Қызығушылықты тудырудың кейбір тәсілдері 1. Қызықты бір оқиғаны сипаттап беріңіз.
2. Қандай да бір талқыланған мәселе бойынша үйренушілердің пікірін білу үшін олардың қол көтеріп, дауыс беруін (жақтап немесе қарсы шығып) сұраңыз.
3. Сұрақ қойыңыз.
4. Уәде беріңіз.
5. Үйренушілерді күлдіріңіз.
6. Даулы немесе басқалардың көзқарасына қарама-қарсы пікір айтыңыз.
7. Әдеттен тыс мәліметтер келтіріңіз.
8. Көрнекіліктер мен үлестірмелі материалдарды қолданыңыз.
Бұған тағы да екі тәсілді қосуға болады (А.Ә.): 9. Өз өміріңізден немесе кәсіби тәжірибеңізден мысалдар келтіріңіз. 10. Студенттердің шешімін қажет ететін проблемалық ситуацияны суреттеңіз.
(«Методическое пособие для тренера. Программа «Street Law». Сост. Мухтарова А.К., Булуктаев Ю.О., Калинина А.А., Асанбекова Г.С. – Алматы: Фонд «ХХІ век», 2001. – 153 с. - кітабынан).
Лирикалық шегініс Ынталандыру Ұстаз қойған сұраққа жауапты өзінің шәкіртінен білген кейіп танытады. - Сіз одан неліктен сұрадыңыз? Бұл сұраққа өзіңіз де жауап бере алар едіңіз ғой?- деп таңырқағандарға ұстаз: - Әзірше мен бұл сұраққа шәкіртімнен жақсы жауап бере аламын. Алайда мен одан кеңес сұраған себебім: шәкіртім басқалармен біліммен бөлісудің дәмін татсын дегенім. Бұл айла басқа тәсілдерден анағұрлым жақсы түрде шәкіртімді білімге ынталандырады,- деп жауап берген екен.