Ассамблея народа казахстана и ее роль в консолидации казахстанского общества



Pdf көрінісі
бет8/41
Дата03.03.2017
өлшемі3,62 Mb.
#6084
түріСборник
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
частью  исламского  мира,  частью  является  частью  евразийского  мира (сообщества). Ведь
объединение стран, дружественные связи по  интересам могут происходить не только, но и
политические мировоззрение».  [2, с.4]
По словам руководителя  международной  ассоциации» Мир  через  культуру - Европа»,
ректора  Международного  института  этики (Австрия) Вильгельма  Аугустана: «Духовное
единение  между  людьми  возможно  только  через  инвестиции. И  Казахстан  благодаря
инициативам Президента Нурсултана Назарбаева инвестирует энергию в глобальный диалог
народов и религий».
Список использованной литературы:
1. Подопригора Р. Государства и религиозные объединения: проблемы и перспективы. / Саясат/
январь 2010.
2. Толегенулы Б. Казахстан и исламский мир / Казахстанская правда/ 01.12.2006 г. С. 4
3. Шминский М.  Несгибаемый дух согласия. / Казахстанская правда/ 19.10.2007 г. С.3
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨШІ-ҚОН ПРОЦЕСТЕРІНІҢ
ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЛДАРЫ
Баураева Г.А.
Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің магистрі,
аға оқытушысы,. Астана  қ
Еліміздің  егемендік  алған  жылдары  көші-қон  процестерінің  күшейген  кезі  болды.
Көші-қон  бағыттарындағы  өзгерістер  дəл  осы  жылдары  бастау   алды. Қазақстан
тəуелсіздігін  алған  жылдан  бергі  уақыттағы  елімізде  жүрген  көші-қон  процесін  мəніне,
халық өсіміндегі орнына, бағыттары мен ауқымдылығына  орай екі кезеңге бөлуге болады:
Бірінші кезең 1991-2003 жж. аралығын  қамтиды. Бұл кезеңде көші - қон векторының
сыртқа  бағытталуы  халық  санының  өзгерісінде  шешуші  факторға  айналды. Сыртқа  көші -
қон (эмиграция) аса  өткір  əлеуметтік-демографиялық  мəселеге  айналып, халық  санының
кему құбылысына себеп болды. Одан бөлек, туу азайып, өлімнің көбеюі тереңдей түсті. Бұл,
əрине өз кезегінде халықтың табиғи өсімін тежегені белгілі.
Міне, осындай  жағдайларда 1991 жылдары  Қазақстан  Республикасынан  тыс жерлерге
қоныс  аударушылар  қатары  күшейді. Кеткен  этностардың  ішінде  орыс, украин, белорус,
неміс жəне татарлар өздерінің  тарихи отандарына қоныс аудара бастады [1,25б.]. 1991 - 1992
жылдан бастап жағымсыз  көші - қон   айырымы орын  алды.  Əсіресе ТМД елдеріне, алыс
шетелдерге  қоныс  аударудың  жоғары  деңгейі  байқалады. Сыртқы  көші–қондағы  теріс
айырымының ең жоғары көрсеткіші 1994  жылы  410,4 мың адамға жетті. 1995 жылы - 58,1
пайыз; 1996 жылы - 42,8 пайыз; халық  санының  кему  процесі  жалғасқанымен
эмигранттардың  кері  қайтуы  орын  алды. Сыртқы  көші – қонның  көлемінің  ең  жоғары
мөлшері жақын шетелдерге  тиесілі  болды. Мəселен: 1993 – 1999 жылдар аралығында ТМД

58
елдеріне  1 524,0 мың  адам кетіп, 391,4 мың адам келді. Теріс айырым  1 132,6 мың адамдаы
құрады. Кетушілердің  басым  бөлігі  тұрғылықты  мекен  етуге  Ресейге  бағытталды. Ресейге
кеткендер, жалпы кеткендердің 2000 жылы 93 пайызы, 2001 жылы 93,8 пайызы, 2003 жылы
92,2 пайызын құрады. Ал келгендердің басым бөлігі Өзбекстаннан келді.
Десек  те, 1999 жылы 12024 адам  кеткен  болса , 2003 жылы 49260  адам  елден
кеткенімен 2,5 есеге азайғанын көрсетіп отыр.
Сыртқа көші - қондағы  теріс  айырымның ең  жоғары шегі 1994 ж. келді, осы жылдағы
теріс айырым 410,4 мың адам болды.
1991 - 2003 жылдар  аралығында  Қазақстанға  шетелден  983456  адам  келіп, 2874621
адам кеткен. Көші - қонның  ара  қатынасы осы 12 жылдың бір ғана 1998 ж. басқа уақытында
үнемі  теріс  сальдоға  келіп  отырады. Қазақстаннан  кетушілер  келушілерден  басым  болып
отырған. Яғни, 12 жыл ішіндегі теріс айырым 1891165 адамды құрады [2,45б.].
Көші-қонның  екінші  кезеңі 2004 ж. басталды. Бұл  кезеңнің  ерекшелігі, 1992 ж.
басталған  халық  санының  кему  үрдісі  тоқтап, 2004 ж. бастап  республиканың  шетелдермен
көші-қон  айырбасындағы  оң  айырым  есебінен  халық  санында  өсім  байқалды. Көші - қон
қозғалысы  2004 жылы 2789 адамға   оң  айырым  көрсетті. 2004 - 2009 жылдары
Қазақстандағы көші – қон  процесіне 1806,8 мың адам кетіп, 1877,3 мың адам келіп, барлығы
3684,1 мың адам тартылды.
2004-2009 жылдары  аралығындағы сыртқы көші-қондағы 70,5 мың адамдық  өсім мен
табиғи өсім  есебіне  халық  санында өсім  байқалғанымен, 2009 жылы  республика  халқының
1557,1 мың  адамдық  деңгейі 1991 жылы  көрсеткішке  жете  алмады. КСРО  ыдырау
қарсаңындағы  санақта  Қазақстанда 16527,6 мың  адам  тұрса, 1991 жылы 1 қаңтарында
16793,1 адам есептелінген  еді [3,55б.]. Сонымен,  ХХ ғ. 90 – жылдарынан бастап Қазақстан
тұрғындарының  жақын  жəне  алыс  шетелдерге  көшуін  көлеміне, себептеріне  қатысты
ерекшеліктеріне  орай  бөлінген  əрбір  кезеңіне   тоқталайық. Алдымен, көші - қон
мəселесінің  тəуелсіздік  алғаннан  кейінгі  негізгі  бағыт,   үрдістеріне  себеп  болған  алғы
шарттарға  қысқаша  тоқталайық. Ұзақ  уақыт  бойғы  жүргізілген  отарлық  саясат  негізінде
қазақ  жері  шикізат  өндіретін  аймаққа  айналдырылып, оның  экономикасымен  табиғатын
сақтауға  ешқандай  назар  аударылмады. Сондықтан  да, Семей мен Арал  мəселесі, тың  жəне
тыңайған  жерлер  апаты, еліміздің  қалаларының  көпшілігінің  ірі  зауыттар  мен
комбинаттарының  зиянды  түтіндерінен тұншығуға жетуі де осының нəтижесі  болды. Яғни,
Кеңес  Одағының  барша  аймақтары  сияқты  қазақ  өңірі  де  уақытша  екпінді  құрылыстарға,
соғыс өнеркəсібі орындарына, уақытша келушілердің мекеніне айналды. Міне, осылай, ХХ ғ.
90 – жылдарға дейін Қазақстан Кеңестік империяның орыстар басымдық танытқан көп ұлтты
аймағына айналдырылды. Кеңестік орталық қазақ жерінде өз қалаулары бойынша аймақтар,
облыстар  мен  өлкелер  құра  бастады. Ел  байлығын  талан - таражға  салды. «Республиканың
дербестігі - расында тек сөз  жүзінде қалып  қойды. Қазақстанның  шекарасын қайта  құруға
Орталық бірнеше рет əрекет жасаған болатын. 1960 жылы əкімшілікпен бөлу туралы шешім
бойынша  тың  өлкесі  құрылғанда, ұзынқұлақтан  өлкені  РКФСР  құрамына  бермекші  деген
хабар тарап, ол  республика студенттерінің үлкен  толқуын тудырған  еді. Сондай-ақ, кезінде
Өзбекстанға  мақта  өсіруші  болғандықтан  ғана  берілген  Шымкент  облысының  үш  ауданы
кері  қайтарылғанша  да  осындай  толқулар  басылмай  қойған [4,3б.]. Еліміздегі  көшіп -
қонушылардың көлеміне, енді олардың ұлттық құрамына мəн берсек жөн болар.
Соңғы  жылдары  елімізге  келгендердің  саны  біртіндеп  өссе  де, 2004 – 2005 жж.
жоғарғы  көрсеткіштерге  жете  қойған  жоқ. Қазақстанда  2004 жылы  келген  халықтың  саны
алғаш елден кеткендерден 2789 адамға артық болды. Мысалы: 1995 жылы кеткендерден 237
мың 542 адамға  артық  еді. 2006 жылы  көшіп  келгендер  саны 33 мыңға, яғни  жоғарғы
деңгейге жетті. 2007 жылдың 1 қаңтарына дейін елге оралған қазақтардың жалпы саны 565
мың 757 адамға  жетіп, республикадағы  халықтың  ішіндегі  қазақтың  санын 60 пайызға
жақындатты. [5,6б.]. 2006 жылға дейін елге оралғандардың 57,6 пайызы Өзбекстаннан, 26,5
пайызы  Ресейден  болды. Өзбекстандағы  əлеуметтік – экономикалық  жағдай  күрделі
болғандықтан елге оралғысы келетіндер əлі де көп [1, 4б].

59
Жоғарыда  айтып  өткендей  қазақтың  санын 60 пайызға  көтерілгенін  анықтауда, осы
елімізге  келіп  жатқан  жекелеген  этностардың, халық  санағына  қосар  үлесі  мен  санын
меңгеруіміз керек. Бұл туралы 1 – кесте мəліметтеріне  жүгінейік.
Кесте 1
.
Жекелеген этностардың үлесі мен саны [1,7б.].
Бұл  кестеден  байқап  тұрғанымыз, 1999 жылы  болған  санақ  мəліметі  бойынша  жалпы
халық  саны 14981,9 екенін  көріп  отырмыз. Оның 8011,5 қазақтар  немесе 53,5 пайызын
құрайды. Ал,  2009 жылы  болған  санақ  мəліметі  бойынша  жалпы  халық  саны 16196,8
болғаны, оның 10098,6 қазақ  ұлты  немесе 63,1 пайызын  көрсетеді. Өз  кезегінде 1999–2009
жылдар  аралығында 8,6 пайыз  жоғарылағанын  яғни, біз  қазақтар  басым  көрсеткіштеміз.
Демек бұл жақсы көрсеткіш. Енді қазақ жерінде бір ғасырдан астам уақыт тұрып келе жатқан
орыс халқы 1999 жылғы санақ көрсеткіші бойынша , жалпы  халық  санының 29,9 пайызын,
2009 жылы  23,7 пайызын  кұрағанын  көрсетеді. Немесе  екі  санақ  арасында 6,2 пайызға  біз
жоғарыда  талдаған  белгілі  факторлар  себебімен  кемігенін  көріп  отырмыз. Осы  соңғы 2009
жылғы халық санағына қорытынды жасасақ, қазақтар 63,1 пайызын, орыстар 23,7 пайызын,
қалғандары өзбек, украин, татар, ұйғыр, неміс, тағы басқа ұлттар 13,2  пайызын көрсетеді.
Сондай–ақ, осы 1991–2003 жылдар аралығында Қазақстан тұрғындарының шетелдерге
көші-қонының  аса  көлемді, мəнді  бөлігі  бірінші  кезеңде  жүзеге  асты. Қарағанды, Ақмола,
Жамбыл, Семей, Талдықорған  облыстарында 1990 жылдарда  көші-қонның  теріс  айырымы
байқалды. Көші - қон  халықаралық  шеңберде  де  жүріп  отырды. Бұған  дəлел 1-
диаграммадағы көрсеткіш.
Диаграмма1
Қазақстан  халқының 1991-2003 жж. аралығындағы  халықаралық көші - қоны
[6,95б].
-150000
-100000
-50000
0
50000
100000
150000
ТМД елдерінен басқа
сальдо
ТМД елдерінен басқа
келгендер
ТМД елдерінен басқа
кеткендер
1989 1990
Алыс  шетелге  көшушілердің  басым  көпшілігі  Германияға  ағылды. Германия  көші –
қоншыларды  қабылдауы    жағынан  екінші  орынды  иемденді.  1996  жылы  Германияға  көшіп
Халық саны
Үлесі %
Этностар
1999 ж
2009 ж
1999 ж
2009 ж
Барлық халық
14981,9
16196,8
100,0
100,0
Қазақтар
8011,5
10098,6
53,5
63,1
Орыстар
4481,1
3797,0
29,9
23,7
Өзбектер
370,8
457,2
2,5
2,8
Украиндер
547,1
333,2
3,6
2,1
Ұйғырлар
210,4
223,1
1,4
1,4
Татарлар
249,1
203,3
1,7
1,3
Немістер
353,5
178,2
2,4
1,1
Басқа  этностар
758,4
714,2
5,0
4,5

60
барғандардың 94,4 пайызын, 1999 жылы 91,3 пайызын  Қазақстаннан  шыққан  эмигранттар
құрағанын  айтады. «Қазақстан  тұрғындары  Израилге, Грецияға, АҚШ-қа, Канадаға  жəне
тағы да басқа елдерге кетуде. Алыс шетелдермен көші - қондық  теріс сальдо бүгінге дейін
506,1 мың адамды қамтиды. Алыс шетелге кетушілердің үлес салмағы: немістер 65,5 пайыз,
орыстар 22,3 пайыз, украиндар 4,3 пайыз, қазақтар 1пайыз, белорустар 0,8 пайыз, кəрістер
0,2  пайыз, басқа ұлт өкілдері 5,9 пайыз болды [7,74б].
Бұдан  біздің  байқап  отырғанымыздай, алыс  шетелдерге  кеткендердің  басым  бөлігі  өз
тарихи  отанына, немесе (1991-2003 жж.) елдің  саяси, экономикалық  жəне  əлеуметтік
дамуындағы  шиеленісті  жағдай  мен  демократиялық  қоғам  құру  кезіндегі  реформалық
өзгерістер салдары болмақ. Көші-қон құбылысына ерекше əсер етіп республика халқы күрт
кемісе, сол  жылдардағы  халықтың  əлеуметтік-экономикалық  əл - аухаты  төмендігі  табиғи
өсімнің толастамауын көрсетті. Қазақстандағы  бұл  көрсеткіш, яғни орташа туу көрсеткіші
төмендегідей болды:
Кесте 2
Қазақстандағы туудың жиынтық көрсеткіші [3,67б].
ж.
1990
1991
1999
2003
2004
2005
2006
2007
2008
%
1,7
1,5
1,8
2,03
2,21
2,28
2,5
2,47
2,68
4 - кестеден  көретініміз, 1990 жылдардың  басында  туудың  жиынтық  көрсеткіші 1,5 -
1,7 деңгейінде болса, 1999 жылы 1,8 адамға түсіп кеткен. Бұған себеп болған негізгі фактор
көші-қон  негізіндегі  халық  санындағы  кері  айырыммен  бірге, нақ  осы  кездегі  табиғи
қозғалыста да кему үрдісі үстем болды. Елдегі туудың ортақ жиынтығы 1990 жылдары күрт
төмендеген. Қазақстан бұл  шамадан 2004 жылы  ғана асты. Оның  басты  себебі елдегі  саяси
тұрақтылық  пен  əлеуметтік - экономикалық  дамудағы  жетістіктерге  негізделген
демографиялық саясаттағы тууды көтермелеу шарасы болды.
Диаграмма 2
Қазақстандағы ішкі көші-қон қозғалысына түскен адамдар динамикасы (1989-2008 жж.)
[6,127б.]
Еліміз  егемендігін  алып,  өзінің  даму  жолында  көші  -  қон  процесінің  ішкі  көші  -  қон
деңгейі де бірде жоғарылап, бірде төмендеп отырды. 2004 жылдан бастап, Қазақстан халқы
көші - қон қозғалысындағы оң айырым мен табиғи өсімдегі өсу үрдісіне орай нығайып отыр.
Бұған  дəлел 2009 жылғы  халық  санағының  қазақтардың  көрсеткіші 63,1 пайыз  болуы
демекпіз.
1989-2008 жж. Қазақстандағы  ішкі  көші - қонға  түскен  адамдардың  мөлшерін
графикалық  сызық  бойынша  көрсетсек, жоғарыдағы  суреттен  көрінеді. Республика
көлемінде  ішкі  көші - қон  деңгейі 1992 ж. бастап  төмен  құлдилап, төменгі  шегі 1997 ж.
келеді  де, 1998 ж. бастап  жоғары  көтеріледі.  Бұл  диаграммадан  байқап  отырғанымыз.
Егемендік алған мерзімдік   шеңберінде ішкі көші - қонның ең жоғары шеңбері 1991 жылы
431 мың 262  адам қозғалысқа түскенін, ал ең төменгі шегі 1997 жылы болғанын көреміз. (3-
диаграмманы қараңыз). Қорыта айсақ бұл диаграмада жалпы көші - қон үрдісіне ішкі көші -

61
қонның  өзіндік  ықпалы  болғанын    көреміз.  Біздің  зертеп  отырған  көші  –  қон  үрдісінің
мерзімдік  шеңбері 1991 - 2009 жылдарды  қамтиды. Сол  себепті  осы  жылдар  аясына  екі
халық санағы кіреді. Бұл жылдарда Қазақстандағы көші - қонның сипаты мүлде өзгерді.
Диаграмма 3
1999 жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының ұлттық құрамы [2, 23 б.].
Еліміз  егемендік  алғаннан  кейінгі  ең  алғашқы  санақ 1999 жылы  болғаны  бəрімізге
мəлім. 1999 жылы болған санақ мəліметі бойынша жалпы халық саны 14981,9 миллион екені
бізге мəлім.
Бұл  диаграммадан  байқап  тұрғанымыз. Оның  53,4 пайызын  немесе 8011,5 қазақтар
құрайды.  Орыс    халқы    1999  жылғы  санақ  көрсеткіші  бойынша,  жалпы  халық  санының  30
пайызын немесе 4481,1 адамды құрағанын көрсетеді. Ал, басқа украин, өзбек, татар, ұйғыр,
неміс, корей ұлттары 16,6 пайызын құрағанын көреміз.
Бұл  диаграммадан  байқағанымыздай 1999 жылы  қазақ  халқы  екінші  рет  басым
көпшілік  халыққа  айналуы. Бұлай  дейтін  себебіміз: алғаш  рет  тарихтан  бізге  мəлім 1913
жылғы Бүкілодақтық санақ қорытындысы 6 миллион. делінген. Ал, 1924 жылы орта есеппен
4 миллион  делінген [8,30б]. Ал, 2009 жылғы  халық  санағының  қорытындыларына  үңілсек
бұл жағдайдан да, қуантарлық басым көрсеткішке куə боламыз.
Диаграмма 4
2009 жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының ұлттық құрамы [9,34б].
Ал,    2009  жылғы    болған    санақ    мəліметі      бойынша    жалпы    халық    саны    16196,8
болғаны, оның  10098,6   қазақ  ұлты   немесе  63,1 пайызын  көрсетеді. Өз  кезегінде  1999 –
2009  жылдар      аралығында      жоғарылағанын     яғни,  біз    қазақтар    басым      көрсеткіштеміз.
Демек  бұл  жақсы  көрсеткіш.
Орыстар - 23,7  пайызды, өзбектер – 2,8  пайызды, украиндар – 2,1 пайызды, ұйғырлар
– 1,4  пайызды,  татарлар – 1,3  пайызды,  немістер – 1,1  пайызды    басқа   этностар – 4,2
пайызды құрады.
Санақ  аралық  кезең  ішінде  респулика  халқының  саны 1022,9 мың  адамға  өсті,
өткен    1999  жылғы      ақпандағы        санақпен    салыстырғанда    халық    санының    өсімі    6,8

62
пайызды  құрады.   Қала  халқының  саны  8939,1 мың  адамды, ауыл  халқы – 7365,7 мың
адамды   құрады.  Сонымен  бірге,  қала  халқының  саны 195,1 мың  адамға    немесе  2,3
пайызға,   ал ауыл  халқы 827,8 мың  адамға   немесе 12,7  пайызға   Елдегі  қала  халқының
үлесі  54пайыз, ауыл   халқы – 46   пайыз  құрады, 1999 жылы   олардың   ара - қатынасы
тиісінше  56,4  пайыз жəне  46,6  пайыз  құраған  еді. Ең  шаһарланған  өңірлер  Қарағанды
(мұнда 77 пайыздан  астамы  қала  халқын  құрайды), Павлодар (67,9пайыз ) жəне  Ақтөбе
(61,1пайыз)  облыстары  болып  табылады. Ауыл  халқы  негізінен  Алматы (барлық
халықтың  76 пайызы ), Солтүстік  Қазақстан  (61,5пайыз ), Қызылорда  (60,8пайыз)  жəне
Жамбыл (60,5пайыз) облыстарында  шоғырланған.
Ерлер  саны 7222,8 мың  адамды, əйелдер 8282,0 мың  адамды  құрады. Өткен  санақпен
салыстырғанда  ерлер  саны 507,1 мың  адамға  немесе 7 пайызға, ал  əйелдер  саны – 515,8
мың  адамға  немесе 6,6  пайызға өсті. Ерлер мен   əйелдер  санының  ара – қатнасы   əйел
халқы  үлесінің  ерлерден артуымен  қалыптасты (тиісінше 51,7    пайыз   жəне  48,3 пайыз).
Ерлер 1999 жылғы  халық  санағы  бойынша  əрбір 1мың  əйелге  929 ер адамнан  келсе, 2009
жылғы  санақ  бойынша  - 932.
Қазақтар   саны  өткен  санақпен  салыстырғанда 26,1% –ға  өсті  жəне  10098,6 мың
адамды  құрады.
Өзбектер саны 23,3 %– ға өсіп, 457,2 мың адамды,
Ұйғырлар – 6 – ға өсіп, 223,1 мың  адамды  құрады.
Орыстар  саны 15,3% – ға азайып, 3797,0 мың  адамды  құрады,
Немістер – 49,6 %–ға  азайып, 178,2 мың  адамды,
Украиндар – 39,1% – ға азайып, 333,2 мың  адамды,
Татарлар – 18,4% –ға азайып, 203,3 мың  адамды,
Басқа  этностар  - 5,8 %–ға  азайып, 714,2 мың  адамды құрады [1,74б.].
Халық  саны  мəселесінің   Қазақстан  үшін   айрықша маңызы  бар. Халық  санының
тығыздығы  республика  бойынша тұтастай  алғанда  бір  шаршы   киломертге  5,5  адамды
құрайды. Мысалы,  Қытайда бұл  көрсеткіш бір  шаршы  километрге  140 адамды  құрайды.
Жер    көлемі    бойынша    əлемде    7  -  шы  орында    тұрған    Қазақстан    үшін    халық    санын
көбейту    өзекті    болып    отыр.    Мемлекетіміз        2020    жылға    дейін    50    дамыған
мемлекетердің  қатарына  қосылу  жəне  халқының  санын 20 миллионға  жеткізу
міндеттерін  алдына  қойып  отырғанын  ескеруіміз  қажет. Осындай  болашағымызға  деген
мемлекеттік  мүдделілік  артуда. Ұлтымыздың  жанашыры  белгілі  демограф - ғалым  Мақаш
Тəтімовтің «Дербестігіміз - демографияда» - деуі  тегін  емес. Бұл  Қазақстанды
демографиялық  жағынан  керегесін  керіп, босағасын  бекітіп, уығын  шаншып, шаңырағын
биік орнықтыру деп түсінеміз.
Қолданылған  əдебиеттер тізімі:
1. Демографический  ежегодник  Казахстана. –Алматы: Информцентр, 1994. -228 с.(Сс. 220,
221); Миграция  населения. Итоги  переписи  населения 1999  г.–Алматы: Агентство  Республики
Казахстан по статистике, 2000. -130 с.; 2007 жылғы Қазақстан Республикасы халқының көші-қоны. –
Серия 15. Демография.–Алматы: Қазақстан  Республикасы  Статистика  агенттігі, 2008. -389 б.; 2008
жылғы Қазақстан Республикасы халқының көші-қоны. – Серия 15. Демография. – Астана: Қазақстан
Республикасы Статистика Aгенттігі, 2009. – 38 б.
2. Статистический ежегодник. 1999. –Алматы: Агентство РК по статистике, 1999. – 392 с. С. 24;
Статистический ежегодник Казахстана 2000. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2000. – 466 с.
3. Статистический ежегодник Казахстана. 2000. –Алматы: Агентство Республики Казахстан по
статистике, 2000.- 466 с. (С.-23).; 2007 жылғы Қазақстан Республикасы халқының көші-қоны. – Серия
15. Демография.–Алматы: Қазақстан  Республикасы  Статистика  агенттігі, 2008. -389 б.; 2008 жылғы
Қазақстан  Республикасы  халқының  көші-қоны. – Серия 15. –Алматы: Қазақстан  Республикасы
Статистика агенттігі, 2009. – 38 б. (Автордың есептеуі.)
4.  Аспантаудың      қос      қапталы  –  қатар    қоныстанған    халықтардың    құт    мекені.    //  Егемен
Қазақстан. 2004 ж.  24 тамыз,  1, 4 - б.

63
5. Қазақстан  Республикасы  көші - қон  саясатының  2007 – 2015 жылдарға  арналған
Тұжырымдамасы. Алматы, 2007ж.7б.
6. Сборник  документов, касающихся  беженцев  и  лиц, находящихся  в  ситуации,  сходной  с
ситуацией беженцев в  Республике Казахстан с анализом и сравнительным исследованием по странам
Центральной Азии и СНГ. / Под ред. Л. Дрюке и др. – Алматы: INTEL Service, 1998.138с.
 7.Найманбаев  Б.Р.  Қазақстандағы  1970 – 1999 жылдар  аралығындағы  көші –қон
процестерінің  тарихы  т.ғ.к. дисс. – Алматы, 2004 ж.
  8. Қозыбаев М.К,  Абылхожин Ж.Б.  Коллективизация   в Казахстане: трагедия  крестьянства.
– Алма – Ата, 1992. – 35с.
9. Национальный  состав  населения  Республики  Казахстан. Т-4, Алматы: 2004.; 2006 жылғы
Қазақстан  Республикасы  халқының  көші-қоны. Серия 15. Демография. -Алматы: Қазақстан
Республикасы  Статистика  агенттігі, 2007. – 118 б. (78-81 бб.); Қазақстанның  демографиялық
жылнамалығы. Статистикалық жинақ. –Астана: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 2008 -
754 б. (673-676 бб.); Миграция  населения  Республики  Казахстан  в  разрезе  областей  и  городов
республиканского  значения  за 1989-2006 гг. Материалы  для  служебного  пользования  Агентства
статистики Республики Казахстан. - Астана: Агентство РК по статистике, 2009. -500 с.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭТНОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУ ТАРИХЫ
Бегімбетова Г. М.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қаратау қ.
Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің халқы өзінің  этникалық аумағын жəне
демографиялық құрамын құру процесінде күрделі, ауыр тарихи жолдан өтті.
XV ғ. ортасында  жинастыру  кезеңінде  Қазақ  хандығындағы  тұрғындардың  санын 200
мыңдай адам  құрды. Келесі 70 жыл бойы қазақ халқын жəне оның аумағын жинау арқылы
тұрғындардың үдемелі өсуі жүрді.XVI ғ. басында Қасым хан құзырындағы азаматтар саны 1
млн. адамды құрды.
Қазақстан  халқы  көп  ұлтты  құрамының  құрылу  басына  орыс  үкіметінің  қудалауынан
қашқан  орыс, украин, татарлар  жəне  басқа  ұлт  өкілдері  казак  еркіндігіне  біріккен  кездегі
XVI ғ.-на жатады. 1890-шы жж. Ресей жəне Украинадан шыққан шаруа отарлауы күшейеді.
Ресейдің  əскери  жəне  көші-қон  экспансиясы  барысында  құрылған, бекініс  негізінде  орыс,
украин жəне татар басымдылығы бойынша орналасқан алғашқы колониалдық қалалар пайда
болды. 1881-1883 жж. Синьцзяннан (Қытай) 50 мыңға жуық ұйғырлар мен дүнгендер көшіп
келді, олардың көбі Қазақстан аумағында орналасты.
Қазақ  халқының  Ресейге  бағынғаннан  бергі  этнодемографиялық  тарихи  жолын
негізінде  ірі-ірі  үш  дəуірге  бөлуге  болады.  Бірінші  дəуір  –    отарлық  дəуір,  ХVІІІ  ғ.  30-
жылдарынан  бері 1917 ж. дейін; бұл  Қазақстанның  Ресейдің  отары, қазақтардың
этнодемографиялық дамуы отарлық-миграциялық (соның ішінде қоныстандыру) саясатының
ықпалында  болған  дəуір. Сырттан  келген  көші-қонның  стихиялық, əскери, ұйымдасқан, өз
бетінше  жəне  басқа  түрлері  іске  асқан, əсіресе  Столыпиннің  аграрлық  саясаты  кезінде
өрістеген  дəуір, сонымен  бірге  қазақтардың  арасында  табиғи  өсім  төмен, əртүрлі
эпидемиялар, жұқпалы аурулар, жұттар көп дəуір. Осының бəрінің нəтижесінде қазақтардың
саны  түрлі өзгерістерге ұшырап, Қазан революциясына  дейін, бұрын  өз  елінде үлесі едəуір
(90%) болғанымен, ХХ  ғ. екінші  онжылдығы  соңында, аймақтардың  тұрғындарының  əлі  де
жартысынан  көбі (58,7%) болған  дəуір. Оңтүстік, Батыс  жəне  Орталық  аймақтарда
қазақтардың  басымдығы  сақталған, Солтүстік  жəне  Шығыс  аймақтарда  славян, басқа
этностар  өкілдерінің  көпшілікке  айнала  бастаған  дəуір. Дегенмен  Қазақстандағы
этнодемографиялық  даму  көрсеткіштерін  қазақ  ұлтының  өзі (этногендік  негізде) анықтаған
дəуір.
Екінші  дəуір – 1917-1991 жж., яғни  Кеңес  заманы. Бұл  қазақтардың  екі  орыс
революциясын, азамат  соғысын, талай  ашаршылықты (1918, 1921 жəне 1931-1933 жж.),
қуғын-сүргінді, зорлық-зомбылықты  көрген, ұлттық  дəстүрлер  мен  тілге  нұқсан  келген,

64
əліппенің  үш  рет  өзгерген, сырттан  көші-қонның  ірі-ірі  толқындары  елдегі  демографиялық
ахуалды күрт өзгерткен жəне т.б. келеңсіз жағдайлардың салдарынан қазақ ұлтының өзі ата
қонысында азшылыққа айналған дəуір. Бұл дəуірді екі үлкен кезеңге бөлуге болады: 1-кезең
1917-1959 жж. – қазақтардың  өз  елінде 58,7%-дан, 28,9%-ға  түскен  кезеңі; 2-кезең – 1959-
1991 жж. қазақтардың  біртіндеп  үлесі  өскенімен (40%). Соның  нəтижесінде  қазақтар  өз
еліндегі этнодемографиялық көрсеткіштерін анықтап, белгілеуден айырылып қалған еді.
Үшінші  дəуір – Тəуелсіздік  дəуірі – 1991-2015 жж. қазақтардың  өз  елінде  біртіндеп,
көпшілікке айналған дəуір, бұл дəуірді екі кезеңге бөлуге болады: 1-кезең – 1991-1999 жж. –
қазақтардың үлесі Республика халқының жартысынан асқан кезең (40%-дан 53,4%-ға жеткен
кезең); 2-кезең – 1999-2011 жж. – қазақтардың өз Республикасында басым көпшілікке айнала
бастаған  кезеңі 53,4%-дан 67,7%-ға  дейін  өскен  кезең). Бұл  кезең  енді  ғана  басталды, əрі
қарай жалғаса береді.
1897 ж. Ресей  империясы  халқының  есеп-санағы  деректері  бойынша  Қазақстан
аумағында  үш  аса  ірі  этникалық  топтар  ерекшеленді:  халықтың 81,7% құрған  қазақтар,
орыстар — 10,9 жəне  украиндықтар —1,9%. Бірақ 1914 ж. қазақтардың  салыстырмалы
салмағы 65,1-ге  дейін  төмендеді, ал  шығыс  славяндар (орыс, украин, белорустар) саны
29,6%2 өсті.Демек, 1897-1914 жж. қазақтардың  салыстырмалы  салмағы 16,6 пунктіне
төмендеді, ал славян халқының саны 16,8 пунктіне дейін өсті.
Орыс жəне украин халқы көші-қонның оң айырмасы байырғы халықтар салыстырмалы
салмағы төмендеуінің басты себебі жəне оның басқа этникалық топтарымен қатынасы болып
табылды. ХІХ  ғ.соңғы  он  жылдығында – ХХ  ғ. басында  столыпин  аграрлық  реформаға
байланысты  Қазақстаның  шаруалық  отарлауы  ерекше  күшейді.  46 жыл  ішінде (1871-1917
жж.) өңірде  1,6 млн. астам адам мекендеді, олардың басым көпшілігі 1907-1916 жж. келді.
Осының  нəтижесінде  ХІХ  ғ. соңында – ХХ  ғ. басында  Қазақстан  халқының  көп  ұлттық
құрамының  құрылу  процесі  жылдамдатылды. ХХ  ғ. басында  өңірде 60-қа  жуық  ұлттардың
өкілдері  өмір  сүрді, олардың  арасында  түркі  тілдес  халықтан  басқа (өзбек, ұйғыр, қырғыз,
қарақалпақ, татар, башқұрт жəне т.б.), немістер, поляктар, мордавалар, дүнгендер, тəжіктер,
еврейлер жəне т.б. болды.
1926 ж. санағы бойынша Қазақстанның қазіргі шекарасында 6198,4 мыңнан астам адам
өмір сүрді, олардың ішінде қазақтар - 58,5%, орыстар – 20,6, украиндықтар – 13,9, өзбектер –
2,1, татарлар – 1,3, ұйғырлар – 1,0, немістер – 0,8 жəне  т.б. Егер 1897 ж. Бүкілресейлік
санақтың  деректерімен  салыстыратын  болсақ, осы 29-30 жыл  ішінде  республиканың
тұрғындары шамамен 1,5-ке өсті, соның ішінде орыстар – 2,8-ге, басқа ұлт өкілдері – 4,3-ке,
қазақтар  тек – 234,8 мың  адамға  өсті, яғни 7%. Қазақтардың  салыстармалы  салмағы 23,2
пунктіне төмендеді, орыстар -9,6 пунктіне, басқалары – 13,7 пайыз пунктіне дейін өсті.
1939 ж. санағы  бойынша  республикада 6094 мың  адам  өмір  сүрді, яғни 1926 ж.
салыстырғанда, республика  тұрғындарының  саны 105 мыңға  немесе 1,7%-ға  қысқарды.
Үлкен  шығын  қазақтарға  келді, олардың  саны  енді 2 314 мың  адамды  құрды, 1926 ж.
салыстырғанда, 1 314 мыңға немесе 63,8%-ға төмендеді. Таза украиндықтар саны 203 мыңға,
өзбектер – 26 мыңға, ұйғырлар – 28 мыңға  аз  болды. Бірақ 1926-1939 жж. кезеңінде  басқа
этностар  санының  көбеюі  болды, əсіресе  орыс – 1174 мың  адамға, яғни 92%, татар – 27
мыңға - 34%, белорусстар – 6 мыңға - 22% көбейді.
Сөйтіп, 1939 ж. Қазақстанда  этностардың  жаңа  арақатынасы  қалыптасты. Көші-қон
экспансиясы  қарқынды  түрде  жүрді. 1926 ж. теңеуі  бойынша  қазақтардың  салыстырмалы
салмағы 20,5 пунктіне төмендеді жəне 38% тең болды, украиндықтар үлесі 13,9-дан 10,8%-ға
қысқарды, өзбектер – 2,1-ден 1,7 %-ға  дейін, ұйғырлар – 1,0-ден 0,6%-ға  дейін. Орыстар
Қазақстанның  ең  үлкен  этникалық  тобын  өкілдік  етті, олардың  салыстармалы  салмағы 20
пунктіне  дейін  өсті  жəне  40,2%-ға  жетті. Немістер 1,5%, көрейліктер – 1,6, белорустар –
0,5% жəне т.б. құрады.
Этно-демографиялық  дамудың  осы  жəне  басқа  тенденциялары, əсіресе  Қазақстанның
көпұлтты  тұрғындарының  күшею  процесі  қазаннан  кейінгі  кезеңде, Кеңес  өкіметі
жылдарында  көркейе  түсті, бұл  əлеуметтік  индустриаландыру, ұжымдастыруды  жүзеге

65
асырумен, басқа 
əлеуметтік-экономикалық 
өзгертумен, Ұлы 
Отан 
соғысының
салдарларымен байланысты болды.
Қазақстан көші-қон  экспансиясының  келешектегі күшеюі Ұлы Отан соғысы кезеңінде
жəне  одан  кейін  де  республиканың  ежелгі  тұрғындар  мүддесінің  зарарына  жəне
мигранттардың салыстырмалы салмақтардың күшеюімен жалғасты.
1944 ж. ақпанда  Орта  Азия  жəне  Қазақстанға  шешендер  мен  ингуштар, наурызда –
балқарлар, қарашада – түрік-месхетиндер, сонымен қатар крым татарлары, қарашайлар жəне
т.б. халықтар күшпен көшірілді.
1957 ж. шешен  жəне  ингуш  халықтары  автономиясын  қалпына  келтіргеннен  кейін
олардың  Солтүстік  Кавказға  оралуы  басталды. Қарашай, балқарлар, калмыктардың
қайтарылуы  қарқынды  түрде  жүрді. Бұрынғы  өмір  сүрген  орындарына  гректер, түрік-
месхетиндер, крым татарлары, поляктар, корейліктер, Волга өңірінлегі немістердің бір бөлігі
қайтты. Алайда  олардың  орташа  салмағы  Орта  Азия  жəне  Қазақстанда  қалды. Кеңес
Прибалтика республикасына латыштар, эстондықтар, литвалықтар қарқынды түрде қайтты.
Соғыстан  кейін 50-шы  жж. ортасына  дейін  Қазақстанға  ұйымдастырылған  қоныс
аударылуы  əлсіз  жүрді. Республикаға  аса  ірі  көші-қон  ағыны  тың  жəне  тыңайған  жерлерді
игеруіне  байланысты өтті, ол уақыт бойынша ірі өнеркəсіптік құрылыстарына сəйкес келді.
Тың  жəне  тыңайған  жерлерді  игеру  үшін 1954-1962 жж. Қазақстанға 2 млн.-ға  жуық  адам,
негізінен  елдің  еуропалық  бөлігінен  келді. Республикааралық  ұйымдастырылған  жұмыс
күшін  жинау  бойынша  өнеркəсіп, құрылыс  жəне  көлік  үшін 1954-1965 жж. 0,5 млн.
шамасында адам келді, бұл республиканың ұйымдасқан жинағы бойынша 80% құрады.  1959
ж. республиканың тұрғындары 9294741 адамды құрды, яғни соғысқа дейінгі санын 1,5 есеге
асырды.
1970 ж. 40%-ға  көбейіп, Қазақстан  халқын 13 млн. адам  құрды, оларда  қазақтар  саны
4234 мың  (32,6%),  орыстар – 5522 мың (42,5),  украиндықтар – 933 мың (7,2),  немістер —
858 мың. (6,6), татарлар — 288 мың (2,2), өзбектер — 216 мың (1,7), белорусстар — 198 мың
(1,5), ұйғырлар — 121 мың (0,9), корейліктер — 81 мың (0,6), əзербайжандар — 58 мың (0,4),
басқа ұлттар — 498 мың болды.
1939, 1959, 1970 жж. санақтары  арасында  Қазақстанның  көптеген  этностары  болып,
орыстар қала бергені айқын. Орыстар, украиндықтар, белорусстар 1939-1970 жж. абсолюттік
көпшілікті құрды.
Дегенмен, 1959-1970 жж. қазақ  халқының  демографиялық  дамуында  бетбұрыс  пайда
болды. Оған көптеген факторлар қатары əсер етті: салыстырмалы жоғары табиғи өсуі, көші-
қон  экспансиясы  тиімділігінің  төмендеуі, теріс  көші-қон  айырмасы. Нəтижесінде
қазақтардың  жалпы  санының  ғана  емес, сонымен  қатар  республика  тұрғындары
құрамындағы салыстырмалы салмағының бұлжымайтын өсу тенденциясы көзделді.
Қазақстан  тарихшы-демографтары  еліміз  халқының  тəуелсіздік  жағдайындағы
əлеуметтік  демографиялық  дамуы  мен  көші-қон  ерекшеліктері  мен  нəтижелерін  зерттеуге
көбірек  көңіл  бөлді. Сол  зерттеулердің  тарихи  демография  саласындағы  басты-басты
нəтижелеріне тоқтала кетейік:
а) Тəуелсіздік жылдары Республика халқының саны күрт азайды, ал ұлттық құрамында
күрделі өзгерістер болды. Тек соңғы жылдары ғана 1989 ж. деңгейіне жақындай түсті. 1991-
2003 жж. арасында  ел  халқы 1,5 млн.-нан  аса  адамға  кеміп кетті, 2010ж. елде 16,038,1 мың
адам болды, ал 1991 ж.-16,358,1 мың адам бар еді.
б) Халық санының күрт кемуі себептері:
1) Қазақстаннан  сыртқа  бағытталған  шығыс  славян  өкілдері  мен  неміс, татар  жəне
басқалардың өз  тарихи  отандарына қайтқан ірі-ірі толқынды көші-қон (теріс айырылымы –
сальдо) нəтижелері;
2)  өлім-жітім көбейіп,  туу азайғаны арқасында табиғи өсімнің,  (əсіресе шығыс славян
өкілдері арасында) төмендеп кетуі болды.
г) Халықтың  ұлттық  құрамында  күрделі  өзгерістер  болды, əсіресе  қазақтардың  саны
көбейе  түсуде, табиғи  өсім  мен  Отанына  қайтқан  қандастарымыз (шамамен 1 млн.)

66
арқасында  қазақтар  2009  ж.  санақта  10  млн  асып  түсті,  яғни  20  жыл  ішінде  олардың  саны
3,564 мыңнан аса көбейіп, үлесі 39,7% дан 63,1%, яғни 23,4%-ға көтерілді. Орыстардың үлесі
39,7%-дан 23,7% -ға  түсіп, 16,0% төмендеді, ал  саны 2,430,5 мыңға  кеміді. Немістер 726
мыңға, украиндар 653 мыңға  қысқарып, үлестері 1,4% жəне 2,7%-ға  түсті. Бұған  керісінше
өзбектер, ұйғырлар əзербайжандар, түріктер, тəжіктер жəне басқа түркі-мұсылман этностары
өкілдері  саны  өсе  түсуде. Бұл  өзгерістер  еліміздің  ұлттық  құрамын  түбірлі  түрде  басқаша
қалыптастырып үлгерді.
д) Халықтың  жыныстық  құрамында  əйелдердің  еркектерден  көбірек  болуы  сақталып
келе  жатса, жастық  құрамда  қартаю  көрсеткіштері  көрініс  табуда, бұл  жағдай  негізінде
шығыс славян өкілдерінің көбі қартая түскенінен болып отыр. Қазақтар негізінен жас ұлттар
қатарына жатады.
е) Қазақстан Республикасында негізгі этностардың аймақтарда орналасу ерекшеліктері
өзінің дəстүрлік қасиетін нақтылай түсуде. Оңтүстік пен Батыста Қазақтарының басымдығы
күшейе  түсуде, ал  Солтүстікте, Шығыста  жəне  Орталықта  қазақтардың  үлесі  едəуір
көтерілгенімен шығыс славян өкілдері əлі де басымдықтарын сақтап қалуда.
 ж) Қазақстан  Республикасы  халқының  ұрбандану (қалалану) процесінің  бір-қатар
ерекшеліктері  пайда  болды: 1) «қазақ  қалаға  бет  бұрды», олардың  саны  да, үлесі  де  қала
тұрғындары  арасында  көбейе  түсуде; 2) Қала  тұрғындары  саны  негізінде  екі  астанада
(Астана  мен  Алматы), ірі облыс  орталықтарында  ғана өсуде; көп қалалар да (Түркістаннан
басқа) тұрғындар  саны  кеміп  кетті  ал 1990-жж. тоқырауға (депрессияға) ұшыраған  қалалар
пайда болды.
 3) Республика  халқының, əсіресе  қазақтардың  білім  деңгейі  өсіп  келеді. Дегенмен
қазақтар  білім  жөніндегі  көптеген  көрсеткіштер  бойынша  европалық  ұлт  өкілдерінен  едəір
артта қалып келеді.
 и)  Тəуелсіздік  жағдайында,  Қазақстан  Республикасында  жаңа  саяси  жəне
экономикалық құрылым пайда болып, қалыптасты. Сонымен бірге жаңа əлеуметтік құрылым
да қалыптасып үлгерді. Бұрынғы Кеңес дəуіріндегі бірыңғай, жұмысшы, ұжымшар шаруасы
мен  интеллигенциядан  тұратын  əлеуметтік  құрылым  орнына  экономикалық  тұрғыдан
белсенді  халық (жұмыс  күш) төмендегіше  əртүрлі  əлеуметтік  топтарға (таптарға  десе  де
болар): Жұмыспен  қамтылғандар: Жалдамалы (ақы  төленетін) қызметкерлер, жұмыс
берушілер (жеке  меншік  иелері), өз  бетінше  жұмыс  істейтін  қызметкерлер, өндірістік
кооператив  мүшелері, отбасылық  ақы  төленбейтін  қызметкерлер, əскерилер, дін
қызметкерлері жəне т.б. жұмыссыздар болып бөлінді. Қазіргі Қазақстан  қоғамында мүліктік
жіктелу  күшеюде, байлар  мен  кедейлер  арасы  алшақтай  түсуде, əлеуметтік,экономикалық
жəне саяси құрылымның негізі салатын орта тап қалыптасу үстінде, бірақ əлі əлсіз 2,6 млн-
нан  асатын  өз  бетінше  жұмыс  істейтін  қызметкерлердің  əлеуметтік  қорғанысы  еңбекпен
қамтылғандар  ішінде  өте  төмен. Жұмыссыздық  проблемасы, ауыл  халқының  басым
көпшілігі  болып  отырған  қазақтардың, əсіресе  олардың  жастарының  жағдайы  мемлекеттік
күрделі  шараларды  іске  асыруды  қажет  етеді, жаңа  инновациялық-индустриялық  даму
мақсаты  ұлттық  кəсіби  техникалық  мамандар  кадрларын  даярлап, тəрбиелеп  өсіруді  талап
етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет