Аспектілер мен



Pdf көрінісі
бет52/78
Дата07.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#18871
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78
Байланысты:
Политическая система каз А5

•  Бесінші  кезең  (2012  жылдан  қазіргі  уақытқа  дейін)  – 
2012  жылғы  Мәжіліс  сайлауы;  Парламенттің  үшпартиялық 
палатасының қалыптасуы; 2016 жылғы Мәжіліс сайлауы; саяси 
жүйені одан әрі дамыту перспективалары.
32
1. Қазақстандық қоғамның модернизациялық өзгерістері 
тәуелсіздік алумен байланысты. 
1990  жылғы  25  қазанда  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің  
«Қазақ 
КСР 
мемлекеттік 
егемендік 
туралы» 
Декларациясының  қабылдануы  Қазақстан  үшін  саяси-
құқықтық тарихтағы жаңа белес болды. 
Декларация  мемлекеттің  ұлттық  заңнамасының 
және  жаңа  Конституциясының  қалыптасуына  негіз  бола 
білді.  Сонымен  бірге  Декларация  жаңа  саяси  жүйенің 
32 
Джунусова  Ж.Х.  Республика  Казахстан:  Президент.  Институты  демократии: 
Монография. – Алматы: Жетi Жаргы, 1996. - С. 218; Сейлеханов Е.Т. Политическая 
система  Республики  Казахстан:  опыт  развития  и  перспективы:  Монография.  — 
Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2009. – С. 124-139.


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
67
институционалдық  негіздерін  қалаудың  алғышарты  мен 
бастаушысы  қызметін  атқарды.  Бұл  процесс  тәуелсіздік 
жылдарында дами түсті.  
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 
16  желтоқсанда  қабылданған  «Мемлекеттік  тәуелсіздік 
туралы»  Конституциялық  заң  мемлекеттік  тәуелсіздікті 
жариялаған  ресми  құжат  еді.  Онда  тәуелсіз  мемлекет 
ретінде  Қазақстан  Республикасының  өз  аумағы  бар  және 
онда толық билікке ие. 
Қазақстандағы  пост-коммунистік  ауысу  саяси  жүйені 
өзгертуден басталды. 
Саяси  салада,  ең  алдымен,  кеңестік  саяси  мұраның 
қалдықтарынан арылу қажет болды. Бұл процестің негізгі 
құраушылары: 
• биліктердің бөліну принципін жүзеге асыру; 
• саяси плюрализмді енгізу; 
• көппартиялы саяси жүйені қалыптастыру. 
Қазақстанның  жаңа  конституциялық  заңнамасының 
қалыптасу тарихы өз бастауын Қазақ КСР-ның «Президент 
лауазымын  енгізу  туралы»  1990  жылғы  24  сәуірдегі 
Заңымен  Қазақ  КСР  Конституциясына  өзгерістер  енгізген 
кезден  бастау  алады.  Президент  лауазымы  республикада 
жүзеге  асырылатын  терең  саяси  және  экономикалық 
қайта  құруларды,  конституциялық  құрылысты  нығайтуды 
қамтамасыз ету мақсатында енгізілді. 
1990  жылғы  24  сәуірде  Жоғарғы  Кеңес  ҚазКСР 
Компартиясының  ОК  Бірінші  хатшысы  Н.Ә.  Назарбаевты 
ҚазКСР Президенті ретінде сайлады (318 дауыс «қолдаған», 
18 дауыс «қарсы болған»).
  1991  жылы  тамыз  бүлігі  күйрегеннен  кейін  және  де 
КСРО-да қоғамдық-саяси өмірдің күрт өзгеруіне орай Қазақ 
КСР  Президентін  бүкілхалықтық  сайлау  қажеттілігі  туды, 
бұл  оны  кең  легитимді  негізбен  қамтамасыз  ету  үшін  де 
жасалған болатын.   
Депутаттық корпустың бастамасы бойынша 1991 жылғы 
1  желтоқсан  сайлау  күні  ретінде  таңдалды.  Алғашқы 
бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев 98,7 % дауыс 
жинады. 


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
68
Президенті  тікелей  сайлау  мемлекет  басшысы  билігін 
легитимді ету  жүйесін өзгертіп қана қоймай, республикада 
президенттік  биліктің  қалыптасу  процесінде  де  үлкен 
рөл  ойнады.  Президентке  сенім  вотумы  жоғары  өкілетті 
органның еркіне тәуелді болуын тоқтатты. 
Конституциялық  заңнаманың  екінші  кезеңі  «Қазақ 
Кеңестік  Социалистік  Республикасының  атауын  өзгерту 
туралы»  Қазақ  КСР-ның  1991  жылғы  10  желтоқсандағы 
Заңын  қабылдаған  уақыттан  басталады.  Алайда  бұл  Заң 
конституциялық  деп  аталмаса  да,  ол  іс  жүзінде  сондай 
болды, себебі Қазақ КСР-ның Конституциясының өзгерістер 
енгізді.
Заңда алғаш рет тәуелсіздік жарияланды, онда тәуелсіз 
мемлекетке тән элементтер бекітілді: 
• бірыңғай азаматтық; 
• территориялық дербестік; 
• мемлекеттік органдардың дербес жүйесі; 
•  тәуелсіз  мемлекеттің  мәртебесіне  сай  дербес 
экономикалық жүйе; 
• өзінің қарулы күштерінің болуы. 
Осылайша  Қазақстан  әлемдік  қауымдастық  қатарына 
дербес мемлекет ретінде қосылды. 
«Кеңестік  мұраны  демонтаждау»  процесінде  биліктің 
заң  шығарушы  тармағының  трансформациясы  маңызды 
орын алды. 
КСРО-ның саяси негізін Халық депутаттарының кеңестері 
құрағандықтан мемлекеттік биліктің демократиялық қайта 
құрулары  міне  соларды  реформалаудан  басталды.  1989 
жылғы 22 қыркүйектегі ҚазақКСР Конституциясына жасалған 
түзету арқылы  түрлі деңгейдегі - Жоғарғыдан ауылдықтарға 
дейінгі  Кеңестердің  мәртебесі  өзгертілді.  Осыдан  кейін 
олар мемлекеттік биліктің өкілетті органдарының біртұтас 
жүйесіне  айналды  (мемлекеттік  билік  органдарының 
біртұтас жүйесінен гөрі). 
Республика Президенті лауазымын енгізу ел ішінде және 
халықаралық қатынастарда Қазақ КСР атынан әрекет ететін 


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
69
Жоғарғы Кеңес Төрағасының өкілеттіліктеріне ықпал етті.
33
 
Саяси жүйені одан әрі қарай реформалау Қазақ КСР-ның 
мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияда мемлекеттік 
билікті  заң  шығарушы,  атқарушы  және  сот  билігі  болып 
бөліну  принциптерін  бекіту  арқылы  көрініс  тапты. 
Жекелей  алғанда,  Декларацияда  заң  шығарушы  билікті 
Жоғарғы  Кеңес  атқарады,  Прездент  республика  басшысы 
болып  табылды  және  жоғары  ұйғарымдық-атқару  билігін 
иемденген, ал жоғарғы сот билігі Қазақ КСР-ның Жоғарғы 
Сотына тиесілі болды. Аталған қағида нормативті тұрғыда 
1990 жылғы қарашада бекітілді.
34
1992  жылғы  мамырда  Қазақстан  Республикасының 
Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет 
ретінде  құрылуы  мен  даму  стратегиясы»  деп  аталатын 
құжатты  жариялады.  Бұл  маңызды  құжатта  Қазақстанның 
егемен  мемлекет  ретінде  стратегиялық  мақсаттары  мен 
дамудың концептуалды моделдері айқындалды.  
1993  жылғы  10  желтоқсанда  Жоғарғы  Кеңес 
«Қазақстан  Республикасының  Халықтық  депутаттар 
жергілікті 
кеңестерінің 
өкілеттіктерін 
мерзімінен 
бұрын  тоқтату  туралы»  Заң  қабылдады.  Дәл  осы  күні 
Қазақстан  Республикасының  Жоғарғы  Кеңесі  «Қазақстан 
Республикасының Президентіне және жергілікті әкімдіктер 
басшыларына  қосымша  өкілеттіктерді  беру  туралы»  Заң 
қабылдады,  Жоғарғы  Кеңестің  360  депутатының  200-де 
астамы өз өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатты, соның 
нәтижесінде  1993  жылғы  10  желтоқсанда  Жоғарғы  Кеңес 
өзін-өзі тарату жөнінде шешім қабылдады.
Заң  жаңа  сайланған  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы 
Кеңесінің бірінші сессиясы жұмысының басталу уақытына 
дейін  Президентке  Конституцияның  негізінде  және  оны 
33 
Об  учреждении  поста  Президента  Казахской  ССР  и  внесении  изменений  и 
дополнений  в  Конституцию  (Основной  Закон)  Казахской  ССР.  Закон  Казахской 
Советской Социалистической Республики от 24 апреля 1990г. П.I. 8-10
34
  Декларация  о  государственном  суверенитете  Казахской  Советской 
Социалистической  Республики  от  25  октября  1990г.  П.7.  //  Казахстан:  этапы 
государственности.  -  С.  371;  О  совершенствовании  структуры  государственной 
власти  и  управления  в  Казахской  ССР  и  внесении  изменений  и  дополнений  в 
Конституцию (Основной Закон) Казахской ССР. Закон Казахской ССР от 20 ноября 
1990г. П.1.1 // Казахстан: этапы государственности. - С. 374.


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
70
орындау  үшін  актілер  шығаруға  құқық  берді,  сондай-ақ 
Қазақстан  Республикасының  тиісті  заңдары  қабылданға 
дейін бұл актілер жұмыс жасайды деп бекітті.   
1993  жылғы  10  желтоқсанда  ҚР  Преиздентінің 
Жарлығымен «Қазақстан Республикасының жергілікті және 
атқарушы органдары туралы» Заң күшіне енді, оған сәйкес 
республикада билік жүйесі түпкілікті өзгерді. 
Қабылданған Заң Қазақстан Республикасында жергілікті 
басқарудың жаңа жүйесін, жергілікті өкілетті және атқарушы 
органдардың құзыреттерін, оларды ұйымдасуы мен қызмет 
ету тәртібін айқындады. 
Заңның мәні келесіде болды: 
1)  Облыс,  аудан,  қала  (аудандық  бағыныстағы  қаладан 
және  қаладағы  ауданнан,  кенттен,  ауылдан,  аулдық 
аймақтан  басқа)  аумағында  халықтың  өкілетті  органы 
мәслихат  болды.  Мәслихат  -  халық  бес  жылға  сайлайтын 
депутаттардың жиналысы.   
2) Облыс, аудан, қала, қаладағы ауданда атқарушы орган 
– жергілікті әкімшілік басшысы, ол Қазақстан Республикасы 
Президентінің тікелей өкілі ретінде әрекет етті. 
3)  Жергілікті  әкімшілік  басшысы  дара  басшылық 
қағидасы негізінде әрекет етеді, тиісті аумақта мемлекеттік 
басқарудың қызметтерін атқарады. 
4)  Кент  аумағында  атқарушы  орган  –  кент  әкімшілігі 
басшысы, ал ауыл мен ауылдық аймақ аумағында атқарушы 
орган – әкімшілігінің басшысы.
1993 жылғы 17 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының 
сайлау  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Кодексі 
жарияланды,  оған  сәйкес  177  депутатты  сайлауда  жаңа 
(мажоритарлық) жүйе ұсынылды. Қоғамдық бірлестіктердің, 
азаматтардың (өзін-өзі ұсыну арқылы), және президенттің 
депутаттыққа  кандидаттар ұсыну құқықтарын беру сайлау 
практикасындағы жаңа құбылыс болды.  Кодекс бойынша 
135  кандидатты  территориялық  аймақтар  бойынша, 
42  кандидатты  президенттік  тізім  бойынша  сайлау 
белгіленген.  Жаңа  парламенттік  сайлаулар  1994  жылғы  7 
наурызға белгіленді. 
1994  жылғы  7  наурызда  егемен  Қазақстанның  тұңғыш 


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
71
парламентіне  сайлау  өтті.    XIII  шақырылымдағы  Жоғарғы 
Кеңес  1994  жылғы  сәуірден  1995  жылғы  наурызға  дейін 
жұмыс  жасады.  Жалпыға  ортақ  сайлау  өткізілгеннен 
кейін  парламентке  саяси  партиялардың,  экономиканың 
мемлекеттік  емес  секторының  өкілдері  келді.  176  депутат 
сайланды, олардың ішінде: президенттік тізім бойынша: – 
42; қоғамдық бірлестіктерден – 75; өзін-өзі ұсынғандар – 59 
(1-диаграмма).
Оппозицияның  қалыптасуы  жаңа  парламенттің 
ерекшелігі  болды.  Жоғарғы  Кеңес  пен  атқарушы  орган 
арасында  теке-тірестер  көрініс  берді.  Бұл  теке-тірес 
жаңа  парламенттік  дағдарысқа  алып  келді.  Нәтижесінде 
Қазақстан  Республикасының  Конституциялық  сотының 
1994 жылғы 7 наурызда өткізілген парламенттік сайлаудың 
Конституцияға  сәйкес  келмейтіні  туралы  қаулысынан 
кейін,  (1995  жылғы  6  наурыз)  Жоғарғы  Кеңес  сайлауының 
нәтижелері  де,  жоғары  өкілетті  орган  депутаттарының 
қызметінің  заңдылығы  да  күмәнді  болды.  Сондықтан  ХІІІ 
шақырылымдағы Жоғарғы Кеңес таратылды. 1995 жылдың 
наурызы  мен  желтоқсаны  аралағында  елде  парламент 
1-диаграмма. 
Жоғарғы Кеңес XIII шақырылым (құрамы)
ПРЕЗИДЕНТТІК 
ТІЗІМ 
БОЙЫНША  
ҚОҒАМДЫҚ 
БІРЛЕСТІКТЕРДЕН 
ӨЗІН -ӨЗІ ҰСЫНҒАНДАР


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет