Асанов камашке даулетқАНҰлы айтыс өнерінің публицистикалық сипаты Электронды оқулық


  Қазіргі айтыстағы тақырып ауқымдылығы және оның



Pdf көрінісі
бет15/26
Дата27.02.2023
өлшемі1,93 Mb.
#70231
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
3.3 
Қазіргі айтыстағы тақырып ауқымдылығы және оның 
өзектілігі 
ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы ел тарихы үшін аса бір елеулі кезең еді. 
Халқымыздың ғасырлар бойы армандап, сол жолда небір зұлматты бастан 
өткере отырып, жеткен Тәуелсіздігі де осы жылдар еншісіне бұйырды. КСРО-
дай алып империяның аясында өмір сүрген «кіші ұлттарды» коммунистік 
идеология тек саяси тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ экономикалық 
дербессіздікпен де байлап-матап келген болатын. 1991 жылдың желтоқсанында 
саяси тәуелсіздікке қол жеткізгенімен, Қазақстан экономикалық тұрғыдан 
күйзеліске, тығырыққа тап болды. Халқымыздың алдында нар тәуекел жолы 
тұрды. Ол – нарықтық экономика жолы еді. Қоғамдағы орын алған саяси- 
экономикалық дағдарыс, халықтың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайына да әсер 
етпей қоймады. Ал әлеуметтік тұрмыс қиыншылығы елдің рухани 
құндылықтарының тежелуіне алып келетіндігі белгілі.
Сол кездегі қазақ қоғамының саяси және экономикалық ұстанымы туралы 
тарихшыларымыз былай деп жазды: «1991 жылдың желтоқсанында Қазақстан 
демократиялық, азаматтық құндылықтарға негізделген жаңа саяси құрылыстың 
жолында тұрды. Әсіресе, дамудың мынадай жолдарын белгілеп алу керек 
болды: экономикада – нарықтық қатынастарды тұрақтандыру, саясатта – 
азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру. Бұл бағыттың ілгері дамуы 
қоғамның ең жоғары құндылығы есебінде, алдымен, адамды танып-білуге 
негізделгендігінде еді» [142, 148 б.]. 
Жетпіс жылға жуық «ұлы» халық ықпалында болып, дәстүрі мен 
мәдениеті, тілі мен әдебиеті өгейлікке ұшыраған ұлттар қатарында қазақ елі де 
болғаны белгілі. Әсіресе, осынау қоғамдық салалар ішінде БАҚ-ның көрген 
құқайы тым ауыр еді. Цензура атты темір шеңгелдің уысында болған ақпарат 
құралдары тек қана жалғыз идеяның шылауында өмір сүрді. Ол идея «ұлы» 
Ленин есімін бет-перде еткен коммунистік партияның сұрқия саясаты еді. 
Қоғамдық санаға берік орнығып, әбден сіңісті болған осындай саясат сызын 
бірден сылып тастауға біріншіден уақыт, одан кейін ұлттық мүдде 
бағытындағы тегеурінді идеология қажет болатын. Зерттеу барысындағы 
«Қазіргі айтыс және ұлттық идеология», «Қоғамдық ой қалыптастырудағы 
айтыс өнерінің рөлі» атты тараушаларда бұл мәселеге жан-жақты тоқталған 
болатынбыз.
Сонау сексенінші жылдардан басталған «Семей полигоны», «Арал 
тағдыры» проблемалары тәуелсіздік жылдарынан кейін шешуі күрделі көптеген 
мәселелермен толыға түсті. Ұлттық балабақшадан басталған проблема ел 
басына түсіп отырған ірі-ірі әлеуметтік мәселелерге дейін жалғасып жатты. 
Айтыс сахнасына шыққан ақындар үшін көтеретін проблема, қаузайтын 


200 
тақырып өте мол еді. Бұл жағдай айтыс өнерінің әлеуметтік мәні мен қоғамдық 
маңызының арта түсуіне ықпал етті.
«Айтыстың өзіне тән хас жанрлық белгілері жойылмай, қайта әлеуметтік 
тынысы кеңейе түсті деп тұжырымдауға негіз жеткілікті. Қазіргі айтыстарда 
жеке бастың сырлары мен мұңдарынан гөрі қоғамды, жұртшылықты толғантып 
жүрген проблемалардың көбірек көтеріле бастауы осы айтқанымызды 
дәлелдейді» [111, 89-90 бб]. 
Тәуелсіздік жылдарда өткен айтыс өнерінің тақырып ауқымын мағыналық 
һәм проблемалық тұрғыдан мынадай үш сипатта көрсетуге болады.
Біріншісі – әлеуметтік, рухани мәселелер.
Екіншісі – саяси, экономикалық сала.
Үшіншісі – экология тақырыбы.
Аталмыш осы үш тақырып аясында қаншама проблемалардың 
шоғырланып тұрғаны белгілі. Енді осы салалардың әр қайсысына жеке-жеке 
тоқталып, саралап көрсек. Ақындар айтысының ең ауқымды тақырыбы –
әлеуметтік, рухани құндылықтар мәселесі. Халықтың әлеуметтік жағдайы: 
тұрмысы, денсаулығы, оқу-білімі, мәдениеті, өнері, әдебиеті мен баспасөзі, діні 
мен ділі, міне, осы мәселелерге қатысты қоғамдық проблемалар айтыста жиі 
көрініс беріп жатады. Бұл бір жағынан табиғи заңдылық. Осы аталған 
әлеуметтік мәселелердің барлығы халықтың күнделікті тыныс-тіршілігі, 
тұрмысымен өте тығыз байланыстағы салалар. Айтыс ақындары Қазақстандағы 
ауыл-аудандардың барлық өңірінен келетін болғандықтан, аталмыш мәселе 
сипаты бүкіл республика аумағын қамтиды. Мұның өзі айтыста көтерілген 
проблеманың қоғамдық маңыздылығын көтерумен қатар мемлекеттік
халықтық сипатын айқындайтын құбылыс. Қазіргі айтыстың өкілі ауылдық, 
аудандық немесе өзі шыққан аймақтың ғана жоғын жырламайды. Көзі ашық, 
көкірегі ояу, оқыған-тоқығаны мол білімді ұрпақ Қазақстанның қай 
қиырындағы проблема болмасын, оған ұлт жанашыры ретінде үн қосып, пікірін 
ашық айтып отырады. Қазақ қоғамында орын алып отырған кейбір әлеуметтік 
теңсіздік мәселелерін айтыс ақындары жалпыхалықтық сипатта баяндайды. 
Балғынбек Имашевпен арадағы айтысында ақын Сара Тоқтамысова былай деп 
толғанады:
«...Айтатын қоғамдағы болған жайды,
Ақындар бүгін қалай толғанбайды.
Қоғамда теңсіздік тұр әлсіз болып,
Жанымыз соған қалай қорланбайды? 
Қарапайым халықты көзге ілмейтін,
Көріп жүрміз ел ырысын сорған байды...» [138, 120 б.]. 
Айтыс ақындарының мемлекеттік, ұлттық деңгейдегі келелі тақырыптапға 
баруы, сөз жоқ, тәуелсіздік әкелген ой азаттығының жемісі деп бағалаймыз. 
ХІХ ғасырдағы рулық-тайпалық сипаттағы айтыс, одан берідегі ХХ ғасырдағы 
кеңестік заманның ақындары колхоз, совхоз, аудан, облыс деңгейінде сөз 
қозғап, проблема көтерсе, бұл үрдіс Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, 
біртұтас ұлттық, мемлекеттік деңгейге көтерілді. Мәселен, Семей полигоны 
зардаптарын, Арал апатын ақындар ұлтқа төнген үлкен қауіп ретінде жырлады. 


201 
Белгілі айтыскер, жыршы Шынболат Ділдебаевтың әйгілі «Шындық» туралы 
толғауы, кейінгі буын айтыскерлерге үлгі-өнеге, сара жол іспеттес болды. 
Айтыс өнерінде өзіндік өрнек қалдырған кенші-ақынның бұл толғауы, халық 
көкірегінде ұзақ жылдар бойы шемен болған шерді қозғады.
«...Туған елдің қазынасының бәрін ап,
Ұрпағымыз кейін немен жарымақ?!
Полигон боп, Абай, Мұхтар жүрген жер, 
Атом неге тек Семейде жарылад?!
Бұл сөзіме түсінер-ау есі бар,
Кімнің, қандай ала алмаған өші бар.
Талай елсіз Тундралар жатқанда,
Сары алтындай, Сарыөзекте несі бар?! 
Мәз болмайық арқамыздан қаққанға, 
Мәз болмайық жұлдыз әкеп таққанға.
Кімге керек жал мен жая жегенің, 
Бауырларың қылтамақ боп жатқанда?..» [110, 75 б.]. 
Әр дәуірдің белгілі бір кезеңдерінде рухани шығармашылық әлемінде жарқ 
еткен жұлдыздай бұқара халықты елең еткізер туындылар өмірге келіп жатады. 
Ол шығармашылық өнерінің кез келген түрінде болатын құбылыс. Қолына 
домбыра ұстап ел алдына шыққан кейінгі толқын айтыс ақындарына Шынболат 
ақынның «Шындық» туралы толғауы нені жырлап, нені айту керектігін 
көрсеткен Темірқазық жұлдызы іспеттес болғаны рас. Осы толғауда көтерілген 
сан алуан проблемалар көрінісі, кейінгі айтыстардың негізгі өзегіне айналды. 
Ақындар айтысындағы тақырыптардың тереңдігіне немесе өзектілігіне 
бұқаралық ақпарат құралдарының тигізген әсерін ашық айтуымыз керек. 
Күнделікті газет-журналдарда, телерадио кешенінде жазылып, айтылып жатқан 
ақпараттар ағыны айтыс ақындарын мол дерек көздерімен қамтамасыз етіп 
отырды. Публицистика теориясын зерттеуші ғалым Т.С. Амандосов: 
«Публицист документалдыққа сүйенеді және фактіні терең түсініп алу керек 
дегенге ой жүгіртіп қарасақ, фактіден әрекет басталады, әрекет көрінеді. Және 
бұл әрекеттің өзі барлық жағдайда да байқалып отырады» [114, 25 б.]. 
Айтыстағы проблемалардың дені дерек пен фактіге негізделген. 
Айтысушы ақын өзі көтеріп отырған проблема туралы жан-жақты біледі, әрі 
сол мәселе жөнінде нақты дерек көзі болғандықтан батыл, ашық айтады. 
Мәселен, бүкіл баспасөзде, теледидарда үлкен дау тудырған Шымкенттегі 
«Вакцина» проблемасын ақын Аманжол Әлтаевтың айтыста қозғауы, сөз жоқ, 
БАҚ-ның дерегіне, фактісіне сүйенгені. Мұхтар Қуандықовпен болған сөз 
сайысында осы жөнінде Аманжол былай дейді: 
«...Сырдағы сәбилердің көпшілігін,
Қасірет қой туберкулез меңдегені.
Жығылғанға жұдырық болды бүгін,
Сапасыз «вакцинамен» емдегені...» [138, 147 б.]. 


202 
Ұлы Отан соғысы кезіндегі, одан кейінгі Кеңес дәуірінің 50-60 
жылдарындағы ақындар айтысындағы цифрлы мәліметтер, қазіргі айтыста көп 
кездеспейді немесе жоқ деуге де болады. Бұған қарап публицистиканың басты 
элементі нақтылық пен цифрлы мәліметтердің болмауы, айтыстың деректілігін 
төмендетеді деген ой туындамауы керек. Қазіргі айтыстағы проблема 
деректілігі, яғни, цифрлы мәліметтер көрінісі логикалық сипатта беріледі. 
Мәселен, қарағандылық ақын Тілеген Әділов әріптесі Нұрлан Мұсаевпен 
айтысында мынадай мәселелерді тілге тиек етеді:
«Жер сатылып, бекітіліп анық дерек,
Шайқалады заман атты алып терек.
Сынған қурай үмітіме мен қайтейін,
Сайқалдықтың сары иті сарып келед.
Қызығына қалталы қарық болып,
Бейнетін қарапайым халық көред...» [137, 327 б.]. 
Бұл жыр жолдарындағы Тілеген ақынның «Жер сатылып, бекітіліп анық 
дерек» деген сөздері нақты фактіні сипаттап тұр. Себебі осы сөздері ақынның 
баспасөзден «Жер туралы» мемлекет заңын оқығаны немесе аталмыш мәселе 
жөнінде басқа да ақпарат көздерінен құлағдар болғандығын анық аңғарамыз. 
Цифрлы мәліметтердің айтыста айтылу тәсілі жөніндегі ойларымызды осы 
тұрғыдан таразылар болсақ, біраз жайдың сырына қаныға түсеріміз хақ.
Сондықтан да «Публицистика жанрларының айқын да жарқын болуы 
фактіге байланысты. Ал факті бойындағы әрекеттің көрінісі байқалуы дерексіз, 
құрғақ сөз емес, қайта өмір шындығы болып табылады. Оның өзі белгілі бір 
игілік өндіру жолындағы адамдардың істері» [114, 25 б.], – деген ғалым 
пікірімен келісе отырып, ақындар айтысының да табиғаты осы тұжырымнан 
алыс еместігін айтамыз.
Жоғарыда келтіріп өткеніміздей, айтыста статистикалық мәліметтер мен 
цифрлы деректер ақын жырында лирикалық сипатқа еніп, көрермендерді 
қажетті ақпарат ағындарымен қамтамасыз етеді. Кейде баламалы түрде болсын 
цифрлы деректерді келтіру арқылы қоғам проблемасын дөп басып, жариялап 
жатады. Шорабек Айдаровпен арадағы айтысында ақын Қуаныш Мақсұтов 
мынадай деректерді көпшілік талқысына ұсынады:
«...Балалар жалаңаяқ жүрмесін деп,
Шөңгелер табанына кірмесін деп,
Несие берем дейді бұл үкімет, 
Қиындықты өмірде көрмесін деп. 
Ол қаржы қай ошақты байыта алады, 
Қазақтың қай шарбақты сай табағы?
Төрт жүз доллар ақшаны алады да,
Төрт жылға қарыздарын қайтарады...» [123, 279 б.]. 
Айтыс өнерінің кейінгі жиырма бес жылдық тарихында уақыт мінберінен 
түспей халықтың көкейкесті проблемасы ретінде көтеріліп келе жатқан мәселе 
ол – қазақ тілінің тағдыры жайлы толғаныс. Зерттеу барысында айтып 
өткеніміздей, осы ұлт тіліне байланысты қаншама проблемалар туындап отыр. 


203 
Әдебиет пен баспасөз, мәдениет пен өнер, оқу-ағарту, салт-дәстүр сияқты 
халықтың рухани салаларының дамуы мен өркендеуі, сайып келгенде, ұлттық 
тілдің кең өріс алуына келіп тіреледі. Сондықтан да айтыстың басты тақырыбы 
ана тіліміздің бүгінгі ахуалына арналуы заңды құбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет