сыртқа аққан қанды толық тоқтату;
шокпен күресу (ауырсынуды басатын, жүрек – қантамыр жасау, транспорттық иммобилизацияны орындау, шокқа қарсы қаналмастырғыш ерітінділерді құю);
тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру (трахеостомия, трахеяны интубациялау, тілді бекіту);
ашық пневмоторакс кезінде окклюзиялық таңғыш салу;
жүрекке жабық масса жасау;
тағылған байламдарды (жгут) қадағалау, транспорттық ампутация жасау;
жасанды тыныс алдыру (Амбу қапшығы немесе аппарат арқылы);
жедел терапиялық көмек (антидоттарды енгізу);
акушерия – гинекологиялық көмек (гемостаз, жараны тазалау, ерте босанғандарды қабылдау, жүктілікті сақтауға арналған шаралар);
сыртқа аққан қанды толық тоқтату;
зәр тоқтағанда қуықты катетеризациялау, оған пункция жасау;
антибиотиктер, сірепеге қарсы анатоксин, гангренаға қарсы сарысу егу;
зақымданушыларды медициналық көшіруге дайындау.
Алғашқы дәрігерлік көмекті көрсететін құрылымдар - жедел медициналық көмек бригадасы және жұмысын тоқтатпаған емдеу мекемелері.