Ата-аналар жиналысында timss -ка дайындық бойынша нормативтік құжаттармен таныстыру-сынып жетекшісі Г.Қ Орынтаева



Дата19.09.2023
өлшемі10,2 Kb.
#108843
Байланысты:
Timss хаттама


Хаттама №1
Күні:.....07.02.2023.......... Теректі ауылы
Барлығы: 5
Күн тәртібінде:
Ата-аналар жиналысында TIMSS -ка дайындық бойынша нормативтік құжаттармен таныстыру-сынып жетекшісі Г.Қ Орынтаева.
Тыңдалды :
1-ші мәселе бойынша 4 «А» сынып жетекшісі Г.Қ Орынтаева сөйледі. Оқу жетістігін сырттай бағалауды өткізу мақсатымен және TIMSS қа байланысты нормативтік құжаттармен таныстырды Қазақстанның мектептік білім беру жүйесі өз дамуының жаңа бағытын бастайды. Еліміздің оқушылардың білім жетістіктерін бағалайтын халықаралық зерттеулерге қатысу тәжірибесі білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартуға ықпал етті.
Халықаралық қоғамдастықпен танылған Trends in International
Mathematics and Science Study (TIMSS) бағдарламасы 4 және 8 сынып
оқушыларының математикалық және жаратылыстану дайындық деңгейін
бағалайды. Оқушылардың білім деңгейін анықтау, дағдылары мен
машықтарын әлемнің 50-ден астам елдерінің халықаралық практикасына
негіздей отырып әзірленеген жаһандық ресурс болып табылады. ТIMSS
құралы оқушылардың білім деңгейін Білім, Қолдану және Ойлау сияқты
танымдық салаларында бағалайды.
«Білім» блогы оқушылардан академиялық білімін сандардың
қасиеттерін және қарапайым геометриялық фигураларды, анықтамалар
және стандартты диаграммалар және графиктер ақпаратты шығарып
алуды талап ететін математика бойынша тапсырмаларды қамтиды.
Жаратылыстану ғылымдарында оқушылар әртүрлі материалдардың
қасиеті, организмдер, құбылыстар мен процесстер, жаратылыстану
терминдері мен өлшеу бірлігі туралы білім деңгейлерін көрсетулері
қажет.
Тест тапсырмаларын Қолдану бөлімін орындау барысында
оқушылар математика мен жаратылыстану тапсырмаларының әртүрлі
өмірлік жағдайлармен, кестелер, диаграммалар және графиктер түрінде
берілген мәліметтерді түсіндірулері қажет және эксперименттік
жұмыстарды жэүргізе білу дағдыларын көрсетулері тиіс.
Ойлау тапсырмалары оқушылардың логикалық және жүйелі ойлай
білу дағдыларын анықтайды. Ойлауды талап ететін тапсырмалар
ұсынылған жағдайдың жаңалығы арасындағы әртүрлі болуы мүмкін,
сұрақтың күрделілігі, қадамдар шешімінің саны, математиканың әр түрлі TIMSS-2011 Қолдану үшін 4 және 8 сынып оқушыларына арналған
оқушылардың тапсырмалар арақатынасы математика бойынша 40%,
40% - 35% - Білім үшін және 20% - 25% - Ойлау құрады. Жаратылыстану
тест бөлігінің құрылымы оқу-танымдық қызметі бойынша 4 және
8 сынып оқушылары үшін 40% - 35% - білім және қолдану үшін, ойлау
үшін 20% - 30% құрады.
Оқушылардың оқу жетістіктерін танымдық қызмет түрлері
бойынша бағалау білім беру процесінің бір бөлігі болып табылады.
Сондықтан, ұлттық сарапшылардың еліміздің мұғалім қауымдастығына
көмек ретінде халықаралық тест материалдарын айтарлықтай жүйелеген.
Құпиялылық режимінен шыққан барлық тест тапсырмалары
жаратылыстану-математикалық кезеңінің 4 және 8 сыныптар пәндерінің
оқу тақырыптары бойынша бөлінген.
Осы жинақта таңдау талап ететін және еркін жауап беретін тесттік
тапсырмалары ұсынылған. Барлық тапсырмалардың форматы
көрнекіленген, тапсырмалар және сұрақтар, суреттер мен сызбаларды,
графиктер мен диаграммаларды қамтиды.
Әдістемелік құрал математика мен жаратылыстану сабақтарында
мұғалімдерге көмекші құрал ретінде пайдалануға ұсынылады. Бұл TIMSS
халықаралық зерттеу сиапттамаларын түсіну ғана емес, оқушылардың
білім жетістіктерін бағалауға көмектеседі. Маңызды жайт, бұл оқыту
әдістемесі оқушылардың математикалық және жаратылыстану
сауаттылық деңгейін бағалау және бірегей құрал-саймандар
технологияларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Шешімі:
1.Оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуын қадағалау ата – аналарға тапсырылсын.
2.Алынған сынама жұмыстарының нәтижесі ата-аналарға таныстырылсын.
3.Ата ана балаларының дайындалуына көктесуі мен қадағалау шараларын қолға алсын
Сынып жетекші Г.Қ Орынтаева.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет