ОС
ТС
ТС
ТБ
ТБ
к
А
М
Н
С
А
мұнда,
А
к
- айналысқа қажетті ақша саны;
С
тб
- сатылатын тауарлар бағасының сомасы;
Н
тб
- несиеге сатылған тауарлар бағаларының сомасы;
М
тс
- міндеттемелер бойынша төлемдер сомасы;
Ө
тс
- өзара өтелетін төлемдер сомасы;
А
ос
- айналыс және төлем құралы ретіндегі ақша айналымының орташа
саны.
Осындай жағдайларға айналысқа қажетті ақша санына, өндірістің
дамуының шарттарына тәуелді болып келетін, әр алуан факторлар ықпал
етеді. Оның біріне айналыстағы тауарлар санының өзгерісі жатады. Сондай-
ақ, шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік тауарлар және көрсетілетін
қызметтер бағаларының деңгейіне байланысты да анықталады.
Айналысқа қажетті ақша санына мыналар кері ықпал етеді:
• несиенің даму дәрежесі, себебі, қаншалықты тауарлардың басым бөлігі
несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет етіледі;
• қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы,
• ақша айналысының жылдамдығы.
Металл ақша айналысы тұсында айналыстағы ақша саны ақшаның қазына
жинау құралы қызметінің көмегімен реттеліп отырды. Егер ақшаға деген
қажеттілік қысқарса, онда айналыстағы артық ақша (алтын монета)
айналыста қазынаға кетіп, ал егер ақшаға деген қажеттілік ұлғайса, онда
айналысқа қажетті мөлшердегі ақша қазынадан айналысқа шығырылып
отырады.
Егер де айналысқа алтынға ауыстырылмайтын банкноттар немесе қағаз
ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етсе, онда бұл жағдайда, қолма-қол
ақшалар айналысы қағаз ақша айналысының заңына сәйкес жүргізіледі.
Ақша айналысын қолдап отыру шарттары мен зандары келесідей екі
фактордың өзара ерекет етуімен, яғни шаруашылықтағы ақшаға
деген қажеттілік және айналымға ақшалардың нақты түсуімен анықталады.
Егер де айналымдағы ақша көлемі, шаруашылыққа қажетті ақшадан артық
болса, онда ақшаның құнсыздануына, сонымен қатар ақша бірлігінің сатып
алу қабілетінің төмендеуіне, яғни инфляцияға жол береді.
Ақша айналысының негізгі сандык көрсеткіштерінің біріне ақша массасы
мен ақша базасы жатады.
Достарыңызбен бөлісу: