alpha words
Ассалаумағалейкум Бүгінгі мəуліт кешіне келген құрметті қонақтар .Мен сіздерге осы
мəуліт кешін пайдалана отырып пайғамбарымыздың (с.а.у) көркем қасиеттерінің бірі
болған қарапайымдылығы жайлы айтқалы тұрмын
Пайғамбарымыз адамдардың ішінде өте қарапайымдысы еді. Ол байдың да кедейдің
де шақыруын қабыл алатын. Пайғамбарымыз (с.а.у) ешуақытта оған сыйға берілген затты
сынамаған оны керексіз қылып кері қайтармаған. Ол сыйлықты мұсылманнан да,
мұсылман еместен де еркектен де əйелден де қабыл алған.
Пайғамбар (с.а.у) мұны өзінен кейінгілерге де бұйырған. Атақты хадисте:
ْوَﻟ
ُتﯾِﻋُد
ﻰﻟِإ
ٍعارِذ
ْوَأ
ٍعارُﻛ
ُتْﺑ َﺟَ َﻷ
،
ْوَﻟ َو
َيِدْھُأ
ﱠﻲﻟِإ
ٌعا َرِذ
ْوَأ
ٌعارُﻛ
ُتْﻠِﺑَﻘَﻟ
«Мені қойдың жамбас етін пісіріп шақырса да, сирағын
асып шақырса да, жауап берер едім жəне сыйға тартылса, қабыл етер едім.»Адам үшін
сыйлықтың сапасы оның құны емес маңыздысы адамның сол сыйлық тарту еткендегі ізгі
ниеті мен пейілі.
Басқа бір хадисте пайғамбарымыз (с.а.у):
اوُﺑﯾِﺟَأ
ﻲِﻋاﱠدﻟا
َو
َﻻ
اوﱡدُرَﺗ
َﺔَﯾِدَﮭْﻟا
Шақырғанға жауап беріңдер жəне сыйлықты қайтармаңдар деген.[17]
Ол атақ-абырой мен мал-дүниеге, мансапқа қызықпайтын. Раббысының алдында өзін
құлша ұстап, мүміндерге кішіпейілділік көрсететін, ауру-сырқаулардың көңілін сұрайтын,
жоқ-жітіктерге барып халін біліп, оларға қарайласатын, бақытсыздыққа ұшырағандарды
жұбататын, адам таңдамайтын, кедейлермен бірге отыруға арланбайтын, балалармен
ойнайтын, əйелдерімен қалжыңдасатын, топыраққа отырып, тақыр жерге жататын. Ол:
«Шын мəнінде, мен құл ғанамын, құл қалай тамақтанса, солай тамақтанамын, құл қалай
отырса, солай отырамын», – деген...
Бірде онымен жолыққан бір кісіні Пайғамбардың
ﷺ мысы басып, əлгі кісі дірілдеп қорқа
бастады. Сонда Алла Елшісі
ﷺ оған: «Өз-өзіңді бас, мен патша емеспін, шын мəнінде,
мен қақталған ет жейтін бір əйелдің баласы ғанамын», – деді («Сунəн Ибн Мəжəһ»
(3303-хадис).
Алла Елшісі
ﷺ астамшылықтан алыс еді, төрге шықпайтын, мəжілісте қай жерден орын
тисе, сол жерге отыратын, адамдардан ерекшеленуді қаламайтын, сырттан келген адам
оны қатардағы адамдардың бірі деп ойлап қалатын.
Бірде Хаттабұлы Омар (Алла ол кісіден разы болсын) ардақты Пайғамбар Мұхаммедтің
(с.а.у.) үйіне келеді. Пайғамбар төсегінде отыр екен. Төсеніштің жұқалығы сонша одан
Пайғамбардың с.а.у. үстінде тақыр жердің ізі қалған еді. Мұны Омар ибн Хаттаб (р.а.)
көріп, жаны ашып, көңілі босап кетеді. Пайғамбар (с.а.у.) одан: – Неге жыладың?-деп
сұрайды таңдана. Сонда Омар (р.а.): – Парсы патшасы мен Рим патшасының жағдайы
есіме түсіп кетті. Олардың патшалық дəрежесінің алдында мына Сіздің отырысыңыз
жаныма қатты батты,-дейді. Бұған ардақты пайғамбар с.а.у.: – Олар бұл дүние рахатына
менен бұрын қаныққан жандар (Расында, шын рахаттық ол жəннəтта)-деп жауап берген
екен.
Алла тағала қарапайымдылық жайында қасиетті Құранда:
َكْﻠِﺗ
ُراّدﻟا
ُة َرِﺧَﻻا
ﺎَﮭُﻠَﻌ ْﺟَﻧ
َنﯾِذّﻠِﻟ
َﻻ
َنوُدﯾ ِرُﯾ
ًا ّوُﻠُﻋ
ﻲِﻓ
ِض ْرﻷا
َﻻ َو
ًادﺎَﺳَﻓ
ُﺔَﺑِﻗﺎَﻌْﻟا َو
َنﯾِﻘّﺗُﻣْﻠِﻟ
Тилкəд дəрул əхирəту нəжъалуһə лиллəзиинə лə йуриидуунə ъулууəн фиил əрди уəлə
фəсəдə уəлъақибəту лилмуттəқиин.
Ал сонау ақыреттегі мəңгілік бақыт мекеніне келсек, оны жер бетінде (молшылықты
көтере алмай) асып-тасуды һəм бүлікшілік шығаруды қаламайтындарға нəсіп етеміз.
Ақырғы жетістік – Алланы лайықты түрде ұлықтайтын əрі азабынан сақтанатын тақуа
жандарға тиесілі.[18]
Достарыңызбен бөлісу: |