Астрономия



бет1/2
Дата15.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#115457
  1   2

Астрономия

Астрономия 

көне грекше: ἄστρον «жұлдыз» + νόμος (номос), «заң» — ғарыштық денелердің құрылысы, дамуы, олар құрайтын ғарыштық жүйелер және тұтас Ғалам туралы ғылым. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерді немесе денелер жүйелерін, олардың құрылысын, пайда болуын және динамикасын, сондай-ақ, оларда болып жатқан құбылыстарды зерттейді.

Астрономия ғылымының жеке дараланып шығуы — жаратылыстану ғылымының эллинизм дәуіріндегі даму кезеңіне сәйкес келеді. Бұл астрономия саласында біраз деректердің жиналып, бір жүйеге түсе бастағанының және эмпирикалық өлшеу әдістерінің даму барысының белгісі. Осы кезенде Жер шеңберінің ұзындығы өлшеніп, аспан шырақтарының орналасқан орны мен қозғалысы қайта тексеріліп анықталды және үлкен жұлдыздар каталогі жасалды.

  • Астрономия ғылымының жеке дараланып шығуы — жаратылыстану ғылымының эллинизм дәуіріндегі даму кезеңіне сәйкес келеді. Бұл астрономия саласында біраз деректердің жиналып, бір жүйеге түсе бастағанының және эмпирикалық өлшеу әдістерінің даму барысының белгісі. Осы кезенде Жер шеңберінің ұзындығы өлшеніп, аспан шырақтарының орналасқан орны мен қозғалысы қайта тексеріліп анықталды және үлкен жұлдыздар каталогі жасалды.
  • Эллинизм кезеңінің үлкен астрономы Аристарх Самосский (б.э.д. III ғ.) Жер мен Айдың ара қашықтығын анықтады және Әлемнің жаңа бейне құрылысы туралы езінің гипотезасын жасады. Оның теориясы бойынша Әлемнің ортасында Күн тұр, ал оның айналасында Жер мен басқа планеталар орналасқан. Осы батыл теориясы үшін ол қатты қуғынға үшырады. Оның осы ілімі көп ғасырлардан кейін Коперниктің жұмысында қолдау тауып дамыды.
  • Эллинизмнің екінші бір астрономы Гиппарх (б.э.д. II ғ.) Күн өзінің Жермен арадағы қашықтығын үнемі өзгертіп отыратындығын байқады. Осы қарама-қайшылықты жою үшін ол эксцентрик теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша аспан денелерінің дөңгелек орбиталарының ортасы Жердің ортасымен сәйкес келмейді. Бірақ бұл теория барлық байқалатын аспан денелерінің қозғалысына толық сәйкес келе бермеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет