«Баланың бойында кітап оқуға, кітап
арқылы дүниені тануға деген қызығушылық
мектеп қабырғасынанқалыптасуы керек.
Ал кітапхана осы қызығушылықорталығы,
қызықты кітап әлеміне жетелейтін
орын болуы керек»
Қасым-Жомарт Тоқаев
Балалар жылы аясында «Оқуға құштар Қазақстан – оқуға құштар ел» жобасын қолдау мақсатында
«ПОЭЗИЯНЫҢ ЖАНДЫ СӚЗІ - 2022»
ҚАЛАЛЫҚ МӘНЕРЛЕП ОҚУ (on-linе) байқауын ӛткізу туралы
ЕРЕЖЕ
1 қазан - 9 желтоқсан 2022 жыл, Нұр-Сұлтан қаласы
Нұр-Сұлтан, 2022
«Поэзияның жанды сӛзі -2022» мәнерлеп оқу сайысы 2022-2023 жылдаы мерейтойы болатын ақындарға арналады
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже «Поэзияның жанды сӛзі -2022» мәнерлеп оқу байқауының (бұдан әрі - байқау) мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.
1.2. Байқауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» (01.01.2022 ж. ӛзгерістер мен
толықтырулар енгізілген); 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» (10.01.2022 ж. ӛзгерістер мен
толықтырулар енгізілген) Заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726 «Білімді ұлт» «Сапалы білім»
ұлттық жобасын бекіту туралы» Қаулысын іске асыруға бағытталған.
1.3. Байқаудың мәні - қатысушылардың 2022-2023 жылдардары мерейтойы болатын ақындарының шығармаларын мәнерлеп жатқа оқи отырып
кӛрсеткен ӛнері болып табылады.
1.4. Байқауды ұйымдастыру келесі аталған идеяларды жүзеге асыруға бағытталған:
1) қатысушылар арасында кӛркем мәтінді мәнерлеп оқу негіздері туралы түсініктерін дамыту, білім мен дағдыларын арттыру;
2) мәнерлеп оқу ӛнеріне, кӛпшілік алдында сӛйлеу мәдениетіне қызығушылықтарын арттыру;
3) білім беру ортасында медиа-мәдениетті дамытуды, қазіргі ақпараттық кеңістікте мәдени, рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |