Байланысты: Хаттама ата аналар жиналысы №2 19.01.2023
Ата - аналар жиналысының хаттамасы №2
6 «А» сыныбы
Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының «№22 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 6 «А» сынып оқушыларының ата - аналары арасында жиналыс болып өтті.
Өткізілген күні:19.01.2023 ж.
Жалпы оқушы саны – 16
Қатысқаны – 10 ата - ана
Күн тәртібінде:
2022-2023 оқу жылының ІІ тоқсан бойынша білім сапасының қорытындысымен таныстыру;
«Өзіме көршіме» тренингі;
Мектептің ішкі тәртіп ережесімен, сабаққа қатысу және орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы бұйрықтармен таныстыру;
«Өрмекшінің торы» және «Ең әдемі көздер» тренингтері;
1 сұрақ бойынша сынып жетекші Макпал Кудайбергеновна сөз сөйледі. Оқушылардың 2 - тоқсан бойынша қорытынды бағаларын мәлімдеп, «жақсы» деген бағадан «қанағаттандырарлық» бағаға түсіп кеткен оқушылардың сол пәндерге ынтасы мен қызуғышылығын мәлімдеді. Ата - аналар жиналысына шақырылған пән мұғалімдері Хасенова Ж.Б., Алпысова Г.У. оқушылар туралы айтты.
2 Ата – аналар арасында жағымды қарым-қатынасты орнату, жағымсыз көңіл күйден арылу және өзін еркін сезінуге көмектесу мақсатында «Өзіме көршіме» атты тренинг өткізілді.
3 сұрақ бойынша сынып жетекшісі сөз сөйлеп, мектептің ішкі тәртіп ережесімен, сабаққа қатысу және орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы бұйрықтармен таныстырып өтті.
4 Адамның бауыр еті, жүрегі бала. Жіпті ұстап балаларына деген ақ тілектерін жеткізіп бір-бірлеріне берді.
5. Ата-аналармен бірлескен жұмыстың мақсаты:Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы. Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу.
ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі
жайлы түсіндіру.
Жиналыс қаулы етеді:
1. ІІІ тоқсанда оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау, сыныптың білім сапасын көтеру.
2. Мектептің ішкі тәртіп ережелерін ата - аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп отырсын.
3. Сынып оқушыларының оқу сапасының көтерілуін сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері, ата - аналар бірлесіп жұмыс жасау.
4. Оқушылардың тәртібіне және білім көрсеткіштеріне назар аудару.