8 минут
|
Жаңа сабақ
|
Қызығушылығын ояту
Жұмбақ шешу
Қар мұз еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады. ( Көктем)
Жасыл шалғындар,
Кемпірқосақ доғасы - аспанда.
Sun Lake жылытылған:
Барлық өзгермелі шақырады (Жаз)
Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады. (Күз)
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды. (Қыс)
.Сонымен балалар жылдың неше мезгілі бар екен?
Сендерге жылдың қай мезгілі ұнайды?
Ертегіні түсініп оқу
1 тапсырма. Ертегіде жылдың қай мезгілі туралы айтылып тұр?
Ғасыр бабаның Жыл атты жалғыз ұлы болыпты. Жыл төрт перзент сүйіпті. Екі ұл, екі қыз.
Үлкені- Қыс шатақ мінезді. Ә десе, мә деген сотқарлау, басынан сөз асырмайтын қиқар болыпты. Содырлау болғанымен, әкесі оны біреткейлігі шымырлығы үшін жақсы көріпті.
2- тапсырма. Мәтінге сәйкес келетін мақал-мәтелді анықта.
Екіншісі- Көктем жұрттан асқан көрікті. Жаны да нәзік, сұлу қыз болып өсіпті. Нені болса да шын жүрегімен қабылдайтын. Сезімталдығы мен көркемдігі үшін оны бәрі де жақсы көреді екен.
3- тапсырма. Жаз қандай қыз болды?
Үшіншісі-Жаз әпкесіне қарағанда ашық-жарқын. Жайдары мінезді, көңілді қыз болып өсіпті. Ол- аузын ашса, көмекейі көрінетін адалдығымен, таңғы шықтай мөлдір, пәктігімен көпке ұнапты.
4- тапсырма. Үзінді бойынша жоспар құр.
Ал ең кенжесі- Күз өте ерке болып өсіпті. Сәл нәрсеге бола ренжіп, бұртиып, қабағын түйе қалады екен. Кейде балаларға өкпелеп, әрең іркіп тұрған көз жасын тыя алмай, төгіп-төгіп жібереді екен. Әйтсе де Күзді жомарттығы мен ақкөңілдігі үшін бәрі де ұнатыпты.
|
Берілген тірек сөздер арқылы жыл мезгілдерін табу
Автор туралы түсіндіру
Аудио тыңдау арқылы жаңа сабақты түсіндіру
|
1.Аудио тыңдау арқылы ертегінің мазмұнын айта алады.
2. Сұрақтарға жауап бере алады.
3.Ертегі кейпкерлерін анықтайды, сипаттайды.
3.Мәтінді бөліктерге бөледі, жоспар құрады.
|
Презентация № 2
Презентация № 3
Презентация № 4
Презентация № 4
|