көздің жасы еді, Екі семіз қолға алып,
Ойылда кеңес қылмадың, Ерлер жортып күн көрген
Ойылдан елді көшірдің. Еділ деген қиянға,
Еңкейіп келдің тар жерге,
Мұнда кеңес қылмадың
- деген толғауының өзінде бір шумақтың өзі қандай терең мағынаны береді десеңізші?. Елдің хәлін ойлаумен өткен Асанға бұл толғаудың өзі аздық етті. Асан қайғы биліктергі бірде-бір адамнан қорықпады, олардың кемшілігі мен опасыздығын бетіне басып қана қоймай, халықтың қолдауына ие болып, жер мен халықтың сөзін сөйледі. Қадірі мен қасиеті кеткен биліктегі адамдарға айтқан сөздерінің түп-төркіні ата қонысты қолда ұстау еді. Асан қайғы өзінің ішіндегі жан-айқайын тағы бір толғауында мынандай сөздермен топшалайды.
Үзінді:
Құйрығы жоқ, жалы жоқ-
Құлан қайтіп күн көрер?!
Аяғы жоқ, қолы жоқ-
Жылан қайтіп күн көрер!?
Мұндағы риторикалық сұрақ ретінде берілген «күн көрер?» сөз тіркесінің идеологиялық маңызы өте тереңде жатыр. Сол тұстағы елдің бөлінуіне іштей қапа болған Асан қайғының тығырыққа тірелгендегі сөзі деп білеміз. Елдің жайы мен әлеуметтік халін жырау осы тұста ерекше жырлайды. Қай толғауды алып қарасақ та, оның негізгі идеясы елдің мұратына келіп тіреледі.
Асан қайғының тағы бңр ел мұратын сөз етіп қозғаған толғау «Бұл заманда не ғәріп?»» Ер жігіттің ата – жұрттан қол үзгендігі туралы, ел көңіліндегі аса маңызды мәселелерді жырлайды.
Үзінді:
Бұл заманда не ғаріп?
Ақ қалалы боз ғаріп
Жақсыларға айтпаған,
Асыл шырын сөз ғаріп.
Бұл толғауда Асан қайғы үшін ата қоныстың қаншалықты деңгейде маңызды екендігін байқауымызға болады. Асан қайғының толғауларда ұстанған ең негізгі принципі ел ішінің берекелі болуы, қазақ балалары кемелдікке, татулыққа, адамгершілік қасиетке, қайырлы қоныста берекелі тіршілік етуі деп білемін.
Қорытындылай келе, Асан қайғыны өзгелерден даралайтын ең басты ерекшелік ата жұрт пен атамекенді өз толғауларынан бір елі тастамауы. Оның өз басын емес, халқы мен елінің мұратын ойлауы. Елі үшін алаңдап, әр басшыға бет бұра қарсы шығуы. Билікке сатылып, өз басын ойламай, халқының сөзін сөйлеуі. Қай толғауын алып қарасақ та елін тастамауы. Тек елім, жерім деп жырлауы. Бұл әрине мақтан тұтарлық дүние. Философ Экклезиаст: «Көп ақылдан — көп қайғы», — деп бекер айтпаған. Ақылсызда қайғы жоқ. Ал ақылды адам бір күндігімен шектелмейтін, алдын болжап отыруға деген талпынысымен, биік мүдделерге қол созған қиялқанаттылығымен ақылды. Міне осының бір дәлелі ретінде Асан қайғыны көре аламыз. Ішкен-жегеніне мəз, салған сайранына мəз, ақыл иесі — адам деген ортақ атты жамылған қаншама жан бар, осыған қарсы тұра білген де Асан қайғы. Асан қайғының ел арасында алатын орны ерекше, ол біз үшін мәңгі асыл, дана тұлға!