Асқорыту процесі туралы жалпы түсінік



бет1/3
Дата24.09.2024
өлшемі74,17 Kb.
#145541
  1   2   3
Байланысты:
патфиз сроп

Пневмония 

Орындаған:Айтақын Аймен,

Группа ; 302-Б

Жоспар

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Қорытынды
  • Қолданылған әдебиеттер

Пневмония

Пневмония — өкпенің респирациялық бөлшектерінің басым зақымдануымен, альвеолалардың экссудациясымен сипатталатын, бірақ зақымдалған анатомиялық құрылымдардың бұзылысына әкелмейтін өкпенің жедел инфекциялық қабыну процесі.

Этиологиясы

Пневмонияның дамуына көптеген қоздырғыштар - бактериялар, микроплазма, хламидия, легионелла, саңыраукұлақшалар, қарапайымдар т.б. әкеледі. Этиологиясына карай пневмонияның 40-ка жуық түрлері белгілі. Көптеген мәліметтер бойынша вирустар тыныс жолдарының жыбыр эпителиін зақымдау, қорғаныс қасиетін төмендету арқылы бактериялық флораның енуіне жол ашады.

Дерттің дамуында қоздырғыштармен қатар бейімдеуші ықпалдардың да маңызы зор: суықтау (пневмония салқын мезгілдерде жиіленеді); кеуде сарайының жарақаттары; іш қуысының операциялары; дене қимылын шектейтін ауыр жағдайлар; аспирацияға алып келетін себептер (ингаляциялық наркоз, алкогольмен улану, кома, жуйке аурулары); балалық және көрілік жас (беске толмаған балалар және 65-тен асқан кәрі жастағылар); тыныс жолдарының фондық аурулары (бронхтық астма, бронхит, даму акдулары, ЛОР патология, болып өткен пневмониялар); шылым шегу; қоршаған ортаның зиянды әсерлері; жүрек шамасыздығы; иммундық супрессия, иммундық тапшылық жағдайлары: цитостатиктік, стероидтық ем, лейкопения, қантты диабет, ЖИТС

Патогенезі

Пневмонияның басты себепкері - инфекциялық қоздырғыштар. Оның дамуы инфекцияның сырттан түсуінен немесе ішкі флораның белсенділігінің артуынан болады.

Экзогендік инфекция немесе аутоинфекция өкпенің респирациялық бөліктеріне бронхтар, қан, лимфа арқылы түседі, бірақ инфекция түсуінің негізгі жолы — бронхтар. Ингаляция немесе аспирация арқылы түсетін мұрынның, көмекейдің, жүгқыншақтың микроорганизмдері. Мұрын, ауыз, жүтқыншакгың кілегей қабығын мекендеген микроорганизмдер ласталған секретпен аспирацияланып өкпенің респирациялық бөліктеріне түседі. Осылайша, мұрынның, қосымша қуыстардың немесе бадамша бездерінің микрофлорасы пневмонияға соктырады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет