«Ақша, несие,банктер» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына тапсырмалар жинағы



Pdf көрінісі
бет4/56
Дата02.05.2023
өлшемі1,35 Mb.
#88799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
«А ша, несие,банктер» п ні бойынша студенттерді

Есептер
 
1-есеп 
Ақша айналысының жылдамдығын есептеңіздер. Егер қолма-қол және 
қолма-қолсыз ақшалардың ақша массасы-500 млрд. теңге, жалпы ішкі өнім - 
4100 млрд. теңге болған жағдайда ақша айналысының жылдамдығын 
есептеңіздер 
 
2 есеп 
Айналысқа қажетті ақша санын анықтаңыздар. Сатылатын тауарлар 
(көрсетілген қызмет) бағасының сомасы-4500 млрд. теңге. Өтелу мерзімі 
жетпеген, бөліп төлеуге сатылған тауарлар бағасының сомасы - 42 млрд. 
теңге. Өтелу мерзімі жетпеген ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша 
төлемдер сомасы - 172 млрд. теңге. Өзара өтелетін төлемдер сомасы - 400 
млрд. теңге. Бір жылдағы ақша айналысының орташа саны - 10-ға тең. 
 
 
 


3 есеп 
Елдің экономикасының инфляциясыз ақша айналысына 90 млрд. ақша 
бірлігі қажет. Егер айналысқа 112,5 млрд. ақша бірлігін енгізетін болсақ, ол 
көрсетілетін қызмет пен тауарлар бағасына қалай әсер етеді? 
4 есеп 
Көөрсетілген қызмет пен сатылған тауарлар бағасының сомасы - 200 
млрд. теңге. Несиеге сатылған тауарлар бағасының сомасы - 10 млрд. теңге, 
несиелер бойынша төлемдер 4 млрд. теңге, өзара өтелетін төлемдер - 2 млрд. 
теңге. Ақша бірлігінің айналым жылдамдығы - 2,4 ай. Экономикадағы 
инфляциясыз ақша айналысына қажетті ақша санын анықтаңыздар. 
 
5 есеп 
Елдің экономикасындағы инфляциясыз ақша айналысына қажетті ақша 
санык анықтаңыздар. Сатылған тауарлар мен көрсетілген қызмет 
бағаларының сомасы - 200 млрд. теңге. Несиелер бойынша төлемдер - 40 
млрд. теңге. Несиеге сатылатын тауарлар - 60 млрд. теңге. Өзара өтелетін 
төлемдер -20 млрд. теңге. Жыл бойына теңге 8 айналым жасайды. 
Айналыстағы ақша саны қалай өзгереді, егер:
1) теңге жыл бойына 10 айналым жасағанда
2) жыл бойында теңге айналымының саны 5-ке дейін қысқарса 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет