Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы педагогикалық пәндер бойынша виртуалды зертхана құру
Міндеттері:
қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы педагогикалық пәндер бойынша виртуалды зертхана құрудың теориялық ерекшеліктерін анықтау;
қазіргі ғылымдағы «виртуалды зертхана» ұғымын сипаттау;
білім беру жүйесінде виртуалды зертхананы пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;
педагогикалық пәндер бойынша виртуалды зертхананың мүмкіншіліктерін қарастыру;
виртуалды зертхананы құру қағидаларын қалыптастыру және мазмұнын әзірлеу;
виртуалды зертхана құралдары арқылы студенттердің пәндік құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін әзірлеу;
виртуалды зертханада аудиториялық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша оқытушылар құрамының біліктілік деңгейін арттыру іс-шараларын ұйымдастыру;
қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы педагогикалық пәндер бойынша виртуалды зертхананың тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеру, оның нәтижелерін қорыту және бағалау.
Күтілетін нәтижелер
Қашықтан оқыту үдерісінде виртуалды құралдарды әзірлеу және пайдалану бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттер талданады;