Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


§1. Құжаттардың деректемелері, деректемелерге қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет22/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   188
Байланысты:
Іс қағаздарын жүргізу


§1. Құжаттардың деректемелері, деректемелерге қойылатын талаптар 
 
18.  Қағазға  түсірілген  жəне  электронды  құжаттарды  жасаған  жəне 
ресімдеген кезде мынадай деректемелер пайдалануы мүмкін: 
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы; 
2) Мекеменің белгісі; 
3) Мекеменің ресми атауы; 
4) бөлімшенің ресми атауы – құжаттың авторы; 
5) анықтамалық деректер; 
6) құжат түрінің атауы; 
7) құжаттың күні; 
8) құжаттың тіркеу нөмірі; 
9) тіркеу нөміріне жəне қосымша құжатқа сілтеме; 
10) құжаттың жасалған немесе басылған орны, 
11) құжатқа қол жеткізуді шектеу белгісі; 


 
41
12) адрес иесі; 
13) құжатты мақұлдау белгісі; 
14) бұрыштама; 
15) мəтіннің аты; 
16) бақылау туралы белгі; 
17) құжаттың мəтіні; 
18) қосымшалардың бар екендігі туралы белгі; 
19) қойылған қол; 
20) құжаттарды келісу белгісі; 
22) мөр; 
23) көшірменің куəландырылғаны туралы белгі; 
24) орындаушы туралы белгі; 
25)  құжаттардың  орындалуы  жəне  оның  іс  қағаздарына  тізуге  жіберілгені 
туралы белгі; 
26) құжаттың Мекеме бөлімшесіне келіп түскені туралы белгі; 
27) құжатты автоматты түрде іздестіруге арналған белгі. 
19.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  елтаңбасы  Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттік  рəміздері  туралы  заңдарға  сəйкес  құжаттардың 
бланкілеріне салынады. 
20-21.  Құжаттардың  бланкілеріндегі  Мекеменің  ресми  атауы  Қазақстан 
Республикасының  тиісті  нормативтік  құқықтық  актілерінде  жəне  құрылтай 
құжаттарында белгіленген атауына сəйкес келуге тиіс. 
22.  Құжаттардың  бланкілеріндегі  құжатты  дайындаған  бөлімшенің  ресми 
атауы  Мекеменің  тиісті  нормативтік  құқықтық  актілерінде  белгіленген  атауына 
сəйкес келуге тиіс.  
23. Анықтамалық деректерге мыналар кіреді: 
1) почталық мекен-жайы; 
2) телефондардың, факстердің, телекстердің нөмірлері; 
3) электронды почтаның мекен-жайы. 
24.  Мекемеде  жасалған  немесе  басылған  құжат  түрінің  атауы  Мекемеде 
қолданылып жүрген құқықтық актілерімен реттеледі. 
Хат жазылған кезде құжаттың бұл түрінің атауы көрсетілмейді. 
25. Құжатқа қол қойылған немесе бекітілген күн - құжат күні, хаттама үшін – 
мəжіліс күні, акті үшін – оқиға болған күн (оқиға болған күн көрсетілмеген жағдайда 
–  қол  қойылған  немесе  бекітілген  күн)  болып  табылады.  Егер  құжаттың  авторы 
Мекеменің  бірнеше  бөлімшесі    болса,  онда  құжаттың  күні  неғұрлым  кешірек  қол 
қойылған күн болып табылады. 
Құжаттың  күні  араб  сандарымен  мынадай  түрде  ресімделеді:  күні,  айы,  
жылы. Мысалы, 2007 жылдың 2 қаңтары деген күнді былай жазу керек – 02.01.07 
ж. 
Нормативтік  жəне қаржылық  құжаттарды  ресімдеген  кезде күнін  сөзден  əрі 
санмен (тырнақшаға алмай) ресімдеуге болады, мысалы, 2007 жылдың 2-қаңтары. 
26.  Құжаттың  тіркеу  нөмірі  оның  рет  нөмірінен  тұрады.  Егер  құжат 
жіберілетін  немесе  ішкі  хат-хабар  болып  табылса,  құжаттың  тіркеу  нөмірі  іс 
қағаздары жөніндегі индекспен толықтырылады. 
27.  Қарсы  құжаттың  тіркеу  нөміріне  жəне  күніне  жасалған  сілтемеге  жауап 
берілген құжаттың жіберілетін тіркеу нөмірі мен күні кіреді. 
28. Егер  құжаттың жасалған немесе шығарылған орны «Бөлімшенің атауы» 
жəне  «анықтамалық  деректер»  деректемелері  бойынша  анықтау  қиын  болған 
жағдайда  көрсетіледі.  Құжаттың  жасалған  немесе  шығарылған  орны  əкімшілік-
аумақтық  бөлінуін  ескере  отырып  көрсетіледі  жəне  жалпыға  бірдей  қысқартулар 
ғана енгізіледі. 


 
42
29.  Құжатты  алуды  шектеу  белгісі  (қызмет  бабында  пайдалану  үшін  жəне 
т.б.) құжаттың бірінші парағына тырнақшаға алынбай қойылады, оны мемлекеттік 
құпияны қорғау туралы заңдарда көзделген деректермен толықтыруға болады. 
30.  Ұйымдар,  олардың  құрылымдық  бөлімшелері,  лауазымды  адамдар 
немесе  жеке  тұлғалар  адресат    бола  алады.  Ұйымның  атауы  жəне  оның 
құрылымдық бөлімшесі, қажет болған жағдайда – елді мекеннің аты атау септігінде 
көрсетіледі. Құжат жолданған адамның лауазымы барыс септігінде көрсетіледі. 
Егер  құжат  бірнеше бірыңғай  ұйымдарға  немесе  бір  ұйымның  құрылымдық 
бөлімшелеріне жіберілсе, онда жалпылама көрсету керек. 
«Адресат»  деректемесінің  құрамына  қажет  болған  жағдайда  почталық 
мекен-жайы  кіруі  мүмкін.  Почталық  мекен-жайындағы  элементтер  Қазақстан 
Республикасының почта қызметі ережелерінде белгіленген тəртіппен көрсетіледі. 
Құжатты  жеке  тұлғаға  жөнелткен  кезде  алушының  почталық  индексі, 
почталық мекен-жайы, сонан кейін аты-жөні (немесе аты, əкесінің аты) көрсетіледі. 
Құжатта төрт адресаттан артық болмауы керек. «Көшірме» деген сөз екінші, 
үшінші,  төртінші  адресаттың  алдына  қойылмайды.  Осы  азатжолда  айтылған 
талаптар  шағым-талап  жұмысы  жөніндегі  құжаттарды  əзірлеген  кезде  жəне 
жібергенде  қолданылмайды.  Осы  бөліктегі  талаптар  шағым-талаптар  жөніндегі 
құжаттарды дайындауға жəне жіберуге жəне басқа жұмыстарға қолданылмайды. 
31.  Мекеменің  орталық  аппараты  бөлімшелерінің  ішкі  хат-хабарлары 
бойынша адресатты қысқарған түрде (оның ішінде аббревиатураларды пайдалана 
отырып) көрсетіледі, мысалы: «ҚРМ Төрағасына», «ҚЖД Директорына». Мұндайда 
лауазымды  адамдардың  –  Мекеменің  немесе  оның  бөлімшелері  басшыларының 
аты-жөнін  көрсетпеуге де болады. 
32. Құжатты лауазымды адамға жіберген кезде ішкі хат-хабарлардағы аты-
жөндерге қоса «мырзаға», «ханымға» жəне тағы басқа осы сияқты сөздерді жазуға 
болмайды. 
Лауазымды  адам  құжатты  бекіткен  кезде  бекіту  грифі  «БЕКІТЕМІН»  деген 
сөзден  тұрады,  құжатты  бекітетін  адамның  лауазымының  атауы,  оның  қойған 
қолы, аты-жөні жəне бекітілген күні болуы керек. 
Құжатты  Мекеме  басқа  тараптағы  ұйыммен  (мекемемен)  бірлесіп  бекіткен 
жағдайда лауазымды адамдардың қойған қолдары бір деңгейде орналасады. 
Құжатты  Мекеменің  органы  немесе  лауазымды  адамы  қаулы  қабылдау 
жолымен, бұйрықпен немесе өкіммен бекіткен жағдайда бекіту грифі «БЕКІТІЛДІ» 
деген  сөзден,  құжатты  бекітушінің  атау  септігіндегі  атауынан,  оның  күні  мен 
нөмірінен тұрады. 
Құжатты 
бекіту 
грифі 
құжаттың 
оң 
жақ 
жоғарғы 
бұрышына 
орналастырылады. 
33.  Құжатқа  қойылатын  бұрыштаманы  электронды  құжат  айналымының 
қосымша  жүйесіндегі  құжаттың  жеке  қосымшасына  қоса,  не  жеке  параққа 
(фишкаға)  келіп  түскен  тіркеу  нөмірін  жəне  құжаттың  тіркелу  нөмірін  жəне 
құжаттың  тіркелу  нөмірін  міндетті  түрде  көрсете  отырып  жазылған  қағаз  жазбада 
немесе  құжаттың  өзінде  тиісті  лауазымды  адам  ресімдейді  жəне  оған  мынадай 
құрамдар кіреді: 
1)  орындаушы  (Мекеме  бөлімшесінің  атау  септігіндегі  атауы,  лауазымды 
адамдардың барыс септігіндегі аты-жөні); 
2) іс-қимылдың  анық жəне жан-жақты мазмұны немесе құжаттың орындалу 
тəртібі  мен  сипаты  (орындау  үшін  қосымша  нұсқауларды  қажет  етпейтін 
құжаттарға көрсетілмейді); 
3)  орындалу  мерзімі  (үлгі  ретінде  орындалатын  мерзімі  жоқ  құжаттарға 
көрсетілмейді); 
4) басшының аты-жөні; 


 
43
5) күні (күні, айы, жылы); 
6) қойылған қол (электронды қол қою). 
Бұрыштамада  бірнеше  орындаушы  болған  жағдайда  жауапты  орындаушы 
көрсетіледі (əдетте, бұл адам бұрыштамада бірінші аталады). 
Құжатты  тікелей  бағынышты  болып  саналатын  орындаушыға  жөнелткен 
кезде  «орындаушы»  деп    көрсетілген  жерге  орындаушының  аты-жөні  ғана 
көрсетіледі. 
34.  Құжаттың  атауында  мəтіннің  қысқаша  мазмұны  көрсетіледі.  Атауы  
барынша  қысқа  əрі  түсінікті  болуға  тиіс,  мəтіннің  мағынасын  тура  беруге  жəне 
грамматикалық жағынан құжаттың түріне сəйкес болуы керек. 
Құжаттың атауының мəтіні он жолдан артық болмауы керек. 
35.  Уəкілетті  бөлімше  электронды  құжат  айналымының  шағын  жүйесінде 
құжаттың орындалуын бақылау туралы белгі қояды. 
36.  Құжаттардың  мəтіндері  бір-бірімен  байланысты  мəтін,  анкеталар, 
кестелер, сондай-ақ осы нысандарды біріктіру түрінде ресімделуі мүмкін. 
Байланыстырушы мəтін, əдетте үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлікте шешім 
шығарылатын  немесе  тапсырма  берілген  мəселе  немесе  проблема  көрсетіледі, 
екіншісінде  -  мəселе  немесе  проблема  шешу  жөнінде  ұсыныс  енгізіледі, 
үшіншісінде  –  негіздемелер  мен  дəлелдер  келтіріледі.  Басқа  тəсілімен  жазуға 
рұқсат етіледі. 
Ішкі  хат-хабарларды  «Құрметті»  деген  сөзден  бастауға  жəне  «Құрметпен» 
деген сөзбен аяқтауға болмайды. 
Басқа ұйымдардың құжаттары немесе бұрын шығарылған құжаттар негізінде 
əзірленген  құжаттың  мəтінінде  олардың  деректемелері  көрсетіледі:  құжат  түрінің 
атауы, құжатты дайындаған ұйымның атауы, құжаттың күні, тіркеу нөмірі, мəтіннің 
атауы. 
Мекеменің  басқару  құжаттарындағы  (бұйрық,  өкім)    мəтін  акт  шығарған 
адамның  атынан,  жекеше  түрде  («бұйырамын»,    жəне  басқаша)  мазмұндалуы 
керек. 
 Мекеменің  алқалық  органдарының  басқару  құжаттарындағы  мəтін  үшінші 
адамның атынан жекеше түрде («бұйырады», «ұсынады» ) мазмұндалуы керек. 
Бірлесіп  шығарылған  басқару  құжаттарындағы  мəтін  көпше  түрде 
(«бұйырамыз», ) мазмұндалады. 
Хаттаманың  мəтіні  үшінші  жақта  көпше  түрде  («тыңдалды»,  «сөйледі», 
«қаулы қабылдады» жəне басқаша) мазмұндалады. 
Хаттар мазмұндаудың мынадай нысандары қолданылады: 
1)  бірінші  жақтан  көпше  түрде  («жіберуіңізді  өтінеміз»,  «қарауға  жіберіп 
отырмыз» жəне басқалар); 
2)  бірінші  жақтан  жекеше  түрде  («бөлуіңізді  өтінемін»,  «мүмкін  деп 
есептеймін» жəне басқалар); 
3) үшінші жақтан жекеше түрде («Ақпарат технологиясы басқармасы қарсы 
емес», «Заң департаменті қажет деп есептейді» жəне басқалар). 
Мəтінді анкета түрінде жасаған кезде белгілердің атаулары зат есімнің атау 
септігінде немесе осы шақтың немесе өткен  шақтың көпше түрінде екінші жақтың 
етістігіндегі сөздермен жазылуға тиіс («сіздердегі», «сіздердің қарамағыңыздағы», 
«болдыңыз»,  «болған  едіңіз»  жəне  басқалары).  Сөзбен  жазылған  сипаттама 
грамматикалық жағынан белгілердің атауымен сəйкес келуі керек. 
Кестелердегі  бағандар  мен  жолдардың  атау  септігіндегі  зат  есіммен 
жазылған атаулары, əдеттегідей, болады. Кестелерде есеп деректерін, басқа сөз 
таптарында  көрсетілген  атауларды  пайдалануға  болады,  мысалы:  «Шағым-талап 
ұсынылды», «Мерзімінде орындалды». Бағандар мен жолдардың шағын атаулары 
атаулармен сəйкес келуі тиіс. Егер кесте бір беттен астам бетке басылса, кестенің 


 
44
бағандары  нөмірленуі  керек  жəне  келесі  беттерге  осы  бағандардың  нөмірі  ғана 
көрсетіледі. 
37.  «Қосымша»  деген  деректеменің  құрамына,əдеттегідей,  мыналар  кіреді: 
қосымшаның  атауы,  парақтардың  саны,  даналардың  саны  (бір  данадан  артық 
болғанда). 
Егер  құжаттың  мəтінінде  аталған  қосымшасы  болса,  қосымшаның  атауы 
көрсетілмейді. Егер қосымша бір бет болса немесе брошюра болса да парақ саны 
көрсетілмейді.  
Егер  құжаттың  мəтінінде  аталмаған  қосымшасы  болса  жəне  бір  бет  болса 
немесе брошюра болса, онда қосымшаның атауы  не  парақ саны  көрсетіледі. 
Бірнеше қосымша болса, оларға нөмір қойылады. 
Басқару  құжаттарының  қосымшаларындағы  бірінші  беттің  оң  жақ  жоғарғы   
бұрышына  «Қосымша»  деп  жазылып,  басқару  құжатының  атауы,  оның  күні  жəне 
тіркеу нөмірі көрсетіледі. 
Егер  құжатқа  басқа  құжат,  сондай-ақ  оның  қосымшасы  тіркелсе,  онда 
қосымшасының бар екендігі туралы белгі мынадай түрде ресімделуі мүмкін: 
Қосымша:  Қазақстан  Республикасы  Мекемесінің  16.11.07  ж.  №  04-3/112 
хаты жəне оның қосымшасы, барлығы 26 бет. 
Егер қосымша құжатта көрсетілген мекен-жайдың бəріне жіберілмесе. Онда 
оның бар екендігі туралы белгі мынадай түрде ресімделеді: 
Қосымша: бірінші адресатқа  жолданған Нұсқаулықтың жобасы 7 бет. 
38.  Егер  құжат  бланкіге  ресімделмесе,  «Қол  қою»  деген  деректеме 
құрамына  мыналар  кіреді:  құжатқа  қол  қойған  тұлға  лауазымының  толық  атауы, 
жеке қолы, қойған қолының талдамасы (аты-жөні). 
Егер  құжат  Мекеменің  немесе  оның  бөлімшелерінің  бланкіне  ресімделсе, 
«Қол  қою»  деген  деректеме  құрамына  мыналар  кіреді:  құжатқа  қол  қойған  тұлға 
лауазымының  қысқартылған  атауы  («Төраға»,  «директор»,  «Басқарма  бастығы» 
жəне басқалар), жеке қолы, қойған қолының талдамасы (аты-жөні). 
Құжатты  бланкіге  ресімдеген  кезде  лауазымды  адамның  қолында  бұл 
адамның лаузымы көрсетілмейді. 
Мекеменің орталық аппаратының ішкі хат-хабарларындағы «Қол қою» деген 
деректеме  құрамына  мыналар  кіреді:  құжатқа  қол  қойған  тұлға  лауазымының 
аббревиатура пайдаланылып, қысқартылған атауы («ЗСД директоры»; жеке қолы; 
қойған қолының талдамасы (аты-жөні). 
Құжатқа  бірнеше  лауазымды  адамдар  қол  қойған  кезде  олар  атқаратын 
лауазымына сəйкес бірінен кейін бірі қол қояды. 
Лауазымдары тең бірнеше адамдар құжатқа қол қойғанда олардың қолдары, 
əдеттегідей, 
бір 
деңгейге 
орналастырылады 
не 
алфавит 
тəртібімен 
орналастырылады. 
Құжатқа  лауазымды  адамның  міндетін  атқарушы  лауазымы  мен  аты-жөнін 
көрсетіп  қол  қоюы  мүмкін.  Мұндайда  «Үшін»  деген  шылау  қоюға,  «Орынбасары» 
деп жазуға немесе лауазымның алдына қисық сызық қоюға болмайды. 
Құжатқа  бояуы  қанық  сиямен  қол  қойылуға  тиіс.  Құжатқа  фломастермен 
жəне түсі оңатын басқа  зат құйылған қаламмен қол қоюға болмайды. 
Лауазымды адамдар қызметтік құжаттарға Мекеме жəне оның бөлімшелері 
туралы  ережелерде,  сондай-ақ  Мекеменің  басқа  да  басқару  актілерінде 
белгіленген өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде қол қояды. 
Мекеме  ұйымнан  жəне  оның  бөлімшелерінен  жіберілген  почталық  жəне 
телеграфтық 
хат-хабарларға 
(төлем 
құжаттарынан, 
бухгалтерлік 
жəне 
статистикалық  есептерден  басқаларына)  атқаратын  қызметі  бойынша  құқық 
берілген бір адам қол қойып отырады. 


 
45
Бухгалтерлік  жəне  статистикалық  есептерге  екі  адамның  –  Мекеме 
басшысының  немесе  оның  орынбасарларының  (олардың  арасында  бөлінген 
міндеттерге сəйкес олардың өкілеттіктеріне қарай) жəне бас бухгалтердің немесе 
оның орнындағы адамның қолдары қойылып ресімделеді. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Əкімшілігіне,  Парламентіне    жəне 
Үкіметіне жолданған хаттарға Мекеменің басшысы немесе оның орнындағы адам 
қол  қояды.  Сонымен  қатар  Мекеме  басшысы,  сондай-ақ  Мекеме  атынан 
жіберілетін кез келген басқа құжатты қарап, қол қоюға құқылы. 
Министрліктердің,  ведомстволардың,  ұйымдардың  басшыларына,  заңды 
жəне  жеке  тұлғаларға,  Мекеменің  филиалдарына,  өкілдігіне  жəне  ұйымдарына, 
сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  резидент  еместеріне  жолданған  хат-
хабарларға Мекеме басшысының орынбасарлары өз  құзыры шегінде қол қояды. 
Мекеме  бөлімшелері  атына  жіберілген  ағымдағы  хат-хабарларға, 
бөлімшелердің  құзырына  кіретін  мəселелер  жөнінде  заңды  жəне  жеке 
тұлғалардың  хаттарына  берілген  жауаптарға  бөлімшелердің  басшылары  немесе 
олардың орынбасарлары қол қояды. 
Басқару құжаттарына қол қою тəртібі 4-тараудың 1-параграфында айтылған. 
Қол  қою  құқығын  басқа  лауазымды  адамға  беру  əрбір  жекелеген  жағдайда 
Мекеме басшысының бұйрығымен белгіленеді. 
Мекеме  филиалдарының  басшылары  филиал  туралы  Ережеге  жəне 
белгіленген  тəртіппен  берілген  сенімхаттарға  сəйкес  олардың  құзыретіне  кіретін 
міселелер бойынша қол қою құқығы болады. 
Мекеме атынан хатқа немесе құжатқа қол қойған, бірақ оған тиісті өкілеттігі 
жоқ адам заңдарда белгіленген тəртіппен жауап береді. 
39.  Құжатты  келісу  грифі  оның  оң  жақ  бұрышына    қойылады  жəне 
«КЕЛІСІЛГЕН»  деген  сөзден,  құжат  келісілетін  адамның  лауазымы  (оған  қоса 
ұйымның  аты),  жеке  қолы,  қойған  қолының  талдамасы  (аты-жөні)  жəне  құжат 
келісілген күн жазылады. 
Егер келісу хат, хаттама арқылы жəне басқа құжаттармен жүзеге асырылса, 
келісу грифі мынадай түрде ресімделеді: 
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының  
Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің  
Ақпарат жəне мұрағат комитетінің 
Орталық тексеру-сараптау комиссиясы 
22.01.07 ж. № ___хаттама.  
40.  Құжаттарға  бұрыштама  қойған  кезде  мыналар  көрсетіледі:  виза 
қоюшының  қажет  болған  кезде  қолы,  қойған  қолының  талдамасы  жəне  қол 
қойылған күн.  
Құжат  бойынша  ескертулер  болған  жағдайда  бұрыштама  мынадай  түрде 
ресімделеді: 
Ескертпелер бар (қоса беріліп отыр) 
12.05.07. 
Келісілетін  құжат  бойынша  ескертулер  болмаса,  оның  жеке  құжаттармен 
(хатпен,  жазбамен  жəне  басқалармен)  келісілгені  туралы  хабарлауға  тыйым 
салынады. 
Құжат бірнеше парақтан тұратын болса, орындаушының қолы əрбір  беттің 
оң жақ төменгі бұрышына қойылады. 
Бұрыштама  басқару  құжаты  түпнұсқасының  соңғы  парағына,  жіберілетін 
құжаттың көшірмесіне қойылады. Басқару құжатының бұрыштамалары жеке келісу 
парағына ресімделуі мүмкін.  


 
46
41.  Мекеменің  мөрімен  Мекеменің  нормативтік  құқықтық  актілерінде 
көзделген құжаттардағы лауазымды адамның қолының түпнұсқалығы расталады. 
Қаржылық  құжаттардан,  сенімхаттардан,  лицензиялардан  жəне  арнайы 
белгіленген  заңдық  растауды  талап  ететін  құжаттардан  басқасына,    Қазақстан 
Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасы  жəне/немесе  Мекеменің  эмблемасы 
бейнеленген бланкілерге басылған құжаттарға мөр қойылмайды.   
42.  Құжат  көшірмесінің  түпнұсқаға  сəйкестігін  растаған  кезде  «Қолы» 
деректемесінен төмен «Дұрыс» немесе «Көшірмесі дұрыс» деген растау жазбасы 
жасалып, көшірмені растаған адамның лауазымы, оның қолы, аты-жөні толық жəне 
расталған күні жазылады. 
43. Орындаушы туралы белгіде құжат дайындаушының аты-жөні жəне оның 
телефон  нөмірі  болады.  Орындаушы  туралы  белгі  құжаттың  соңғы  парағының 
бірінші бетінде төменгі сол жақ бұрышына жазылады. 
Егер  құжатты  қол  қойған  адам  əзірлеген  болса,  орындаушының 
телефонының нөмірі ғана көрсетіледі. 
44. Құжаттың орындалғаны жəне оны іс қағаздарына жіберу туралы белгіде: 
құжаттың орындалғанын растайтын күн мен нөміріне сілтеме немесе мұндай құжат 
болмаған жағдайда орындалғаны туралы қысқаша мəлімет; «іске тігу үшін» деген 
сөздер; қажет болған жағдайда – құжат сақталатын іс нөмірі болады. 
Құжаттың  орындалғаны  жəне  оны  іс  қағаздарына  жіберу  туралы  белгіге 
орындаушы  немесе  құжатты  орындаған  бөлімшенің  басшысы  қол  қояды  жəне 
орындалған күнін көрсетеді. 
45.  Құжаттың  Мекеме  бөлімшесіне  түскені  туралы  белгіде  құжатқа 
электронды құжат айналымы шағын жүйесі берген реттік нөмірі, парақ саны жəне 
құжаттың түскен күні (қажет болғанда – сағаты жəне минуты) көрсетіледі. 
Құжаттың түскені туралы мөртабан түріндегі белгіні қоюға болады. 
46.  Құжатты  автоматты  түрде  іздеуге  арналған  белгіде  файлдың  аты  жəне 
ұйым белгілеген басқа да іздеу деректері болады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет