Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет118/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   188
Байланысты:
Іс қағаздарын жүргізу

4. АҚЫ ТӨЛЕУ ТАЛАПТАРЫ 
 
4.1. Қызметкердің  еңбегіне  Жалдаушының нормативтік  құқықтық актілеріне 
сəйкес ақы төленеді.  
Жалдаушы Қызметкерге жалақыны айына кем дегенде 1 (бір) рет төлейді.  
4.2.  Қызметкерге  оның  Жалдаушы  екеуінің  арасындағы  құқықтық  еңбек 
қатынастарына  байланысты  кепілдік  жəне  өтемдік  төлемдер  Қазақстан 
Республикасында қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тəртіп бойынша жəне 
мөлшерде төленеді.  
4.3.  Қызметкердің  ресми  медициналық  құжаттармен  расталған  уақытша 
еңбекке  жарамсыз  болған  кездеріне  Жалдаушы  Қазақстан  Республикасында 
қолданылып жүрген заң талаптарына сəйкес төлейді.  
4.4.  Қызметкерді  жыл  сайынғы  еңбек  демалысынан  шақырып  алған 
жағдайда,  еңбек  демалысының  пайдаланылмаған  бөлігі  Қызметкерге  өтіп  бара 
жатқан  жұмыс  жылы  ішінде  беріледі  немесе  ол  өзінің  қалауы  бойынша  келесі 
жылдың  еңбек  демалысына  қосылады  немесе  еңбек  туралы  заңдарға  сəйкес 
Қызметкерге өтемақы төленеді.  
4.5.  Жалдаушының  нормативтік  құқықтық  актілеріне  сəйкес  Қызметкерге 
тағы өтеусіз жəне қаржылық көмек беруге болады. 
4.6.  Жалдаушы  өндіріспен  тікелей  айналысатын  Қызметкерге  жұмыс 
тоқтатылған  кездегі  уақытқа  ақыны  айына  Қазақстан  Республикасының 


 
145
нормативтік  құқықтық  актілерінде  тиісті  қаржы  жылына  белгіленген  ең  аз  1  (бір) 
айлық жалақы есебінен төлейді. 
Жұмыс  тоқтап қалған  жағдайда,  Жалдаушы  Қызметкердің  келісімінсіз  оның 
мамандығын,  біліктілігін  ескере  отырып,  орындалатын  жұмыс  бойынша,  бірақ 
бұрынғы жұмысының орташа айлық жалақысынан төмен емес еңбекақымен 1 (бір) 
айдан  аспайтын  мерзімге  жəне  денсаулығына  зиян  келмейтін  басқа  жұмысқа 
ауыстыруға  құқылы.  Қызметкердің  кінəсынан  тоқтап  қалған  уақытқа  ақы 
төленбейді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет