КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕСІ: педагогикалық шеберлік орталығының тың-
даушыларының практикалық дағдыларын дамыту
МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: педагогикалық
шеберлік
орталығының
тың даушылар тобы
ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ: түсіндіру, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды диалог
арқылы дамыту
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: компьютер және мультимедиялық проектор, интерактивті
тақта, дыбыстық құрылғы.
ШЕБЕРЛІК САБАҒЫНЫҢ БАРЫСЫ: Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет – білім беру жүйесін жаңарту
болып отыр. Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Осы мақсатта
оқушыларға білім беруде «сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту» бағдарламасын
қолданамын. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-
түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге
келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі
Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа аламын. Негізінен мен
Э.М.Браверманның тәжірибесіне сүйенемін, оның «Оқимыз және ойлауды әрі
түсінуді үйренеміз» және «Оқимыз және жасауды ойлап үйренеміз» кітаптары
менің шеберлігімді шыңдауға мүмкіндік берді.
Сын тұрғысынан ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен
білімді игеруге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді.