Жағыпарова Майра Маралбек Сағынғанов Маралбек «Еуразия Бірінші» телеарнасы
жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі.
(Интернеттен алынды) – Алғашқыда репортаждарды тек қа-
зақ тілінде жазып жүрдіңіз бе? «Өзімді екі
тілді журналист ретінде сынап көруге бел
будым» деген болатынсыз. Сынақтан өте
алдыңыз ба?
– Қазақ және орыс тілді жүргізуші
ретінде бір жылдай эфирде болдым.
Орысша «акцентпен» сөйлейтінімді сынағандар да кездесті.
Бірақ тап бұдан қысыла қойғаным шамалы. Бәрібір ана тілімде
сөйлегендей сөйлей алмасым анық. Қазір орыс тілінде материал-
дар жазып, ақпараттық сайтқа беріп жүрмін. Редакторлар «қоя
қой» деп жатқан жоқ. Көп мақтамайды да. Соған қарағанда әлі
де сынақта жүрген тәріздімін.
– Диктор ретінде сөйлесеңіз: эфирге дейін немесе эфир бары-
сында қандай да бір кедергілер болды ма?
– Эфирге дейін ешқандай кедергілермен ұшырасып көр-
меппін. Рас, мәтіндерді түзету барысында тілшілермен, редак-
торлармен түсініспей қалатын кездер болады. Бұл кез келген
ұжымда кездесетін жәйт. Ол керісінше өнімнің сәтті шығуына
жағдай жасайды. Дегенмен, тікелей эфирдің аты – тікелей эфир.
Түрлі форс-мажор сәттер болып тұрады. Менің міндетімнің бірі
– сол сәттердің «жымын» білдірмей жіберу.
– Мәселен, Алматы маңында құлаған ұшақ апатынан қаза
болғандар жайында ақпаратты сізге эфирге қағазға жазып
әкеліп бергенде, қандай қиындық болды?
– Бұл жүргізушілік қызметімдегі ең ауыр эфир болды. Апат-
қа қатысты, кезектен тыс шұғыл жаңалықтар шығардық. Жиыр-
ма бір адамның қазасын естірту оңай емес. Қаза болғандар-
дың әрқайсысының есімін көмейден күшпен шығаруға тура кел-
ді.