САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
150
Қоғам – экономикалық, саяси, құқықтық, моральдық
және басқа да қатынастар жиынтығының кешені болып
табылатын әлеуметтік институттар жүйесі.
Негізгі әлеуметтік институттар: жекеменшік, отбасы,
мемлекет, ғылым, бұқаралық ақпарат құралдары, білім
және т.б.
Институционализация – 1) кез келген жаңа қоғамдық
институттардың құрылуы; 2) әртүрлі сипаттағы әлеуметтік
қатынастардың құқықтық және ұйымдық тұрғыда бекіту.
Жүйе (гр. systema – тұтас, бөліктерден құрылған; бірігу)
– тұтас бір құрылымға бірігетін, бір-бірімен заңды сипатта
байланысқан көптеген элементтер (заттар, құбылыстар,
үрдістер және т.б..).
Құрылым (структура) (лат. structura – орналастыру,
реттеу) – 1) кез келген заттың негізгі бөліктерінің өзара
орналасуы мен байланысы; 2) жүйелік теорияда – жүйенің
элементтері арасындағы бірыңғай және тұрақты қарым-
қатынастар желісі, элементтердің әр түрлігімен әсіресе
оның жүйені тұрақты сақтап тұрудағы рөлімен сипатталады.
Функция (лат. functio – атқару) – 1) жүйенің кез
келген элементінің тұтастық құрудағы рөлі; 2) бір жүйе
ішіндегі қандай да болсын элементтердің (және олардың
ахуалының) арасында байланыс орнататын заңдылық;
3) жүйе элементінің оның құрылымдағы орнына сәйкес
орындайтын әрекеттер («міндеткерліктер») кешені; 4)
сыртқы және ішкі ортаның түрлі ықпалына қарсы жүйенің
тұрақтылығын сақтауға бағытталған (дисфункциядан
айырмашылығы) элементтердің
жағымды реакциясы
Эволюция (лат. evolutio – өрістету) – (1) сапалық-сандық
өзгерістер (революциядан айырмашылығы) әрекетінде
сапалық анықтамаларды сақтай отыра, секірістер мен
үзілістерді болдырмау арқылы бірінен соң біріне өтетін
үздіксіз біркелкі өзгерістер нәтижесінде орын алатын
құбылыстың немесе үрдістің дамуы.
Саяси жүйе: теориялық аспектілері және
Қазақстан тәжірибесі
Оқу
құралы
Қазақ тіліне ауд. – Тулебаева М.К.
Дизайнер және беттеуші – Матюк А.В
Корректор – Тулебаева М.К.