Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


Мемлекеттік елтаңбаны пайдалану реті



Pdf көрінісі
бет58/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   188
Байланысты:
Іс қағаздарын жүргізу

 
Мемлекеттік елтаңбаны пайдалану реті 
 
Республика 
Президентінің 
1996 
жылғы 
24 
қаңтардағы 
Конституциялық  заң  күші  бар  «Қазақстан  Республикасының 
нышандары  туралы»  Жарлығында:  «Қазақстан  Республикасының 
Президентi  мен  оның  Əкiмшiлiгiнiң,  Қазақстан  Республикасы 
Парламентiнiң,  оның  Палаталары  мен  олардың  аппараттарының, 
Қазақстан  Республикасы  Парламентiнiң  Палаталары  Бюроларының, 
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Премьер-Министр Кеңсесiнiң, 
Қазақстан  Республикасы  министрлiктерiнiң,  мемлекеттiк  комитеттерi 
мен  өзге  де  атқарушы  органдарының,  Қазақстан  Республикасының 
Президентiне  тiкелей  бағынатын  жəне  есеп  беретiн  мемлекеттiк 
органдардың,  Қазақстан  Республикасы  Конституциялық  Кеңесiнiң, 
Жоғарғы Соты мен басқа да соттарының, Қазақстан Республикасы Бас 
Прокуратурасының,  Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштерi  мен 
Республикалық  ұланының  əскер  құрамалары  мен  бөлiмдерiнiң, 
мəслихаттардың,  жергiлiктi  атқарушы  органдардың,  мемлекеттік 
нотариалдық 
кеңселердің 
мөрлерiнде 
жəне 
құжаттарының 


 
89
бланкiлерiнде» 
елтаңба 
бейнесiн 
орналастыруға 
Қазақстан 
Республикасының заңнамалары арқылы құқық берiлгені атап өтілген.  
Қазақстан Республикасы елтаңбасының бейнесін тек қана ресми 
құқықтық акті бойынша рұқсат берілген ұйымдар ғана қолдана алады. 
Бұл,  əдетте,  100  пайыз  мемлекет  меншігіндегі  кəсіпорындар  болып 
табылады.  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  елтаңбасының 
бейнесін  мемлекеттік  емес  ұйымдар  мен  олардың  лауазымдық 
тұлғалары  өз  бланкілерінде,  мөрлері  мен  басқа  да  деректемелерінде 
қолдануына тыйым салынады. 
Демек,  мемлекеттік  кəсіпорын  құжаттарына  елтаңба  бейнесі 
салынған бланкілерді пайдалануына болады. 
Мемлекеттік 
мекемелер 
мен 
мемлекеттік 
кəсіпорындар 
тарапынан  берілетін  жеке  куəліктер  мен  қызметтік  куəліктерде  де 
елтаңба  бейнесі  орналасуы  мүмкін.  Өйткені  олар  ресми  құжаттар 
болып табылады. 
Мемлекеттік  қызметкерлердің  өз  визиттік  карточкаларына 
елтаңба бейнесін енгізуді заң теріс деп санамайды.  
Төменде  мекеме  хатының  бланкісі  мен  нақты  құжат  түрі 
бланкісінің үлгілері келтіріліп отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет