Ашекеева Ќ



бет4/59
Дата27.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#111012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2023

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Кіріспе.
Саяси ілімдердің даму тарихы адамзат дамуының үш жарым мың жылдық уақытын қамтиды. Мұндай үлкен уақыт мерзімінде адамдардың өмір сүру жағдайлары, саяси ұйымдастырылуының жағдайлары үлкен өзгерістерге ұшырады, бұл әрине, олардың саяси кӛзқарастарына әсер етпей қоймады. Соған қарамастан қай заманның, қай халықтың болса ойшылдарын
ойландырған, әлі де ойландыратын жалпы, бәріне бірдей ортақ мәселелер бар. Олардың қатарына негізінен мыналарды жатқызамыз:

  • Мемлекет дегеніміз не? Ол адамдар еркімен құрыла ма, әлде жоғарғы

күштердің еркімен құрыла ма? Мемлекет кӛпшіліктің мүддесіне қызмет
етеді ме, әлде билік басындағы топтың мүддесіне қызмет етеді ме?

  • Мемлекеттің ең жақсы түрі, таңдаулы (дұрыс) формасы бар ма? Мемлекетті басқаруда: кӛпшіліктің еркіне ме, мұрагерлік монархтардың құқығына ма, байлыққа ма, билеушілердің қабілеттілігіне ме, қайсысына сүйену керек, қайсысын қолдау қажет?

  • Мемлекеттің қызметінің, азаматтардың құқығы мен бостандықтарының шегі қандай?

Әділдік (әділеттілік) деген не? Адамдардың тең болуы немесе тең емес
болуы (теңсіздігі) әділетті ме? Әділетсіздікке жол беру керек пе немесе
онымен күресу керек пе? Құқық дегеніміз не? Ол құдайдың орнатуы ма, әлде ақыл-ойдың бұйрығы ма, әлде билеушілердің жарлығы ма?
Саясат және моральдың ара қатынасы мәселесі. Мемлекет билеушісі адамгершіліктің, моральдың негізгі қағидаларын ұстануы керек пе, әлде оған оның бәріне жол ашық па, яғни жеке адам үшін –күнә деп есептелінген нәрсе, саясатшы үшін күнә емес пе? Бұл мәселелер ортақ, әрдайым ойландыратын мәселелер, түрлі нұсқаларыболуы мүмкін. Әр кезеңнің, әр ойшылдың ӛзіндік пайымдаулары болады. Бұл мәселелер әрдайым қайталанатын сияқты, бірақ іс жүзінде олай емес. Тарих - шеңбер бойынша сол күйінде қайталану емес, ол даму. Саяси ілімдердің қалыптасуы мен дамуы - түрлі әлеуметтік топтар, таптар, ұлттардың арасындағы саяси билік үшін күресті бейнелейді. Саяси ойлардың қалыптасу және даму тарихын қарастырудың маңыздылығы– ең алдымен, саяси ойлар тарихы шеңберінде қазіргі заман саяси концепциялардың маңызды алғы шарттары қалыптасты. Дүниежүзілік саяси ілімдер тарихы – адамзаттың рухани мәдениетінің маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі. Мұнда адамзаттың өткен заманнан бүгінге дейінгі саяси ілімі мен тәжірибесі жинақталған, мемлекет, саясат, бостандық мәселелерінің негізгі қағидалары және ілімдері анықталған.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет