Асқарова Ұ. Б



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата03.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#5426
1   2   3   4   5   6

 
2.4. Топырақтың ластануы 
 
 Табиғатты  қорғаудың  түрлi  аспектiлерiн  ескермей  жүргiз-
ген  адамның  шаруашылық  iс-əрекеттерi  қоршаған  ортаның, 
соның  iшiнде  топырақтың  да  ластануына  əкеп  соғады.  Нəти-
жесiнде  топырақ  өндiрiстiк,  құрылыстардың  қалдықтарымен, 

 
45
жылу  электр  станцияларының  күлiмен,  пайдалы  қазбалар  мен 
құрылыс материалдарын өндiру кезiндегi жердiң бетiне шыға-
рылып тасталған жыныстар тау-тау болып үйiлген, мұнай өнiм-
дерi жиналған, т.б. "индустриялық далалар" пайда болады. 
"Индустриялық  далалардың"  топырақтарында  ештеңе  өс-
пейдi.  Бұның  себебi,  ластаушы  заттардың  құрамында  табиғи 
күйде  топырақта  өте  аз  мөлшерде  кездесетiн  химиялық  эле-
менттер  болады.  Олар  көмiртек,  күкiрт,  молибден,  мыс,  кад-
мий,  мырыш,  алюминий,  никель,  вольфрам,  натрий,  хлор,  те-
мiр,  титан,  бор,  барий,  фтор.  Бұндай  жағдайда  химиялық  эле-
менттердiң топырақтағы қалыптасқан қатынасы бұзылады.  
Айта кететiн бiр жай, топырақтың ластануы тек қана адам-
ның    индустриялық  қызметтерiнен  емес,  сонымен  бiрге  ауыл-
шаруашылық өндiрiстiң ңəтижесiнде де жүредi.  
Топырақты  (сол  сияқты  ауа  мен  суды  да)  едəуiр  ластаушы 
көздер  мал  шаруашылығы  комплекстерi.  Көбiнесе  сұйық  көң 
дұрыс сақталмаған жағдайда  суларды ластайды. Мысалы, 100 
мың бас өсiретiн шошқа комплексi немесе 35 мың бас iрi қара 
өсiретiн  комплекстiң  қоршаған  ортаны  ластау  дəрежесi  400-
500 мың халқы бар үлкен өндiрiстiк орталықпен бiрдей дəреже-
де болады. Сондықтан фермаларда тазартқыш қондырғыларды 
салу өте қажеттi шаралардың бiрi. 
Сонымен қатар  көп жағдайда жанар-жағар майларды сақтау 
мен тасымалдау дұрыс, талапқа сай орындалмайды. Олар топы-
раққа түскенде топырақтың биологиялық белсендiлiгiн нашар-
латады. Сол сияқты минералдық тыңайтқыштарды жолдардың, 
не егiстiктердiң жиегiнде ашық тастауға болмайды.  
Мұнай  өндiру  жəне  барлау  жұмыстары  топырақтың  түрлi 
жуғыш  заттармен  ластануына  себеп  болады.  Нəтижесiнде 
мұнай төгiлiп, топырақтың бетiнде битумды заттардың түзiлу-
iне əкеп соғады. Бұрғылау жұмыстары кезiндегi қолданылатын 
жуғыш заттар (каустикалық сода, натрий хлоридi, дизель майы, 
битум)  топырақтың  тұздануына себеп  болады. Əдетте, бұндай 
жерлерде өсiмдiктер өспейдi.  
Көптеген  жерлер  тұрмыстық  жəне  өндiрiстiк  қалдықтар 
жиналған  қалдық  үйiндiлерiмен  ластанады.  Бұл  үйiндiлерде 
тұрғын  үйлер,  мекемелерден  шыққан  қалдықтар,  əртүрлi  син-
тетикалық материалдардан жасалған тұрмысқа қажеттi заттар-

 
46
дың қалдықтары, моншалар мен кiр жуатын орындардан шық-
қан ағызынды сулар, жаңбыр мен қар сулары, т.б толып жатқан 
қалдықтардың барлығы топырақты қатты ластайды. 
Топырақ  бұлардан  басқа  пестицидтердi  дұрыс  пайдаланба-
ған  жағдайда  да  бiршама  ластанады.  Олардың  химиялық  тұ-
рақты  түрлерi  топырақта  жинақталып,  топырақ  биотасының 
қырылып қалуына себеп болады. Ал пестицидтердiң топырақта 
жинақталуы  жəне  ондағы  организмдердiң  жойылуы  топырақ 
түзiлу  процестерiне  əсер  етiп,  оның  құнарлылығын  төменде-
тедi.  
Сондықтан шаруашылықтарда пестицидтердi пайдаланудың 
ережелерiн  қатаң  сақтаулары  қажет.  Ал  тыңайтқыштарды 
қолданғанда ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң ұсыныстарын бас-
шылыққа  алу  керек.  Табиғи  аймақты,  топырақтың  түрi  мен 
типiн,  тыңайтқыш  берiлетiн  дақылдың  ерекшелiктерiн  ескер-
меу  топырақтың  қышқылдануына,  не  сiлтiленуiне  əкелiп,  қо-
ректiк элементтердiң антогонизмiн туғызады, олардың топырақ 
ерiтiндiсiне шығып қалуына жағдай жасайды. 
Топырақта бұлардан басқа гельминттi инвазиялар, патогендi 
микроорганизмдермен  ластаушылар  фекалды  массалар,  өндi-
рiстiк  қалдықтар,  топырақтан  шайылған  су,  не  жануарлардың 
өлiктерi,  т.б.  болуы  мүмкiн.  Топырақтың  гельминттермен  өте 
қатты  ластануы  тұрғын  үйлер  маңындағы  огородтарда  жиi 
байқалған. 
    
2.5. Жердi рекультивациялау 
 
Əлемнiң көптеген мемлекеттерiнде бұрын мəдени дақылдар 
өсiрiлiп  келген  құнарлы  жерлер    орман,  мал  жайылымы,  т.б. 
үшiн  пайдаланылып  келген.  Ал  қазiргi  кезде  адамның  ша-
руашылық əрекетiнiң нəтижесiнде  бұл жерлер түрлi басқа мақ-
саттағы жұмыстар (жолдар мен трубопроводтар салу, т.б.) жүр-
гiзу нəтижесiнде өте үлкен өзгерiстерге ұшырады.  
Адамның 
шаруашылық 
iс-əрекеттерiнiң 
нəтижесiнде 
өсiмдiктерi  жойылған,  гидрологиялық  режимi  мен  рельефi 
өзгерген,  топырақ  жабыны  бұзылып,  ластанған  жерлер  бұзыл-
ған  жерлер  деп  аталады.  Пайдалы  қазбаларды  ашық  əдiспен 

 
47
өндiру ауылшаруашылығында пайдалануға жарамды жерлерге 
бiршама  зиян  келтiредi.  Бұл  жұмыстар  кезiнде  тереңдiгi 400-
500 м болатын шұңқырлар түзiледi.  
Осындай жерлердi қайтадан шаруашылық мақсаттарға пай-
далану үшiн оларды қалпына келтiру қажет. Бұзылған жерлердi 
қайта қалпына келтiру процестерi рекультивация  деп аталады.  
Қазiргi  кезде  ғалымдар  мен  мамандар  бұзылған  жерлердi 
қайта  қалпына  келтiрiп,  оларды  ауыл  жəне  орман  шаруашы-
лықтарына қайтарудың жолдарын iздестiруде.  
Бұзылған  жерлердi  қайта  қалпына  келтiру  жұмыстары  тау-
кен, инженерлiк-құрылыс, мелиоративтiк, орман шаруашылық-
тық, ауылшаруашылықтық  iс-шаралар комплексiн құрайды.  
Жердi  рекультивациялаудың  екi  негiзгi  этапы  бар : тау-
техникалық  жəне  биологиялық.  Тау-техникалық  рекультива-
циялаудың  мақсаты — территорияны  жөндеуге  дайындау.  Ал 
биологиялық рекультивациялауда топырақ құнарлылығын қал-
пына келтiруге бағытталған жұмыстар жүзеге асырылады.  
Жердi  рекультивациялау  жұмыстары  бойынша  Чехослова-
кия  мен  ГДР  мемлекеттерiнде  бұзылған  жерлерге  жүгерi  егi-
ледi. 
Жердi  рекультивациялау — өте  күрделi  мəселе.  Ол  көп 
жағдайда    бұзылған  территориялардың  нақты  экологиялық 
жағдайларына  байланысты.  Рекультивациялық  жұмыстарды 
жоспарлау  үшiн  грунт  топырағының  физико-химиялық  құра-
мын,  гидрологиялық  режимiнiң  ерекшелiктерiн,  рельефтiң 
ерекшелiктерiн жақсы бiлу керек. 
Пайдалы  қазбаларды  ашық  əдiспен  өндiру,  мал  шаруашы-
лығы  комплекстерiн,  суғару  орындарын  салу,  т.б.  топырақ 
жабынының  бұзылуына  себеп  болатын  жұмыстар  кезiнде 
рекультивацияланатын жерге жоғарғы қарашiрiктi топырақ қа-
батын  ауыстыру,  орналастыруда  барлық  тиiстi  ережелердi 
қатаң сақтау қажет.  
Геологиялық  мұнай  iздестiру  жəне  өңдеу  жұмыстары 
кезiнде бұзылған жəне мұнаймен, түрлi жуғыш улы заттармен 
ластанған  жерлердi  рекультивациялаудың  маңызы  өте  зор. 
Əдетте, норматив  бойынша, əрбiр бұрғылау скважинасына 2,2 
га  жер  бөлiнедi.  Бiрақ  практика  жүзiнде  бұдан  əлдеқайда  көп 

 
48
жер ауылшаруашылық айналымнан шығып қалады. Əсiресе, iрi 
гусеницалы  тракторлар  колоннасында  орнатылған  бұрғылау 
қондырғыларын  бiр  орыннан  екiншi  орынға  ауыстыру  кезiнде 
жердiң  үлкен  аймағы  бiршама  зардап  шегедi.  Сондықтан, 
мұнай-газ  кен  орындарын  iздестiру  мен  эксплуатациялау 
жұмыстарын бастар алдында ол жерлердiң топырағының беткi 
құнарлы  қабатын  алып,  соңынан  қайтадан  құнарлы  қабат 
топырағын орнына салуды тиiстi орындар талап етулерi қажет.  
 
 
 
 

 
49
№ 6 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС 
 
МҰНАЙ ӨНIМДЕРIМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚТАҒЫ  
КҮКIРТСУТЕК МӨЛШЕРIН АНЫҚТАУ 
 
Топырақта анаэробты микроорганизмдер қатысуымен орга-
никалық заттардың ыдырау процестерi үздiксiз жүредi. Кейбiр 
бактериялар  органикалық  заттарды  тотықтыруға  сульфат-
тардың  оттегiсiн  пайдаланады  да,  бұл  кезде  күкiртсутек  H
2

бөлiнедi.  Бұндай  процесс  органикалық  заттарға  бай  топырақ-
тарда жүредi. 
H
2
S — түссiз  газ,  су  мен  органикалық  ерiткiштерде  жақсы 
еридi,  күштi  тотықсыздандырғыш  болып  саналады.  Күкiртсу-
тектiң  судағы  ерiтiндiсi  қышқылдық  ортаны  көрсетiп,  əлсiз 
қышқыл  болып  саналады. H
2
S  үшiн  ПДК — 0,4 мг/кг  топы-
рақта. 
Топырақтағы  күкiртсутектi анықтау  əдiстемесi мұнай өнiм-
дерiмен ластанған топырақтардағы H
2
S-тi анықтауға арналған. 
Анализ  қышқылдық  ортада KI мен  KМnO
4
    əрекеттесуi 
кезiнде  бөлiнетiн  I
2
-тың  H
2
S-тi  тотықтыру  реакциясына  негiз-
делген. 
H
2
S — тiң топырақтағы ең төменгi мөлшерi 0,32 мг/кг топы-
рақта, есептеу дəлдiгi — 25
%. 
 
РЕАКТИВТЕР МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: 
 
1). Шайқағыш аппарат; 
2). Фильтр қағазы; 
3). Тығынды 200 мл-лiк колба; 
4). 1 мл — лiк колба; 
5). Титрлегiш пипеткалар; 
6). Воронкалар; 
7). Бюкс; 
8). Кептiргiш шкаф; 
9). Эксикатор; 
10). KМnO
4
 ерiтiндiсi, х.т., 0,01М ерiтiндi; 
11). Натрий тиосульфаты Na
2
S
2
O
3
, 0,005 М ерiтiндi; 

 
50
1,02
100
 
12).  Күкiрт  қышқылы, H
2
SO
4
  (тығыздығы 1,84 г/см
4
), 1:3 
сұйытылған; 
13). Калий иодидi, KI, х.т., 10
% -тiк ерiтiндi; 
14). Крахмал, 1
% -тiк ерiтiндi; 
15). Мұнай өнiмдерiмен ластанған топырақ. 
 
 
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ 
 
100  г  топырақты  конустық  колбаға  салып,  үстiне 200 мл 
дистильденген  су  құяды.  Колбаны  тығынмен  жауып, 4 мин 
шайқайды. Бұдан кейiн ерiтiндiнi фильтрлеп, конустық колбаға 
100  мл  фильтратты  құяды,  бiрнеше  тамшы  Н
2
SO
4
  тамызып, 
үстiне 1 мл 10
%  -тiк KI ерiтiндiсiн  құйып, араластырып, бю-
реткадан 0,01 М KМnO
4
   ерiтiндiсiмен сары түс пайда болған-
ша титрлейдi. Иодтың артық мөлшерiн 1
% -тiк крахмал ерiтiн-
дiсiнiң  бiрнеше  тамшысын  тамызып,  тиосульфат  ерiтiндiсiмен 
титрлейдi. 0,01 М  KМnO
4
  ерiтiндiсi  мен  титрлеуге  кеткен 
тиосульфат  ерiтiндiсiнiң  айырмасы 100 мл  фильтраттағы  кү-
кiртсутектiң  тотығуына  кеткен 0,01 М  I
2
  ерiтiндiсiнiң  мөлше-
рiне тең болады. 
1 мл 0,01 Н иод ерiтiндiсiнде 0,17 мг H
2
S болады. 
Мысалы: 0,01 М  KМnO
4
    ерiтiндiсi  мен  титрлеуге  кеткен 
тиосульфат ерiтiндiсiнiң  айырмасы 3 мл  болсын.  Онда 100 мл 
фильтраттағы  күкiртсутек  мөлшерi — (0,17) 3 
= 0,51 мг  бо-
лады. Ал 200 мл фильтратта, яғни 100 г топырақта — (0,51) 2 

1,02 мг H
2
S болады. Сонда топырақтағы H
2
S концентрациясы С 
(мг/кг топырақта)  
                
С 
= 1000          = 10,2 мг/кг топырақта   
                
 
Топырақтың  анализiнде  оның  ылғалдығын  да  анықтайды, 
себебi, анализде топырақ абсолюттi құрғақ болуы керек. 
Топырақтың ылғалдығын анықтау: 
Кептiргiш  шкафта 100-105
0
  С  температурада  кептiрiлген 
шыны  қақпағы  бар  шыны  стаканды  (бюксты)  аналитикалық 

 
51
(m
1
 — m
0
)  -100
(m
1
 — m)
 
таразыда 0,0001 дəлдiкке  дейiн  өлшейдi,  оған  топырақ  үлгiсiн 
салады. Қара шiрiгi мол топырақтар үшiн 15-20 г үлгi алынады, 
одан  соң  бюкстың  қақпағын  ашып, 8 сағатқа 105
0
  темпера-
турада  кептiредi.  Кептiрiлген  топырақты  эксикаторға  салып, 
20-30  мин  жауып  қояды.  Эксикаторға  ондағы  ауаны  кептiру 
үшiн конц Н
2
SO
4
 не сусыз кальций хлоридiн салады. 
Топырақ  үлгiсi  кепкен  соң  аналитикалық  таразыда  өлшеп, 
тағы да кептiргiш шкафта  1-2 сағат сол температурада кептiредi. 
Кептiру мен өлшеудi 0,0003 г дəлдiкке дейiн жүргiзу керек. 
Топырақтың ылғалдығын W (
%) төмендегi формула бойын-
ша есептейдi. 
        

=                             ; 
            
бұндағы: 
m
1
 — ылғал топырақтың (бюкспен бiрге) салмағы, г; 
m
0  — 
кептiрiлген топырақтың (бюкспен бiрге) салмағы, г; 
m  — бюкстiң салмағы, г; 
 
 

 
52
№ 7 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС 
 
ТОПЫРАҚТАҒЫ МЫСТЫ АНЫҚТАУ 
 
Топырақта  мыстың  мөлшерi  шамамен 15—20 мг/кг  болып 
кездеседi. 
Мыс жəне оның қосылыстары топырақтағы микрофлора, су-
дағы флора мен фауна өкiлдерi жəне жылы қанды организмдер 
мен адам организмi үшiн улы болып саналады.  
Мыс жəне оның қосылыстары қоршаған ортаға түстi метал-
лургия  өндiрiсi,  транспорт,  тыңайтқыштар  мен  пестицидтер 
арқылы, көмiртектi отындардың  жануы, металлдарды балқыту 
мен гальванизация процестерi кезiнде түседi. 
Мыс  жəне  оның  қосылыстарын  анықтаудың  ең    кең  тарал-
ған  əдiсi  қорғасын  диэтилдитиокарбомат  арқылы  экстракция-
лау əдiсi болып табылады. Мысты анықтау диэтилдитиокарбо-
матпен    əрекеттеттесу  нəтижесiнде  органикалық  ерiткiштерде 
еритiн  Сu
2+
  түстi  комплекстi  ионының  түзiлуiне  негiзделген. 
Бұл реагент түстi комплекстi иондарды тек қана мыспен емес, 
сонымен қатар басқа да элементтермен түзе алады, сондықтан 
анализ  дəл  болуы  үшiн,  реакция  ортасын  (рН)  қатаң  сақтау 
қажет.  
Реакция  сiлiтiлiк  ортада  жүредi,  бұндай  жағдайда  мыспен 
тұнбаға түсетiн бiрнеше элементтер гидроксидi түзiлуi мүмкiн, 
сондықтан  анлизде  хлорлы  көмiртектегi (CCl
4
)  қорғасынның 
диэтилдитиокарбоматы  ерiтiндiсi  қолданылады.  Түзiлген  мыс-
тың  комплексiн  лимон  қышқылының  аниондары  қатысында 
хлороформда  ерiтедi.  Бұл  кезде  темiр,  мырыш,  марганец,  т.б. 
элементтер гидроксидтерi сулы фаза күйiнде қалады. 
 
РЕАКТИВТЕР МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: 
 
1). Ротатор; 
2). Бөлгiш воронка; 
3). 20 мл-лiк пробиркалар; 
4). Тығынды 200 мл-лiк конустық колбалар; 
5). 1; 5; 10 мл-лiк пипеткалар; 
6). Бюретка; 

 
53
a   x  V
0
 
H  x   V
1
 
7). 100 мл; 1000 мл-лiк өлшеуiш колбалар; 
8). CCl
4
 — тегi қорғасынның диэтилдитиокарбоматы ерiтiн-
дiсi: 664 мг  диэтилдитиокарбоматты 2 л — лiк  бөлгiш  ворон-
каға  салып, 1 л CCl
4
, 100 мл  бидистиллятта  ерiтiлген 486 г 
қорғасын нитратын қосып, 5 мин шайқау керек. Фазаларға бө-
лiнген соң төменгi қабаттағы диэтилдитиокарбоматты қараңғы 
шыны ыдысқа фильтрлейдi. Ерiтiндiнi мұздатқышта сақтайды; 
9). 5 
% лимон қышқылды аммоний: 50 г х.т. тұзды 1 л би-
дистильденген суда ерiтедi; 
10).  Сұйытылған  аммиак  концентрациялы  аммиакты 2 есе 
сұйылту арқылы алынады; 
11).  Мыстың  стандартты  ерiтiндiсi: 3,928 г  мыс  сульфаты-
ның кристаллогидратын (құрамында 1 г мысы бар), 1 л бидис-
тильденген  суда  ерiтiп, 5 мл  концентрациялы  күкiрт  қышқы-
лын  қосады.  Стандартты  ерiтiндiлердiң  шкаласын  дайындау 
үшiн осы ерiтiндiнi 100 есе сұйылтады. Алынған ерiтiндiде 100 
мкг/мл мыс бар; 
12). 1 Н HCl ерiтiндiсi: 82 мл  концентрациялы  тұз  қышқы-
лына HCl (d= 1,19) 1 л-ге дейiн дистильденген су құю керек; 
13). Мыспен ластанған топырақ. 
 
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ 
 
Бөлгiш  воронкаға  10-25 мл топырақ  вытяжкасын  құйып, 5 
мл 5 
% лимон қышқылды аммоний құяды да фенолфталейн ар-
қылы  алқызыл  түске  дейiн  сұйытылған  аммиакпен  нейтрал-
дайды.  Одан  соң  воронкаға  бюреткадан 15 мл    төртхлорлы 
көмiртектегi  қорғасын  диэтилдитиокарбоматын  құйып, 2 мин 
шайқайды.  Фазаларға  бөлiнген  соң  қоңыр  түстi  ССl
4
  төменгi 
қабатын тығынды пробиркаға немесе фотокалориметрдiң 2 см-
лiк  кюветасына  фильтрлейдi.  Фильтраттың  оптикалық  тығыз-
дығын 436 нм-де (көк түстi светофильтрде) анықтайды. 
Стандартты ерiтiндiлердiң шкаласын да осы əдiспен дайын-
дайды.  Үлгiдегi  мыстың  мөлшерiн  калибрлiк  график  арқылы 
анықтап, одан тəжiрибедегi бос үлгiнiң мөлшерiн алып тастай-
ды. Мыстың мөлшерiн төмендегi формула бойынша есептейдi: 
           

 
54
Х 
=                    ; 
         
 
 
бұндағы:  
Х — мыс мөлшерi, мг/кг; 
а  — график бойынша табылған мыстың мөлшерi, мкг; 
V
0  — 
вытяжканың бастапқы көлемi, мл; 
V
1
 — анықтауға алынған вытяжканың көлемi, мл; 
Н — топырақтың салмағы, г. 
 
 
 

 
55
№ 8 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС 
 
ТОПЫРАҚТАҒЫ НИТРАТТАРДЫҢ  
АЗОТЫН АНЫҚТАУ 
 
Топырақта азоттың артық мөлшерi əдетте нитраттар түрiнде 
жинақталады.  Топырақтағы  азоттың  артық  мөлшерiн  анықтау 
əдiсi  нитраттардың  дисульфон  қышқылымен  тринитрофенол 
(пикрин  қышқылын)  түзе  əрекеттесуiне  негiзделген.  Три-
нитрофенол сiлтi қосқанда ерiтiндiдегi нитрат мөлшерiне экви-
валенттi  сары түстi нитроқосылыс түзедi: 
 
3HNO
3
 + C
6
H
3
 (HSO
4
)
2
 OH = C
6
H
2
 (NO
2
)
3
OH + +2H
2
SO
4
 +H
2

 C
6
H
2
 (NO
2
)
3
OH + KOH = C
6
H
2
 (NO
2
)
3
OK + H
2

 
РЕАКТИВТЕР МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: 
 
1.
 
техникалық таразы; 
2.
 
сыйымдылығы 150-200 мл колба; 
3.
 
активтелген көмiр; 
4.
 
дистильденген су; 
5.
 
магниттi мешалка; 
6.
 
воронка; 
7.
 
13 
% күкiрт қышқыл алюминий ерiтiндiсi; 
8.
 

% күйдiргiш натр ерiтiндiсi; 
9.
 
фильтр қағаздары. 
 
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ 
 
20  г  топырақты  техникалық  таразыда  өлшеп, 150-200 мл 
колбаға салады, үстiне 0,5-3г активтелген көмiр салады. Үстiне 
100  мл  дистильденген  су  құйып, 3 мин  шайқайды.  Одан  соң 
төрт қабатты қатпарлы  фильтрмен таза ыдысқа  воронка арқы-
лы фильтрлейдi.  
Егер фильтрат лай болса, 1 мл тұнба түзгiш — күкiрт қыш-
қыл  алюминийдiң 13 %-тiк  ерiтiндiсi  мен 7%- тiк  сiлтi  ерiтiн-
дiсiнiң қоспасын қосады да жақсылап шайқап, таза фильтрмен 

 
56
a x p x 100 x K 
H  
 
воронка арқылы фильтрлейдi. Анализ үшiн 25-50 мл фильтрат 
алынады. Топырақтағы нитрат азотын да судағы азотты анық-
тау жолымен анықтайды. 
Нитрат  азотының  концентрациясын  С  мг/100  г  абсолюттi 
құрғақ топырақта төмендегi формула бойынша табады: 
 
                 
С =                             ;   
                                  
бұндағы: 
a — график бойынша табылған нитрат азотының мөлшерi, мг; 
p — 100/50 сұйылту; 
K — топырақ ылғалдығының коэффициентi; 
Н — топырақтың салмағы, г. 
 
 

 
57
№ 9 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС 
 
ТОПЫРАҚ ПЕН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНIМДЕРIН  
ЛАСТАУШЫ МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ  
САПАЛЫҚ АНАЛИЗI 
 
Минералдық тыңайтқыштарды дұрыс қолданбау немесе ша-
мадан тыс артық мөлшерiн қолдану жəне оларды сақтау ереже-
лерiн дұрыс орындамау топырақ пен ауылшаруашылық өнiмде-
рiнiң ластануына себеп болады. Азот тыңайтқыштарының суда 
ерiгiш түрлерi өзендер, көлдер мен тоғандарға құйылып, грунт 
суларына  жетiп,  олардағы  нитраттардың  мөлшерiнiң  жоғары-
лауына əкеп соғады, ал бұл адамдар денсаулығына үлкен қауiп 
туғызады. 
Көп жағдайда тыңайтқыштарды өсiмдiктерге бергенде таза-
ламай  берiледi,  бұл  топырақтың  радиоактивтi,  улы  заттармен 
ластануына  əкеледi (мысалы,  калий  тыңайтқыштарын  пайда-
ланғанда калий изотоптары). Суперфосфаттардың түрлi форма-
лары  қышқылдық  ортаны  көрсететiндiктен,  рН  ортасы  төмен 
дəрежедегi  аймақтардың  топырақтарының  қышқылдануына 
əкеп соғады. Фосфор тыңайтқыштарының артық мөлшерi ағы-
сы жай суларға құйылып, оларда оттектiк режимнiң тепе-теңдi-
гiн бұзатын балдырлар мен басқа да өсiмдiктердiң қаулап өсу-
iне себеп болады. 
Кейбiр  жағдайларда    тыңайтқыштар  дұрыс  сақталмай,  егiс 
далаларында ашық  қалып  қояды  да,  өзiнiң  бастапқы  түр-түсiн 
жоғалтады.  Соған  байланысты  экологтар  тыңайтқыштардың 
органолептикалық қасиеттерiн ғана емес, оларға тəн жай сапа-
лық реакциялар арқылы ажырата бiлулерi керек.  
 
РЕАКТИВТЕР МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: 
 
1.
 
12 пробирка; 
2.
 
пробиркалардың штативi; 
3.
 
пестиктi ступкалар; 
4.
 
тамшылатқыш немесе пипеткалар; 
5.
 
муфельдi қысқаштар; 
6.
 
пинцеттер; 

 
58
7.
 
электрлi плитка; 
8.
 
спиртовка; 
9.
 
көмiр; 
10.
 
индикатор қағазы; 
11.
 
дистильденген су; 
12.
 
8-10 
%-тiк КОН не NaOH  ерiтiндiсi; 
13.
 

% -тiк барий хлоридiнiң ерiтiндiсi; 
14.
 
концентрациялы тұз қышқылы; 
15.
 

%-тiк тұз қышқылы; 
16.
 
10 есе сұйытылған сiрке қышқылы; 
17.
 
1-2 
% -тiк азот қышқыл күмiс ерiтiндiсi; 
18.
 
калий иодидiндегi йод ерiтiндiсi (20 г KI 20 мл дистиль-
денген  суда  ерiтедi, 6,35 г  кристалл  йод  қосады.  Ерiтiндiнi 50 
мл колбаға құйып, белгiсiне дейiн су құяды); 
19.
 
төрт түрлi минералдық тыңайтқыш. 
 
Көп таралған минералдық тыңайтқыштар 
Азот тыңайтқыштары 
Аммиак селитрасы — NH
4
NO
3
  мен мочевина — NH
2
CONH
2
 
, сол сияқты аммоний сульфаты — (NH
4
)
2
SO
4
, кальций нитраты 
—   Ca(NO
3
)
2
, калий нитраты — KNO
4

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет