3.Реттеу қызметі мәдениеттің адамдардың ӛзара қатынасын бір қалыпқа келтіруіне
байланысты. Мәдениеттің бұл қызметі оның басқа да қызметтерімен (жарғылықтар
мен құндылықтарды, рәсім-рәміздерді ӛндіру) тікелей байланысты. Этномәдениет
тиым салулар, ырымдар мен мақал-мәтелдер арқылы қоғам, отбасы, әлеуметтік топ
мүшелерінің қарым-қатынасын реттеп отырады (Мысалы, қазақ мәдениетіндегі
“Есіктен кіріп тӛрге озба”, “Аға тұрып, іні сӛйлемес” және т.б. мақал-мәтелдер).
Қоғамдық даму барысында адамдар қарым-қатынасын салт-дәстүрлерін реттеудің
орнын заң құқық жарғылықтары арқылы реттеу басады. Алайда, бұл
алдыңғылардың маңызын жоққа шығармайды. Қоғамда бұл екі реттеу түрлері бірін-
бірі толықтырып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |