Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет75/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   188
16. ҚОҒАМДЫ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖƏНЕ ТАРАТУ 
 
16.1.  Қоғамды  қайта  құру  (бірігу,  қосылу,  бөліну,  бөлініп  шығу,  қайта 
ұйымдасу)  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексіне  сəйкес  Қазақстан 
Республикасының  заң  актілерінде  белгіленген  ерекшеліктер  ескеріле  отырып, 
жүзеге асырылады. 
16.2.  Қоғам  қосылу  нысанында  қайта  құрылуды  қоспағанда  жаңадан  пайда 
болған заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен сəттен бастап қайта құрылды деп 
саналады. 
16.3.  Қоғамды  ерікті  түрде  тарату  туралы  шешімді  акционерлердің  Жалпы 
жиналысы  қабылдайды,  ол  Қазақстан  Республикасының  заң  актілеріне  сəйкес 
кредиторлардың  келісімімен  жəне  олардың  бақылауымен  тарату  рəсімдерін 
анықтайды. 
16.4.  Қазақстан  Республикасының  заң  актілерінде  көзделген  жағдайларда 
Қоғамды мəжбүрлеп тарату жүргізіледі. 
16.5. Соттың немесе акционерлердің Жалпы жиналысының Қоғамды тарату 
туралы  шешімімен  тарату  комиссиясы  тағайындалады.  Тарату  комиссиясы 
Қоғамды тарату кезеңі ішінде басқаруға жəне тізбесі Қазақстан Республикасының 
заңдарында белгіленген əрекеттерді жасауға өкілетікке ие болады. 
16.6. Тарату комиссиясының құрамына Қоғам кредиторларының өкілдері, ірі 
акционерлердің  өкілдері,  сондай-ақ  акционерлердің  Жалпы  жиналысының 
шешіміне сəйкес өзге де тұлғалар кіруі тиіс. 
16.7.  Қоғамды  тарату  рəсімдері  мен  оның  кредиторларының  талаптарын 
қанағаттандыру  тəртібі  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңдарымен 
реттеледі.  Қоғамды  тарату  кезінде  оның  жарияланған,  оның  ішінде 
орналастырылған 
акциялары 
Қазақстан 
Республикасының 
заңдарында 
белгіленген тəртіппен жойылуға жатады. 
16.8. Қоғам мемлекеттік тізілімге тиісті жазба енгізілгеннен кейін таратылды 
деп есептеледі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет