Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет91/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   188
Байланысты:
Іс қағаздарын жүргізу

4.1.4. Лауазымдық нұсқаулық 
 
 
Лауазымды  н+с аулы  – кəсіпорын қызметкерінің функциялары, 
міндеттері  мен  құқықтары  айқындалатын  құжат.  Лауазымдық 
нұсқаулық  еңбек  қатынастарында  даулар,  келіспеушіліктер  пайда 
болған 
жағдайда 
қажет. 
Лауазымдық 
нұсқаулық 
негізінде 
қызметкермен еңбек шарты жасалады. 
 
Лауазымдық  нұсқаулықты  кадр  қызметі  жасайды,  кəсіпорынның 
басшысы бекітеді. Лауазымдық нұсқаулыққа енгізілетін барлық елеулі 
өзгерістер 
бастықтың 
бұйрығымен 
ресімделеді. 
Лауазымдық 
нұсқаулық Қазақстан Республикасының еңбек заңдарының талаптарын 
ескере  отырып,  1999  жылғы  16  қазандағы  №  22  СмиС  комитеті 
бекіткен  Қазақстан  Республикасының  АК  01-0-99  жіктеу  негізінде 
жасалады. 
Сауатты 
жасалған 
лауазымдық 
нұсқаулық 
қызметкердің 
міндеттері  туралы  айқын  түсінік  береді  жəне  еңбек  дауларын  дұрыс 
шешіп  отыруға  көмектеседі.  Əйтсе  де,  бұл  нормативтік  акті  көп 
жағдайда  бағаланбайды,  оған  немқұрайды  қарайды.  Осыған 
байланысты  біз  лауазымдық  нұсқаулықтың  мəн-маңызына  жəне  оны 
қалай  əзірлеп,  қалай  ресімдеу  керек  екендігіне  кеңірек  тоқталғанды 
жөн көріп отырмыз. 
Еліміздің  «Қазақстан  Республикасындағы  еңбек  туралы»  заңы 
бойынша  қызметкерге  деген  кəсіби  талаптар  мен  белгілі  бір  жұмыс 
түрлерінің күрделілік деңгейін жұмыс беруші белгілейді. Ол бұл орайда 
Жұмыстар  мен  жұмысшы  кəсіптері  жөніндегі  бірыңғай  тарифтік-
біліктілік  анықтамалығы  (бұдан  əрі  -  Бірыңғай  тарифтік-біліктілік 
анықтамалығы)  мен  басшылар,  мамандар  жəне  басқа  қызметкерлер  
лауазымдарының  біліктілік  анықтамалығына  (бұдан  əрі  -  Біліктілік 


 
122
анықтамалығы)  сүйенеді.  Яғни  осы  екі  анықтамалықты  негізге  алады. 
Бұл  аталған  анықтамалықтарды  əзірлеу  мен  қолдану  тəртібін  еңбек 
жөніндегі  өкілетті  мемлекеттік  орган  белгілейді.  Атқарылған 
жұмыстарды  белгілі  бір  күрделілік  деңгейіне  жатқызу  мен  
қызметкерлерге  біліктілік  разрядтарын  беруді  Бірыңғай  тарифтік-
біліктілік  анықтамалығы  мен  Біліктілік  анықтамалығына,  сондай-ақ 
қызметкерлердің  жекелеген  санаттарына  арналып  белгіленген 
тұрпатты  біліктілік  талаптарына  сəйкес  жұмыс  беруші  өзі  дербес 
жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңы, 70-
бап, 5-тармақ). 
 
Қызметкердің  жағдайын,  еңбекақысын  қалыпқа  келтіруде  жеке 
еңбек шарты белгілі бір рөл атқарады. Əйтсе де сол еңбек шартының 
мəтінінен  қызметтік  міндеттер  туралы  толық  мəлімет  алу  қиын. 
Сондықтан  қызметкер  мен  жұмыс  беруші  арасында  түсініспеушіліктер 
жиі туындайды. Ол кейде ашық қарама-қайшылыққа, кейде тіпті сотқа 
жүгінуге дейін алып барады. Лауазымдық нұсқаулық нақ осы жағдайға 
сəйкес  қызметтік  міндеттерге  байланысты  екі  жақтан  да  туындауы 
мүмкін  пікір  қайшылықтарын  реттеуге,    атқаратын  функцияларды 
мейлінше нақтылауға арналған құжат болып табылады. 
 
Еңбек  жөніндегі  мемлекеттік  инспекторлар  тексеру  кезінде, 
сондай-ақ  соттар  еңбек  дауларын  шешу  кезінде  лауазымдық 
нұсқаулықтарды көрсетуді талап етеді. 
 
Лауазымдық 
нұсқаулық 
қызметкерлерді 
аттестациялау, 
жұмыскерді  сынақ  мерзімі  ішінде  жұмыстан  босату,  қызметкерлерді 
немесе штатты қысқарту кездерінде де қажет болады. Сол үшін де бұл 
актіні терістеуден гөрі қабылдау пайдалырақ болып табылады.  
 
Лауазымдық  нұсқаулық  əрқашан  қолданыста  болуға  тиіс,  ол 
компаниядағы  құрылымдық  жəне  ұйымдық  өзгерістерді  жедел  де, 
нақты əрі айқын көрсетіп отыратындай болуы шарт.  
 
Нұсқаулықты  əзірлеуге  кіріспес  бұрын,  ең  алдымен  бұл  істі 
дұрыстап  ұйымдастырып  алу  керек.  Бұл  орайда  əуелі  «Лауазымдық 
нұсқаулық туралы ереже» дайындау керек болады. Ол арнайы құжатта 
жұмыскерлердің  лауазымдық  нұсқаулығы  туралы  келісу,  оны  бекіту, 
қабылдау  жəне  сақтау  ережелері  белгіленіп,  нұсқаулық  мазмұнына 
қойылатын  талаптар,  сондай-ақ  жұмыс  беруші  тарапынан  жасалатын 
бұл  актілердің  дер  кезінде  əзірленуіне  тікелей  жауапты  тұлғалар 
көрсетілуі тиіс. 
 
«Лауазымдық  нұсқаулық  туралы  ереже»  -  міндетті  құжат  емес, 
бірақ  нұсқаулық  əзірлеуге  қатысты  жұмыстарды  ретке  келтіріп,  бір 
жүйеге  түсіргіңіз  келсе,  олардың  нақтыланып,  заңдық  күшіне  ие 
болуын  қаласаңыз,  жұмыс  берушінің  бұл  актісіне  жауапкершілікпен 
қарағаныңыз жөн. 
 
Ереже  жобасын  əзірлеу  көбінесе  кадрлар  бөліміне  жүктеледі. 
«Лауазымдық  нұсқаулық  ережесінің»  əзірленген  жобасы  ұйым 
басшысына  қол  қоюға  беріледі.  Жоба  бекітілгеннен  кейін  өз  күшіне 


 
123
енеді. Ендігі жерде  лауазымдық нұсқаулықтың барлық талаптары сол 
жобаға сəйкес жасалуы шарт болып есептеледі. 
 
Лауазымдық  нұсқаулық  туралы  ережені  əрбір  ұйым  өзінше 
əзірлейді. 
Тұрпатты  ережелер  шарттарына  сəйкес  лауазымдық  нұсқаулық 
формасына  қатаң  талап  қойылады.  Онда  міндетті  түрде  ұйым  атауы 
болуы керек, күні жазылып, қол қойылған, мөр басылған болуы қажет. 
Бірақ нұсқаулықтың міндетті деректемелері мұнымен де шектелмейді. 
Лауазымдық  нұсқаулықтың  міндетті  деректемелері  құрамына 
мыналар енеді: 
- ұйым атауы; 
- құжат атауы; 
- құжат күні мен тіркеу нөмірі; 
- мəтін тақырыбы (лауазым атауы көрсетілуімен); 
- бекіту грифі; 
- құжат əзірлеушінің қолы; 
- келісім бұрыштамасы; 
- қызметкердің құжатпен танысқандығы жөнінде белгі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет