Ата-аналар жиналысының хаттамасы №1 7 «В» сыныбы Өткізілген күні



Дата18.11.2023
өлшемі35,99 Kb.
#124693
түріСабақ
Байланысты:
Хаттамалар




Ата-аналар жиналысының хаттамасы №1
7 «В» сыныбы
Өткізілген күні: 29.09.2023 ж
Жалпы оқушы саны: 26
Қатысқан ата-аналар саны: 24
І. Күн тәртібі:

  1. Жаңа форматта ата-аналарға психологиялық ахуалды қалыптастыру. Қызықты әдіс тәсілдерді қолдану

  2. Мектеп әкімшілігімен таныстыру.

  3. Мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстыру.

  4. 2023-2024 оқу жылының оқу жоспарымен таныстыру.

  5. Сабақ кестесі және сабақ беретін пән мұғалімдерін таныстыру.

  6. Ата-аналар комитетін сайлау



II. Тыңдалды:
Тыңдалды:
1- мәселе бойынша балаларды жиналысқа дейін тек көздерін суретке түсіріп дайындадық. Ата-аналарды өз балаларының көздерінің фотосын табу арқылы жиналысқа назарларын аударып, балалары мен ата-аналары арасындағы байланысты орнаттық.
Тыңдалды:
2- мәселе бойынша әкімшілік тарапынан алдын-ала дайындалған арнайы әкімшілік мүшелерінің аты-жөндері, лауазымдары, білімдері, еңбек өтілдері туралы презентациямен ата-наларды таныстырдық.
Тыңдалды:
3-мәселе бойынша мектептің ішкі тәртіп ережесінің әр пунктімен алдын-ала таныстырып, әр бөлімін жеке талқылап, әр пунктіне қатысты оқушылар тарапынан болып жатқан бұзақылықтарды ескерттік. Танысып болған соң, әр ата-аналарға арнайы мәлімдемеге танысқаны туралы қол қойылды.
Тыңдалды:
4-мәселе бойынша мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарларының нұсқауымен берілген оқу жоспары таныстырылды. Сонымен қатар, мектеп әдіскері жасаған нақты сабақ кестесі көрсетілді.
Тыңдалды:
5-мәселе бойынша әр пән мұғалімі жайлы қысқаша ақпарат пен пән мұғалімі берген сынпыпқа қатысты пікірі тыңдалды.
Тыңдалды:
6-мәселе бойынша сынып ата-аналарының ішінен 2 ата-ана комитет болып сайланды: Толеубаева Гульмира Нургалиевна, Тенизбаева Индира Курманалиевна


ІІІ. Қаулы етті:
2023-2024 оқу жылына 7 «В» сыныбының ата-аналар комитеті болып Толеубаева Гульмира Нургалиевна, Тенизбаева Индира Курманалиевна тағайындалсын.
Ата-аналар жиналысының хаттамасы №2
7 «В» сыныбы
Өткізілген күні: 01.11.2023 ж
Жалпы оқушы саны: 26
Қатысқан ата-аналар саны: 4
І. Күн тәртібі:

  • І тоқсанның қорытындысы, оқу үлгерімі туралы ақпарат.

  • Мектептің ішкі тәртіп ережесінің орындалуы, оқушылардың сыртқы келбеты, мектеп формасы. Ата-аналар балаларының сабаққа кешікпей келуін қамтамасыз етуі.

  • Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру жұмыстары. Пән мұғалімдерімен кездесуге жұмылдыру.

  • Әртүрлі мәселелер.



II. Тыңдалды:
Тыңдалды:
1- мәселе бойынша ата-аналарға Kundelik KZ платформасы арқылы балалардың 1-тоқсан бойынша қорытынды бағалары ата-аналарға көрсетілді. Балалардың оқу үлгерімі төмен екендігі хабарланды.
Тыңдалды:
2- мәселе бойынша мектептің ішкі тәртіп ережесінің әр пунктімен алдын-ала таныстырып, әр бөлімін жеке талқылап, әр пунктіне қатысты оқушылар тарапынан болып жатқан бұзақылықтарды ескерттік. Танысып болған соң, әр ата-аналарға арнайы мәлімдемеге танысқаны туралы қол қойылды.
Тыңдалды:
3-мәселе бойынша оқушыларды түрлі пәндік қосымша факультативтерге тіркеу туралы ата-аналарға кеңес берілді. Жаратылыстану бағыттағы пәндердің жаңадан оқу жылында енді қосылуына байланысты, оқушыларда әлі де адаптация кезеңі өтіп жатқаны туралы ата-анаға ескертілді.
Тыңдалды:
4-мәселе бойынша мектеп психологымен ата-ананың рұқсатымен сынып оқушыларына психологиялық тест өткізуге рұқсат алынды, сонымен қатар оқушыларды түрлі қоғамдық іс-шараларға қатыстыру туралы талқыланды.
Сынып жетекшісі: Мақұлбек Т.С.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет