Аспектілер мен



Pdf көрінісі
бет45/78
Дата07.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#18871
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   78
Ч. Эндрейн саяси жүйелерді түрлерге бөлу әдісі үшін үш 
критерийді енгізді: 
1)  саяси  міндеттер  мен  мақсаттарды  қалыптастыратын 
адамгершілік құндылықтар мен материалдық мүдделер; 
2)  мемлекеттің  әлеуметтік  топтардың  үстінен  орнатқан 
билігі, ал кең мағынада - үкіметтің саяси процеске ықпалы; 
3)  басқарушылар  мен  басқарылушылар  арасындағы 
қашықтық,  саясаткерлер  мен  қоғамның  қарапайым 
28 
Хантингтон  С.  Столкновение  цивилизаций?  //  Полис.  1994.  №  1.  -  С.  33—48; 
Хантингтон С. Третья волна. Демократизация в конце ХХ века/ Пер. с англ. – М.: 
«Российская политическая энциклопедия» (РОССПЭН), 2003. - С. 17-20; Хантингтон 
С.  Политический  порядок  в  меняющихся  обществах.  –  М.:  Прогресс-Традиция, 
2004. - С. 179.


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
59
мүшелерінің жүріс-тұрысы. 
Нәтижесінде  ол  жүйелерді  (режимді)  келесі  түрлерге 
жіктеді: 
• халықтық (тайпалық); 
• бюрократиялық авторитарлық; 
• элитистік мобилизациялық; 
• келістірушілік.
29
Халықтық (тайпалық) режимдердің терімшілік, егін жинау 
сынды  материалдық  қызметтері  рухани-адамгершілік 
құндылықтармен,  мәселен,  құдайларды  құрмет  тұтумен 
тығыз  байланысты.  Басқарушылар  мен  бағыныштылар 
арасындағы қашықтық болмашы ғана.  
Бюрократтық авторитарлық режимде мемлекет барлық 
әлеуметтік топтарды қатаң бақылауда ұстайды, жекелеген 
тұлғалар билікке қарсы тұруға мүлдем дерлік мүмкіндігі жоқ. 
Материалдық  мүдделер  мен  адамгершілік  құндылықтар 
күрт бөлінген. 
Мобилизациялық  (жұмылғыш)  режимдегі  биліктері 
күшті  мемлекетті  басқарады;  әлеуметтік  топтар  күшті 
мемлекеттерден  аз  ғана  дербестік  алады;  басқарушылар 
мен басқарылушылар арасындағы қашықтық үлкен. 
Келісімпаз  режим  плюралистикалық  моделді  жүзеге 
асырады. Мемлекеттің мүмкіндіктері шектеледі. 
Ч.  Эндрейн  бөліп  көрсетілген  режимнің  ішінде 
демократия жағдайындағы ең тиімдісі келісімпаз тип деп 
қорытынды  жасайды.  Оның  көшбасшылары  түрлі  топтар 
мүдделерінің  қақтығысын,  ұйымдық  плюрализмді  және 
азаматтардың саясатқа ерікті түрде қатысуын легитимді деп 
таниды. Көшбасшылар өз қарсыластарымен компромиске 
бейім. Консенсусқа бағытталған стратегиялар икемді саяси 
жолдар жасауға септігін тигізеді. 
Мобилизациялық режимдер социализмге жақын болады. 
Популист-мобилизаторлар  саяси-экономикалық  теңдік 
орнатып,  қалың  бұқараның  саясатқа  кеңінен  араласуына 
қол жеткізуге ұмтылады. 
Ч.  Эндрейн  «ұйымдаспағандарды  ұйымдастыру», 
29 
Чарльз Ф. Эндрейн. Сравнительный анализ политических систем. Пер. с англ. 
М.: Издательский дом «ИНФРА-М», Издательство «Весь Мир», 2000. - С. 19.


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
60
әлсіздерге күш беру, кедейлерді бай қылу өте қиын екенін 
атап  өтеді.  Идеологияның  қасиетті  мұратына  деген  сенім 
жоғалған кезде, мемлекеттік бюрократия социалистік қайта 
құрулардан гөрі ағымдағы режимді қорғауға ұмтылады. 
Саяси ғылымда саяси жүйелерді жіктеудің басқа да түрі 
бар. 
Саяси биліктің қайнар көзінің негізінде демократиялық 
және  автократиялық  саяси  режимдерді  бөліп  көрсетеді. 
Мұнда  билік,  тұлға  және  қоғам  арасындағы  қатынастар 
және  осыған  байланысты  қолданылатын  басқару  әдістері 
қарастырылады. 
Тұлғаның қоғамдағы орнына (азаматтардың құқықтары 
мен еркіндіктерінің болуы және жариялануы не болмауы), 
биліктің  орталықтану  дәрежесіне  және  оны  жүзеге  асыру 
әдістеріне қарай саяси жүйелердің екі түрі бөліп көрсетіледі. 
Болмыстық  қатынасына  орай:  консервативті  және 
реформаторлық саяси жүйелер бар. Бірінші жүйелер саяси 
институттардың  салыстырмалы  түрдегі  тұрақтылығымен 
сипатталады.  Ал  екінші  жүйелерде  қандай  да  бір  саяси 
институттар қалыптасады немесе дамиды. Даму бағытына 
орай  саяси  жүйелердің  прогрессивті  және  реакциялық 
түрлерін айқындайды.
Саяси партиялардың қоғамдағы қызметі негізінде келесі 
саяси партияларды бөліп көрсетеді:
бірпартиялық
біржарым партиялық
қос партиялық
• көппартиялық. 
Саяси биліктің негізгі институттарының басқару формасы 
мен құрылысы жөнінен: 
• монархиялық (абсолютті және конституциялық); 
•  республикалық  (парламенттік,  президенттік  және 
аралас). 
Елдің әкімшілік-аумақтық құрылысы жағынан: 
унитарлық
• федерациялық ; 
• конфедерация. 
Саяси жүйелерді: 


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
61
• дәстүрлі; 
• модернизацияланған деп жіктеу кеңінен тараған. 
Дәстүрлі  жүйелердің  негізінде  дамымаған  азаматтық 
қоғамды,  саяси  рөлдердің  болмашы  саралануын,  билікті 
негіздеудің харизматикалық әдісін бөліп көрсетеді. 
Модернизацияланған  жүйелерде  дамыған  азаматтық 
қоғам,  саяси  рөлдердің  диверсификациясы,  билікті 
негіздеудің рационалды әдісі орын алған. 
Саяси 
даму 
процесі 
дәстүрлі 
жүйеден 
модернизацияланған жүйеге өту ретінде көрсетіледі. 
Тұрақтылық  дәрежесіне  қарай  жүйелер  келесідей 
бөлінеді: 
•  консервативті,  орнатылған  тәртіпті  қолдап,  ұстап 
тұрады; 
•  өзгермелі  (трансформацияланушы),  реформалар 
жүргізуге деген серпінділігімен, бағдарымен ерекшеленеді.
Сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасы сипатына қарай 
саяси жүйелер: 
• ашық; 
• жабық деп те жіктелуі мүмкін. 
Ашық  саяси  жүйелер  сыртқы  ортамен  ресурстармен 
белсенді алмасады, өзге жүйелердің озық құндылықтарын 
табысты  түрде  орнатады,  ширақ  әрі  серпінді  (батыстың 
дамыған демократиялық елдері). 
Жабық  саяси  жүйелердің  сырты  ортамен  байланысы 
шектеулі,  басқа  жүйелердің  құндылықтарын  қабылдауға 
құлықсыз және өзіне өзі жеткілікті, яғни даму ресурстары 
жүйенің өз ішінде (КХДР, Куба, Иран). 
Үстемдік  еткен  басқару  әдістері  мен  саяси  қарама-
қайшылықтарды шешу әдістері бойынша жүйелер: 
•  командалық  (басқарудың  мәжбүрлеу  әдістерін 
қолдануға сүйенген); 
•  жарыстық  (басқару  міндеттері  түрлі  саяси  күштердің 
өзара күресі барысында шешіледі); 
•социотабыстырушы(әлеуметтік келісімді сақтауға және 
қақтығыстарды еңсеруге бағытталған). 


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
62


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет