Асанов камашке даулетқАНҰлы айтыс өнерінің публицистикалық сипаты Электронды оқулық



Pdf көрінісі
бет9/26
Дата27.02.2023
өлшемі1,93 Mb.
#70231
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
d12a00640c0832fa23edce30a75d6d85 (1)

 
2.3 
1946-1986 
жылдар аралығындағы ақындар айтысының 
тақырыптық, мазмұндық ерекшелігі 
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін де қазақтың айтыс өнерінің 
қоғамдық маңызы бәсеңдеген жоқ. 1946-1957 жылдар аралығында өткізілген 
ақындар айтысының дені 1966 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген 
«Айтыс» жинағының үшінші томында топтастырылған. Айтыс негізінен сол 
уақыттағы Советтік Қазақстанның әр өңірлерінде өткізілген сөз сайыстарының 
жинағы ретінде «Ақындар шықты айтысқа» (Алматы, 1960 жыл), «Оңтүстік 
Қазақстан ақындарының айтысы» (Шымкент, 1958 жыл), «Ақындар үні» (Орал, 


100 
1958 жыл), «Ақындар айтысы» (Ақмола, 1958 жыл), «Қостанай ақындарының 
айтысы» (1958 жыл) кітаптарында жарияаланды.
Аталмыш жинақтардың ішіндегі «Ақындар шықты айтысқа» кітабына 
Қазақстанның Семей, Көкшетау, Қызылорда, Гурьев, Солтүстік Қазақстан, 
Өскемен сияқты облыстарында өткізілген айтыс жырлары кіргізілген.
Бұл дерек көздері айтыс өнерінің советтік дәуірде де үзбей өткізіліп 
тұрғандығын дәлелдейді. 1958 жылы Орал қаласында жарық көрген Батыс 
Қазақстан ақындарының облыстық бірінші айтысын топтастырған «Ақындар 
үні» атты жинақтың алғы сөзінде ақындар айтысының социалистік мәні мен 
маңызы туралы былай деп жазылған: «...1958 жылғы февральда облыс 
ақындарының бірінші айтысы өткізілді. Біздің облысымызда ақындардың 
айтысы аса зор саяси науқан кезеңінде еңбекшілердің өндірістік еңбек өрлеуі 
жағдайында өтті. Партия мен үкіметтің тарихи шешімдерімен жігерленген 
облысымыздың жұмысшылары, колхозшылары және интеллигенциясы 
экономика мен мәдениетті онан әрі өрге бастыру жолында қажырлы еңбек 
етуде. Алдымызда тұрған зор міндеттер біздің ақындарымызға терең ой 
тудырып, олардың айтысын қызу және идеялық жоғары дәрежеде өткізуге 
мүмкіншілік берді» [79, 3 б.]. 
Жалпы, кеңес дәуірінде халқымыздың рухани шығармашылық мұрасына 
коммунистік идеологияның ықпалы өте зор болғандығы ақиқат. Пролетариат 
көсемі 
Ленинді, 
«кемеңгер» 
коммунистік 
партияны 
жырламаған, 
насихаттамаған ақын-жазушылар некен-саяқ немесе жоқ. Әсіресе, сезім мен 
шабыты тілдің ұшы, домбыраның шанағында тұратын айтыс ақындары бұл 
мәселеге келгенде өзге шығармашылық өкілдерінен қашанда оқ бойы озық 
отырғандығы табиғи заңдылық. Халық тұрмысын, ел экономикасындағы 
жетістіктерді жырлау немесе партияға көлеңке түсіретін келеңсіздіктерді 
көрсету айтыстың негізгі міндеті болғанымен, түптеп келгенде, ақындардың 
басты ойы партияны мадақтау, әспеттеу сияқты жалынды сөзге, идеологиялық 
ұранға толы болды. 
Бұл бір жағынан уақыт тудырған талап болатын. «Халық мүддесіне, біздің 
көп ұлтты Отанымыздың мүддесіне қатысты мәселенің қандайын да болсын 
«партия бұзбас шеп, партия алмас қамал жоқ, бұған қалай мақтанбассың!» [80, 
227-228 бб] – деп пікір білдірген зерттеуші ғалым ойы да өз уақытының саяси-
көзқарасын танытып тұрған жоқ па?! Ендеше:
«Партия – сенерім де, тірегім де,
Партия – ең ардақтап сүйерім де.
Партия сеніменен мәңгі бірге –
Ойым да, еңбегім де, жүрегім де» [79, 9 б.] – деп жырлаған айтыс ақыны 
Хамит Әбіловтың сол кездегі өнеріне, сөзіне тіксініп қараудың еш қажеті жоқ. 
Адамзат тарихы қаншама «соқтықпалы, соқпақты», «тар жол, тайғақ 
кешулерді» бастан кешірді. Халық өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық ахуалына 
сай өмір сүріп, соған сай қызмет жасады. Өмірде саясатқа да, заңға да белгілі 
бір жүйеге де бағынбайтын, тек бүкіл адамзат тіршілігіне ғана ортақ ізгі 
қасиеттер болады. Ол Адамгершілік, Адалдық, Парасат атты ұғым төңірегінде 
үйлесім тауып, қоғам дамуының негізгі тетігі ретінде бейбіт өмір 


101 
баяндылығының алғышарттарын жасайды. Кез келген қоғамның прогрессивті 
бағытты ұстайтыны белгілі. Кеңестік идеологияның да негізгі бағыты 
адамгершілікке, Отанды сүюге, қажырлы еңбек етуге, арамтамақ, жалқау 
болмауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге шақырған ізгі ойлардан 
құрылғандығын жоққа шығару бүгінгі ұрпақ үшін қиянат болар еді.
Кеңес заманында өмір сүріп, барлық саналы ғұмырын сол дәуірдің 
шындығы мен ақиқатын боямасыз көрсеткен өнер адамдары мен 
шығармашылық тұлғалардың мұрасына құрметпен, түсіністікпен қарау бүгінгі 
ұрпақтың парасатты парызы болып саналмақ.
Қазіргі кезде кеңестік замандағы әдебиет пен тарихтың денін мансұқ етуге 
даяр топтың барын да уақыт дәлелдеп отыр.
Өркениетті елдерде, қай қоғамның болмасын әдебиеті мен мәдениетіне, 
дәстүрі мен өнеріне үлкен құрметпен қарайды. Өткеннің бәрі тарихтың бедері 
деп бағалайды. Соған қарап кез келген қоғам бағыт алып, бесігін түзейді.
Батыс Қазақстан ақындарының облыстық айтысында да сол кездің өзекті 
тақырыптары мен қатар елдің әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері де қозғалады. 
Қаратөбе ауданының ақыны Хамит Әбілов пен Жымпиты ауданының ақыны 
Жаңыл Жұрмағамбетованың айтысында соғыстан кейінгі қазақ ауылдарының 
әлеуметтік, тұрмыстық жағдайлары, шаруашылықтағы жетістіктер мен кемшін 
тұстар жан-жақты көрініс табады.
Хамит ақын өз кезегінде Қаратөбе ауданының сол кездегі ахуалын, нақты 
деректер келтіре отырып жырлайды.  
«Ауданым Қаратөбе алға басқан 
Жаңарып күннен-күнге талабы асқан. 
Орнына колхоздар мен МТС-тердің
Қуатты зор совхоздар орналасқан.
Үш мыңдай биылғы өсім ірі малдан, 
Жиырма мың – тағы өсімін қойдан алған 
Ақыным, мал өсіру саласында
Неге көп совхоздарың артта қалған?» [79-9, 10] 
Кеңес дәуіріндегі айтыс мазмұнының бір ерекшелігі – айғақ-деректің 
нақтылығы. ХІХ ғасырдағы рулық сипаттағы айтыстарда дәулетті адамдардың 
байлығы ақындық шабытпен асыра, дәріптеліп көрсетілетін. Мәселен, Жамбыл 
мен Құлмамбет айтысында айтылған мына сөздер ақындық асқақ сезім, әсіре 
марапаттау сипатында туындаған.
Құлмамбет: «О, жазған, Албан бай ма, Дулат бай ма? 
Бабаны айттым тұрсын деп, Дулат жайға. 
Сенің елің адамы байғұс екен,
Қазынаны ойлағаны Дулаттай ма? 
Жеті мың қой қорада шулап жатыр,
Бес мың құлын желіде тулап жатыр. 
Он түйеге көшкенде жамбы артады,
Абекемнің тіккені жібек шатыр» [25-192]. 


102 
«Бір көлден қырық мың жылқы суарған» қазақ үшін байлық басты мұрат 
болмаса да ел дәулеті, халық тұрмысын суреттеуде ертедегі ақындар кестелі 
сөзін аяп қалмаған. Желіге бес мың құлын байлату да ақынның асқақ 
шабытынан туындаса керек.
Әрине, бұл мысал, екі дәуір, екі түрлі қоғамда өмір сүрген айтыс ақындары 
шығармашылығын мазмұндық тұрғыда салыстыру үшін келтіріліп отыр. Айтыс 
жырларында қай дәуірдің болмасын шындығы боямасыз түрде көрініс тауып 
отырған.
Дегенмен де, кеңестік заман тұсындағы ақындар айтысының деректілігі, 
ақпараттық мәнділігі анағұрлым айқын, нақты болып табылады. Мұның да 
өзіндік бірнеше себептері бар. Ең алдымен, айтысқа түсуші ақындардың белгілі 
дәрежеде сауатты болуы еді. Екіншіден, кеңес дәуірінде мал-жан, жетістік-
кемшіліктің бәрі қағазға түсіп, хатталып отырған. Мұның өзі айтысушы 
ақындарды тек дерек көздері арқылы ғана жырлауға мәжбүрлейді. Екі ақын да 
бір-бірінің ауылын аралап, шаруашылығының жетістігі мен кемшілігін көруге 
мүмкіндіктері болған.  
Сондықтан да, кеңес дәуірінідегі айтыста нақты мәліметтер мен цифрлы 
деректер мол кездеседі. Айтыскер ақынның қарсылас облыстың әлеуметтік 
тұрмыс, экономикалық ахуалымен танысу дәстүрі кейінгі кездерге дейін 
жалғасып келді. Ақын Ж. Ерман жүргізген облысаралық телеайтыс барысында 
да осы ереже үнемі сақталып отырды. Кемшіліксіз қоғам болмайды.
Ал, ондай келеңсіздіктерді әшкерелеп, атқарушы билік назарын аударту ең 
алдымен сол елдің ақпарат құралдарына жүктелген. Яғни, журналистердің 
міндеті қашаннан қоғамды түрлі кеселден арылту болып саналған. Бұл туралы 
«Журналистика теориясына кіріспе» атты ғылыми кітапта нақты айтылған: 
«Будучи особым социальным институтом, журналистика выполняет свои 
задачи путем освещения всей многообразной жизни общества с партийных 
позиций. Идейно сплачивая массы, политически направляя их действия, 
журналистика идеологически обеспечивает достижение стоящих перед 
обществом задач» [81, 13 б.]. 
Аталмыш теориялық тұжырымды келтірудегі себебіміз зерттеу барысында 
қазақ айтыс ақындары өздерінің жырлары арқылы көп жағдайда кәсіби 
журналистердің шығармашылық функцияларын атқарып келгендігін айтқан 
едік.
Әсіресе, қазан төңкерісінен кейінгі айтыс жырлары мазмұндық, стильдік 
тұрғыдан ғана емес идеологиялық бағыт-бағдар бойынша да көп өзгерістерге 
ұшырады.
Айтыстың ақпараттық, насихатшылдық сипаты молайып, қоғамдық 
қозғаушы күшке айналғандығын уақыттың өзі көрсетті. Бұл үрдіс Ұлы Отан 
соғысы жылдарында тіптен күшейіп, айтыс басқа өнер түрлеріне қарағанда 
өзінің идеологиялық өткір құрал екендігін айқын дәлелдеді. Соғыстан кейінгі 
50-ші жылдар еншісіне жататын айтыс жырлары да, сол мақсат-мүддеден 
ауытқыған жоқ. Керісінше, айтыста жазба әдебиеттің, жаңа мәдениеттің соны 
элементтері көп көрініс бере бастады. Бұл туралы ақын-жырау мұраларын 
зерттеуші ғалымдарымыз М. Дүйсенов, К. Сейдехановтар былай деп жазды: 


103 
«Әрине, әр дәуірдің өзіндік сипаты, соған сәйкес халықтық идеологиясы болды. 
Ақын-жырау еңбекші бұқараның көңіл-күйін, ой-арманын, тілек-аңсарын 
білдіруші ретінде қашанда өз заманының үні, ұраны, жаршысы. Сондықтан, 
олар да бір қалыпта өзгеріссіз тұрып қалмай, уақыт талабына бейімделді, яғни, 
творчестволық даму процесін бастан кешірді» [82, 3 б.]. 
«Уақыт талабына бейімделу» үрдісін ХХ ғасырдаң 50-60 жылдарында 
өткен айтыс жырларынан анық байқауға болады. Мәселен, 1946-1957 жылдар 
аралығын қамтитын 1966 жылы жарық көрген «Айтыс» кітабының үшінші 
томында отыз алты айтыстың мәтіндік үлгілері жарияланған. 1957 жылы 
Қостанайда өткен Сәт пен Нұрқан ақынның айтыстарынан осындай 
жаңашылдық нышандарын байқауға болады, Айтысты ашқан халық ақыны 
Омар Шипин өнер өрісінің тым әріден басталатындығын, қазақтың айтыс 
өнеріндегі Шортанбай, Шөже, Орынбай, Базар жырау есімдерінің ел ішіндегі 
даңқы жайлы сөз қозғай келіп, Октябрь таңы атқалы, уақыттың бір минуты бір 
ғасырға бергісіз екендігін тілге тиек ете отырып, ақындарға сәт сапар тілейді. 
Алғашқы кезекті алған Сәт ақын жыр басын:
«Көркем ән көкке өрлеп шалқығандай,
Аймалап Айдың бетін шарпығандай.
Самсаған сұлу әнді құлақ сүйіп,
Естіген есі кетіп балқығандай» [83, 266 б.], – деп дәстүрлі айтыстағыдай 
кең пафоспен бастап, Аманкелді ауданының атынан жыр сайысына түсіп 
тұрғандығын, елінің жетістіктерін көркем сөзбен кестелі өре келіп, 
қарсыласына салмақты сауал тастайды:
«Шешендер ойы алымды, сөзі шырын,
Домбыра қызықты етіп айтыс күнін. 
Ақыны Жанкелдиннің інім Нұрқан, 
Сөйлеші ауданыңның шаруашылығын» [83, 266 б.]. 
Сәт ақынның осы сауалы аталмыш айтыстың әрі қарай өрбуіне алтын 
арқау, кең тыныс ашып береді. Кезегі келген Нұрқан ақын да кеңінен көсіліп, 
жасампаз совет елінің тұрмыс-тіршілігін келістіре жырлайды.
«Нұр жанған ауылымның түні күндей, 
Қарайды түндігімнен Күн күлімдей.
Тұтқасы алты әлемнің Совет елі, 
Айналған жер шарының кіндігіндей» [83-268]. 
Осындағы екі ақынның жырларында көзге таныс көңіл мен түйсінер 
жаңашылдық нышаны бірден назар аудартады. Жаңа заман шешені қолына 
домбыра алып, «ауданыңның шаруашылығын жырла», – дейді. Қарсыласы да 
қазақи танымға жаңаша сипат беріп, «түндігінен Күн күлімдеп тұрғандығын», 
«алты әлемнің тұтқасы Совет елі» екендігін паш етеді.
Кеңестік дәуір тұсындағы айтыстың негізгі тақырыбы социализм 
жетістіктерін жырлау болып табылады. Колхоз, совхоздардың жетістігін 
жырлай отырып, кемшілік тұстарын да өткір сынға алады. Ақынның айтқан 
сыны сырттан тұспалдау немесе ұзынқұлақтан жеткен хабар емес, нақты көзбен 
көрген дерек-дәйектерге құрылады. Сол уақыттағы айтыстың мазмұндық 
ерекшеліктері де осы сипаттармен айқындалады.


104 
Мәселен, Қиса мен Дүйсенғали ақындардың айтысында да бұл жағдай 
ерекше көрінеді.
«Колхозым Киров атты келеді алда, 
Тілеймін қатарға кел сен де қалма. 
Пішеннің орындалған проценті –
Болып тұр жетпіс сегіз бүгін таңда» [84, 444 б.] – деген Қиса ақынның 
сөзіне қарсыласы Дүйсенғали өз көзімен көрген кемшіліктерді былайша 
баяндайды:
«Цифрмен көрсеткенің жалғыз сиыр,
Қой жағы кемдеу білем сізде биыл. 
Жақында жүз елу қой бізден алдың,
Арық деп жалған сөзге болмашы үйір.
... Мал күйін неге бастық қарамайды,
Арық қошқар күйекке жарамайды.  
Шопан да жоқ, бір кемпір иіріп тұр,
Құбақаң көру керек осы жайды...» [8, 446 б.]. 
«Публицистикалық шығармашылық дегеніміз, бұл шындықты деректі 
түрде жеткізу» [63, 40 б. ], – деген пікірге сүйенер болсақ, айтыс жырларының 
көп жағдайда осы талап үрдісінен шығып жататындығына тағы да бір көз 
жеткіземіз. Батпаққа батқан тоғыз сиыр мен қойды иіріп тұрған кемпірге дейін 
суреттеуі ақынның әрбір кемшілікті нақты фактіге сүйеніп айтқандығын 
көрсетеді. Орынды сын – көтеріліп отырған проблеманың оңтайлы шешілуіне 
алғышарттар жасайды. Қай айтыста болмасын айтысушы ақындар белгілі бір 
тоқтамға, мәмілеге келіп отырған. Қарсылас екі ақынның да мақсат, мүддесі 
ортақ. Сондықтан да ақындар жүз шайысудан гөрі, сынды дұрыс қабылдап, оны 
болдырмаудың жағдайын көбірек қаузайды.
«Белгілі барлық көпке ортақ жұмыс,
Кемістік түзетілсін, міне ұсыныс.
Ер халқым еңбегімен бұдан да әрі,
Гүлденсін социалистік ұлы құрылыс» [13, 450 б.], – деген Дүйсенғали 
ақынның жыры біздің бұл ойымызды қуаттай түседі.
Айтыстағы ой қақтығысы, сөз тартысы шындықтың, ақиқаттың ашылуына 
көп септігін тигізеді. Кейде ақынның психологиялық ой-арпалысы айтыстың 
драмалық сипатын айқындайтын қуатқа ие болады. Белгілі бір проблемаға 
арналған сөз сайыстары мен пікірталаста журналист шеберлігі қандай үлкен 
рөл атқарса, айтыс ақындарына да дәл сондай қасиет қажет.
«Конфликтная беседа напоминает собой микродраму, в определенный 
момент достигающую кульминации, за которой следует разрешение конфликта 
(либо выхождение к новому витку противодействия). Если разговор явно 
клонится к разрешению конфликта, журналист просто обязан создать 
психологически комфортные условия для собеседника, должен помочь ему 
отпустить с достоинством» [85, 64 б]. 
Журналист шеберлігінің негізін зерттеуші В.М. Гороховтың бұл пікірінен 
қазақ айтыс ақындарының да іс-әрекеті алшақ жатқан жоқ. Бұған дәлел «соқыр» 


105 
деп қанша кемітсе де жыр сайысы барысында Шөже сөзінің салмақтылығын 
пайымдаған Кемпірбай ақын өзінің дегдар қасиетін жоғалтпай жеңілгендігін 
мойындауы. Қазақ айтысының тағы бір ерекшілігі – ақындардың аталы сөзді 
аттап арсыздыққа бармауы. Сын мен кемшілік қаншалықты көп айтылса да, 
оған орынды уәж айтуға тырысуы ақындардың парықсыздығын емесе керісінше 
өз мүддесін барынша қорғауы деп бағалаған жөн. Бізге жеткен айтыс 
үлгілерінің көбінде жыр сайысының соңы бітімгершілік, ынтымақтастық, 
сыйластық сипатында аяқталып жатады. Бұл үрдіс бұрынғы айтыстардан 
бермен қарай жалғасып қазіргі уақытқа дейін жақсы сақталған. Мәселен, 1958 
жылғы өткізілген Батыс Қазақстан облысына қарасты Бөрлі ауданының ақыны 
Мектеп Досқалиев пен Чапаев ауданының ақыны Хамидолла Қыдыровтың 
айтысында да біраз келелі мәселелер айтылады. Өз аудандарының жетістіктерін 
жырлаумен қатар, ақындар бір-бірін сипай қамшылап, кемшін тұстарды да 
орынды көрсетеді. Айтыс соңы Мектеп ақынның сыйластық сипатында 
айтылған мына жыр жолдарымен аяқталады:
Әлі сан жиналармыз тамашаға, 
Қосылып ән салармыз іні-аға. 
Бастаған коммунизм асқарына,
Мың рахмет Коммунистік партияға! 
Сізге де көп рахмет, жамағатым, 
Жеткіздік елдің айтқан аманатын. 
Ойланып енді өзіңіз төрелік бер,
Аулына естіп кетсін келген ақын» [79, 59 б.]. 
ХІХ ғасырдың соңын ала пайда болған, жазба айтыс үлгісі, ХХ ғасыр 
басында кең етек алып, шығармашылық дәстүрге айналды. Әсіресе, революция 
қарсаңында жазба айтыстың көптеген нұсқалары дүниеге келді. Зерттеу 
барысында сөз еткеніміздей бұл үрдіс Сыр өңірі шайырлары арасында көбірек 
бел алды. Атап айтқанда, «Шораяқтың Омары мен Таубайдың Жүсібі», «Кете, 
Жүсіп, Жұбанияз, Құлназар», «Кете Жүсіп, Нақып Қожа», «Тұрмағанбет пен 
Жүсіп» сияқты тағы басқа көптеген ақын-жыраулар арасындағы жазып, хат 
арқылы айтысудың өзіндік дәстүрі қалыптасты.
Ақындардың жазба айтыс үлгілері кеңестік дәуірде де жалғасын тапты. 
Жалпы, жазып, хат арқылы айтысу дәстүрлі айтыс жырларының мазмұнын 
байытып қана қойған жоқ, оны көркемдік тұрғыдан да биік дәрежеге көтерді. 
1947 жылғы Ғабдиман Игенсартов пен Жолдыкей Нұрмағанбетовтің 
арасында болған айтыс туралы дәл осындай ойлар айтуға болады. Күміс 
қоңыраудай күмбірлеген кестелі сөз өрнегі Ғабдиманның ақындық шеберлігін 
қапысыз танытып, қуатты жырдың құдіреті бірден көңілді баурап алады. 
«Қырандай қалықтаған қиядағы, 
Аққудай қанат жайған тұмадағы. 
Жез таңдай, сылдыр көмей, қаусырма жақ, 
Асқақты ақын жаны бұладағы. 
Толғанса төгілмей ме сөз өнері, 
Өзендей оршып аққан құламалы [13, 278 б.] 


106 
Жазба айтыстың суырыпсалма айтыстан ерекшелігі де осындай мінсіз, 
кестелі көркем ой орамдарының жиі көрініс беруінен туындаса керек. Ғабдиман 
ақынның жоғарыдағы жыр-жолдары мұның айқын дәлелі. Аталмыш айтыс 
өзіндік көркемдік дәрежесінің жоғары болуымен қатар, мазмұнға да өте бай 
екендігін танытады. Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы, Нұра 
аудандарының елуінші жылдардағы кескін-келбеті бұл айтыста барынша 
ашылып көрсетілген. Соғыс жылдарынан кейінгі екі ауданның шаруашылығы, 
ел тұрмысы, белгілі еңбек адамдарының азаматтық портреттері екі ақынның 
жырында да асқақ шабытпен суреттеледі. Жазба айтыс қашанда терең ойлап, 
кең таразылауға мүмкіндіктер береді. Әрі қолма-қол айтыста туындап жататын 
үстірт ой, асығыс шешімдер, өлең құраудағы олқылықтар сияқты кемшін тұстар 
жазба айтыста көп байқала бермейді. 
ХХ ғасырдың 60-шы жылдарына дейінгі айтыс жырларын зерделей 
отырып байқағанымыз, сол кездегі сөз сайысына түскен ақындардың дені 
дәстүрлі өнердің ұлттық сипат бояуынан әлі де қара үзе қоймағандығы еді. 
Оған себеп, ХІХ ғасырдың соңы, ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп, 
қазақтың қаймағы бұзылмаған рухани өнерінен сусындап үлгерген Нұрқан 
Ахметбеков, Ғабдиман Игенсартов, Жолдыкей Нұрмағанбетов, Жақсылық 
Төленов, Тәңірберген Әміренов, Шәкір Әбенов, Аманжол Әлжанов сияқты 
халық ақындары әлі де домбыраларын тастай қоймаған кез болатын. 
Коммунистік идеология жаршысына айналып, жаңа қоғам, жаңа тақырыпты 
жырлап отырса да, дәстүрлі өнердің өзіне тән кең тынысты, даралық болмысы 
жиі көрініс беріп отырды.
1957 жылы колхозаралық айтыста өнер жарысына түскен Жақсылық 
Төленов пен Иса Биназаров арасында болған сөз қағысуда осындай сипаттар 
көрініс берді.
Жақсылық: «Тарланмын таймай шапқан тар қыспақтан,
Емеспін шылбырымды жанға ұстатқан. 
Аламын ай аузынан, күн көзінен,
Термеймін тексіз сөзді тым ұсақтан [13, 290 б.] 
Иса: Айтайын, ақын Жақам сөз берген соң,
Ерленіп ел салты үшін кез келген соң.
Әйгілі халық сүйген кәрі қыран, 
Сөз тастап сөйлеуіме жел берген соң» [13, 291 б.]. 
ХІХ ғасырдағы халық ақындарының көзін көріп, тәлімін алып үлгерген 
жоғарыдағы ақындар, айтыс өнерінің дәстүрін сәтті сабақтастыра білді. Айтыс 
жырларының ұлттық сипат бедерінің жоғалмай, сақталып қалуына да біршама 
ықпал етіп, еңбек сіңірген ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы ақындар тобы 
деп айтуға толық негіз бар. Ғасырлар тоғысындағы өнердің алтын көпіріне 
айналған 
алыптар 
тобының 
басында 
Жамбыл 
Жабаев, 
Шашубай 
Қошқарбайұлы, Доскей Әлімбаев, Нұрлыбек Баймұратов, Маясар Жапақов, 
Сәттіғұл Жанқабылов, Саяділ Керімбеков, Кете Жүсіп Ешниязов, Керімқұл 
Жүнісов, Орынбай Тайманов, Қайып Айнабеков, Жақсыбай Жантөбетов, 
Есдәулет Қандеков, Қазанқап Байболов, Нартай Бекежанов, Ілияс Манкин, 


107 
Болман Қожабаев, Қалқа Жапсарбаев сияқты көптеген от ауызды, орақ тілді 
айтыс майталмандары болды.
Социалистік лагерь, тоталитарлық жүйе деп аталған ХХ ғасырдың темір 
құрсауынан қазақтың төл өнері айтыстың ұлттық сипатынан ажырамай, бүгінгі 
тәуелсіз заманға жол тартып жетуіне осы аталған айтыскер ақын ардагерлерінің 
қосқан үлесі зор болды.
Бұл ақындар жаңа заман тақырыбын жырлаумен қатар, айтыстың өзіне тән 
ұлттық нақыштарын да сақтап қалды. Бір сөзбен айтқанда «түрі ұлттық, 
мазмұны социалистік» деген қағидадан айтыс өнері де алшақ кеткен жоқ. 
Мәселен, 1957 жылы болған Семей облысының қарт ақындары Тәңірберген 
Әміренов пен Шәкір Әбеновтердің айтысында дәстүр мен жаңашылдық 
нышандары қоса өріліп, көрініс береді.
Шәкір: 
«...Айта алсам ел дәулетін, жердің кенін, 
Міндетім атқарылар еді менің.
Жер бетін, күннің астын таңырқатты, 
Халқымның дәулетінен өнген өнім...» [13, 296 б.]. 
Тәңірберген: «Ақыным, ашуланба айтқан сынға,
Айтысайық келелі тоқтап шынға 
Біз салдық сауық үшін он бес клуб, 
Ақшадай төрт миллион бес жүз мыңға, 
Байлығым бұл тұрғыдан тағы артық 
Қарыштап барған сайын бастым тартып...» [13, 297 б.]. 
Қазан төңкерісінен кейінгі өткізілген айтыстарды қоғамдық ахуал 
сипатына негіздеп 1920-1940 жылдары Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдері, 
1941-1945 жылдарды Ұлы Отан соғысының уақыты, 1946-1986 жылдарды 
социалистік дәуір деп саралайтын болсақ, аталмыш өнердің ХХ ғасырдағы 70 
жылдық даму, өркендеу үрдісін төмендегіше бағалауға мүмкіндік аламыз. 
Қолда бар мәтіндік дерек көздері мен зерттеуші ғалымдар пікіріне сүйене 
отырып, кеңес дәуіріндегі ақындар айтысы шығармашылығын толықтай 
публицистикалық жырлар деп айтуға негіз бар. Оған басты себеп кеңес 
дәуіріндегі айтыстарда публицистика жанрына тән басты элемент оқиға, дерек, 
факт тұтастай көрініс береді. Публицистика теориясын зерттеуші белгілі ғалым 
М.И. Стюфляева публицистика жанрының маңыздылығы туралы мынадай 
пікірлер білдіреді: «Публицистика уақыттың негізгі бір кезеңіне бағынады. 
Оның сипаты да, жазып отырған проблемасы да сол уақыт негізінде 
туындайды. Ең негізгісі – ол нақты әлеуметтік мәселенің жүгін көтереді. 
Ондағы терең әлеуметтік мәселе бірден көрінеді және оны публицистиканың 
кез келген элементінен көруге болады. Осы әлеуметтік мәселені уақыт 
өлшемінсіз қарау мүмкін емес. Кез келген қоғам белгілі бір тарихи кезеңге тән. 
Осыған орай әлеуметтік үрдістер мен уақиғаларды анықтайтын түрлі уақыт 
кезеңдерін көрсетуі мүмкін» [28, 14 б.]. 
Кеңес дәуіріндегі айтыс жырлары да «уақыт негізінде» туындап, «нақты 
әлеуметтік мәселенің жүгін көтергендігі» туралы зерттеу барысында көптеген 
мысалдар келтірілді. Кейбір айтыстарды талдай отырып, бейне бір оқиғалы 


108 
репортаждың ішінде жүргендей әсер аласыз. 1957 жылы өткізілген Қалихан 
Алтынбаев пен Тәңірберген Әміреновтың айтысында сол кездегі әлеуметтік 
мәселелер толықтай оқиға, факті негізінде көрініс береді. Аталмыш айтыс 
тұтастай 
дерек-фактіге 
құрылған 
цифрлы 
мәліметтер, 
колхоз 
жұмысшыларының іс-әрекеті, сол кездегі Қазақстан ауыл шаруашылығы
ахуалынан біршама ақпар береді. Сөзіміз дәлелді болу үшін Тәңірберген ақын 
жырынан бір үзінді келтірейік: 
«...Елдің алды аяқтап біткен кезде,
Отырсың қол қусырып қарап текке. 
Алпыс бес проценттен аспай отыр, 
Өткізген бар астығың мемлекетке.
Берілген елу бес мың зябьтен жоспар 
Келетін бұдан саған үлкен нос бар.
Осыдан жыртылғаны он төрт-ақ мың 
Ал қашан орындалмақ айтшы, достар...» [13, 310 б.]. 
Бұл жолдар Тәңірберген ақынның бір кезегінен үзінді ғана. Қарсыласы 
Қалихан Алтынбай жырларында да мұндай цифрлы мәлімет пен дерек көздері 
өте мол. Екі ақынның бұл айтысқа мол дайындықпен келгендігі сөз қағысы 
барысында анық байқалады. «Өнердің эстетикалық сипаты» атты ғылыми 
мақаласында көрнекті әдебиет сыншысы М.Қаратаев социалистік реализм 
сипатына былай анықтама береді: «Боямалап көрсетудің, жылтыратып 
жазудың, жарым-жарты шындықтың қандайы болсын, сөзсіз жалғаншылыққа 
әкеп соқтырады, шығарманы жұтатады, оның құнын түсіреді, сөйтіп әдебиет 
пен өнерді тысқары қояды. 
Идея жағынан биік тұру коммунистік тұрғыдан тек шындықты айту, 
шынайы гуманизм, партиялық, халықтық принципті таза сақтау, социалистік 
реализм әдебиетінің негіздері, міне, осылар...» [86, 82 б]. 
Ғалымның бұл пікірін келтірудегі мақсатымыз кеңестік әдебиет пен өнерге 
қойған коммунистік партия талабына сол кездегі рухани шығармашылықтың 
бірде-бір түрі қалыс қалмағандығы. «Социалистік реализм» сипаты айтыс 
ақындары шығармашылығында да мол көрініс беріп отырды.
Жоғарыда келтірілген «түрі ұлттық, мазмұны социалистік» қағидасынан 
айтыс өнері де айналып өткен жоқ. Керісінше, идеологияның тиімді 
насихатшысына айналған халық ақындары шығармашылығында бұл үдеріс 
тіпті «жарқырай» көрінді.
Батыс Қазақстан ақындарының облыстық бірінші айтысын топтастырған 
«Ақындар үні» жинағының алғы сөзінде сол кездегі Қазақстан Коммунистік 
партиясы облыстық комитетінің секретары М.Рымжанов ақындар айтысының 
идеологиялық маңызы туралы мынадай пікірлер келтіреді: «Өткізілген айтыс 
ақындардың өз міндеттерін терең түсініп, жаңа міндеттемеге бүкіл облыс 
еңбекшілерімен бірге үн қосатындықтарын білдірді. Мысалы, Жаныбек
ауданынан келген жас ақын Көшенов Ғарифолла:
Үздіксіз орындаған ұлы істі,
Колхоздар мен совхоздар қосты күшті. 
Қайсыбірін айтайын мен бұлардың 


109 
Бәрі де еңбегімен көзге түсті.
Ауданым алға басты туын ұстап,
Тұр бұған Компартия жолды нұсқап,
Тапсырып 800 мың пұт астықты 
Ойым бар миллиардқа үлес қоспақ, – деп аудан еңбекшілерінің 
атынан серт береді. Ал, Жымпиты ауданының ақыны Жұрмағанбетова Жаңыл 
өзінің өлеңінде: 
Жүрекке нұр құйғандай осы бір кеш, 
Партия, рахмет, өрлей бер, өс. 
КПСС белгілеген шараларға,
Қосалық ақын достар біз де үлес! 
Еңбекке, мол өнімге қолды созып,
Табыстың ағызамыз бұлақтарын. 
Кетелік таяу жылда басып озып,
Америка Құрама Штаттарын, – деп өзіне үндес, мақсаттас облыс 
ақындарына ұран тастады» [79, 5 б.]. 
1946-1986 жылдар аралығында өткізілген ақындар айтыстарының 
тақырыптық, мазмұндық ерекшелігін сөз еткенде, олардың саяси-идеологиялық 
мақсат-мұраттарын ескермей кетуге болмайды. Айтыс жырларындағы саясат 
тақырыбы Кеңестік Қазақстан дәуірінде пайда болып, қалыптаса бастады. ХІХ 
ғасырдағы немесе одан бұрынғы айтыс жырларында бұл мәселе соншалықты 
алдыңғы орынға шықпаған болатын.
Қазақ даласында болып жатқан ішкі саяси оқиғалар болмаса, ақындар 
әлемдік деңгейдегі ахуалға тым тереңдеп бара бермейтін. Оның себебін қазақ 
халқы бастан кешірген тарихи ахуалмен сабақтастырып бағамдаймыз. Әрине, 
Қазан төңкерісіне дейінгі айтыс жырларында саяси бағыттағы көзқарас-пікірлер 
болған жоқ деп кесіп айтуға болмайды. Дегенмен де, түрлі саяси-оқиғалар мен 
тарихи өзгерістерге толы ХХ ғасыр қоғамындағы әдебиет пен өнерде бұл 
жағдай айрықша көрініс берді. Екіншіден, айтыс ақындары да біршама 
сауаттанып, үгіт-насихат арқасында саяси көзқарас-пікірлері қалыптасып 
қалған еді. «Кетелік таяу жылда басып озып, Америка Құрама Штаттарын», – 
деп жырлаған Жаңыл Жұрмағамбетова сияқты ақындар сөзін сол уақыттағы 
саяси идеология нәтижесі деп қабылдаған жөн.
Көрнекті ғалым, әдебиет зерттеушісі Ш. Елеукенов «Дәуір және дәстүр» 
атты мақаласында Октябрь революциясының арқасында қазақ халқының 
тұрмысы мен ой санасында қайта жаңғыру, түбегейлі өзгеріс процесінің 
болғанын, бұл өзгерістердің әдебиетке үлкен әсер етіп, көркем творчествоның 
алуан түрінің жаңадан қаулап өсуіне ықпалын тигізгендігін айтады. Осылай деп 
пікір білдірген ғалым дәстүр мен жаңашылдық туралы ойларын былайша 
түйіндейді: «Дәстүр мен жаңашылдық проблемасы тарихи тұрғыдан 
таразылануға тиіс. Әрбір әдеби кезеңнің (бұрынғылармен салыстырғанда) тек 
өзіне тән кескін-келбеті, өзінің толғақты мәселесі мен тақырып аясы болмақ» 
[80, 56 б.]. 
Ғалымның бұл пікірі қазақ прозасына байланысты айтылғанымен, кеңестік 
дәуірдегі халық шығармашылығына да қатысты тұстары көп. Әсіресе, айтыс 


110 
өнерде «жаңашылдық» элементтері тіптен, асыра қолданып, халықтың 
ғасырлар бойғы таным-түйсігі мен әдет-ғұрпын да тасада қалдырды.
1957 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ, Шаян аудандарының 
атынан айтысқа түскен Насыр Жарымбетов пен Қалмахан Анарбековтың 
арасындағы сөз сайысы барысында жоғарыда келтірілген дәстүр мен 
жаңашылдық сипаттарының біраз элементтерін байқауға болады. Айтыстың 
жалпы мазмұны сол уақыттағы әлеуметтік мәселелерді қамтиды.  
Колхоз шаруашылығының жетістік-кемшіліктерін нақты деректер арқылы 
көрсете отырып, қос ақын да бір-бірін біраз сынға алады. Сондай-ақ айтыста 
моральдық-тәрбиелік мәселелер де қозғалады.
Қалмахан: 
«...Жылқыбай деген жігіт өткен жылы 
Қыз ұрлап қанша жерді аралады? 
Он бесте Шәке қызы көнбеген соң, 
Сол үшін есіңде ме сабағаны...» [13, 337 б.]. 
Бұл айтыста «қыз алып қашу», «көкпар тарту» сияқты ұлт дәстүрінде 
бұрыннан бар ұғымдарға ескіліктің қалдығы ретінде қарсы пікірлер айтылады. 
Насыр ақын өз кезегінде осы мәселені мін ретінде жырлайды:
«Жас та болса азғырып ап қашады, 
Жақындап қыздар барса шеттеріңе. 
Кетпепті ескілікті әдет-ғұрып,
Әдейі айттым бүгін беттеріңе» [13-338] 
«Ескілікті әдетті» сынауда Қалмахан ақын да қарап қалмайды: 
«..Бидайың талай тонна суда қалып,
Көгеріп шіріпті ғой ақырында. 
Бұл кезде көп адамың көкпар шауып,
Бой ұрған ескі әдеттің салтына да...» [13, 338 б.]. 
Ұлт ұғымында әдет-салт, дәстүр ретінде қалыптасқан осындай көріністерге 
ескіліктің сарқыншағы ретінде қараған ақындар сол заманның «жаңа» 
ғұрыптарын шабыттана жырлайды. Жайлауы төрт түлік малмен жарасым 
тапқан қазаққа бесінші түлік шошқа өсірудің өзі зор мақтанышқа айналып шыға 
келген. 
Насыр: 
«Сегіз мың жылқымыз бар өрістегі, 
Өлеңім оны айтпасам келіспеді. 
Майда жал, күміс құйрық кілең тұлпар, 
Жел ескен сағым қуып желістері. 
Шілдеде сазына бір бие байлап, 
Сапырып сары қымызын ел ішкен-ді. 
Баладай екі өркеші-шөл кемесі- 
Түйем де басқа малдан кем түспеді. 
Шошқаны біздің аудан мол өсіріп, 
Жағдайын жануардың тегіс білді [13, 239 б.]. 
Ақынның жылқы мен түйені жырлауы сөз жоқ дала қазағының төрт 
түлікке деген теңдессіз сүйіспеншілігін, құрметін көрсететін ұғымдар. Ал 
ақынның осы жырдағы шошқа өсіруге байланысты айтылған соңғы екі жолын 


111 
жоғарыда айтқан дәстүрге қосақталған замана жаңалығы немесе ақын ойының 
идеология құрсауынан шыға алмауы деп қана түсінуге болады. Бұл үшін от 
ауызды, орақ тілді өз заманының жырын жырлаған Насыр ақынды жазғырудың 
еш қажеті жоқ. Ол уақыттағы айтыс ақындарына қойылған талап немесе саяси 
бағыт тек коммунистік идеологияны насихаттау болды. Бұл ұғымның ақындар 
санасына қаншалықты берік орныққанын сол заманның жыршысы қостанайлық 
Назиқа ақынның сөзімен дәлелдесек жеткілікті. 
«…Самғадым мен де асқар өр қияға, 
Қоспаққа тамшы үлес дарияға. 
Ақындар жырымыздың ең асылын, 
Арнайық Коммунистік партияға» [13, 352 б.]. 
1950 жылдың екінші жартысынан бастап Қазақстанда агроэкономикалық 
реформа жүргізілгені белгілі. Тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны 
Қазақстанда жаппай қызу қарқынмен іске асырылды. Тың игеру науқаны қазақ 
халқын тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, саяси-әлеуметтік тұрғыдан да 
көп өзгерістерге киліктірді. Ішкі Ресейден көшіп келген тың игерушілер легі 
тұрғылықты халықтың рухани құндылықтары: тілі мен дәстүріне, діні мен 
мәдениетіне де айтарлықтай әсер етті. Ұлт тілінің аясы тарылып, орыс тілі 
күнделікті өмірде үстемдікке ие болды. Бұл үрдіс оқу-ағарту, мәдениет, әдебиет 
сияқты қоғамның негізгі тетіктеріне дендеп енгені соншалық, бас-аяғы 
оншақты жылдың ішінде орыстандыру саясаты өз жемісін бере бастады. 
Коммунистік идеологияның жалынды жаршысына айналған айтыс ақындары 
назарынан бұл көріністер де тыс қалған жоқ. Қызылорда облысының ақындары 
Тілеген Шапашев пен Сейтқасым Сейтенов арасында өткен айтыстан осы 
жайттарды анық байқауға болады. 
Тілеген: «...Жаңартып қу даланы торғынменен 
Колхозшы ел табысымен рахат тапқан. 
Аймағым бүгін тегіс күлімдейді, 
Жүзінен реніш ізі білінбейді. 
Алтын дән аялаған кең алқапта, 
Жер кемесі комбайын гүрілдейді...» [13, 355 б.]. 
Ақын Тілеген Шапашев жырлаған бұл тақырып, сол кездегі Целиноград 
облысы Ақмола-Шортанды аудандарының атынан айтысқа түскен Есен 
Игенбаев пен Сапар Сайдалин арасында өткен сөз қағысуда, зор қуаныш 
үлгісінде, шабыттана жырланады. 
Сапар: «Миллиард! 
Сыймап еді бұрын ойға, 
Миллиард, 
Қабылдап тұр бүгін қойма! 
Ұшырсақ ең бірінші жер серігін 
Бұл жеңіс, тек қана шақ біздің бойға. 
Жалынды жігер құйған жүрегіме, 
Жеткізген ойға алған тілегіме. 
Данышпан ұлы Ленин партиясы, 
Бұл үшін міндеттіміз бір өзіңе…» [13, 494 б.]. 


112 
Мемлекет қоймасына миллиард пұт астық құйылғандығы сол уақыттағы 
аса маңызды игілікті шара екендігін ақын шабыттана жырлайды. Совет 
еңбекшілерінің бұл жеңісі, сөз жоқ, зор табыс. Тек осы жыр жолдарында 
кездесетін «Ұшырсақ ең бірінші жер серігін, Бұл жеңіс, тек қана шақ біздің 
бойға», – деген сөздер әрбір совет адамының санасына сіңген «менмендік» пен
«даңққұмарлық» сезімдерді көрсетіп тұрғандай әсер береді. Қоғамдық дамудың 
қай саласында болмасын «Американы артқа тастау» принципі Совет 
идеологиясының басты мақсатына айналғанын осыдан-ақ байқауға болады. 
Кеңес дәуіріндегі публицистердің мақсат-міндеті туралы журналистика 
шеберлігінің негізін зерттеуші В.М. Горохов былай деп пікір білдіреді: 
«Публицист, принимая политическую идею как личностный мотив творческой
деятельности, становится пропагандистом коллективно выработанной 
партийной программы. При этом он стремится выразить общественную 
потребность в яркой неповторимой, индивидуально окрашенной форме» [85, 13 
б.]. 
Ғалымның бұл пікірі сол кездегі бір орталықтан бастау алған партиялық 
нұсқаудың нәтижесін айғақтап тұрған тұжырым. Жалғыз журналист-
публицистерге ғана емес бұл міндет насихат құралы ретінде қызмет істейтін 
барлық шығармашылық ұжымдарға қатысты алға қойылған. Сол кездегі айтыс 
ақындары санасына да бұл қағидалар әбден сіңісті болғандығын жоғарыда 
келтірілген айтыс жырларынан аңғаруға болады. 
Бұл күндері, төрт түлік мал өсірген қазаққа шұрайлы өріс, жайлы қоныс 
болған жерді тың игеру деген желеумен асты-үстін төңкеріп жыртып тастау, 
солақай саясаттың кесірі деп пікір айтып жатамыз. Бәлкім солай болған да 
шығар. Бірақ әрбір тарихи оқиға өз уақытына, қоғамына қызмет етеді. Ал, сол 
уақытта өмір сүрген адамдар қоғамның үніне, әрекетіне, идеологиясына тәуелді 
болатыны табиғи заңдылық. Мысалы, қазақ қоғамында болып жатқан сол 
көріністі қостанайлық ақын Өтей Қалиев неге бұлай жырлаған деп кінә қоюға 
бола ма?! 
Тың игеру науқанын қызу қолдап, сырттан көшіп келушілерді «жанашыр», 
«көмекші» ретінде құшақ жая қарсы алу сол кездегі қазақ ұғымына жат болып 
көрінбегенімен, бұл мәселенің үлкен «игілікті» шараға айналуына, сөз жоқ, 
идеологияның ықпалы зор болды. Кіші халықтарды толық отарлау саясатын 
Кеңестік империя өте сәтті іске асыра білді. Совет Одағында жүргізілген 
экономикалық реформалар түптеп келгенде, аз ұлттарды отарлау саясатына 
жұмыс істеді. «Бақытты болашақ», «жарқын өмір» идеялары халық санасын 
мүлдем баурап, тұмшалап тастады. Сол уақыттың «жарқын көрінісі», халықтың 
таным-түйсігі әдебиет пен өнерде, баспасөзде, айтыс жырларында ерекше 
көрініс тапты. Мысалы, ақын Өтей Қалиев: 
«…Тың туы тігілгенде Күншығыстан, 
Аттанды жас түлектер әрбір тұстан. 
Жанашыр көмекшілер көптеп келді, 
Ұлы Орыс, Украина, Белорустан. 
Еселеп өрісімді кеңейтті тың, 
Боп кетті бұрын меңіреу дала ың-жың. 


113 
Бір жылғы үкіметке берген астық: 
Пұт болды жиырма миллион жеті жүз мың…» [13, 497 
б.] 
Кеңес дәуірі орнаған жылдардан кейінгі өткізілген ақындар айтысының 
публицистикаға тән тағы бір ерекшелігі жырдың нақты деректерге құрылуымен 
қатар, цифрлы мәліметтердің жиі қолданылуы дер едік. Қазан төңкерісіне 
дейінгі немесе ХІХ ғасырдағы айтыс жырларында бұл жағдай топшылау, 
әсірелеу тұрғысында көрініс тапса, Кеңес заманындағы айтыстарда цифрлы 
мәліметтерді сөйлету ақын шеберлігінің бір қыры ретінде қолданыла бастады. 
Жоғарыда келтірілген Өтей Қалиев жырындағы «Бір жылға үкіметке 
берген астық, Пұт болды жиырма миллион жеті жүз мың...» деген жолдар сол 
жылдардағы Қостанай облысының егін шаруашылығының жылдық көрсеткішін 
айғақтайтын нақты мәлімет екендігін көрсетіп тұр. Сәттіғұл мен Құмар 
айтысында, Сәттіғұл: 
«…Малығып шыға алмассың айтсам теріп, 
Мың отыз төрт басты мал төліменен, 
Кешегі октябрьде қалған кеміп...» [13, 125 б.] 
Орынбай мен Әлібек айтысында, Әлібек: 
«…Осыдан бес жыл бұрын өзің айтқан, 
Мал-басым жуық еді он бес мыңға. 
Төрт жүзде жетпіс бес мың малым қазір, 
Ореке, өтірік жоқ тұрсаң шынға…» [13, 131 б.] 
Нартай мен Қазанқаптың айтысында, Қазанқап: 
«…Отыз гектар күріші, жарымы ұшқан, 
Аңғармапсың салынып жайдақ жырға. 
Сексен гектар тарысы құрғап кеткен, 
Сыр қасында тұрса да зар боп суға…» [13, 141 б.] 
Гүлжамал мен Қуаныш айтысында, Қуаныш: 
«…Он екі гектар күріш, үш гектар мақта, 
Қорықсыз білесің бе шығыныңды? 
Мың екі жүз жиырма бес центнер кем 
Алынған аңлап па едің балығыңды?..» [13, 170 б.] 
Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейін өткізілген ақындар айтысынан 
мұндай цифрлы мәліметтерді жиі ұшыратуға болады. Мұның негізгі себебін 
айтыс жырларының басты тақырыбы, өнеркәсіп, өндіріс, ауыл шаруашылығы 
және осы салаларға қатысты әлеуметтік-тұрмыстық мәселелердің көкейкесті 
проблема ретінде қарастырылуынан деп түсінген жөн. Соғыс жылдарынан 
кейінгі әлсіреп, тұралап қалған ел экономикасын қалпына келтіру сол кездегі 
мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі болды. Еңбекші халықтың күш-
жігерін осы бағытқа жұмылдыру коммунистік идеологияның негізгі міндетіне 
айналды. Айтыс ақындарының сол кездегі ауыл-шаруашылығы, өнеркәсіп-
өндіріс орындарында болып жатқан жетістік-кемшіліктерді көзбен көріп, 
қолмен ұстағандай нақты, деректермен жырлауларының өзін қоғам 
қажеттілігінен туындап отырған құбылыс деп түсінген жөн. 


114 
«Қазақ баспасөзі тарихының очеркі» (1860-1958) атты еңбегінде зерттеуші 
Х. Бекхожин Қазақстан баспасөзін қоғамның даму арналарымен сабақтастыра 
қарайды. «Соғыстан кейінгі бес жылдықтарда Қазақстан өнеркәсібі мен ауыл 
шаруашылығы жаңа табыстарға жетті. Аса ірі өнеркәсіп алыптары іске 
қосылды. Жаңа қалалар пайда болды. Тың аймақтарында жүздеген жаңа 
совхоздар құрылды. Орасан зор көлемде игерілген тың және тыңайған 
жерлерде 1956 жылы егін бітік өсіп, Қазақстан мемлекетке бір миллиард пұт 
астық өткізді. Сол жылы Қазақ ССР-і Ленин Орденімен наградталды» [70, 236 
б.]. 
Соғыс жылдарынан кейінгі бес жылдықтар белесінде атқарылған орасан 
зор істерді насихаттауда һәм еңбекшілерге күш-жігер беріп, еңбекке 
жұмылдыру жолындағы баспасөз рөлін зерттеуші-ғалым Х. Бекхожин жан-
жақты саралап жазады. Шынында да, «…баспасөздің орны ерекше деуге 
болады. Өйткені мемлекеттік, қоғамдық өмірде болсын баспасөздің әсер-
ықпалы зор. Әсіресе, қоғамдық пікір туғызуда баспасөз ерекше көзге түседі. 
Күнделікті газет-журналдарда шығып жатқан материалдар сан алуан тақырыпта 
ой-пікір қозғайды…» [69, 42 б.]. 
Баспасөзге қатысты бұл пікірлерді келтірудегі мақсатымыз Советтік қоғам 
даму барысындағы осындай іргелі оқиғалардың айтыс жырларында да 
айшықты орын алып, барынша насихатталғанын айтқымыз келеді. 
Әрине, белгілі бір аудиторияны қамтитын айтыс жырларын өзінің 
бұқаралық сипаты жағынан мерзімді баспасөзбен салыстыруға келмейтін 
шығар. Дегенмен де, халықтың санасына ықпал ету тұрғысынан айтыс өнерінің 
әсері көп жағдайда баспасөзден артық түсіп жататындығы табиғи заңдылық. 
Оның үстіне айтыс мәтіндерінің сол кездегі газет-журналдарда жарияланып 
жатуы, аталмыш өнердің қоғамдық маңызын одан сайын арттыра түсері сөзсіз. 
Ең бастысы, кеңес заманындағы айтыс үлгілерінің публицистикалық 
сипатының өте басым екендігі. Публицистика жанры талабына сай 
элементтердің айтыс жырларында толық сақталуы біздің бұл пікірімізді 
толығымен қуаттайды.
«Жалпы гуманистік құрылымға негізделген қоғамда адамзаттың жақсы 
жетістіктерге кенелген тұрмыстық өмірі көзделеді. Мұның өзі тіршілікте 
кедейшіліктің жойылып, жайлы тұрмысқа талпынуды туғызбақ. Соған орай 
әлемде баспасөздің атқарар рөлі орасан. Экономика дамуы мен әлеуметтік 
табыстарды орнықтыру қай елдің болса да алда тұрған міндеті болып 
саналады» [70, 45 б.]. 
Ғалымдар келтірген осы пікір тікелей баспасөзге қатысты айтылғанымен 
мұндағы қоғамдық талап қағидалары, көбіне айтыс жырларына да тән екендігін, 
көп жағдайда сай келіп жататындығына зерттеу барысында нақты мысалдар 
арқылы көз жеткіздік. Кеңес дәуіріндегі айтыс жырларында кездесетін цифрлы 
мәліметтер жөнінде осындай жан-жақты ойлар түюге болады. «Осы жерде 
ойымызға Н.Г. Левиновтың: «Цифрлы материал дәлелдеу құралы ғана емес 
сонымен қатар құбылыстың сандық жағын зерттеу арқылы және сандық 
өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысуы ықпалымен шындықты танудың 
қуатты құралы да» деген тұжырымы оралады» [63, 27 б.]. 


115 
ХХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы айтыс жырларының тілдік-стильдік 
ерекшеліктері туралы да тоқтала кеткеніміз жөн. Жалпы кез келген 
шығармашылық туындының мазмұны тақырыппен, яғни сол уақыттың келелі 
мәселелерімен сабақтас болатындығы белгілі. Уақыт, қоғам ахуалы сол 
заманның рухани құндылығына бедер бояу салатындығы тағы ақиқат. Соғыстан 
кейін енді қарқын ала бастаған ғылыми-техникалық прогрестің алғашқы 
нышандары оқу-ағарту, мәдениет пен әдебиет, баспасөз саласында айқын 
көрініс бере бастады. Соның бір дәлелі 1940-1960 жылдар аралығында 
өткізілген айтыс жырларында орысша сөз атаулары мен орыс тілі арқылы енген 
термин сөздердің жиі қолданылуы дер едік. Бөгде тілден енген сөздік 
тұлғалардың, қазақтың төл өнері айтыста, жиі қолданылуын сол кездегі ұлттық 
тіліміздің тамырына шабылған алғашқы соққы деп қабылдаған жөн. Бұл әрекет 
жыл өткен сайын күшіне еніп, 1986 жылдың сәуіріне дейін өз үстемдігін 
жүргізіп келді. 
Мәселен, елді мекен, жер-су атауларының орысша айтылып-жазылуы, 
тікелей тың игеру науқанымен байланысты пайда бола бастады. Өнеркәсіп-
өндіріс ошақтарының көптеп бой көтеруі тілімізді бірқатар жаңа 
лексикондармен «байыта» түсті. 
Айтыс жырларынан кездесетін мұндай жаңа сөздер тілімізді ұлттық 
ажарынан алшақтатып, ақындардың тегеурінді тіл байлығының өрісін тарылта 
түсті. Ой мен тіл үйлесімділігінің сабақтастығын ескерер болсақ, кеңес 
дәуіріндегі орыстандыру саясаты шығармашылық өнердің кез келген түріне 
тұсау салғаны анық. Шығарма көркемдігінің басты шарты кестелі сөз, шұрайлы 
тіл деп түсінсек, бұл тұрғыдан айтыс жырларының мазмұндық сипатына да 
белгілі дәрежеде сөкеттік түскені анық. 
Айтыс жырларындағы орысша сөз атаулары сол уақыттағы қазақ қоғамы 
бастан кешіріп отырған саяси-әлеуметтік жағдайдың көрініс-сипатын 
айқындайтын құбылыс. Орыс тілі сол кездегі биліктің тілі ғана емес, күнделікті 
өмірде қолданылып тұрмыстық сипат ала бастаған тіл екендігін айтыс 
жырларынан анық байқауға болады. 1943 жылы өткен Сұлубике мен Зейнеп 
ақындардың айтысында, Зейнеп ақын жырын былай бастайды: 
«Жұмысқа шықпайсың ба, Сұлубике? 
Неше жыл жұмыс қылмай болдың ерке. 
Кигенің шерсть костюм, қыжым пальто 
Оранып жатып алмай шайыдан көрпе» [13, 153 б.]. 
Өнеркәсіпке, өндіріске, ауыл-шаруашылығына, оқу-ағарту саласына, т.б. 
толып жатқан қоғамдық салаларға байланысты енген орыс тілді сөздерді 1940-
1960 жылдар аралығындағы айтыс жырларынан өте мол ұшыратуға болады. 
«Энгельс», «Донской», «Трудовик», «Киров», «Передовик», «Ворошилов», 
«Федров», «Семиозер», «Симферополь» сынды колхоз-совхоз атаулары, США, 
СССР, МТС, ТЭЦ сияқты қысқарған сөздерді айтыс жырларынан жиі 
ұшыратамыз. 
Сондай-ақ, «Райсовет», «Гороно», «Кустанайстрой», «Филармония», 
«Клуб», «Конференция», «ЦК», «Геолог», «Начальник», «Столовый» сияқты 
толып жатқан орысша атауларды айтыс ақындары сөз қағысу барысында емін-


116 
еркін қолданған. Тіпті кейбір орыс тілді сөздерді өлең ұйқастыру барысында да 
пайдаланған. Мысалы, Орал облысы, Қаратөбе ауданының ақыны Хамит 
Әбіловпен Орал қаласының ақыны Хамидолла Қыдыровтың айтысында: 
Хамит: «Дарынсыз Оралда мех комбинатың, 
Сапасыз көп бұйымын шығаратын. 
Белгілі директоры Боголюбов, 
Әрдайым жұмыста сыналатын. 
…Бірінен-бірі төмен пималарың, 
Көргенде осыларды қиналамын. 
Дүкенде кейбір мебель қирап жатыр, 
Осы ма еңбекші елге сыйлағаның» [79, 41 б.]. 
Неміс, Орыс, Украин, Белорус ұлт өкілдері есімдері олардың ерен еңбек 
үлгісі негізінде айтыс жырларында зор шабытпен жырланған. 
«Кім білмес Лидия мен Марияны, 
Ағызған сүттен тасқын дарияны…» [13, 490 б.]. 
«…Қатардан үздік шыққан Братышев, 
Федоров совхозының директоры» [13, 498 б.] 
«…Он сегіз комсомолда бригадир бар, 
Ішінен жүз жиырма бір толтырғандар. 
Смирнов, Слесарев бастықтары, 
Ақыным бұған-дағы құлағың сал. 
Екі жүз он процент орындаған 
Ерімді Ивановтай есіңе ал…» [13, 216 б.]. 
«…Ағызды сүт бұлағын Циммер, Баер, 
Озады Баерімнен сенде қай ер?..» [13, 534 б.]. 
Әрине, айтыс сайын өзге ұлт өкілдерін мақтай берді деп бір жақты пікір 
білдіруге болмайды. Ол кездегі айтыстың негізгі мақсаты экономикасы енді-
енді көтеріліп келе жатқан социалистік қоғамды жырлай отырып, еңбек 
адамдарының ерен ерлігімен қатар, жұмыс жоспарын орындай алмаған 
жалқауларды өткір сынға алу болды. Ондай сынның болуына сол кездегі 
мемлекеттік идеологияда мүдделі еді. Сондықтанда, Ақмола облысының 
ақындары Есен Игенбаев пен Сапар Сейдалин арасындағы өткен айтыста Сапар 
ақын бір кезегінде былай деп жырлайды. 
«…Үгіт аз жастарыңның арасында, 
Жат әдет орын алды санасында. 
«Рок-Эн-Роль» ырғағымен билер билеп,
Жүр екен Елизаветина селосында. 
Бір жер бар, ел айтады оны – Ключин, 
Монша жоқ, электр жоқ, құдық тұрсын, 
Ұмытқан ел мүддесін ауданында, 
Апаңыз Шевцованы қайдан білсін?..» [13, 494 б.]. 


117 
1946-1960 жылдар аралығында өткізілген ақындар айтысының әлеуметтік 
мәні мен көркемдік деңгейі жалпы алғанда осындай сипаттармен айқындалады. 
Айтыстың негізгі тақырыбы соғыстан кейінгі социалистік қоғамның, қалпына 
келуі мен қалыптасып, даму үрдістеріне арнала отырып, сол кезеңнің тарихи-
әлеуметтік, саяси-қоғамдық болмыс-бітімін ашып көрсетеді. Ал, айтыс 
жырларының мазмұндық сипаты мынадай бағыттарда өрбиді: 
а) Коммунистік партия ісіне адалдық және оны қолдау: «Қызметкер біз 
халықтың ақынымыз, Жырлаушы партияның саясатын» [87, 296 б.]; 
б) Ұлы Октябрь әкелген азаттықты жырлау: «Азаттық алып берген Ұлы 
Октябрь, Халқымның туған айы самаладай…» [78, 238 б.]; 
в) Өнеркәсіп, өндіріс орындарының жетістіктері: «Бойында Қарағанды 
қасиет көп, Өзегім қара алтын мен болат, мыстан» [88, 114 б.]; 
г) Ауыл шаруашылығының өркендеуі: «Мал басы кеміген жоқ ауданымда, 
Колхоз бен совхозымда, аумағымда» [90, 385 б.]; 
д) Оқу-ағарту, мәдениет саласы: «Клуб пен кітапхана ауыл басы, Көбіне 
соларға үйір ауыл жасы » [89, 351-352 бб]; 
ж) Саяси өзқарас: «АҚШ-тың ардақтаған Авангарды», Ұша алмай күл-
талқан боп адыра қалды» [104, 496 б.]; 
з) Әлеуметтік мәселе: «Нұр шашқан төңірекке Ильич шамым, Келеді қатар 
түзеп сәулетті үйлер» [13, 389 б.]; 
г) Әдет-салт, мораль туралы: «Қалдығы ескіліктің санадағы, Жылқыбай 
деген жігіт өткен жылы, Қыз ұрлап қанша жерді аралады» [90, 337 б.]; 
е) Кәсіп, мамандық жөнінде: «Кәсібім ақын емес темір жону» [90, 336 б.]. 
Айтыс жырларының мазмұндық сипатын осылайша тарқата беруге болады. 
Социалистік қоғамның белгілі бір уақыт өлшеміндегі болмыс-бітімін тұтастай 
қамтып көрсету, сөз жоқ. айтыс жырларының өмірге етене жақын араласуын 
танытады. 
Кеңес дәуіріндегі, әсіресе, 1920-1960 жылдар аралығында өткізілген 
ақындар айтысы сол уақыттың тұтастай қырық жылдық тарихи-әлеуметтік 
бедерін бет-бейнесін боямасыз реалды түрде көз алдыңызға әкеледі. 
Айтыс жырларындағы кісі есімі, елді мекен атаулары, цифрлы мәліметтер, 
түрлі дерек-дәйектер, оқиғалар, т.б. толып жатқан көзқарас-пікірлердің 
шынайылығы аталмыш өнердің ақпараттық танымдылығын көрсете отырып, 
оның публицистикалық сипатын айғақтайды. 
Әр заман өзінің ақиқатымен құнды. Ол ақиқат қандай мазмұнда, қандай 
сипатта болмасын, келешек тарих үшін оның шындығы, шынайлығы қымбат. 
Идеология уақытқа қызмет етеді. Ал, дерек пен дәйек нақты ақпарат-тарих 
үшін теңдесіз қазына. Халық өткеннен сабақ ала отырып, болашаққа бағытын 
түзейді. Кеңес дәуіріндегі қазақ қоғамының қырық жылдық ғұмырын қамтитын 
(1920-1960 жж.) айтыс жырлары тәуелсіз елдің зерттеуші ғалымдары мен 
тарихшыларына, сөз жоқ, айтары мол ақпарат қазынасы ретінде бағалы.  
Айтыс өнері зерттеуші, белгілі ғалым М. Жармұқамедов халықтың 
мәдениет университетінің тыңдаушыларына көмек ретінде шығарған «Айтыс 
өнері» атты зерттеу еңбегінде совет дәуіріндегі айтысың даму, кемелдену 
жолдарына жан-жақты тоқталып, аталмыш өнердің жаңа заманға лайық кейбір 


118 
ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Онда 50-60 жылдар арасында ақындар айтысы 
тағы да бел алғанын, ауыларалық, ауданаралық, облыстық айтыстарға жалғаса 
отырып, 1961 жылы республикалық айтысқа ұласқанын жазады.
«Советтік айтыс өнерінің даму, кемелдену жолдарында, үнемі өрлеу, 
асумен қатар, кейбір бұрылыс-бұралаңдары да болып келді. Айтысың басты 
сипатын құрайтын суырыпсалма дәстүрі десек 50-60 жылдардағы айтыстарда 
бірыңғай жазып алып, оқуды салтқа енгізу талабы байқалады» [91, 59 б.]. 
Осы жерде басын ашып айта кететін мәселе жазба айтыс пен жазып алып 
айтысудың аражігін анықтап алған дұрыс. Жазба айтыс (хат арқылы) үлгілері 
ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болып қалыптаса бастаған. Бұл үрдіс 
ХХ ғасырдың басында халық ақындары арасында дәстүрге айналып, қатты 
дамыған. Жазба айтыс үлгісі көбіне ақындардың бір-біріне хат арқылы 
жауаптасуы негізінде өрбіген. Сөзіміз дәлелді болу үшін көп мысалдардың 
ішінен «Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Қаңлы Қожа» немесе «Алты ақынның өмірі 
туралы» айтыстарын атасақ та жеткілікті. Жазба айтыс (хат арқылы немесе 
баспасөз бетінде) Кеңес дәуірі тұсында да жалғасын тауып отырды. Ал жазып 
алып айтысу, айтысушы ақын жыр мәтіндерін алдын ала өзі жазып, айтыс осы 
мағынада өрбиді-ау деген ниетпен тұспалдап болса да дайындап алған 
жырларынан тұрады. Жазып алып, дайындықпен айтысу тәсілі Кеңес дәуірінде 
дағдыға айналған үрдіс. Бұл туралы айтыс өнерінің жанашыры, көрнекті 
жазушы Ғ. Мүсірепов: «...Бір облыстың ақындары екінші облыстың 
ақындарының кемшіліктерін қамтып, қағазға түсіріп айтса, оның терістік жері 
жоқ. Төселе келе жазып алып айтысатын ақындар, жатқа айтуға да шығып 
кетер. Колхоз ішінде, ел арасында, аудандарда, облыстарда айтыстың үлкен 
орны бар, оны көріп жүрміз. Бірақ оған мен бір сын айтар едім, жазып, оқып 
айтатын ақындар өзі жазып алса, басқа біреу жазып бермесе, өз жазғанынан 
алса, жазғанын сүйемел етіп оқып отырса, оны ешкім сөкпес еді ...» [92, 159 
б.]. 
Айтыс өнері өзіне тән басты ерекшелігі суырыпсалмалық қасиетінен 
айырыла бастаған кеңес дәуірінде айтылған жазушы Мүсіреповтың бұл пікірі: 
«Әйтеуір өнер өлмесе екен» деген ұлтжандылық ниеттен туындаған болу керек. 
Жазушының: «Төселе келіп жазып алып айтысатын ақындар жатқа айтуға да 
шығып кетер», – деген пікірі де, осы емеурінді анық аңғартып тұрғандай. Ғ. 
Мүсіреповтың бұл пікірінің жанды екенін, шынында да өмірдің өзі көрсетті. 
1991 жылға дейін жазып алып айтысу үрдісі қалыпты әдетке айналса, 
Тәуелсіздік алған жылдардан бермен қарай, жазып алып, жаттанды жырмен, 
яғни бүгінгі тілмен айтқанда дайындықпен (заготовкамен) келу, айтыс 
ақындары үшін үлкен мін, ұят болып саналатын дәрежеге жетті.  
Мұның өзі төл өнеріміздің бұрынғы саһар қалпын сақтап қалуына үлкен 
ықпалын тигізді. Айтыста ой қайшылығы, жауаптасу әрекеттері байқалмаса, 
төрешілер ондай сөз сайыстарын тоқтатып тастайтын болды. 
Ал біз сөз етіп отырған ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдардағы айтыстарға 
мұндай талаптар қою, әрине, орынсыздау еді. Сондықтан да, кеңес дәуіріндегі 
айтыстарда ақындардың суырыпсалмалық шеберлігінен гөрі, жырдың мазмұн–
идеясына ерекше ден қойды. Айтысушы ақын қағаздан оқып отырса да, кеңес 


119 
идеологиясының жалынды насихатшысы болса болды, одан басқа талаптар 
екінші қатарда тұрды. 
1969 жылдың 27-30 октябрь күндері Алматыда қазақ фольклорының 
зерттелуі және оның қазіргі жайы туралы ғылыми-творчествалық конференция 
болып өтеді. Конференция В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы мен 
Советтік Қазақстанның 50 жылдық мерекесі қарсаңында ұйымдастырылады. 
Москвадан, 
Қазаннан, 
Уфадан, 
Ташкенттен, 
Фрунзеден, 
Нөкістен, 
Пржевальскіден және Алтайдан белгілі ғалым-фольклористер қатысқан бұл 
жиынға Қазақстан облыстарынан отыздан аса ақын-жыршылар, әнші-күйшілер 
келіп өнер көрсетеді. Суырыпсалма ақындар айтысқа түсіп, халық ауыз 
әдебиетін жинаушылар жан-жақты ой-пікірлерімен бөліседі. Конференция 
соңында жиынға қатысушылар он талаптан тұратын ұсыныстар қабылдайды. 
Бұл ұсыныстардың барлығы ауыз әдебиетінің проблемалық мәселелерін 
шешуге арналып, ендігі жерде халық ауыз әдебиеті мұраларын жинау, 
жариялау және халық ақындарымен үздіксіз байланыс жасап тұру секілді алуан 
түрлі практикалық жұмыстарды бұрынғыдан да жандандыра түсуге 
бағытталады. Сол ұсыныстың сегізінші талабында айтыс өнеріне жеке 
тоқталып, мынадай мәселелер баса айтылады: «Жергілікті жерлерде ақындық 
айтысқа түсіп халық арасында өз өнерімен қалтықсыз қызмет етіп жүрген ауыл 
ақындары мен жыршы-жырауларға, әнші-күйшілерге және әдеби-музыкалық 
мұрамыздың жанашыр жинаушыларына әдебиет және өнер институты 
тарапынан қамқорлық жасалып, жөн сілтеп отыру қажет деп саналсын...» [92, 
297 б.]. 
1973 жылы Қазақ ССР-ның «Ғылым» баспасынан жарық көрген «Қазақтың 
қазіргі халық поэзиясы» деп аталатын жинаққа 1969 жылдың 27-30 октябрь 
күндері өткізілген «қазақ фольклорының зерттелуі және оның қазіргі жайы 
туралы» ғылыми-творчестволық конференция материалдары топтастырылған. 
Кітапта аталмыш конференция кезінде өткізілген төрт айтыстың мәтіндік 
нұсқалары қоса жарияланған. Сол кездегі айтыс ақындары Манап Көкенов, 
Құлжабай Төлеуов, Көкен Шәкеев, Игібай Әлібаев, Мұса Асайынов, Қалихан 
Алтынбаев, Мұқаш Байбатыров, Молдабай Жолдабаевтар арасында өткізілген 
сөз сайыстары да өзінің мазмұндық, көркемдік тұрғысынан маңызды болып 
саналады. 
Әрине, сол уақыт үрдісімен бағалар болсақ, өткізілген айтыстың барлығы 
өз дәуірінің үнін, қоғамның бет-бейнесін ашуда, сөз жоқ, жоғары деңгейде 
шеберлік танытқан деуге болады. Ең бастысы, ақындар нені жырлап, нені 
насихаттайтынын жақсы түсінген. Қай дәуірде, қай қоғамда болмасын, 
айтыскерлер өздері өмір сүріп отырған уақыттың болмысын шабыттана, асқақ 
рухпен жырлай білген. Құлжабай өз заманының кескін–келбетін, табысы мен 
жетістігін Ленин сөзімен байланыстыра жырлайды: 
«Ленин ғой бақыт берген бәрімізге, 
Ленин ғой тұрмыстағы сәнімізде. 
Ленин ғой адамзаттың қамқоршысы, 
Ленин ғой шырқап салған әнімізде...» [92, 190 б.]. 


120 
Айтысты аяқтай келе, Манап ақында қарсыласының сөзін қуаттай отырып, 
жырын асқақ сезім, зор шабытпен түйіндейді: 
«Осы тойға келгенде, 
Бітіре келдім жұмысты . 
Құйып келдім Отанға, 
Миллион пұт күрішті
Біздің табыс, Құлжеке, 
Сізге де болсын жұғысты!» [92, 192 б.]. 
Осы 
жылғы 
айтыстардың 
1940-1950 
жылдардағы 
айтыстардан 
айырмашылығы, дерек-мәліметтерді келтіру тұрғысында немесе сын айту 
сияқты шиеленіскен мәселелерден біршама адалығы еді. 
Бұл жағдай ой қақтығысы, пікір қайшылығы тәрізді сөз сайысына аса 
қажет ситуациаларды бәсеңдеткенімен, жыр мазмұнына бәлендей нұқсан 
келтірмеген. Керісінше, ақындардың бір-бірін қуаттай сөйлеуі, айтыстың 
идеологиялық маңызын бұрынғыдан да күшейте түскен. Мысалы, Солтүстік 
Қазақстан облысының ақыны Игібай Әлібаев пен Көкшетау облысының ақыны 
Мұса Асайыновтардың айтысында да осы жағдай анық байқалады. 
Игібай : «...Уа, қарасам мынау қазақ даласына, 
Есіл, Ертіс, Ақжайық арасына. 
Нұрлы жүзі көсемнің шалқып жатыр, 
Халқымның ұялаған санасына. 
 
Уа, тулайды жүрек сыймай қуысына, 
Дауысым жетсін Батыс, Шығысыма. 
Өзімнен өзім бүгін қуанамын, 
Ленииннің заманында туысыма...» [92, 192-193 бб]. 
Игібай ақынның бұл ойларын Мұса да іліп әкетіп, қарсылас пікірін одан 
әрі асқақтата жырлайды. 
Мұса : «...Ау, сонау бір заманның серпіп түнін, 
Ұшырған патшалықтың көкке күлін. 
Жер шары, дүниежүзі тыңдай қалған, 
Әлемге келгенде Ленин үнін. 
Сол үнмен компартия егіз туып, 
Жайқалтқан осынау жарқын өмір гүлін...» [92, 199 б.] 
ХХ ғасырдың 30-50-ші жылдар аралығындағы айтыстарға қарағанда, 70-ші 
жылдар тұсындағы ақындардың сөз саптау шеберліктері, ой толғау 
біліктіліктері едәуір өсе түскендіктерін байқатады. Колхоз, аудан жетістіктерін 
жырлайтын ақындар ендігі жерде «Есіл, Ертіс, Ақжайық арасына» дейін құлаш 
сермеп, біртұтас Қазақстан аумағының келісті өмірін жырлауды мақсат етеді. 
Талдықорған облысының атынан сынға түскен Мұқаш Байбатыров пен 
Алматы облысының атынан шыққан Молдабай Жолдыбаев айтыстарынан да 
дәуір дидары мен уақыт тынысының біраз келелі жайттарын аңғаруға болады. 
Ең бастысы, ақындардың тақырып ауқымынан бір сәтке де ауытқымай, замана 
жақсылықтары мен жетістіктерін Ленин, коммунистік партия айналасынан 
іздеп, жырларын бір желінің бойымен шебер сабақтастыра білген. 


121 
Мұқаш: «...Кең жайып, Талдықорған керегелі
Ортамнан отау тікті дөдегелі. 
Лениннің өзі бастап, ұран тастап: 
«Еңбек – атақ, абырой» деген еді. 
Орындап ұлы Ленин өсиетін, 
Беріп тұр компартия өнегені. 
Данышпан партияның бастауымен. 
Еңбекте өрге өрледі ел ерені...» [92, 200-201 бб]. 
Көкшетау облысының ақыны Көкен Шәкеев пен Семей облысының ақыны 
Қалихан Алтынбаев арасында өткен сөз сайысында тақырыптық, мазмұндық 
ерекшелігі тұрғысынан замана жүгін көтеріп тұрған жыр үлгісі ретінде құнды. 
Бұл айтыстан сол кездегі Көкшетау мен Семей облыстарының экономикалық 
ахуалы мен әлеуметтік жағдайын, мәдени–ағарту салаларындағы болып жатқан 
жетістіктердің кескін-келбетін танып білуге болады. 
Көкен: «...Көтерсем Көкше даңқын арманым жоқ. 
Таң қалған көрген адам Көкше қандай, 
Ауданы бар оның да Рузаевтай. 
Елімнің Айыртауы, Шортандысы, 
Астықтың, еттің, сүттің фабрикасы. 
Бар ма сізде, Қалижан, сондай жағдай?..» [92, 211 б.]. 
Өз кезегінде Семейлік Қалихан ақын да облысының біраз жетістіктерін 
жырға қосады. Екі ақынның сөзі де бір-бірін толықтыра отырып, 70-ші 
жылдардағы Қазақстан экономикасының ілгерілеу, өрлеу сипаттарын жырмен 
өріп шығады. Осы жерде академик С. Қирабаевтың ақын туралы айтқан мына 
пікіріне құлақ аса кеткен орынды сияқты: «Ақынның жеке басының сезім 
күйлері тек бір адамның тіршілігін күйттемей, жалпы адамға тән сипаттарды 
кеңінен бейнелей алғанда ғана қоғамдық мәнге ие болады. Ақынды жеке адам 
деп қарау аз, ол – қоғам өкілі, адамзат өкілі...» [93, 233 б.]. 
Ғалым бұл пікірін жазба поэзия өкілдеріне қатысты айтқанымен «қоғам 
өкілі, адамзат өкілі» сипаттары айтыс ақындарына мейлінше тән қасиет дер 
едік. Жалпы, айтыс тарихында ақынның жеке мұңы, сыры көп кездесе 
бермейді. Бұл сипат жазба поэзияда жиі көрініс беруі мүмкін, ал айтыс 
жырлары көбіне ел мен қоғам тағдырына байланысты өріліп, ақынның жеке 
тағдыры әлеуметтік мәселелер төңірегінде өрбіп отырады. Айтысушы ақын 
қоғам, адамзат өкілі ретінде сөз сөйлейді. Әрине, айтыста жеке басқа қатысты 
мін айту фактілері кездесуі мүмкін, бірақ ақындар соның өзін әлеуметтік 
жағдайлармен жымдастыра өріп, негізгі арнадан ауытқымайды.
Мәселен: Көкен мен Қалихан ақын айтысында Қалихан Көкен ақынның 
есімін сынайды: 
«...Жалғыз-ақ осы жұртқа ұнамай тұр, 
Екіұшты Көкен деген есіміңіз. 
Еркек пе, әйел ат па Көкен деген, 
Не нәрсе, әрі-сәрі секеңдеген. 
Бұл Көкен-ау шыққан заттың кім болады, 
Саялы қандай жерді мекендеген, 


122 
Қайда екен, құдай атқан қандай молда, 
Ат қойып бір тоқтыны жеді-ау сонда! 
Кел Көкен, есіміңізді өзгертелік, 
Қағазы ауылсовет біздің қолда...» [92, 210 б.]. 
Осы жердегі Қалихан ақынның Көкен есіміне байланысты айтқан 
ойларының өзі заман идеологиясымен астастыра өріліп, Советтік қоғамның 
өздеріне тірек-таяныш екендігін аңғартады. Ақынның «Қойды екен құдай атқан 
қандай молда, Ат қойып бір тоқтыны жеді-ау сонда» сөздері мен «Кел, Көкен, 
есіміңізді өзгертелік, Қағазы ауылсовет біздің қолда» деген ойлары кеңестік 
замандағы моральдық тәрбие мәселесінен хабардар етіп тұрған жоқ па?! Осы 
мысалдың өзі айтыс ақындарының үнемі қоғамдық көзқараста болатындығын, 
нені айтып, нені жырласа да әлеуметтік мәселелер төңірегінде сөз қозғайтын 
тағы бір мәрте дәлелдей түспек.
Кеңес дәуіріндегі айтыс өнерін сөз еткенде 1979 жылы Қазақ ССР-ның 
«Ғылым» баспасынан жарық көрген «Ақын-жыраулар» атты, 261 ақын-
жыраудың қысқаша өмірбаяндық мәліметтері мен библиографиялық деректер 
жинағына тоқтала кеткен орынды. Бұл жинаққа жыр алыбы Жамбылдан бастап, 
кеңес дәуіріндегі қолына домбыра, сырнай ұстап, айтысқа қатысқан 
ақындармен қатар, толғау-дастан, жыр-терме шығарып айтушы жыраулар 
туралы біраз мағлұмат берілген.
«Алпыс жылдан артық өмір сүріп отырған советтік социалистік 
мемлекетіміздің мазмұнды тарихында әрбір кезеңнің өз рухына қарай ұраны, 
тақырыбы болғаны белгілі. Халық ақындары мен жырауларының өлең-жыр, 
толғау-дастандарынан сол тамаша тарихымыздың рухани шежіресін көреміз» 
[82, 10 б.]. 
Сол кездегі Қазақ ССР Ғылым академиясына қарасты, М.О. Әуезов 
атындағы әдебиет және өнер институты басшылығымен шыққан «Ақын-
жыраулар» библиографиялық көрсеткішіндегі дерек-мәліметтердің өзі кеңес 
дәуіріндегі халық шығармашылығының, оның ішінде айтыстың қандай 
дәрежеде дамып, қалыптасқанынан біршама хабар береді. Осы өмірдеректе 
қамтылған 261 ақын-жыраудың қай-қайсысы болмасын, айтыс өнерінен 
айналып өтпеген. Мысалы: «Айнабеков Қайып (18.5.1885, Қарағанды облысы, 
Нұра ауданы, Көбетай ауылы, – 29.1.1955, Қарағанды қаласы). КПСС мүшесі 
(1920), СССР Жазушылар одағының мүшесі (1943). 
...Ақын ел өміріндегі алуан жаңалықтарға үн қосып отырды. 1929 жылдан 
өмірінің ақырына дейін Қарағанды қаласында тұрып, шахтерлер өмірін 
творчествасына арқау етті. Сын-сықақ, тақпақ, терме, нақыл өлеңдерді көп 
жазды. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ақындар айтысын бастаушылардың 
бірі болды...» [82, 12 б.]. 
Сондай-ақ, осы кітапта ХХ ғасырда дүниеге келіп, саналы өмірін Кеңес 
дәуірінде өткізген, халық ақындары Омаров Көпбай, Көкенов Манап, 
Алтынбаев Қалихан, Асайынов Мұса, Ахметбеков Нұрлан, Әбенов Шәкір, 
Әйтпенов Қайыпназар, Әлжанов Аманжол, Әліқұлов Қалдыбек, Бетбаев Аяз, 
Ерубайқызы Жібек, Жамбылов Әлімқұл, Жүргенбаев Әбділда, Игенсартов 
Ғабдиман, Қоразов Смағзам, Қосбасаров Әсімхан, Лушникова Надежда 


123 
Андреевна, Оспанова Бақытжамал, Сарыбаев Әбікен, Төлеуов Құлжабай 
есімдерін тек айтысқа қатысқаны үшін ғана келтіріп отырғанымыз жоқ, бұл 
азаматтардың барлығы өз дәуірінің жалынды жыршысы, майталман үгітші – 
идеологтары ретінде тарихта қалған тұлғалар. Қазақ рухани өнерінің қоры 
үзілмей, кешегі тоталитарлық жүйенің темір құрсауынан қандай күш, қандай 
идеология тегеуріні болмасын соған төзіп, аман-есен бүгінгі тәуелсіз ел 
ұрпағына жетуі сөз жоқ, кеңес дәуіріндегі ақын-жыраулардың еңбегі деп 
бағалаған жөн. 
Жиырма алты жасында әйгілі Нартай Бекежановпен айтысқа түскен Манап 
Көкенов бір сөзінде былай дейді: 
«Өнердің өлең екен гүлді бағы, 
Бауырында сылдыраған мың бұлағы. 
Болсам деп мен де соның бір бұлағы, 
Інің жастық көрмей жүр жар құлағы. 
Сол бақта өзіңізбен бірге болсам, 
Арман не өмірге нәр, өнеге алсам. 
Халқымның ақыны боп суығына, 
Тоңсам, мейлі, ыстыққа күйсем, жансам» [94, 5 б.]. 
Манап ақынның осы бір жыр жолдары, сол кездегі ұлттық өнердің 
айналысында жүрген ақын-жыршылардың өмірлік аңсар-мұраттарынан үлкен 
сыр аңдатады. Қолына домбыра ұстап алқалы жұрттың алдына шыққан 
ақынның негізгі мақсаты өрелі ой айтып, елдік мәселелерді жеріне жеткізу 
болып табылады. Шыққан тегін, қарақан басын мақтап, ел ықыласына бөлеген 
ақынды тарихтан кездестірмейміз. Тарихта даңқы шыққан қай айтысты алып 
қарамаңыз, ол ең алдымен өзінің әлеуметтік, халықтық болмысымен 
құндылығын танытқан. 
Мәселен, кеңес дәуірінде өткен Манап пен Әбжан Құрышжановтың 
айтысындағы Манап ақынның мына бір жыр жолдары жоғарыда айтқан 
«әлеуметтік», «халықтық» мәселелерді көтеріп тұрған жоқ па? Әбжан ақынның: 
«...Күш-көлік ат пен түйе түгел жауыр, 
Осы ғой жұмысыңның оңбағаны. 
Арық атты арсыздар міне шауып, 
Көліктің күтілмепті қолда бары. 
«Ауылда тәртіп күшті» деуші едің ғой, 
Білгені қайда олардың жөн-жобаны? 
Ет пен сүттің жоспарын өтемейсің,
Әбжанның ісіне ел таң қалады. 
Сол ауылдың ақыны дегенменен 
Үгітіңнің әсері болмағаны...» [94, 23 б.] деген сынына 
Манап ақын былай деп жауап қайтарады: 
«...Әскердің семьясы сергелдең деп, 
Аулыңда біраз жігіт сағы сынды. 
Сегіз үй шаңырағын жауып тастап, 
Ұялмай мақұл көрдің қағысуды...» [94-23,24] 


124 
Осы айтыста екі ақында өз ауылдарының әлеуметтік мәселелерін 
көтерумен қатар, елдік, ұлттық намысқа тиер жайттарды да тілге тиек етеді. 
Манап ақынның: «Сегіз үй шаңырағын жауып тастап, ұялмай мақұл көрдің 
қағысуды» – деген сөзінен Әбжан ақын ауылы жағында жіберілген үлкен 
келеңсіздікті әшкерелеп тұрғандығын аңғарамыз. Сондай-ақ, ақындардың бір-
біріне «үгітің әлсіз болды», – деп кінә тағулары да, сол кездегі халық 
ақындарының қоғам алдындағы жауапкершілігінің зор екендігін айқындай 
түседі. Кеңес дәуіріндегі айтыс ақындарының үгітшілдік-насихатшылдық 
рөлінің айрықша болғандығын ақындардың осы сөздерінен анық байқауға 
болады.
1972 жылдың июль айында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 125 жылдық 
мерейтойы Қазақстан бойынша кеңінен аталып өтті.
Әсіресе, мерейтой аясында өткізілген Қазақ ССР Ғылым академиясының 
жалпы жиналысы сессиясының рухани маңызы ерекше болды. Бұл ғылыми-
шығармашылық жиналыста Жамбылдың творчествосына байланысты 
халқымыздың суырыпсалма ақындық өнерінің әр алуан сырлары, жанрлық-
стильдік, көркемдік стильдері сөз болды.
Жиналысқа ақын-жазушы, зерттеуші-ғалымдармен қатар Қазақстанның әр 
аумағынан көптеген айтыс ақындары да қатысты. 
Жазушы-ғалымдар Ә. Тәжібаев, М. Қаратаев, М. Ғабдуллин,
Б. Сүлейменов, Н. Смирнова, О. Нұрмағамбетова, Е. Лизунова,
Р. Сыздықовалар Жамбыл ақынның шығармашылығы һәм халық поэзиясының 
ерекшелігі туралы баяндамалар жасады.
Мерейтой барысында республикамыздың әр аймағынан келген жиырма 
ақын сөз сайысына түсіп, айтыс өнерінің өміршең өскелеңдігін тағы бір мәрте 
таныта түсті. Осы ғылыми-шығармашылық жиында оқылған ғылыми 
баяндамалар, айтыстар, зерттеу мақалалар 1975 жылы Қазақ ССР-ның «Ғылым» 
баспасынан «Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы» атымен жеке жинақ 
ретінде жарық көрді. 
Жамбыл ақынның 125 жылдық мерейтойына арналып өткізілген 1972 
жылғы айтыс жырларына зер сала отырып, төл өнердің заманға лайық өзгеріс, 
нышандарға едәуір бой алдырғанын аңдауға болады. 
Қызылорда облысының ақыны Манап Көкенов пен Алматылық Әсімхан 
Қосбасаров арасында өткен жыр сайысы өзінің көркемдік һәм мазмұндық 
ерекшелігі тұрғысынан уақыт, қоғам тынысына барынша бейімделе түскендігін 
байқатады. 70-ші жылдар Кеңес Одағының кемеліне келіп, экономикалық 
ахуалы біршама түзеліп, ел санасын тұрмыс билей бастаған шақ еді. Әсіресе, 
Одақ бойынша орыстандыру саясаты күшейіп, ұлтсыздандыру ұраны кәріне 
мініп тұрған. Ұлтсыздандыру, өз ұлтын ұмыттыру жамысқы саясаттың жемісі. 
70-ші 
жылдардағы БАҚ-ның жылнамасын парақтасаңыз «Қазақстан 
Республикасы» деген сөзден гөрі «Көпұлтты Қазақстан Республикасы» деген 
тіркесті көбірек кездестіреміз. Әрине, мұның бәрі сол кездегі Коммунистік 
идеологияның жүргізген жымысқы әрекетінің көрінісі. Манап пен Әсімхан 
ақындарда өз уақытының үнін, жырын жырлады. Алматы мен Қызылорда 
облыстарының орасан зор байлығын, шат тұрмысын, бақытты болашағын екі 


125 
ақын да назардан тыс қалдырған жоқ. Кестелі сөз, келісті ой бір-бірінің арман-
мұратын асқақтатып, Жамбыл тойына мол табыспен келгендерін шабыттана 
жырлады. Сол кездегі айтыстың әлеуметтік мәнін көтеретін «басты мәселе» ұлт 
саясаты жөнінде де ақындар өз ойларын іркіп қалмады. 
Әсімхан : «Елімде жүз жиырма ұлт тұрады,
Ойлама мені сөзден – «ұттырады». 
Барлығы балдан тәтті ынтымақты, 
Ерінбей еңбек десең тік тұрады...» [95, 102 б.]. 
Манап :
«50 жыл СССР-ға толғалы тұр, 
Бір үлкен сән-салтанат болғалы тұр. 
Ұлттардың туыстығын баяндайық, 
Бір ғана ете бермей олжаны жыр» [95, 103 б.]. 
Осылай деп жырлаған Манап ақын одан әрі, бір ғана «Гигант» колхозында 
25 ұлттың өкілі тату-тәтті, бір үйдің адамындай тұрып жатқандығын айтады. 
«Латыш қызы Магирс, Неміс қызы Эльмира, Армян қызы Рзван, Орыс қызы 
Розам, Қазақ қызы Гүлстан, Тәжік қызы Тамарам, Өзбек қызы Мариям, 
Корейқызы Ольгам, Қырғыз қызы Қалиям, Қарақалпақ Гүлсанам, Татар қызы 
Әлиям, Түрікпендік Тәзиям, Украйндық Надиям, Грузиндік Гүлиям, Шешен 
қызы Қазиям, Молдавандық Сониям, бәрі еңбекте табысқан, Бір семья туысқан! 
Мысалын айт, Әсеке, Біздей болып туыссаң», – деп Манап ақын төкпелете 
жырлайды. 
Әрине, айтыстағы М.Көкеновтың бұл шумақтарын толықтай келтірудегі 
мақсатымыз ақынның жеке басына немесе азаматтық ұстанымына сын айту 
емес, керісінше заман сырын әйгілеп, кешегі коммунистік идеология 
шеңгелінде шырмалған рухани өнеріміздің қаншалықты өгейлікке ұшырағанын 
көрсету ғана... 
Философия ғылымдарының докторы, профессор А. Айталы өзінің 
«Ұлттану» теориясы негізінде жазылған ғылыми еңбегінде мынадай ойлар 
айтады: «...Отаршылдық заманның қоғам өмірінің барлық салаларына, соның 
ішінде қоғамдық санаға әсері екіжақты болды. Жаңа қоғамдық қатынастарды 
енгізе бастағанда отарлаушылар төлтума рухани дәстүрлердің бірқатарын 
жоюға күш жұмсаса, біразын сақтауға тырысты. Бұл жердегі ең басты критерий 
– отаршылдықты ақтап, сол жүйенің өмір сүруін қамтамасыз ету еді...» [96-89] 
«Төлтума рухани дәстүрлердің біразын сақтауға тырысудың да» өзіндік 
саяси астары, идеологиялық мақсаты болғаны белгілі. Ұлттық рухани 
құндылықтардың бәрін ескінің сарқыншағы, феодолизмді дәріптеу деп мансұқ 
еткен коммунистік көзқарастың айтыс өнеріне іш тартуының өзіндік себебін 
зерттеудің алғашқы тарауларында айтқан болатынбыз. Біріншіден, айтыстың 
негізгі қайнар көзі сөз өнері екендігі. Қазақ халқының өмір сүру қағидалары 
мен салт-дәстүрі, саяси-әлеуметтік жағдайы мен тіршілік қаракеттерінің бәрі 
ғасырлар бойы ой мен тіл негізінде қалыптасқан сөз құдіреті арқылы жүзеге 
асып отырған. «Бір ауыз сөз бір тайпа елдің тағдырын шешкен», «Аталы сөзге 
атасының құнын кешкен», «Көпке тоқтамаса да сөзге тоқтаған», «Сөз сүйектен, 
таяқ еттен өткен», «Ерте тұрған жігіттің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір 


126 
ісі артық» деген қағидаларды өмірлік ұстанымына айналдырған халық үшін сөз 
құдіретінен артық тегеурінді таяныш болмаған. Сондықтан да тілінен 
айырылған халықтың болашағы бұлдыр, баянсыз болтындығын, бодандық 
қамытын тезірек киетіндігін отарлаушы империя жақсы түсінді.
Кеңес империясының құрамындағы Қазақстан туралы Колгэйт 
Университетінің профессоры, белгілі ғалым Марта Брилл Олкоттың «Казахи» 
деген еңбегінің алғы сөзінде былай деп жазылады: 
«...В 1930 году советское правительство сменило арабскую графику 
латинской графикой, а затем, накануне второй мировой войны, на смену 
латинской графике пришла кириллица. Однако, сопротивление введению 
чужого альфавита было очень сильным, особенно в традиционных и 
религиозных кругах. 
Введение кирильского альфавита, внесение многих русских и 
русифицированных 
терминов 
в 
казахский 
словарь, 
русификация 
географических имен, осуществление русской радио- и телевизионной 
трансляции представляют для казахов и их языка постоянную угрозу. Сегодня 
более 2/5 казахов говорят на русском языке как на радном...» [97, 4 б.]. 
Сырт көз қашанда сыншыл келетіндігі белгілі. Колгэйт Университетінің 
профессоры Марта Брилл Олкоттың жоғарыдағы пікірі, сөз жоқ, ащы 
шындықты айтып тұр. Кеңес дәуіріндегі ұлттық өнердің қай-қайсысын алып 
қарамаңыз орыстандыру саясатының салқынына шалынбай аман қалғаны 
некен-саяқ. Бұл үрдіс әсіресе көркем әдебиетте, баспасөзде, теле-, 
радиохабарларында, кино саласы мен шығармашылық өнердің көптеген 
түрлерінде көрініс тауып жатты. Ұлттық сипаты басым дейтін айтыс 
жырларының өзі заман идеологиясының насихатшысына айналды. Семей 
облысының ақыны Қалихан Алтынбаев пен оралдық ақын Сағынғали Мұқанов 
арасында өткен жыр сайысынан да осы жағдай да аңғаруға болады. 
Сағынғали : «...Еске алсаң бұл күндерді, 
Бұрынғы бейне өзгерді. 
Техника күшімен, 
Құрылыс салу тезделді. 
ГЭС – тің шамы жағылып, 
Шопандарға газ келді. 
«Пермь» менен «Аңқаты» 
Облыста орденді, 
«Правдадай» совхозы, 
Шаруасы шалқып гүлденді...» [98, 122 б.]. 
Айтыс жырларынан келтірілген шағын үзіндінің өзі өнерге салған заман 
бедері мен қоғамдық ахуалдан біраз сыр аңғартып тұр. Әрине, бұл жерде 
ақындар жырында қазақ қоғамына келген техникалық прогресс жаңалықтарын 
жатсыну әрекеті бой көтерді деп ойлау ағаттық. Мәселенің негізгі мәнісін 
жырдың идеологиялық астарынан іздеген дұрыс. Кеңес дәуірінде «Аңқаты» 
сияқты қазақ колхозын мақтау үшін, «Пермь», «Правда» колхоздарын міндетті 
түрде ұлықтау, иделогиялық заңдылыққа айналды. Мұндай мысалдарды Кеңес 
дәуіріндегі айтыс жырларынан мол ұшыратуға болады. Тіпті, Сыр сүлейлерінің 


127 
сарқыты жыраулық-ақындық дәстүрдің үлкен мектебінен тәлім алған 
қызылордалық Көшеней Рүстембековтың аузына сол уақыттағы қоғамдық 
идеология мынадай сөздер салады: 
«Қашанда айтыс деген менің дертім, 
Үнімде бір сыр болса соны серпін. 
«Халқыңның қазынасын қастерле!» деп, 
Үйретті Максим Горький әуелде еркін. 
Берейік кезекті енді басқа ақынға, 
Тағы да айтысуға келем, бәлкім. 
Жырлайық Компартия даналығын,
Тыңдаса ризалықпен болып әркім!» [99, 166 б.].
Кеңес дәуірінде өткен ақындар айтысын зерделей қарасақ, ақын Көшеней 
Рүстембеков жырлаған аталмыш тақырыпты, сол кездегі халық ақындарының 
ешқайсысы айналып өтпеген. Бұл мәселені кеңес дәуіріндегі зерттеуші-
ғалымдарымызда жақсы байқап, оған өздерінің пікір, байламдарын білдіріп 
отырған. Мәселен, ғалым Мәлике Ғұмарова: «Коммунистік партияның даналық 
басшылығын, ұлы ісін жырлауда халық ақындарының шығармаларында көзге 
түсетін елеулі ерекшелік – бірі айтпағанды екіншісі толықтырып отырады. 
Сөйтіп бір дауысқа екінші, үшінші дауыс қосылып үлкен хор – коллективтік 
шығарма жасайды» [92, 230 б.], – деп пікір білдіреді. 
Ғалым Мәлике Ғұмарова келтірген бұл пікірдің шындығына кеңес 
дәуіріндегі айтыс жырларын оқығанда толықтай көз жеткіземіз. Халық 
ақындары шығармашылығының негізгі түйіні – «ұлы» Ленинді дәріптей 
отырып, Коммунистік партияның «кемеңгер» саясатын мадақтауға келіп 
саятын. Өндіріс-өнеркәсіп саласындағы зор табыстар, ауыл шаруашылығында 
болып жатқан соңғы өзгерістер халықтың шат тұрмысы, айналып келгенде 
қоғамда болып жатқан барлық жақсылықтардың иесі, қайнар көзі – Ленин 
даналығынан бастау алған коммунистік партияның қажырлы қарекетімен 
байланыстырылады. Сол замандағы халық шығармашылығының һәм қазақ 
поэзиясының ірі өкілі, ақын Иса Байзақовтың мына бір жыр жолдары, Кеңестік 
дәуір идеологиясының болмыс-бітімін барынша айқындай түседі. 
«Ленин – бүтін бейнетқорлар жүрегі, 
Ленин – бүтін еңбекші тап тірегі, 
Өлсе дағы өлмейді, деп сенеміз, 
Мәңгі қабыл бола бермек тілегі» [100, 261-262 бб]. 
1924 жылдың қаңтар айында жазылған осы жырдың қуаты 1991 жылдың 
желтоқсанына дейін өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. «Келешектің сен 
боларсың арманы» деген ақын сөзін рухани шығармашылық өкілдерінің 
барлығы, үздіксіз жалғастырып отырды. Бұл үрдіс айтыс жырларында да айқын 
көрініс тауып, халық ақындары «бірі айтпағанды екіншісі толықтырып 
отырды». Мәселен Шымкент облысының ақыны Құлжабай Төлеуов: 
«...Отаным қасиетті совет елім,
Кең байтақ Қазақстан туған жерім. 
Келтірген кемеліне адамзатты,


128 
Көш басы Компартиям, ұлы Ленин...» – [101, 116 б.] деп 
жырласа, Орал облысының ақыны Сағынғали Мұқанов келесі айтыста 
Құлжабай жырының мазмұнын одан әрі қоюлата түседі: 
«...Орысты біздің қазақ аға тұтты,
Ол бізді осы өмірге ала шықты. 
Халқымыз өткен ғасыр ішінде-ақ, 
Өзара ынтымаққа жол ашыпты...» [101, 127 б.]. 
Шымкент облысының ақыны Қалдыбек Әліқұлов айтысында бұл ойлар 
өзінің шырқау шегіне жетіп былайша түйінделеді: 
«...Көркейіп, гүлдеп өскен ұлы Отаным, 
Жайнаған жарасымды жарқын таңым. 
Келеді елім ылғи алға бастап, 
Жолында Коммунистік партияның» [102, 134 б.]. 
Зерттеу барысында айтып өткеніміздей Айтыс жырларының мазмұндық 
һәм көркемдік сипатына қоғамдық жүйе қаншалықты өзгеріс, бедер 
түсіргенімен халықтың төл өнері бәрібір өзінің әу бастағы табиғи дегдар 
болмысынан мүлдем қара үзіп кеткен жоқ. Коммунистік идеологияның темір 
құрсауында қалса да, халық ақындары дәстүрлі өнердің өресін шама келгенше 
төмендетпеді. Әрине, бұл жағдайды ақындар саналы түрде солай істеді десек 
ағаттық болар еді. Еркін өскен дала ақынына тән өршіл рух кеңес заманындағы 
айтыстарда да жарқ етіп көрініс беріп жатты. Тек бұл рух салттан көшкенімен, 
көңілден өшпеген төл өнердің қоздап жанар қоламтасының тереңде жатқан 
қызуының әсері еді. Ұлттық өнердің мәңгі өшпес сол бір жалынды қызуы, 
рухани құндылықты құрдымға кетуден сақтап, ХХІ ғасырға аманаттады. 
1972 жылы жыр алыбы Ж. Жабаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған 
республикалық ақындар айтысында көкшетаулық ақын Мұса Асайынов 
Целиноград облысының ақыны Бикен Сембаевамен болған сөз сайысында 
өзінің елі Көкше жайлы былай деп жыр толғайды: 
«...Көкорай шалғын қойыны, 
Тіл үйірген мойылы. 
Сілеті мен Текелі, 
Тұнған байлық мекені. 
Көкшеден келді Мұса ақын, 
Жәкеңнің бүгін тойына...» [103, 149 б.]. 
Осылай деп өрілген, сұлу жыр Көкшенің бұлт жамылған асқары мен аялы 
алтын аспанын, сол жерден шыққан қазақтың текті тұлғалары Ыбырай, Біржан, 
Ақан, Шоқандарды мақтанышпен тілге тиек етеді. Жетпісінші жылдардағы 
қоғамдық идеология қазақ сахарасының салтанаты мен ұлықтыларын 
ұлықтаудан гөрі Лениннің даналығы мен коммунистік партияның кемеңгерлігін 
жырлағанға немесе жырлатуға мүдделі болатын.
Соған қарамастан, текті өнердің тереңде жатқан тегеуріні ақындардың 
аузына кейде осындай өршіл, өрелі ойларды да салып отырды. Мұса ақын 
жырымен мәндес, өзектес ойларды сол кездегі көптеген ақындардың 
айтысынан кездестіруге болады. 


129 
Мәселен, аталмыш республикалық айтыста павлодарлық Қимадиден 
Нұғыманов пен Шығыс Қазақстан облысының ақыны Сара Тоқтарбаева 
арасында өткен сөз сайысынан да осындай көркем келісті шумақтарды 
байқаймыз. Бұл айтыстың бір ерекшелігі ежелден келе жатқан дәстүрлі қыз бен 
жігіт айтысын еске түсіруінде. 
Айтысушы ақынның есімі Сара болуы айтысқа әдемі желі болған. 
Айтыстың негізігі мазмұны да осы тақырыпқа негізделіп, өрбіп отырады. Бір 
кезегінде ақын Сара қарсыласына былай деп ой тастайды:
«Бермеске сөзге жауап бар ма шара, 
Сұрадың ат-жөнімді келе сала. 
Шығыстағы Алтайдың бұлбұлымын, 
Ұғып ал есімімді, атым Сара» [104, 131 б.]. 
Айтыс жырларының тақырыбы негізінен қоғамдық проблемаларды 
қамтып, кеңестік идеология мүддесін насихаттағанымен, ұлттық рухқа қатысты 
мәселелер де назардан тыс қалмайды. Әр ақын өз өлкесінің көркем табиғатын, 
елінің өткен шежіресін қазақ ұлтының мақтанышына айналған тарихи 
тұлғаларды дәріптеу тұрғысынан да біраз ұлағатты ойлар айта білген. Мұның 
өзі айтыс жырларының публицистикалық сипатын айқындап қана қоймай, 
ақынның лирикалық толғаныстарын, яғни поэзияға тән сезім күйдің де 
барынша мол болатындығын көрсетеді. Ұлттық рухқа қанат бітірер осындай 
көркем ой, кестелі жырларды айтыс барысында қолдана білудің өзі совет 
дәуіріндегі халық ақындарынан аса сақтықты һәм шеберлікті талап етті. 
Мәселен, Павлодар облысының ақыны Жүнісбек Жолдинов пен алматылық 
ақын Молдабай Жолдыбаев арасында өткен айтыс тұтастай өршіл ұлттық рухқа 
негізделген. «Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы» кітабындағы айтыстың 
мәтіндік нұсқасы екі-үш кезек көз қағысудан ғана тұрады. Аталмыш айтыстың 
ерекшелігі коммунистік идеологиядан немесе қоғамдық проблемадан адалығы. 
Бұл айтыс мәтінін оқи отырып, XVIII–XIX ғасырлардағы жыраулар 
поэзиясының сарынын естігендей әсерде боласыз. Осы айтыстағы Жүнісбек 
ақынның Көшеней Рүстембековке арнап айтқан толғау-жырына зер салып 
көрелік: 
«... «Көрғұлыны» айтса Көшеней, 
Сыбызғы боп сайрайды,
Келістіріп кестесін. 
«Қобыландыны» айтса Көшеней, 
Қобыз алған қолына, 
Нысанбай боп жырлайды...» [105, 169 б.]. 
Кеңес дәуіріндегі ақындар айтсынан осы тақылеттес ұлттық рухты көтерер 
өршіл, халық ұғымына, табиғатына жақын жыр шумақтарын қадау-қадау болса 
да кездестіруге болады. Мұның өзі төл өнердің өзегі үзілмей, дәстүр 
сабақтастығы кеңес заманындағы тоталитарлық жүйе тұсында да жалғасқанын 
көрсетеді. 
Ұлт зиялысы, жазушы-ғалым Жүсіпбек Аймауытұлы өзінің «Псиқолоғия» 
атты еңбегінде мынадай ойлар айтады: «...Кейбір адам өзгелердің пікіріне әбден 


130 
құл болғандықтан, өзінің «мендігін» жоғалтып, жұтылып кетеді. Басқалардың 
пікіріне мойын бұрмай, бағынады, өзінде пікір болмайды...» [106, 260 б.]. 
Кеңес дәуірінде өмір сүріп,коммунистік идеологияға жіпсіз байланған 
шығармашылық адамдардың көпшілігі «өзінің мендігін» жоғалтқаны жасырын 
емес. Өз көзқарас пікірінен гөрі әміршіл қоғамның мүддесін көздеп, саяси-
идеологияның сойылын соғып, соның жырын жырлау, кеңес заманында 
қалыпты қағидаға айналды. Кеңес дәуіріндегі айтыс жырларын зерттеп-
зерделей отырып осыған көз жеткіздік. 
Қалай десек те, кеңес дәуірінде өмір сүрген халық ақындары өз 
міндеттерін адал орындады. Қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістер мен тарихи 
кезеңдерде айтыс ақындары халықпен бірге болып сол халықтың мұңы мен 
сырын, қуанышы мен қиыншылығын бірге бөлісті. Халық ақындары өз 
шығармашылықтары арқылы тұтас ұлттың тарихтағы тағдырлы кезеңін еш 
боямасыз көрсете білді. Ең бастысы кеңес дәуірі деп аталатын ғасырға жуық 
уақыттың тыныс-тіршілігі мен идеологиялық мақсат-мүддесі айтыс 
жырларында айқын көрініс тауып, тарих парақтары нақты дерек-дәйектерге 
толы шынайы ақпаратпен толықты. 
Кеңес дәуірінің 1946-1986 жылдар аралығында өткізілген ақындар айтысы 
тұтастай коммунистік идеология мүддесінде өткізілді деп айтуға болады. 
Дегенмен де, бұл кезеңдегі айтыстай Ұлы Отан соғысы жылдарында
жоқ. 
Мұның өзі өнерге қашанда уақыттың, қоғамның әсер-ықпалы болатындығын 
көрсетеді. Солай дей тұрсақ та социализм жетістіктерін, коммунистік партия 
«кемеңгерлігін» насихаттау өз күшінде қалды. 1985 жылғы сәуір жылымығына 
дейінгі қырық жылдай уақыт, Кеңестер Одағының даму, дәуірлеу кезеңі болып 
есептеледі. Осы жылдар кезеңінде өткізілген ақындар айтысының негізгі 
тақырыбы социализмнің «шат» өмірін жырлауға негізделді. Қоғамда болып 
жатқан оң өзгерістердің барлығы коммунистік партияның көшбасшылығы, 
саясаты негізінде көрініс тауып отырды. Өндіріс орындары мен ауыл 
шаруашылығы салаларында орын алған кейбір кемшіліктердің өзі айналып 
келгенде партияға көлеңке түсірер кемшілік ретінде сын тезіне алынып, оның 
алдын алу шаралары міндеті түрде көрсетіліп отырды. Соғыстан кейінгі 
өнідіріс пен шаруашылықты қалпына келтіру жолындағы кеңес адамдарының 
бейнесі айтыс жырларында айрықша көрініс тауып, үлгі-өнеге ретінде 
жырланды. «Біледі аудан түгіл облысың, Тың ері Шарыго мен Шаймерденді» 
[13, 349 б.] (Аңсаған), «Қой бақты орта мектеп бітірген соң, Қарағым 
Күнжамалым, айналайын» [13, 274 б.] (Нұрқан). Сондай-ақ әлеуметтік-
тұрмыстық мәселелердің көрінісі де алыстағы Мәскеу жақсылықтарымен 
сабақтастырыла қарастырылды. Мұның өзі сол кездегі кеңестік саясат 
жемісінің нәтижесі. Мәселен, Ғадиман ақын сол кездегі колхоз тұрмысын: 
«Жанғанда колхозымда электр шам, Түндегі жарықты көр таң атқандай» [13, 
283 б.], – деп жырласа, Желеу Жақыпов: «Салынған үлгісімен Москваның, 
Жайнаған электрлер зәулім үйлер» [13, 346], – деп уақыт жаңалығын аспандата 
мадақтайды. Кеңестер дәуірінде өткізілген ақындар айтысының жалпы 
мазмұны, көтерген иедясы көбінесе осы сарындас ойларға құрылған. 1946 
жылдан 1986 жылға дейінгі кеңестік Қазақстан экономикасы, саяси бағыты, 


131 
оқу-білімі, мәдениеті барлығы сол жылдарда өткізілген ақындар айтысында 
осылайша көрініс тауып отырды. Дерек пен дәйекке, нақты фактілерге сүйеніп 
айтқан айтыскерлер жыры тұтас бір дәуірдің дидар болмысын боямасыз 
суреттейді. Мұның өзі айтыс жырларының публицистикалық сипатын 
айқындаумен қатар аталмыш өнердің қандай қоғамдық формацияда болмасын 
өзінің әлеуметтік, халықтық мәнге үнемі ие болып отыратындығын танытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет