Астана қаласы
№59 мектеп-лицейінің
11 «В» сынып оқушысы
Әділсұлтани Үмітай
Мінездеме Әділсұлтани Үмітай Сабыржанқызы 15.01.2006 жылы дүниеге келген. Ұлты қазақ. Астана қаласы Сауран 6, №26 пәтерде тұрады. Үмітай толық отбасында тәрбиеленеді. Денсаулығы қалыпты, психологиялық ауытқулар жоқ. Үмітайдың мінезі жақсы, сыныптастарының арасында сыйлы. Үлкенді сыйлап, кішіге қамқор бола біледі.
Үмітай оқу үлгерімі жақсы, қосымша білім көздерін пайдалана алады, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан. Өз ойын дәл және еркін жеткізе біледі. Өте зерек, тапқыр. Үй тапсырмасын жүйелі орындайды, өз жұмыстарын ұйымдастыра біледі. Оқудағы жұмысы жүйелі және бірізді, мектептің іс-шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды тез шеше біліп, қолдау көрсетуге дайын тұрады. Қызыға оқитын пәндері: география, тарих, алгебра. Үмітай болашақта туризм саласының маманы болуды қалайды. Мақсатқа жету ұмтылысы қуантарлық. мінез-құлқын реттей алады, өз мүмкіндігін бағалай алады. Құлшынысты, шығармашыл, адал, әділетті, өз уақытын ұйымдастыра біледі. Оқу барысында білім деңгейі жақсы, себебі көп кітап оқығанды ұнатады, өз білімін жан – жақты жетілдіреді. Оқу барысында сабаққа үнемі дайындықпен келеді, білім алуда біліктілік, мақсатқа талпынушылық, тәртіптілік байқатты. Жоғары еңбек қабілеттілігімен ерекшеленеді.
Болашақта алға қойған мақсаттарына ұмтылып, биік белестерді бағындырып, өз елінің адал, білімді, қабілетті азаматы болатынына сенімдімін.