Асырылады: бұзылған анализаторларын, психикалық функцияларының



Дата07.01.2022
өлшемі23,24 Kb.
#20430
Байланысты:
дисграфия


Дисграфияның классификациясы түрлі критерийлер негізінде іске

асырылады: бұзылған анализаторларын, психикалық функцияларының

бұзылуын, жазу операцияларының қалыптаспағандығын ескеру.

О. А. Токарева дисграфияның үш түрін бөледі: акустикалық,

оптикалық, моторлы.

Акустикалық дисграфия кезінде естіп-қабылдаудың

ажыратылымдығының, дыбыстық талдау мен жинақтаудың жеткілікті

дамымауы байқалады. Артикуляциясы және дыбысталуы бойынша ұқсас

әріптерді жиі тастап кету, алмастыру, сонымен қатар жазба жұмыстардан

дыбыс айтудың бұзылысы айқын көрінеді.

Оптикалық дисграфия көру әсері мен бейнелердің тұрақсыздығымен

байланысты. Жеке әріптер түрліше қабылданады. Көріп-қабылдауы нақты

болмағандықтан, олар жазуда алмасады. Көбіне келесі қол жазба әріптерді

алмастыру кездеседі:

П – Н, П – И, У – И, Ц – Щ,

Ш – И, М – Л, Б – Д, П – Т,

Н – К.

338


Оптикалық дисграфияның ауыр түрінде сөздерді жазу мүмкін емес. Бала

тек жеке әріптерді ғана жаза алады. Әсіресе солақайларда айналы керісінше

(зазеркальное) бейне жазу орын алады, ондай жағдайда әріптер бөлшектері

оңнан солға қарай жазылады.

Моторлы дисграфия. Оған жазу кезінде қол қимыл-қозғалысының

қиындығы, сөздің дыбыстық және көру бейнелері мен моторлы бейнелерінің

байланысының бұзылысы тән.

Қазіргі кездегі жазу үрдісін психологиялық және психолингвистикалық

зерттеу бойынша өзіне түрлі деңгейдегі көп мөлшердегі операцияларды

қосатын семантикалық, тілдік, сенсомоторлы сөйлеу тілінің күрделі түрі

екендігі анықталған. Осыған байланысты анализаторлы деңгейдің бұзылысы

негізінде бөлінген дисграфия түрлері қазіргі кезде жеткілікті түрде нақты

емес болып табылады.

М. Е. Хватцев бөлген дисграфия түрлерінде жазу бұзылысына деген

қазіргі түсініктерді қанағаттандырмайды. Оларды қарастырайық:

1. Акустикалық агнозия мен фонематикалық естуінің дефектісі

салдарынан болған дисграфия. Мұндай түрде көшіріп жазу сақталып, ауызша

сөйлеу тілі бұзылған болады. Бұзылыстың физиологиялық механизімі көру

мен естудің арасындағы бірлескен байланыстың бұзылысы болып табылады,

мұнда тастап кету, орын ауыстыру, әріптерді алмастыру, екі сөздің бір сөзге

бірігуі, сөздерді тастап кету т.б. қателер байқалады.

Бұл түрдің негізінде сөздің дыбыстық құрамын есту қабылдауының

дифференциациясының жоқтығы, фонематикалық талдаудың жеткіліксіздігі

жатыр.


Автор ақиқат бойынша жазу бұзылуының екі түрлерін қосады: дыбыс

дифференциациясының және фонематикалық талдау мен жинақтаудың

бұзылысымен байланысты.

2. Ауызша сөйлеу тіл бұзылысы салдарындағы дисграфия (графикалық

тілге шорқақтық). М. Е. Хватцевтің ойы бойынша ол дыбысты бұзып

айтудың салдарынан пайда болады. Бір дыбысты басқа дыбыспен алмастыру,

дыбыс айтуда кейбір дыбыстардың болмауы жазуда алмастыру мен тастап

кетулерге әкеледі. М. Е. Хватцев «тілге шорқақтықты бастан кешіруі»

салдары деп бөледі (Сауат ашудың алдында немесе кейіннен дыбыс айтудың

бұзылысы жоғалып кеткенде). Дыбыс айту күрделі болса, жазуда да түрлі

қателер болады.

Қазіргі кезде дисграфияның бұл түрі негізделген болып есептеледі.

3. Дыбыс айту ритмінің бұзылысы салдарынан пайда болған дисграфия.

М. Е. Хватцевтің көз қарасы бойынша дыбыс айту ритмінің бұзылысы

салдарынан жазуда дауыстылар, буын, жалғаулардың тасталып кетуі

байқалады. Бірақ көрсетілген қателер фонематикалық талдау мен

жинақтаудың немесе сөздің дыбыстық-сөздік құрамының бұзылысымен

негізделген болуы мүмкін.

4. Оптикалық дисграфия. Бас миындағы оптикалық сөйлеу тіл жүйесінің

бұзылысы немесе жетілмеуінен пайда болады. Әріптің, сөздің, көру

бейнесінің қалыптасуы бұзылады. Литеральды дисграфия кезінде балада

339


әріптің көру бейнесі бұзылады, оқшауланған әріптердің бұзылысы,

алмасулары байқалады. Вербальды дисграфия кезінде оқшауланған

әріптердің жазылуы сақталған болып табылады, бірақ сөздің көру бейнесі

қиындықпен қалыптасады, бала сөзде көп қате жіберіп жазады.

Оптикалық дисграфия кезінде бала қол жазбалы графикалық ұқсас

әріптерді ажырата алмайды: п-н, п-и, с-о, и-ш, л-м.

5. Моторлы немесе сенсомоторлы афазия кезіндегі дисграфия сөз, сөйлем

құрылымының бұзылысы, алмасуында байқалады және бас миының

органикалық бұзылысы салдарынан ауызша сөйлеу тілінің жоқтығымен

негізделеді.

Толығырақ негізделген А. И. Герцен атыдағы ЛГПИ-дің логопедия

кафедрасының қызметкерлерімен құрылған жіктелімі болып табылады. Бұл

жіктелім жазу үрдісіндегі белгілі бір операциялардың қалыптаспағандығын

негізге ала отырып құрылған. Дисграфияның келесі түрлері бөлінеді:

артикулярлы-акустикалық, фонемді тану (фонемді ажырату) бұзылысы

негізіндегі, тілдік талдау мен жинақтау бұзылысының салдарындағы,

аграмматикалық және оптикалық дисграфия.

1. Артикулярлы-акустикалық дисграфия М. Е. Хватцевтің бөлген ауызша

сөйлеу тілінің бұзылысы салдарынан болған «жазудағы тілге шорқақтық»

дисграфиясына ұқсас. Бала қалай айтса, солай жазады. Оның негізінде жазу

кезіндегі дыбыс айтудың бұзылуы, бұрыс дыбыс айтуға сүйенуінің

байқалуында жатыр. Яғни бала өзінің дыбысты бұзып айтуын жазуда

бейнелейді.

Артикулярлы-акустикалық дисграфия әріптерді алмастыру, тастап

кетумен сиптталады. Көбіне дизартрия, ринолалия, полиморфты сипаттағы

дислалияда байқалады. Кейде ауызша сөйлеу тілінде алмастыруды

жойғанымен, жазуда олар қалып қояды. Мұндай жағдайда іштен оқуда дұрыс

артикуляцияға жеткілікті сүйеу жоқ, өйткені әлі дыбыстардың нақты

кинестетикалық бейнелері қалыптаспаған деп болжамдауға болады. Бірақ

жазуда дыбыстарды тастау, алмастыру көп байқала бермейді. Бұның

негізінде сақталған функциялардың арқасында компенсация есебімен жүреді

(мысалы нақты есту дифференциация есебімен, фонематикалық

қызметтердің қалыптасқандығынан).

2. Фонемді тану бұзылысы негізіндегі дисграфия (фонемді

дифференциациялау). Қалыптасқан терминология бойынша, бұл –

акустикалық дисграфия. Фонетикалық жақындығы бойынша сәйкес

әріптерді алмастыруы байқалады. Өйткені, ауызша сөйлеу тілінде дыбыстар

дұрыс айтылады. Келесі дыбыстарды білдіретін әріптер алмастырылады:

ысқырық және ызың, африкаттар мен солардың құрамындағы компоненттер

(ч-т', ч-щ, ц-т, ц-с). Көбіне дауыстыларды (мысалы о – у) алмастыру

кездеседі.

Сенсорлы алалия және афазияда фонемді тану бұзылысы негізіндегі

дисграфия байқалады. Ауыр жағдайларда алыс артикулярлы акустикалық

дыбыстарды белгілейтін (л –к, б –в, п –н) әріптер араластырылады. Сонымен

қатар дыбыстарды айту, араластырылған әріптерге сәйкес, қалыпта болып

табылады.

Дисграфияның бұл түрінің механизімі туралы бірдей көзқарас жоқ. Бұл

фонемді тану үрдісінің күрделігімен түсіндіріледі.

Зерттеушілердің (И. А. Зимняя, Е. Ф. Соботович, Л. А. Чистович) ойлары

бойынша фонемді танудың көп деңгейлі үрдісі түрлі операциялардан тұрады:

1. Қабылдау кезінде сөйлеу тілінің есту талдануы іске асырылады.

2. Акустикалық бейне артикуляторлы шешімге ауысады, ол

проприоцептивті талдаумен, кинестетикалық қабылдау мен түсінікпен

қамтамасыз етіледі.

3. Есту және кинестетикалық бейнелер шешімді қабылдауға керекті

уақытқа тежелінеді.

4. Дыбыс фонемамен сәйкестендіріледі, фонеманы таңдау операциясы

жүреді.


5. Есту және кинестетикалық бақылау негізінде бейнемен бірігіп жүреді,

одан кейін соңғы шешім қабылданады.

Жазу үрдісі кезінде бұл үрдісті функциялау күрделене түседі, фонема

әріп белгілі бір көру бейнелерімен сәйкестендіріледі.

Кейбір авторлар (С. Борель-Мезонни, О. А. Токарева) фонетикалық

жақын дыбыстарды білдіретін әріптерді алмастыру негізінде есту-қабылдауының, дыбыстарды естіп-ажыратуының анық еместігі жатыр деп

ойлайды.

Дұрыс жазу үшін, ауызша сөйлеу тіліне қарағанда дыбыстарды

ажыратуға есту қабілетінің жете дамығандығы керек. Ауызша сөйлеудегі

есту дифференциациясының кішкене ғана анық еместігі сөйлеу

тәжірибесінде бекітілген моторлы стериотиптер, кинестетикалық бейнелер

есебімен толығуы мүмкін. Ал жазу үрдісі кезінде фонемді дұрыс танып,

таңдау үшін мағыналы ажыратылмалы болып табылатын, барлық

акустикалық дыбыстардың толық талдануы қажет.

Басқа жағынан жазу үрдісінде дыбыстарды ажырату, фонемді таңдау

кезектілі іс-әрекет есту бейнелері, елестету арқылы іске асырылады.

Фонетикалық жақын дыбыстарды естіп елестетудің нақты еместігінің

салдарынан фонеманың таңдалуын қиындатады, соның салдарынан жазуда

әріп алмастыру пайда болады.

Ақыл-ойы кем балалардың жазуын зерттеген басқа авторлар (Е. Ф.

Соботович, Е. М. Гопиченко) әріптерді алмастыруды, балалар фонемді

тануда дыбыстардың артикулярлы белгілеріне сүйенеді және сонымен бірге

есту бақылауын сезінбейді дегенмен байланыстырады.

Осы зерттеулерге қарама-қарсы Р. Беккер және А. Коссовский

фонетикалық жағынан жақын дыбыстарды белгілейтін әріптерді

алмастырудағы негізгі механизм кинестетикалық талдаудың қиындығы деп

санайды. Олардың зерттеулері көрсеткендей, дисграфиясы бар балалар жазу

кезінде кинестетикалық сезінулерді (іштей оқу) жете толық қолданбайды.

Оларға есту диктанты мен өз бетінше жазуда ойша оқу аз көмектеседі. Ойша

оқуды алып тастау (Л. К. Назарованың әдістемесі бойынша) жазудағы

қателер санына әсерін тигізбейді, яғни олардың көбеюіне соқтырмайды.

Сонымен бірге жазудағы іштей оқуды алып тастау дисграфиясы жоқ

балаларда қателерді 8-9 есе көбейтеді.

Кейбір авторлар жазудағы әріптерді алмастыруды фонематикалық

жетілмеушілікпен, фонема туралы бейнелерінің қалыптаспағандығы және

фонемді таңдау операциясының бұзылысымен байланыстырады (Р. Е.

Левина, Л. Ф. Спирова).

Дұрыс жазу үшін барлық фонемді ажырату мен таңдау операцияларының

жеткілікті деңгейі қажет. Кез келген бір түйіннің бұзылысы (есту,

кинестетикалық талдау, фонемді таңдау операциялары, есту және

кинестетикалық бақылаудың) жалпы фонемді танудың барлық үрдісі қиынға

түседі, ол жазуда әріптерді алмастырудан байқалады. Сондықтан фонемді

тану операцияларының бұзылысы есебімен бұл дисграфия түрінің келесі

түрлерін бөлуге болады: акустикалық, кинестетикалық, фонематикалық.

3. Тілдік талдау мен жинақтау бұзылысы салдарындағы дисграфия.

Оның негізінде түрлі тілдік түрлердің талдануы мен жинақтауының

бұзылысы жатыр: сөйлемдерді сөздерге бөлу, буындық және фонематикалық

талдаулар мен жинақтау. Фонематикалық талдау тілдік талдаудың күрделі

түрі. Оған келесі қателер жатады: дауыссыздар қатар келген жағдайда

тастау; дауыстыларды тастау; әріптерді алмастыру; әріп қосу; буындарды

алмастыру, қосу, тастап кету. Жазуды дұрыс меңгеруде оқушы

фонематикалық талдауды ішкі жоспарында қалыптастыруы керек.

Сөйлемдерді сөздерге бөлу кезінде сөздердің бірге жазылуы кездеседі,

жалғауларды бөлек жазуы да кездеседі. Фонематикалық талдаудың

бұзылуынан пайда болған жазудың бұзылуы туралы Р. Е. Левина, Н. А.

Никашина, Д. И. Орлова, Г. В. Чиркинаның еңбектерінде көрсетілген.

4. Аграмматикалық дисграфия Р. Е. Левина, И. К. Колпаковская, Р. И.

Лалаева, С. Б. Яковлеваның еңбектерінде сипатталған. Ол сөйлеу тілінің

грамматикалық жағының дамымауымен байланысты (морфологиялық,

синтаксистік жалпылау). Бұндай дисграфия түрі сөз, сөйлем, мәтін

деңгейінде көрінеді, сонымен қатар лексикалық-грамматикалық

дамымауының құрамды бөлігі болып саналады. Олар көбіне дизартрия,

алалия, ақыл-ойы кем оқушыларда кездеседі. Байланыстырып жазуда

балаларда сөйлем арасында логикалық және тілдік байланысынан

қиыншылықтары туындайды. Жағдайды бейнелеуде сөйлемдердің реттілігі

кейде сәйкестендірілмейді, бөлек сөйлемдердің мағыналық және

грамматикалық арасындағы байланыстары бұзылады.

5. Оптикалық дисграфия. Көру гнозисінің, талдау мен жинақтау,

кеңістікте бағдарлаудың дамымауымен байланысты, жазуда әріптің

алмасуымен және шатастыруымен бейнеленеді. Көбінесе графикалық ұқсас

қол жазбалық әріптер алмастырылады: бір элементтен тұратын, бірақ

кеңістікте әртүрлі орналасатын (в-д, т-ш); бірдей элементті, қосымша

элементтермен ажыратылатын (и-ш, п-т, х-ж, л-м): әріптердің керісінше

көріністе жазылуы (с-“ ”, э-“ ”), бірдей элементті құрайтын, әріптерді бір-

біріне қосуда элементтерді тастап кету (ау-“ ау ” ), артық ( ш- “ ш” ) және

элемменттерді дұрыс орналастырмауы ( х-“сс”, т- “пп ” ).

6. Литеральды дисграфия кезінде оқшауланған әріптерді тану мен

айтудың бұзылысы байқалады. Вербальды дисграфия кезінде оқшауланған

әріптер дұрыс айтылып, бірақ сөзді жазғанды бұзылыстар, оптикалық

сипаттағы дыбыстарды алмастыру байқалады.

И. П. Корнев жазудың ерекше бұзылу жүйесін толықтырып, дисграфияны

төмендегідей түрлерге бөледі:

1. паралаликалық дисграфия;

2. фонемді тану бұзылысы негізіндегі дисграфия;

3. тілдік талдау мен жинақтау бұзылысы салдарындағы дисграфия;

4. диспарксикалық дисграфия.

Дисграфия ( Аграфия)

Дисфонологиялық дисграфия

Метатілдік дисграфия

Паралаликалық дисграфия



фонематикалық дисграфия талдау жинақтаудың бұзылуы салдарынан болған дисграфия диспраксикалық( моторлы) дисграфия көптеген дыбыстардың бұзылуы. Дыбыстардың алмасуы, бұзылуы мен қатар шатастыру кездеседі. Дыбыс айту қиыншылықтары сөздің буындық құрамының бұзылуына әкеледі( буынды, дыбысты тастап кету, орнын алмастыруға ) көп жағдайда бала өзі дұрыс айтатын дыбыстарды да алмастырып,шатастырады.

Ондай ауызша тілі мөлшерде дамыған балалардың жазуында акустикалық – артикуляция ұқсас дыбыстарды(с-з, с-ш т.б.) шатастырумен қос әріпті тастап кету, орфографиялық қателер жиі кездеседі. Жұмыс жасау қабілеті, зейінін шоғырландыру және бөлу қабілеті төмен. Дыбыстық талдауы нашар. Жазуда әріпті, буынды тастап кету, орын алмастыру жиі кездеседі. Мәтінді сөйлемге бөлуі бұзылады. Танымдық процестері жетілмеген. Ерікті зейін қойып, бір нәрсеге көңіл бөлуі нашар. Талдауды тек айтып отырып қана орындай алады. Ол сөздегі дауысты дыбыстарды дұрыс анықтау мүмкіншілігін төмендетеді, негізгі белгісі —әріптің графикалық белгісін меңгере алмауы. Жазудағы қателер: жазуы ұқсас элементтері бар әріптер ( л-м,и-у, п-т, д-б, х-ж, и-ш) алмастыру; элементтерді жазбай тастап кету; оптикалық ұқсас әріптерді ( т-ш, в-д, и-п, з-е) сирек шатастырады саусақ праксисі бұзылған. Бір қимыл түрінен екінші түріне балалардың көбінде зейіні нашар, бір нәрсеге көңілін тоқтата алмауы байқалды. Вербальдық логикалық қабілеті төмен,ырғақтылықты ( ритм) қайталауы қиын, қолдың ұсақ бұлшық еттері әлсіздігі болады. Сөз қоры кедей, интеллектуалды дамуы төмен. Ұқсас оппозициялық буындарды ( ла-ра, са-за т.б.) қайталағанда көп қателеседі. Ырғақтылықты, сан ретін қайталауда қиындық байқалады. Контрасты буындарды( пава)қайталағанда қиналмайды. Соның салдарынан жазуда әріпті тастап кету қателері жиі кездеседі. Көшуі бәсең, жазуда әріптерді алмастыру қимыл стеротиптің бәсендеу салдарынан болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет