Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет150/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   188
Байланысты:
Іс қағаздарын жүргізу

5-
ТАРАУ
 
Қ
ҰЖАТТАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
 
 
 
5.1. Құжат айналымын ұйымдастыру: жалпы ережелер 
 
 
Құжаттаманы  басқару  құжаттарды  есепке  алу,  қозғалысқа 
келтіру,  жедел  сақтау,  іздестірілуін  қамтамасыз  ету  жəне  құжаттық 
ақпараттарды  пайдалану  жұмыстарын  ұйымдастыру  мəселелерін 
қамтиды.  Құжаттаманы  басқару  ісінің  құрамдас  бір  бөлігі  құжат 
айналымы болып табылады. 
 
Құжат  айналымы  деп  ұйымдағы  құжаттардың  жасалған  немесе 
əр түрлі технологиялар арқылы алынған сəтінен бастап орындалғанға 
немесе жөнелтілгенге дейінгі қозғалысын айтады.  
 
Құжат айналымы мынадай талаптарға сəйкес болуы керек: 
 
1)  құжаттардың  бағдарлы  қозғалысы  (құжаттар  төте  жолмен 
орындаушылар  қолына  келіп  түседі,  құжаттардың  кері  қозғалысы 
мейлінше азайтылуы тиіс); 
 
2) 
құжаттардың 
қызметкерлер 
арасында 
лауазымдық 
нұсқаулықтарға  немесе  функционалдық  міндеттерге  сəйкес  нақты 
бөлінуі; 
 
3) құжаттар қозғалысы технологиялық схемасы мен сол бойынша 
атқарылатын  технологиялық  операциялардың  бірыңғайлығы,  əр 
операцияның бір реттен ғана орындалуы; 
 
Ұйымның құжат айналымы мынадай ағымдардан тұрады: 
 
1) келіп түсетін (кіріс) құжаттар; 
 
2) жөнелтілетін (шығыс) құжаттар; 
 
3)  ішкі  құжаттар  (ұйым  аясындағы  міндеттердің  орындалуын 
қамтамасыз  ететін  құжаттар,  яғни,  хаттамалар,  актілер,  түсіндірме 
хаттар,  негізгі  қызмет  бойынша  бұйрықтар,  жеке  құрам  бойынша 
бұйрықтар, өкімдер т.б.). 
 
Құжат  айналымының  көлемі  белгілі  бір  мерзімдегі:  ай,  тоқсан, 
жыл    ішіндегі  кіріс,  шығыс  жəне  ішкі  құжаттар  қосындысынан  тұрады. 
Құжат  айналымының  көлемін  анықтау  кезінде  есепті  мерзім 
аралығында  əзірленген  құжаттар  көшірмелерінің  саны  бөлек 
есептеледі. 
 
Құжат  айналымының  жылдық  көлемі  құжаттама  орнына  қажетті 
қызметкерлер  санын  айқындауда,  құрылымдық  бөлімшелер  мен  жеке 
қызметкерлерге  жүктелетін  міндеттер  көлемін  анықтауда,  ұйымдық 
жəне  есептеу  техникаларына  қажеттілікті  нақты  белгілеуде,  құжаттар 
қозғалысының  неғұрлым  тиімді  жəне  оңтайлы  жүйесін  таңдауда 
бастапқы негіз болып табылады. 


 
170
 
Ұйым  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2000  жылғы  31 
шілдедегі 
«Мемлекеттік 
аппарат 
ж+мысын 
жа сарту, 
т7решілдікпен  к3рес  жəне  +жат  айналымын  ыс арту  ж7ніндегі 
шаралар  туралы»  №  427  Жарлығына  сəйкес  құжат  айналымын 
қысқартуға байланысты тұрақты түрде шаралар қолданып отыруы тиіс. 
Осы мақсатқа орай құжат жіктеуіштер əзірленіп, құжат түрлерін бір ізге 
түсіру  жұмыстары  жүргізіледі,  құжаттардың  тұрпатты  формалары  мен 
трафареттік мəтіндері қолданылады. 
 
Құжат айналымын қысқартуға ықпал ететін жəйттер мыналар: 
 
1)  құжаттарды  сапалы  жасау  жəне  дұрыс  ресімдеу.  Бұл  құжатта 
көрсетілген  жекелеген  нұсқау,  ережелерді  түсіндіру  туралы  ұйымға 
жолданатын  жазбаша  сұраулардың  кері  ағынын  тоқтатуға  мейлінше 
ықпал жасайды; 
 
2) құжаттың дер кезінде 
орындалуын  қамтамасыз  ету.  Бұл 
қосымша 
ескертпелерді, 
түсініктемелерді, 
рекламацияларды, 
наразылықтар  мен  өзге  де  жазбаша  кіріс-шығыс  қатынас  хаттарын 
азайтуға септігін тигізеді; 
 
3) түпкілікті емес жəне екінші кезектегі мəселелерді жедел түрде 
шешіп отыру есебінен құжаттар санын азайту; 
 
4)  іскерлік  қажеттіліктерден  тыс  жасалатын  бастамалық  ішкі 
құжаттар мен сыртқа шығатын сондай құжаттар санын азайту; 
 
5) құжаттарды өткізудің айқын жолға қойылған технологиясы; 
  
6) құжаттардың орындалуын тиімділікпен бақылау; 
 
7)  құжаттар  көшірмесінің  жұмысқа  қажетті  қолайлы  мөлшерін 
анықтау; 
 
8)  қағаз  негіздегі  құжаттар  мен  сол  құжаттар  бойынша 
электрондық нұсқалардың айналымда қатар жүруін болдырмау; 
 
9) құжаттар көшірмелерінің физикалық көлемін кішірейту. 
 
Электрондық  құжат  айналымы  жүйесін  іске  қосу  үшін  мыналар 
қажет: 
 
1)  мəліметтерді  компьютерлік  өңдеудің  бағдарламалық  жəне 
техникалық құралдарын, электрондық құжат үлгілері мен электрондық 
почтаны басқарудың автоматтандырылған жүйесін қолдану; 
 
2) электрондық цифрлық қолтаңбасы бар электрондық құжат пен 
лауазымды  тұлғаның  қолы  қойылған  қағаз  негіздегі  құжаттың  заңдық 
күші бір екенін мойындау; 
 
3)  электрондық  цифрлық  қолтаңбаның  сенімділігін  ақпараттық 
жүйеде  сол  қолтаңбаның  сəйкестігін  анықтауды  қамтамасыз  ететін 
бағдарламалық-техникалық құралдар болғанда ғана мойындау; 
 
4)  құжатты  жүйеге  ендіргеннен  бастап  іске  салғанша  үзіліссіз 
жұмыс істейтін технологияның болуы. 
Кез келген ұйымның жұмысы іс құжаттары нысанында ұсынылған 
басқару  құжаттарын  өңдеумен  байланысты.  Алайда  кəсіпорын 
қаншалықты  ірі  болса,  оны  тарату  жолдары  соншалықты  бейберекет 
болуы  мүмкін.  Ұйымдағы  құжаттың  оны  алғаннан  немесе  жасағаннан 


 
171
бастап орындалу аяқталғанға немесе кəсіпорыннан тысқа жөнелткенге 
дейінгі қозғалысы  құжат айналымы деп аталады. 
 
Ұйымдағы  құжат  айналымы  мыналардың  арасындағы  құжат 
ағыны түрінде іске асады: 
 
1)  ақпаратты  талдайтын  немесе  шешім  қабылдайтын  адамдар 
арасында 
(кəсіпорынның 
немесе 
бөлімшелердің 
басшылары, 
мамандар жəне білікті қызметкерлер) жəне 
 
2)  кəсіпорындардағы  құжаттарды  техникалық  жағынан  өңдейтін 
адамдар  арасында  (басшының  хатшысы,  кеңсе,  экспедиция,  көбейту 
қызметі, мұрағат). 
 
Құжаттар 
қандай 
кезеңдерден 
өтетініне 
қарай 
құжат 
айналымының үш негізгі ақпарат ағынын бөлеміз: 
 
1.  Ұйымға  келіп  түскен  құжаттардың  құжат  ағыны  (хат,  шарт, 
жарнама  хабарландырулар,  ведомостволық  өкім,  нұсқаулықтар  т.б.). 
Басшының  хатшысы  (кеңсе)  өңдейтін  келіп  түскен  құжаттардың 
көпшілік  бөлігі  басшының  атына  (сараптау  бағасы  бойынша 
кəсіпорынға  келетін  бүкіл  құжаттың  85-90  пайызы),  ал  10-15  пайызы 
басшының 
орынбасарының 
атына, 
құрылымдық 
бөлімшелер 
басшыларына жəне нақты орындаушыларға келеді. 
2. Ішкі құжаттардың құжат ағыны, яғни ұйымның ішінде жасалып, 
бір  бөлімшеден  басқасына  берілетін  құжаттар  (бұйрықтар,  өкімдер, 
басшылықтың нұсқаулығы, қызметтік жазбалар жəне т.б.). 
3.  Жіберілетін  құжаттардың    құжат  ағыны  –  сыртқы  əлемге 
жіберілетін  ақпарат  (хаттар  жəне  хаттарға  жауаптар,  шарттар, 
есептер, келісім-шарттар, баспасөз-релиздері т.б.). 
Кəсіпорынның  іс  қағаздарын  жүргізу  қызметінің  міндеті 
құжаттардың қозғалу барысында жоғалмай кезекті өңдеу пунктіне дер 
кезінде түсуін қамтамасыз ету. Басқару шешімдерінің дер кезінде жəне 
дұрыс  қабылдануының  өзі  оның  қозғалысының  нақтылығына 
байланысты.  Бұл  міндет  құжат  айналымының  көп  жылдық  тəжірибесі 
жəне  құжат  айналымы  жүйесінің  нормативтік  құжаттарда  белгіленген 
стандарттары  негізінде  жүзеге  асады.  Бұл  Басқаруды  құжаттамалық 
қамтамасыз етудің бірыңғай мемлекеттік жүйесі деп аталады. 
Іс  құжаттарының  ағыны  мол  болатын  ірі  кəсіпорындарда  іс 
қағаздарын 
жүргізуді 
жəне 
құжаттармен 
жұмыс 
жүргізуді 
ұйымдастырумен  арнайы  бөлімше  –  кеңсе  айналысады.  Атқаратын 
жұмыстарының  сипатына  қарай  кеңсе  қызметкерлері  екі  санатқа 
бөлінеді: мамандар жəне техникалық орындаушылар
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет