Ақшұқыр мектеп-лицейі Математика әлеміне саяхат!



Дата28.09.2024
өлшемі0,9 Mb.
#146041
түріСабақ
Байланысты:
математика әлеміне саяхат 2-сыныптар (1)


Ақшұқыр мектеп-лицейі

Математика әлеміне саяхат!
(сабақтан тыс шара)

Дайындаған:Бекешова Қалдыгүл

Тақырыбы: «Математика әлеміне саяхат» математикалық сайыс
Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, әділ шешім айтуға, бірлікке ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
Дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа баулу.
Түрі: Жарыс сабақ

Әдістері:Сұрақ –жауап, сұхбаттасу, түсіндіру, көрнекілік, демонстрация
Сабақтың өткізілу формасы: Сынып болып жарысу
Көрнекілігі: Презентация
Сайыс сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар және оқушылар!
Уа, жарандар, жарандар!

Мына бізге қараңдар
Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қостаймыз
Кешіккенді тоспаймыз
Ғылымдардың атасы
Математика пәнінен
математика әлеміне сайысымызды бастаймыз.
Жүргізуші: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар
ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып,
берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің
керек. Сайысқа қатысушылар:

2- сынып оқушылары
Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық:

Сайыс 2-турдан тұрады,әр бөлімде 3 тапсырмадан
1-тур
Жұлдызды ұяшық деп аталады
«Кім жылдам»
«Ойлан тап»
«Математикалық жұмбақ»
2-тур
«Бәйге» Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына –дей келе, «Бәйге» кезеңіне де жеттік. бұл кезеңде топ басшылары сайысы. Берілген сұраққа 1 мин ішінде қай оқушы көбірек жауап береді. Ұзындық бірліктерін ата

1.Екі қолда қанша саусақ бар, он қолда ше?
(10, 50)
2.120 минут неше сағатқа тең?
(2 сағат)
3.Ұзындық өлшем бірліктерін ата
(сантиметр)
4. 1 т мақта ауыр ма, 1 т темір ауыр ма?
(тең)
5.Екі нүкте арасын қосқанда не пайда болады?
/ кесінді/
6.Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады?
(5 кг)
7.Қосу амалдарының компоненттерін ата?
/Қосылғыш, қосылғыш қосындының мәні/
8. 3х9=
/ 36/
9.350-150 дің айырмасы нешеге тең?
/200/
10. 5 жыл бұрын Ержан 3 жаста болған. Қазір Ержан неше жаста? 
/ 8 жас/ 
«Сиқырлы кесте»
«Ребус шешу»
Қорытынды кезең .
Жеңімпазды анықтау
Жүргізуші:
-Ендеше, сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын атап өтсек. Оқушыларды грамотамен марапаттау.
Математика-толған тәртіп, мағына мен мән

Математика-толған тамаша заңдылық пен сән
Математика-толып жатқан терең сыр
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір-дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер
.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет