Мəтін – құжаттың негізгі жəне маңызды деректемесі. А5
форматтағы бланкіге құжат мəтіні жоларалық бір интервалмен
басылады, ал А 4 форматты бланкілерге – бір жарым жоларалық
интервалмен басылады. Қалған барлық деректемелер бір жоларалық
интервалмен ресімделеді.
$осымшасыны бар екендігі туралы белгі
Қосымшасының бар екендігі туралы белгі былайша жазылады:
Қосымша: 2 данада 5 бет.
Егер қосымша болып табылатын құжат түрі құжаттың негізгі
мəтінінде аталмаса, онда оның атауын Қосымша деректемесінде
көрсету керек. Бірнеше қосымша болған кезде олар нөмірленеді,
мысалы,