Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


 Құжат айналымының көлемін есепке алу



Pdf көрінісі
бет164/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   188
Байланысты:
Іс қағаздарын жүргізу

5.5. Құжат айналымының көлемін есепке алу 
 
 
Құжат  айналымының  көлемі  –  кəсіпорынға  келіп  түскен  жəне 
белгілі  бір  мерзім  ішінде,  əдетте  бір  жылда  жасалған  құжаттардың 
саны.  Кəсіпорында  құжат  айналымы  көлемін  есептеу  өңделетін 
ақпараттың  шартты  көлемін  жəне  бөлімшелер  мен  жекелеген 
қызметкерлердің жұмыс жүктемелерін анықтау, іс қағаздарын жүргізуді 
жетілдіру бойынша шараларды жобалау үшін қажет.  
 
Құжат  айналымының  көлемін  анықтау  кезінде  мазмұнына, 
авторына,  көлеміне,  көшірмесіне,  тіркеу  нысанына,  оны  қараған 
адамдарына  жəне  басқаларына  қарамастан,  барлық  құжат  есепке 
алынады.  Келіп  түскен  жəне  шығыс  құжаттар  жеке  қарастырылады. 
Көшіру  құралдары  арқылы  жасалған  құжаттар  көшірмелері  бөлек 
есептеледі.  Мекеменің  бір  жыл  ішіндегі  құжат  айналымының  көлемін 
анықтау  үшін  кіріс,  ішкі  жəне  шығыс  құжаттардың  барлығын  қоса 
есептеу керек. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет