Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет99/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   188
Байланысты:
Іс қағаздарын жүргізу

ҚАУЛЫ 
 
 
Алматы қаласы 
№ 1 
2007 жылғы «___»______ 
 
 
 
Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамының  орталық  кеңесі  күн  тəртібі 
бойынша жасалған баяндамаларды жəне жарыссөз барысында айтылған пікірлер 
мен ұсыныстарды қарай отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
 
1.  Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамының  (бұдан  əрі  –  Қоғам)  Орталық 
аппараты, облыстық жəне қалалық ұйымдары Елбасының «Жаңа əлемдегі – Жаңа 
Қазақстан»  Жолдауының  рухани  салаға,  мемлекеттік  тілге  қатысты  жерлерін 
жұртшылыққа жан-жақты түсіндіру мақсатында ақпараттық шараларды («дөңгелек 
үстел»,  семинар,  БАҚ-қа  мақала,  т.б.)  қолға  алсын.  Бұл  ретте,  Жолдаудың 
«Қазақстан  халықтарының  рухани  дамуы  жəне  үштұғырлы  тіл  саясаты»  атты 
жиырма  алтыншы  тармағын  талдағанда,  қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  ретіндегі 
мəртебесіне баса мəн беріліп, оның қоғам өмірінің бар саласында басым сипатқа 
ие екендігі айрықша назарға алынсын.  
 
 
2.  Қазақстан  Республикасының  славян  жазуынан  (кириллица)  латын 
əліпбиіне  көшу  бастамасына  жəне  осы  бағыттағы  іс-шараларына  қолдау 
көрсетілсін. 
 
3. Қоғамның облыстық жəне қалалық ұйымдары «Халықаралық «Қазақ тілі» 
қоғамының  мемлекеттік  тілдің  қолданылу  аясын  кеңейтуге  байланысты  2007 
жылға арналған іс-шаралар жоспарын» басшылыққа ала отырып, жеке іс-шаралар 
жоспарын  жасасын  жəне  өздеріне  қарасты  аудандық,  бастауыш  ұйымдарды 
хабардар етсін. 
 
 
4.  Қоғамның  көшпелі  мəжілісінде  жасалған  баяндамалардағы  ұсыныс-
тілектер жəне жарыссөз барысындағы ой-пікірлер назарға алынсын. 
 
 
5. Қоғамның қызметін жандандыру жəне өзін-өзі қаржыландыру мəселелерін 
шешу  бойынша  Қоғамның  барлық  құрылымдық  бөлімшелері  төмендегі  іс-
шараларды қолға алсын: 
 
1)  2007  жылдың  15  маусымына  дейін  құрылымдық  бөлімшенің  құрылтай 
құжаттарының көшірмелерін, мүшелерінің тізімін Орталық аппаратқа жіберу; 
 
2)  тоқсан  сайын  атқарылған  жұмыстары  мен  қаржы-шаруашылық  қызметі 
бойынша Орталық аппаратқа есеп беру; 
 
3)  мекен-жайы,  банктік  деректемелері,  хабар  алысу  құралдары  жəне 
бөлімше  ішіндегі  басқа  да  өзгерістер  жөнінде  Орталықты  дер  кезінде  хабардар 
ету; 
 
4)  мекемелер  мен  кəсіпорындар  жанынан  бастауыш  ұйымдар  құруды, 
мүшелер тартуды, олармен жұмыс жүргізуді қолға алу; 
 
5) мүшелік жарна жинауды қайтадан жаңғыртып, жүйелі жолға қою; 
 
6) электрондық почта ашу; 
 
7)  құрылымдық  бөлімшенің  жұмысын  жетілдіру  жөніндегі  ұсыныстарын, 
жалпы  мемлекеттік  тілді  дамыту  туралы  ой-пікірлері  мен  бастамаларын  Орталық 
аппаратқа жіберу; 
 
8)  жергілікті  əкімдіктермен,  мемлекеттік  мекемелермен  қарым-қатынасты 
жолға қою; 


 
128
 
9) Орталық аппараттың бастамаларына барынша қолдау көрсету. 
 
 
6.  Осы  қаулының  орындалуын  бақылау  Қоғамның  Орталық  аппаратына  
жүктелсін. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет