Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы


Қысқа жауапты қажет ететін ашық тестер



бет107/197
Дата24.10.2022
өлшемі1,85 Mb.
#45116
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   197
1. Қысқа жауапты қажет ететін ашық тестер
Мысалы: «Туындылар: 2 х 2 = 4; 2 х 2 х 2 = 8; 2 х 2 х 2 х 2 = 16; 2 х 2 х 2 х 2 х 2 = 32
Егер туындылардың көрсетілген реттілігін жалғастырса, 375 саны осы туындылар қатарына жата ма? Жауапты түсіндіріп беру керек».
Тапсырманы орындауды тексерудің нұсқасы:
«Дұрыс жауап - 1 балл.
Дұрыс түсіндірулер:
«Жатпайды, өйткені 375 саны 2-ге бөлінбейді (жұп сандар қатарына жатпайды)» немесе «Жатпайды, өйткені 375 саны бұл реттіліктегі екі жауаптың арасынан орын алады». Бұл жауаптар қабылданады, өйткені «375 – тақ сан».
«Бұл реттілікте санақ 2-ден ғана жүргізіледі» немесе «Бұл реттілікте сандар 2-ге көбейтіліп отыр» сияқты жауаптар қабылданбайды.
Бұрыс жауаптар – 0 балл. Қандай да болмасын бұрыс немесе толымсыз түсіндірме.


2. Жан-жақты жауапты талап ететін ашық тестер
Мысалдар:
1. Интернетте келтірілген жарнамадан үзінді:
«Жиһаз шығаратын компания біздің жарнама агенттігіміздің көмегіне жүгінді, сол себепті де олардың табысы соңғы жылда 10% өскен. Бұл компанияның табысы Интернет қызметін қолдану арқылы Сіздің де табысыңыздың қаншалықты өсіретіндігін айғақтайды».
Тапсырма: Бұл жарнаманың қаншалықты дәлелді екендігін сипаттау керек. Келтірілген дәлелді растаудың барлық жақтарын талдау қажет.
2. «Жас өспірімге қайда тұрған оңтайлы: ауылда ма, қалада ма?» тақырыбына көлемі 500 сөзден аспайтын шығарма жазу керек.
Ашық тестерді бағалаудың критерийлері алдын-ала дайындалуы керек, бұл критерийлер жазу жұмыстарын бағалайтын рубрика формасында болуы мүмкін.


ҚОСЫМША
PISA тестері туралы

Соңғы кездері елімізде кең қарқын алып, үйренушілердің білімін бағалаудың негізгі құралына айналып кеткен тестілеу әдісі көптеп сынға ұшырауда. Сыншылар бірінші кезекте Ұлттық біріңғай тестілеу мен Аралық мемлекеттік бақылау тестерінің үйренушілердің тек есте сақтау қабілетін ғана бағалайтындығына (тексеретіндігіне) назар аударуда. Ал мұндай әрекеттер Блум таксономиясы бойынша таным мен ойлаудың ең төменгі «Білім» деңгейіне жататындығы даусыз нәрсе.


«Білу» ұғымы «түсіну» және «қолдану» ұғымдарында жалғасын таппаса, оның пайдалы әсер коэфициентінің төмен болатындығы да сөзсіз мәселе. Ал біз «білімді» деп өзіндік көзқарасы мен түсінігі бар, өмірде туындаған проблемаларды шеше білетін, тығырықтан шығу жолдарын таба білетін тұлғаларды атаймыз. Бүгінгі күні елімізде қолданыс тапқан тестілеудің түрлері әрине мұндай білік, дағды, құзырлылықтарды айқындап, бағаламайды, өйткені олар тек жабық түрде болып (оның ішінде көбінесе бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмаларға негізделіп), келесідей тапсырмаларды қолданбайды:
1. Көлемді мәтін негізінде қалыптастырған тапсырмалар
- тестерде көбінесе бір сөйлемнен тұратын қысқаша мәлімет беріледі, яғни үйренушілер жаңа мәтін арқылы үйренбейді, тек есіне түсіреді;
2. Сурет, кесте, диаграмма, схема, график түріндегі тапсырмалар
- мұндай тапсырмаларды орындау Блум таксономиясы бойынша «Түсіну» және «Талдау» деңгейлеріндегі әрекеттерді қажет етеді;
3. Әртүрлі пәндермен байланысты тапсырмалар
- мұндай тапсырмалар білімді біріктіріп, логикалық және сыни ойлауды, талдау мен негіздеуді талап етеді;
4. Сипаттауды (суреттеуді) қажет ететін тапсырмалар;
5. Үйренушілердің өздерінен қосымша ақпаратты қолдануды қажет ететін тапсырмалар;
6. Ақпараттың тым ауқымды көлемінен таңдау арқылы шешілетін тапсырмалар
- бұл жерде ақпарат көп мөлшерде беріліп, мәселені шешу үшін оның қажетті бөлігі ғана қолданылады, үйренуші әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау білігін көрсетуі керек;
7. Өмірде туындайтын әртүрлі ситуацияларды (проблемаларды) ғылыми әдістердің көмегімен шешуге арналған тапсырмалар;
8. Теориялық білімдерді практикалық тұрғыдан қолдануды талап ететін тапсырмалар;
9. Ғылыми болжаулар мен жорамалдарды келтіретін тапсырмалар.
Осы тұрғыдан алғанда тестілеу арқылы бағалауда қандай мәселелерге назар аудару керектігі PISA бағдарламасынан айқын көруге болады. Сол себепті де аталмыш бағдарламаның ерекшеліктеріне тоқталып кетейік.
PISA бағдарламасы бойынша 32 мемлекеттің әрқайсысында 4 500-нан 10 000 мыңға дейінгі он бес жастағы оқушылардың білімі тексерілген.
Студенттерді халықаралық бағалау бағдарламасы (PISA - Programme for International Student Assessment) 15 жастағы оқушылардың дайындығын үш бағыт бойынша зерттейді: «оқу сауаттылығы», «математикалық сауаттылық» және «жаратылыстанулық сауаттылық». Бағдарлама үйренушілердің аталған бағыттардың негізгі ұғымдарын түсіну, негізгі әдістерін игеру және өз білімдерін әртүрлі ситуацияларда қолдану секілді біліктерін бақылайды.
PISA оқу пәндерінің мазмұнын игеру деңгейін тексермейді. Мұнда басты назар оқушылардың мектеп пәндерін оқығанда иемденген, ересек өмірде қажетті ауқымды білім мен біліктерінің дәрежесіне және пәнаралық құзырлылықтарына (әртүрлі пәндерді оқуда және ақпараттың басқа да көздерінен алған білімдерін ұсынылған проблемаларды шешуде қалайша қолданатындығы) аударылады.
PISA бақылаудың жазбаша тест түрін қолданады (тестердің жабық және ашық түрлері), әр оқушыға тест тапсырмаларын орындау үшін 2 астрономиялық сағат беріледі. Бақылау нәтижесі ретінде сандық көрсеткіштер ескеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет