Ассемблер тілі


Ассемблер тілінің синтаксисі, алфавиті. Тұрақтылар



бет3/6
Дата01.02.2022
өлшемі228 Kb.
#24629
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ассемблер тілі-dereksiz.org

Ассемблер тілінің синтаксисі, алфавиті. Тұрақтылар. 

Программа сөйлемдерін (команда, макрокоманда, директива, коментарий) ассемблер трансляторы айқын анықтау үшін олар белгілі бір синтаксистік ережелерге сәйкес қалыптастырылуы тиіс.

Ассемблер тіліндегі әр команда 4 өрістен тұруы мүмкін.

Мысалы: get: mov cx,di; cx регистріне di регистрінің мәнін меншіктеу Бұл жерде get белгіні білдіреді, mov – меншіктеу командасы, cx, di операндтарды білдіреді, ал; белгісінен кейін тұрған мәлімет – коментарий.



Директивалар (Псевдокомандалар) 

Директивалардвң (псевдокомандалардың) көмегімен сегменттер мен пройедураларды анықтауға, командалар мен мәліметтер элементтеріне ат беруге, жадтың жұмысшы аумақтарын анықтауға және т.с.с. әрекеттерді орындауға болады. Директивалардвң жазылу түрлері:

Жиі кездесетін директивалардың түрлері :

1. 
SEGMENT ENDS – негізгі прграмманы сегменттерге бөледі, сегменттің басын және аяғын білдіреді. Сегмент түрлерін анықтау үшін ASSUME директивасы қолданылады. Оның жазылу түрі: Мұндағы, сегмент_регистрі – DS, CS, SS, ES сегмент регистрінің аты, : сегмент_аты – SEGMENT ДИРЕКТИВАСЫНДА КӨРСЕТІЛГЕН АТ.

2. 
PROC ENDP процедураның басын және соңын білдіреді. Процедура дегеніміз – программаның әр жерінде орындалатын командалардың тізбегі.

Ассемблер тілінде кездесетін тұрақтылардың түрлері:

1. 
екілік сандық жүйесіндегі тұрақтылар: 0 және 1-ден тұратын сандар тізбегі. Тізбектің соңында В әрпі жазылады. Мысалы: 1011011В.

2. 
орындық сандық жүйесіндегі тұрақтылар: 0+9 аралығында сандар. D әрпімен аяқталуы мүмкін. Мысалы: 927 не 927D.

3. 
16-лық сандық жүйесіндегі тұрақтылар: 0+9 аралығында сандар, А+Ғ латын әріптері. Н әрпімен аяқталады. Алғашқы символ сан болуы тиіс. Мысалы: 1Е23Н.

4. 
символдардың тұрақтылар – тырнақшаға алынып жазылған әріп, сан не символдар тізбегі.


Теріс сандарды енгізу үшін келесі тәсілдер қолданылады: егер сан ондық жүйеде болса, алдына минус белгісі қойылады, егер сан 2-лік не 16-лық жүйеде болса, оны толықтырғыш кодқа ауыстыру керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет