Қашаған ақын өлеңінің ақпараттық және танымдық қырлары О.І. Тұржан



жүктеу 149.23 Kb.
Pdf просмотр
Дата11.01.2017
өлшемі149.23 Kb.

Қашаған ақын өлеңінің ақпараттық және танымдық қырлары 

 

О.І.Тұржан, 

 ф.ғ.к., 

Ә.Абдилов, 

магистрант 

Қазақстан, Астана 

 

Газет-журналдары  мен  теле-радиосы  әлі  жоқ  кезеңдердің  ақпараттарын  біз 

бұрынғы  замандардан  жеткен  кӛркем  шығармалар  арқылы  жинақтаймыз.  Қай 

шығарманың  да  ӛн  бойында  оның  ӛмірге  келген  дәуірінің  кескіні,  психологиясы, 

адамдарының дүние танымы, мінез-құлықтары, жер-су атаулары, ұлттар мен ұлыстардың 

мекен  еткен  кеңістіктері,  табиғаты,  оның  ішінде  ауа-райы,  ӛсімдіктері  мен  аң-құстары, 

тұрмыстық  заттары  мен  елдің  әлеуметтік  жағдайы,  болып  ӛткен  оқиғалар  мен  сол 

оқиғаларға  ықпал  етуші  адамдары  жайлы  кӛптеген  ақпараттар  аламыз.  Осы  тұрғыдан 

алғанда ӛз шығармалары, оның ішінде «Есқали сұпыға айтқаны» шығармасы арқылы мол 

ақпараттар беріп кеткен ақынның бірі – Қашаған.  

Ағаштардың у-шу  әлемінің нені айтып шуласып  тұрғандығын адам тіліне түсірген 

бірден  бір  ақын  –  Қашаған  Күржіманұлы.  Академик  Зәки  Ахметов  “Ӛлең  сӛздің 

теориясы”  деген  еңбегінде:  “Ӛлең  сӛз  адамға  ӛзінің  ішкі  мазмұнымен,  суреттілігімен, 

бейнелілік  мәнімен  ғана  емес,  айтылу  қалпы,  әсем  үндестігімен  де  әсер  етеді.  Сӛздің 

ұғым-түсінік  беретін  мәнін,  бейнелі    мағынасын,  оның  ӛлеңдегі  ырғақ-үндестілігі, 

әуезділігі  сан  түрлі  рең  беріп  толықтыра  түседі”[1,123]  деген  еді.  Қашаған  ақынның 

«Есқали сұпыға айтқаны» атты  ӛлеңі  – күнделікті  ӛзіміз  кӛріп жүрген ағаштың  құр ағаш 

қана емес, ӛн бойында адамға рухани жағынан берері кӛп әлем, ішкі мазмұны бай, ырғағы 

мен үндестігі келіскен, «әуезділігімен сан түрлі реңке бӛленіп» тұрған дүние.   

Ақынның  бұл  ӛлеңі  «Есқали  сұпыға  айтқаны»  [2,  89-99]  деп  аталғанымен,  оған 

тереңірек бойласақ, оның тек Есқали сұпыға ғана айтқаны деп емес, мұны ағаштар ғаламы 

жайлы  ақпараттық-танымдық  ода  десек  болады,  әлде  философиялық  тұжырымдар 

шоғыры десек пе екен? Әйтеуір бұл толғаудың  әр жолында ғасырлар жүгін кӛтеріп, бізге 

мұнартып  кӛрінетін  тарихи  оқиғалар  туралы  ақпараттар  жатыр.    Қарағай  мен  қайыңның, 

тал  мен  теректің  бізге  түсініксіз  сыбдыр-сыбдыр  әлемін  ақын  ӛзінің  білім  тереңдігі 

арқылы толқын-толқын ойларға айналдырып, шайқап-шайқап тұрып кӛрсетеді. Сол кезде 

ағаштар  әлемінің  қыр-сыры  мен  қырат-қырлары  аймүйізді  арқарлардың  ғана  тұяғы  тиер 

Айрақтының шыңдарындай алыстан айберендене кӛрінеді.  Әр  сӛздің  ӛзіндік мінез-құлқы 

бар десек, ақын осы толғауында сол мінез-құлықты ағаштың мінез-құлқын ашуға жұмсау 

арқылы  қазақ  поэзиясын  мазмұндық-идеялық-ақпараттық  жағынан  жаңа  бір  белеске 

кӛтеріп  берді.  Бұл  толғау  ӛзінің  мазмұны  жағынан  жаңалығын  әлі  де  жоғалтқан  жоқ, 

идеясы жағынан озықтығын әлі де дәлелдеп тұр. Оның ӛлеңдерінде ана шумаққа да, мына 

шумаққа да шұбатыла ілесіп, ұйқас қызығын қуып, ырду-дырду той-тойлап жүрген қызыл 

сӛз  жоқ.  Әр  сӛздің  ӛзіндік  қылығының  астарында  да,  аспанында  да  алапат  тұжырымдар  

жатыр.  

Қолымдағы қу ағаш, 

Сайрап отыр бұл ағаш. 

Қолымдағы ағашым, 

Алып жүрген домбыра, 

Тартқан сайын аңыра. 

Осылайша  саулай  жӛнелетін  ӛлең  жолдарынан  арғы  жағалауынан  кӛрінбейтін 

шексіз  дария  шыға  келіп,  аңырып  қалғаныңда,  әлгі  сайрап  отырған  қу  ағаштың  енді  сені 

сол дариядан алып ӛтер Пыраққа айналғандығын: 

-Дариядан ӛткенде 

Пырақ болған бұл ағаш, - 


деген  келесі  жолдардан  тауып  алып,  ақынның  адам  ойын  әр  қиырға  апарып-қайтарып 

отыратын  шеберлігінен  сусындайсыз.  Ендігі  кезекте  әлгі  қу  ағаштың  Қағбаның  қасиетті 

есігі  болып  алдыңнан  ашыла  қалып,  жүрегіңді  дір  еткізгенде,  ағаштан  ойған  бесікте 

жатқан сәби шағыңыз кӛз алдыңызға келе қалып, кӛңіліңіз тазаланып, періште күйге еніп 

ағаш бесікте тербетіле жӛнелесіз. 

Пайғамбарлар туғанда, 

Бесік болған бұл ағаш, 

Ибраһим Қағба салғанда, 

Есік болған бұл ағаш. 

Ал намаз оқып тұрған сұпының осыны түсінбейтініне нали отырып, сол Қағбаның 

ағаш  есігінің  адамның  жандүниесіне  қарай  ашылатын  есік  екендігіне  ақынның  сілтеме 

жасағанын ұғынасыз. Ұғынып тұрып, кешегі ну ағаш – бүгінгі қу ағаш, екеуі о дүния мен 

бұ  дүнияның  кӛрінісі  сияқты  екен-ау  деген  тұжырымға  келіп  тірелесіз.  Келіп  тіреліп 

тұрып,  екі  дүнияның  екі  жағының  да  ғаламдық  дамудан  ешқашан  шығып  қалмайтын 

ғаламат  айналыс  екендігі  жайлы  ақпарат  беріп  тұрғандығынакӛзіңіз  жетеді.  Адам 

баласының  да  екі  дүниялық  айналыста  босқа  жүрмейтін  ерекше  болмыс  екендігіне 

Қашаған ақын да ӛзіндік сілтеме жасайды. 

-Қолымдағы қу ағаш,  

сайрап отыр бұл ағаш, - 

дегеніндегі  «қу  ағашы»  -  ӛзінің  физикалық  болмысын  ӛзгерткен,  яғни  ғарыштық 

айналысының  келесі  формасына  ӛткен  ағаш.  Ӛзі  туралы  ақпарат  бере  алатын  «сайрап» 

сӛйлеп отырған ағаш. Ал: 

-Жаның сая табатын, 

Орман болған бұл ағаш. 

Қорыққанда жалғызға, 

Қорған болған бұл ағаш. 

Бұтақтары бүгіліп, 

Кӛктен тӛмен үңіліп, 

Қарның ашып келгенде, 

Жүрегіңді жалғауға, 

Нәсіп болған бұл ағаш, -  

деген  жолдардағысы  –  тірі  ағаш.  Қу  ағаш  пен  тірі  ағаштың  қасиетін  жарыстыра  айта 

отырып, ақын ой-қиялды тағы бір тереңге қарай тарта жӛнеледі. Қашағанның: 

-Пілдің тірі бәсі де мың ділдә,  

ӛлсе, тері бәсі де мың ділдә, - 

деп қартайған шағында ӛзінің кім екендігін танытуға қолданып айтқан ғажайып ой түйіні 

бар. Ал пілдің отаны болып саналатын үнді елі пілге тап осындай баға бере алды ма екен. 

Бере  алған  жоқ  шығар.  Ақынның  піл  туралы,  оның  нарықтағы  бағасы  туралы  ақпарат 

беруі  ақынның  ӛзінің  де  жан-жақты,  танымдық  деңгейі  жоғары  адам  екендігін  тағы  бір 

мәрте  танытып  ӛтеді.  Пілге  қатысты  айтылған  осы  ой-тұжырымды  ақынның  дүниені 

бағамдаудағы  ӛзіндік  математикалық  формуласы  деп  алсақ  және  толғаудағы  ақынның 

ағаштар  әлемінің  қасиетін  анықтау  үшін,  ол  туралы  айтылған  ойларын  осы  формулаға 

салып жіберсек, мынадай нәтиже шығады, яғни, ағаштың да «тірі бәсі де мың ділдә, ӛлсе, 

тері бәсі де мың ділдә».   

Ағаштар қураған қалпында да бұл дүниеге аяғын тік басып қарап тұрады. Қашаған 

философиясында  ағаштар  әлемі  жасыл  қалпында  да,  қураған  қалпында  да  ерекше 

сергектікпен  және  ерекше  қуаттылықпен  кӛрінеді.  Ақынның  ағаштар  әлемінің  ішінде 

қалғып-мүлгіп  тұрған  бірі  жоқ.  Пырақ  болып  та,  шырақ  болып  та,  қуат  болып  та,  суат 

болып  та,  мешіт  болып  та,  бесік  болып  та,  кәсіп  болып  та,  қасиетті  тӛрт  қылышқа  қап 

болып  та,  батырдың  найзасына  сап  болып  та  қым-қуыт  тіршіліктің  ортасында,  адам 

баласының  егізіндей  болып,  одан  бір  сәтке  де  ажырамай,  талай  сында  қатар  шауып  келе 

жатады.  Сол  арқылы  қазақ  халқының,  жалпы  мұсылман  әлемінің  тұрмыс-тіршілігі, 



қолданған,  тұтынған  заттары,  кәсібі,  ӛмірлік  ұстанымы,  дүние  танымы  туралы  терең 

ақпараттарды  да  жеткізіп  тұр.  Мешіт  те  салатын,  бесік  те  жасайтын,  кәсіппен  айналысар 

еңбекқорлығы,  жауға  қарсы  аттанар  ерлігі  мен  жау  жайратар  найзасы  арқылы  батырдың 

құрал-сайман әлемі де осы жолдарда жатқан тарихи-деректік ақпараттар кешені.  

Жалпы ақпарат жеткізудегі поэзияның құдыреті күшті. Ӛйткені ӛлең тез жатталады 

және ұзақ есте сақталады. Біз ӛзіміздің ежелгі тарихымыздың денін ӛлең-жырға құрылған 

халық ауыз әдебиеті арқылы, эпостық дастандар арқылы жеткен ақпараттар негізінде, сол 

ақпараттарды  салыстырып,  саралау,  жүйелеу  арқылы  танып  білдік.Мұндай  ақпараттар 

Қашаған  жырларында  ӛте  кең  кӛрініс  тапқан.Біз  Қашағанның  осы  жыры  арқылы  ағаш 

туралы  мол  ақпарат  алдық.  Тіпті  бұған  дейін  күнделікті  кӛріп  жүрсек  те,  аса  мән  бере 

қоймаған тұстарымызға Қашаған ақын айрықша тереңдікпен кӛз жібереді.   

Ақпараттану  заңдылықтарын  жан-жақты  зерттеген  орыс  ғалымы  Л.А.Цымбалдың 

айтуы бойынша қоғамда және табиғатта ақпараттық бағыттармен басқарылатын процестер 

бар  [3].  Осы  тұрғыдан  қарайтын  болсақ,  мұндай  процестердің  бірі  –  адам  баласының 

әдеби-ақпараттық  дүниелерді  қабылдаушылығы.  Адам  мен  Ғаламшардың  арасында 

ешқашан  толастамайтын  ырғақтар  арқылы  бір-бірімен  ақпарат  алмасу  процесі  жүріп 

жатады. Оны бүгінгі ғылым дәлелдеді. Дәл осыны ӛз поэзиясында дәлелдей айтқан ақын – 

Қашаған.  Ақпарат  ешқашан  бір  бағытта  жүрмейді.  Ақпаратты  қабылдаған  объекті  оған 

қайткен күнде де әсерленеді, әсерленуі – оның ӛзіндік жауап қайтаруы. Жауап қайтаратын 

объектінің  адам  болуы  міндетті  емес.  Жауап  тез  де  болуы  мүмкін,  күрделі  процестер 

арқылы  жүретін  жауаптар  да  аз  емес.  Олар  ӛзіндік  модель  түзеді.  Қашағанның  Есқали 

сұпыға  айтқан  жауабының  астарында  сұрақтар  да  кӛп,  сұрақ  арқылы  ақпарат  беруі  де  – 

бұл шығарманың ӛзіндік ерекшелігі.  

Кӛне  дәуір  адамдары  ағаштың  болмысында  ғажайып  ғұламалықтың  барлығына 

шексіз  сенді.  Тіпті  ежелгі  кезең  философиясы  ағашты  адаммен  егіз-бауыр  деп 

танығандығын  білеміз.  Олар  адамның  сыртқы  тұлғасын  да  ағашқа  ұқсатады.  Солардан 

сақталып келе жатқан әдет-ғұрыптардың бүгінгі біздің бойымыздағы жұрнақтарының бірі 

болуы  керек  –  қолыңды  екі  жаққа  жайып  жібергенде  ӛзіңді  бәйтеректей  сезінетінің  бар. 

Аяқ астынан  ерекше бір қуаныш билегенде, адам ӛзі де байқамастан  қолын кӛкке кӛтере 

шаттанады  екен.  Психолог  ғалымдар  мұны  адамның  ғарышпен  байланыстылығының 

бірден  бір  белгісі  деп  пайымдайды.  Ағаштар  әлемінің  бұтақтары  –  параллелді 

ӛлшемдердің белгісі. Жоғарғы және тӛменгі әлемді жалғастырып  тұрған ортадағы  әлем – 

ағаштар мен адамдар. Ежелгі аңыздар солай дейді..  

Осы  тұрғыдан  келген  Қашаған  жырлары  түркі  әлемінің  ағаштану  іліміне  зор  үлес 

қосқандығымен  құнды.  Ақын  ілімінде  ағаштар  әлемі  –  оптимистік  ұғымның  және 

оптимистік  ұстанымның  бастауы.  Кісінің  кісілігін  оның  қарапайым  ағашқа  деген 

кӛзқарасы мен түсінігі арқылы бағамдайды. Олай бағамдауы  – адам сол ағаштың  тарихы 

мен  қасиеттерін  білуі  арқылы  да  тарихи,  философиялық-ақпараттық  білімін  тереңдете 

алады  екен.  Ӛйткені  Қашағанның  баяндауына  қарап  отырсақ,  ағаштың  қатысты 

болмайтын  жері  жоқ.  Оның  мұсылмандық  жолдың  бір  атрибуты  да  болатын  жері  бар  – 

ағаш күллі болмысымен таза ғалам. Ағаштар ғаламы – тазалық ғаламы. Қашаған ақынның 

осы  ӛлең  жолдарын  саралай  келіп,  Ағаш  дегеніміз  –  Жаратушы  иеміздің  ғаламды 

тазартып тұру үшін жаратқан ерекше бір қуат-күші деген тұжырым жасауға болады. 

 -Жаңа дәрет алғанда, 

Шәждеге басың салғанда, 

Аузыңа салған мәсуәк, 

Ағаш емей, арқан ба? 

деп,  


 -Сұпыеке-ау, қалай айтасың, 

Ағузы менен алхамды? –  

деп табиғат экологиясын жандүние экологиясымен астастыра Қашағандай жырлаған ақын 

кем де кем.  



Домбыраны күнә десеңіз, 

Жиын менен тойдікі. 

Ішегін күнә десеңіз, 

Жұмақтан келген қойдікі. 

Пернесін күнә десеңіз, 

Есебі ол – пәннің он екі, 

Құлағын күнә десеңіз, 

Хазіреті Біләлдің, 

Құлағы екен деседі. 

Тиегін күнә десеңіз, 

Шиеленген сыр шешеді. 

Атамыз Адам пайғамбар, 

Жеті сазбен жерге кеп, 

Күй шертіпті деген бар. 

Ол күндегі о да саз, 

Бұл күндегі бұ да саз, -  

деп  тӛгіліп  тұрған  жыр  шумақтары  –  адам  санасындағы  ағаш  туралы  хаосты  ұғымдарды 

бір ізге түсіріп, ағаштар әлемінің  философиялық кӛшесін түзіп шыққан және мол ақпарат 

беретін  сардар  жолдар.  Және  дәл  бұлайша  түзілу  бұған  дейінгі  сӛз  сүлейлерінің  бірде 

бірінде болған емес.  

Ағаш  пен  адами  тіршіліктің  арасындағы  байланыстан  біз  ғарыштық  байланысты 

кӛре алар едік. Қара жер табанынан ұстап, Кӛк аспан ӛзіне қарай тартып ағашты биіктетсе, 

зеңгір  Кӛк  құдыретті  энергиясымен  кішкентай  сәбиді  де  қолынан  тартып  тұрғызатын 

тәрізді, сосын бойы ӛссін деп ӛзінің тарту күшін жіберетін сияқты. Қайткен күнде де күллі 

ғалам бірін-бірі жетелеп келе жатқандығына Қашаған күмән келтірмейді. Құр сӛзбен емес, 

сол сӛзін байлайтын мықты қазықты да тауып, байыта сӛйлейді:  

Бұрынғы ӛткен заманда, 

Болған екен, кӛп ұрыс, 

Кӛп ұрыстың кезінде, 

Жәбірейіл Жәннеттен, 

Алып келген тӛрт қылыш. 

Тӛрт қылыштың атын айтайын: 

Біреуінің аты – Хамхам, 

Біреуінің аты – Сәмсам, 

Біреуінің аты – Зұлқажжа, 

Біреуінің аты – Зұлпықар, - 

деп келеді де: 

Қынабына солардың, 

Қап та болған бұл ағаш, -  

деп түйеді. Сол  қылыштардың қынабына  «бұл ағаштың» қап болғанына Қашағанға дейін 

дәл осылайша терең мән бере назар салған кім бар екен. Күллі дін ғылымының білгірлері 

тек  сол  тӛрт  қылышқа  назар  салғанда,  Қашаған  ақын  оның  сыртындағы  ағашын  да 

тамсана  жырлайды.  Жәй  жырлай  салмайды,  осы  жолдар  арқылы  ақын  тӛрт  қылыштың 

аман-сау  жетуіне  мүмкіндік  берген  «бұл  ағаштың»  қауіп-қатерден,  бәле-жаладан 

сақтандыратын қуатына сілтеме жасап тұрғандығын түсінуіміз керек.   

Ақын  жырлары  ӛз  орбитасында  айнала  бастағалы  бері  де  бір  жарым  ғасырдан 

астам  уақыт  ӛтіпті.  Оның  поэзия-планетасының  шоқ-шоқ  жұлдыз-жырларының 

әрқайсысы  алып-қашпа  уақыттың  уысында  сынға  түскен  кезде  де  аласапыраннан  аман 

шыққан құдыретті халықтай Тәуелсіздіктің таңына да жетті.  Уақыт  – не нәрсені болса да 

талғамай, жалап-жұқтап жұтып алатын жебір. Даланың да, адами сананың да сақтап келе 

жатқан  талай  дүниесі  сол  жебір  уақытқа  жұтылып  кеткенде,  олардың  қатарында 


Қашағанның  да  талай  мұрасы  кеткен  болар.  Дегенмен  бізге  жеткендерінің  ӛзі  ақынның 

тереңдігі мен кеңдігін танытып тұрғандығы шындық.  

Әрбір жеке адамның  санасының ақпарат қоры және біліктілік қоры жинақталатын 

жандүние  «кітапханасы»  немесе  жандүние  «архиві»  немесе  «деректер  базасы»  әркімнің 

ӛзінің  жинақтаған  білімінен  ғана  тұрады  десек,  бұл  жандүниемізді  тым  жұтаңдатып 

сӛйлегеніміз  болып  шығар  еді.  Біліммен  қоса  адамда  табиғаттан  нәр  алар  сезім 

молекулалары, мұңдана алар мұң-даласы, қуана алар қуаныш-кеңістігі тағы бар. Олардың 

әрқайсысы  шексіздіктерге  кетіп  жатыр.  Жаратушы  иеміз  сондай  шексіздіктерді  біздің 

болмысымызға орнықтырғанда жарық дүниенің кӛрініп те, кӛрінбей де тұрған қасиеттері 

мен жұмбақтарын бағамдауға мүмкіндіктері болсын деген болар. Сондай мүмкіндіктеріміз 

бола  тұра  орманның  ӛзін  кӛріп,  ағашын  кӛрмейтін,  ӛлеңнің  сыртын  ғана  кӛріп,  тереңіне 

бойлай  алмайтын  қазіргі  біртүрлілеу  заманға  келіп  тұрған  поэзияның  ақпарат  жеткізу 

және ақпараттарды сақтау қасиетін тереңірек білу маңызды.  

 

Әдебиеттер тізімі 

 

1. Ахметов З. Ӛлең сӛздің теориясы. – А.: Мектеп, 1973. – 212 б. 



 

2.Ақберен.  (XVІІІ-ХХ  ғасырлардағы  қазақ  ақын-жырауларының  жырлары).  –А.: 

«Жазушы», 1972. – 222 б.

 

3.Цымбал  А.Л.  Синергетика  информационных  процессов.  –  М.,  1995,  -  С.18. 



http://www.relga.ru/Environ/. 

 

Каталог: repository -> repository2014
repository2014 -> Қазақ топонимдерінің этнолингвистикалық ЖҼ не танымдық ТҦ РҒыдан к
repository2014 -> Г.Ә. Мұратова Астана қ., Қазақстан Ғалым а. Сейдімбек зерттеулері – этнолингвистиканың
repository2014 -> Сборник материалов VIІІ международной научной конференции студентов и молодых ученых «Наука и образование 2013»
repository2014 -> ҚАйымның МҰрасы қалай жинақталды?
repository2014 -> Абай және көркем аударма мәселесі Г. Ж.Қасымова
repository2014 -> Заңғар Абайдың зиялы зерттеушісі А. Ж. Шәріп
repository2014 -> Ежелгі түркі – моңҒол мифтеріндегі рәміздік бейнелер шамахай С. Астана қ., Қазақстан
repository2014 -> «ҚОҒам қайраткері марат оспановтың саяси келбетін зерттеудегі кейбір аспектілер»
repository2014 -> Қазіргі отбасының психологиялық МӘселелері жорабекова Д. А. ғылыми жетекшісі пс.ғ. к. Айтышева А. М


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет