6- тақырып (1 сағат). Саяси жүйе түсінігі
Лекцияның мақсаты:
1. Саяси жүйе ұғымы коғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде.
2. Саяси жүйенің кұрылымы.
3. Саяси режим ұғымы.
Негізгі ұғымдар:
Саяси жүйе, саяси қазыналар, бейсаясаттық, бейтараптылық, саяси институттар, саяси тұрақтылық, децентрализация, дискуссия, догматизм, доктрина, импичмент, инауграция, инновация, модернизация, институализация, интеграция.
Лекцияның қысқаша мазмұны:
Кіріспе. Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп уакыт болған жоқ. Оны XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сиппаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері аркылы байланысады.
Д.Истонның идеяларын Г.Алмонд одан әрі дамытты. XX ғ. 50-60 жылдары көптеген бұрын отаршылдықта болған Африка, Латын Америкасы елдері егемендігін алып жаңа даму жолына түскен. Олардын біразы батыс саяси жүйесін қабылдады. Алайда ол келеңсіз зардаптарға әкелді. Д. Истон соны зерттеді. Батыс саясаттанушыларының арасында саяси мәдениеттің жағдайына карай, құндылыктар жүйесінің негізінде саяси жүйені жіктеудің төмендегідей 4 түрі кең тараған: ағылшын-америкалық, құрылыктық-еуропалык, индустрияланбаған немесе жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық.
1. Саяси жүйе ұғымы коғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде.
Қоғамның саяси жүйесі – деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын айтады. Себебі, мемлекеттік істер алға қойған мақсатты амал-әдістерді оларға жету жолдарын қамтитын арнайы жете зерттелген шаралар, саяси бағыт арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар оны жүйе дейді. Себебі оған мемлекеттен басқа мемлекеттік билікке ықпал ету үшін басқалармен бэсекеге түсетін, одақтарға кіретін, мәмлеге келетін мемлекеттік емес көптеген ұйымдарда кіреді. Бұл саяси қатынастардың күрделі көрінісі жүйелілікті, тұтастықты білдіреді. Сонда саяси жүйенің құрлымы қандай? Зерттеушілер оның мынандай негізгі төрт бөлігін атайды: 1. Саяси институттар. 2. Саяси қатынастар. 3. Саяси ережелер. 4. Саяси мәдениет. Қоғамның саяси жүйесіне діни ұйымдар да кіреді. Олар рөлі әсіресе феодалдық қоғамда зор болды. Ол кезде олар ақсүйектер билігінде өздеріне қаратқысы келді.Сондықтан олар мемлекеттік билікпен қатар өздерінің заң шығарушы, атқарушы, сот билігінде құрды. Олардың ішіндегі ең озбыры католик шіркеуінің XIX ғасырда өздеріне карсыларды ерекше қатал кудалаған сот, полиция ұйымы- инквизиция еді. Олар 5 миллионға жуық адамды қуғын-сургінге салып , біразын тірідей отқа жағып жіберді. Капитализм кезінде дін орындарының әсері әлдеқайда бәсеңдеді, бірақ саяси өмірде ықпалын тоқтатқан жоқ. Бұрынғы Кенестер Одағы кезінде олар қатты қүдаланған болатын. Қазіргі кезде жағдай өзгерді. Қазақстан Ресапубликасы Конститутсиясының 10-бабында: «Республика азаматтарының сөз,сенім бостандығына жэне олардың еркін білдіруге құқы бар.Ешкімді де өз сенімін білдіруге мәжбүр етуге не сенімі үшін қудалауға болмайды»,- делінген. Қайткен күнде де соңында миллиондаған дінге сенушілері бар ұйыммен санаспауға болмайды. Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың ішінде мемлекет пен саяси партиялардың саяси жүйеге тікелей қатынасы бар. Кәсіподақтар мен шіркеудің тура болмағанмен жанама қатынасын байқаймыз. Олардың қатарына жастар одағын,еңбек ұжымдарын, кооперативтерді жатқызуға болады. Солармен қатар биліктен алшақ, дегенмен белгілі-бір жағдайларда оған ықпал да жасай алатын ұйымдар бар. Оларға жазушылар, суретшілер, композиторлар одағы, ғылыми-техникалық қоғамдар, көптеген ерікті, спорт, мәдени және т.б. ұйымдар жатады. Қоғамдық жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастар кұрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың (экономикалық,ұлттық діни, жанұялық т.б.) қатынастан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді. Біз осыған дейін мемлекеттің ішіндегі саяси жүйе туралы сөз еттік. Сонымен қатар саяси жүйе дүниежүзілік (БҰҮ), аймақтық (Еуропалық одақ, НАТО және т.б.), екі жақты (Шығыс пен Батыс қатынастары) болуы да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |