САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
40
Қорытынды. Қоғамда болып жатқан барлық құбылыстар
мен процестер
функционалды болуы тиіс, яғни оның:
•
аман қалуына;
•
қоршаған ортаға бейімделуіне;
• дамуына ықпал етуі керек.
Функционалды немесе дисфункционалдының бәрі
бірте-бірте жойылады. Қарастырылып отырған феноменнің
функцияларын анықтау мен сипаттау
функционалды
талдаудың басты міндетіне айналады.
Жүйелі тәсілдеме қоғам өміріндегі саясаттың орнын
анығырақ анықтап, ондағы әлеуметтік өзгерістердің
тетігін көрсетуге мүмкіндік берді. Функционалды тәсілдеме
шеңберінде саясат - салыстырмалы түрде алғанда дербес
сала, ондағы оның негізгі мәні - ресурстарды бөлу және
құндылықтардың бұл бөлінісін индивидтер, топтар
арасында қабылдануына итермелеу Г. Алмонд саясаттануды
қарастырғанда құрылымдық-функционалдық тәсілдеме
ұстанудың неғұрлым бірізді өкілі ретінде саналады.
Г. Алмонд саяси жүйені азды көпті легитимді физикалық
мәжбүрлеуді қолдану арқылы немесе қолдану мүмкіндігімен
қорқыту арқылы бірігу мен бейімделу
функцияларын
орындайтын (қоғам ішінде, одан тыс және қоғамдар
арасында) барлық дербес қоғамдарда бар өзара әрекет
жүйесі ретінде анықтайды.
19
Оның пікірінше, саяси жүйе қоғамдағы легитимді, тәртіпті
сақтаушы және қайта құрушы жүйе болып табылады. Бұл
қоғамның «кіріс» және «шығыс» факторларының бәрін
қамтитын және оған айырықша қасиеттер мен мағына
беретін, жүйе ретінде оның тұтастығын қамтамасыз ететін
заңдастырылған күш.
Достарыңызбен бөлісу: