Алғашқы дәрігерлік көмектің негізгі міндеттері:
жара инфекциясы дамуының алдын – алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру; шоктың алдын – алу және онымен күресу;
тіршілік көрсеткіштері тұрғысында зақымданғандарға хирургиялық жәрдем көрсету;
сәуле шарпуы мен улағыш заттардың ауыр зардаптарын болдырмау немесе азайту.
Алғашқы дәрігерлік көмек зақым алғаннан кейін 4-6 сағат ішінде көрсетілуі тиіс.
Алғашқы бір, екі тәулікте өлімге әкелетін себептер: ауыр механикалық жарақаттар, қан кету, тыныс алу мүшелерінің қызметінің бұзылуы, осындай жарақат алғандардың 30%-ы алғашқы 1 сағат ішінде, 60% - ы 3 сағаттан кейін, егер керек 6 сағатқа кешіксе ауыр жарақаттанғандардың 90% қаза болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |