Байланысты: Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс жоспары
6.Іс-жүргізу
6.1.Комитет жалпы білім беру мекемелеріндегі іс-жүргізу нұсқауларына сәйкес жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысының және өз отырыстарының хаттамаларын жүргізеді
6.2.Хаттамалар мектеп кеңсесінде сақталады
6.3.Комитеттегі іс-жүргізу жауапкершілігі комитет төрағасына немесе хатшыға жүктеледі
Ата-аналар жиналысы өтті
Ата - аналар жиналысының хаттамасы
Хаттама №
орта мектебі мемлекеттік мекемесінде ата – аналар арасында жиналыс болып өтті.
Күні:
Жалпы оқушы саны –
Қатысқаны – ата – ана
Күн тәртібінде :
1.Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары.
Оқу ісінің меңгерушісі
2.баланың іс-әрекеті
Тәрбие ісінің меңгерушісі
3.Баланың оқу режимі және демалысы.
Тәрбие ісінің меңгерушісі
4.Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?
Оқу ісінің меңгерушісі
5.Ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы.
Тәрбие ісінің меңгерушісі
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші,екінші мәселелер бойынша оқу ісінің меңгерушісі ата-аналарға мәлімет берді.
Қашықтан оқыту
Оқу үрдісі 1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналарының (балалардың заңды өкілдерінің) өтініші бойынша сыныпта 15 балаға дейінгі контингенті бар «кезекші сыныптар» ұйымдастырылып отыр. Оқушыларды «кезекші сыныпқа» қабылдау ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің өтініштері бойынша жүргізіледі.
3 сыныпта 2 оқушы ата-ана өтініші бойынша қашықтықтан оқып отыр.
Таза ауада, мектептің спорт алаңдарында дене шынықтыру сабақтарын өткізіледі.
Сабақтар арасындағы үзілістер әр сыныпқа әр уақытта беріледі;
Оқу үстелдері 1 метр қашықтықта орналастырылған.
Білім алушыларға жеке парта мен орындық бекітіледі, білім алушы жеке оқу материалдарын (оқулықтар, дәптерлер, кеңсе заттары және т. б.) пайдаланады.
«Кезекші сыныптарда» оқытуды ұйымдастыру (1-4 сынып)
Білім алушылар мен педагогтер, басқа қызметкерлер мектеп ішінде тікелей байланыс жасамайды;
Білім алушылар мен педагогтердің дене қызуын күн сайын өлшенеді, медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштар жұмыс істейді;
Дене қызыуы нормадан жоғары балалар үйге қайтарылады. Егер сыныпта бала ауырып қалса, бүкіл сынып қашықтан оқытуға ауыстырылады.
Әрбір екінші сабақтан кейін кабинеттерде әр үзілістен кейін, ауысымдар арасында, дәліздерде, рекреацияларда, холлдарда және басқа да ылғалды тазарту жүргізіледі;
Мектеп асханасы мен буфеттің қызметі уақытша тоқтап тұр;
Зарарсыздандыруға арналған құралдардың жеткілікті. Аяқ киімге арналған кілемшелер, санитайзерлер қамтамасыз етілген.
Ажыратқыштарды, есік тұтқаларын, сүйеніштерді, баспалдақ марштарын, терезелерді зарарсыздандыруды тұрақты жүргізіледі.
Сабақ Интернет-платформада жүзеге асырылады;
тікелей эфир үшін мұғалім Санитарлық талаптарға сәйкес 10-нан 30 минутқа дейін сабақ бере алады;
Білім алушы әрекет алгоритмі негізінде стриминг режимінде сабаққа алдын-ала дайындалады;
техникалық проблемалар туындаған және тікелей трансляциялау мүмкін болмаған жағдайда мұғалім сабақты асинхронды форматқа ауыстырады, оқушы да ауысады;
мұғалім кері байланысты қол жетімді байланыс түрлері арқылы ұсынады;
Сабақ қашықтан Интернет-платформада мұғалімнің білім алушылармен өзара әрекеттесуі кезінде жүзеге асырылады;
Сабақты дайындау кезінде мұғалім оқушыларға өздігінен оқуға арналған оқу материалдарын береді;
Кез-келген уақытта Интернет-платформада орналастырылған немесе цифрлық ресурстарға, видео сабақтарға немесе электронды оқулықтарды көруге мүмкіндік береді;
Оқу форматына қарамастан «Балапан» арнасында қазақ тілінде және «Ел-Арна» арнасында орыс тілінде оқитын оқушыларға дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қосымша білім беру ресурсы ретінде телевизиялық сабақтар арқылы оқуға мүмкіндік беріледі.
1 сынып оқушылары бағаланбайды
2-11 сыныптарда пәндер бойынша оқушылардың оқу жетістіктеріне күнделікті/формативті, 1 бөлім бойынша жиынтық бағалау (бұдан әрі - БЖБ) және 1 тоқсандық жиынтық бағалау (бұдан әрі - ТЖБ) жүргізіледі;
5-15 қазан аралығында 2-11 сыныптарда БЖБ, 28 қазаннан бастап 2-11 сыныптарда ТЖБ өткізу ұсынылады. Әр мектеп өз оқу кестесіне байланысты, оңтайлы уақытта өткізеді;
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау электрондық журналдарда жүзеге асырылады.
Баланың оқуға деген ынтасын арттыру:
білімді болуға ұмтылдыру;
қарым-қатынас шеңберін кеңейту;
өз таланттарын ашуға, белсенді және көшбасшы болуға баулу;
оқу қажеттілігін (оқушы мәртебесі) жоғарлату
Күн тәртібіндегі ү мәселелер бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі толықтай айтып өтті:
Қашықтан оқу кезіндегі баланың жұмыс орны.
мүмкіндігінше жұмыс үстелі табиғи жарыққа жақын болуы керек;
мүмкіндігінше баланың жұмыс орны жас балалардың қол жетімділігінен алыс болуы керек;
жарықтандыру үшін қарапайым шамдарды қолдануға болады, жарық жоғарыдан пернетақтаға түскені дұрыс;
баланың жұмыс істейтін үстелінде жазатын қолы жағынан (әдетте оң жақта) қағазға жазып жұмыс істеу үшін орын қалдырған дұрыс;
баланың жұмысы кезінде бөлмедегі теледидар өшіріліп, мүмкіндігінше тыныштық пен жұмыс ортасы қамтамасыз етілгені дұрыс.
Баланың оқу режимі және демалысы.
Ұйқыдан тұру
Гигиеналық процедуралар
Таңғы ас
Қысқа демалыс (10-15 минут)
Кесте бойынша сабақтар
Түскі ас
Қысқа демалыс (10-15 минут)
Шығармашылық қызмет түрлерімен айналысу, танымдық кітаптар оқу, үйде көмек көрсету
Оқу тапсырмаларын орындау
Кешкі ас
Гигиеналық процедуралар
Ұйқы
2021-2022 оқу жылына мектеп формасы Санитарлық-эпидемиялогиялық ахуал ескеріліп, шектеу іс-шаралары кезеңінде оқушылар сабақтарға ыңғайлы киімде қатыса алады.
Интернеттегі балалардың жұмысын ата-ана бақылауы ережелерімен таныстыру
Балалардың интернет жүйесіндегі жұмысын бақылау
Компьютерді көрінетін жерге қойыңыз;
Сабақтан тыс уақытта Интернетте пен ойын уақытын шектеңіз (күніне 15-30 минут);
Балаңыздың Интернетке кіруіне тарихына қызығушылық танытыңыз;
Балаңызбен компьютерде немесе мобильді құрылғыда не көретіні және немен айналысатыны туралы сөйлесіңіз;
Балаларға компьютерде тиімді уақыт өткізуді және нақты дағдыларды игеруді ұсыныңыз;
Үлгі болыңыз. Балалар көбінесе ата-аналарының мінез-құлқын қайталайды.
Ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы.
Балаларыңыздың интернетте немен айналысатындығы туралы хабардар болыңыз.Олардан өзіңізді бұрын қолданбаған қосымшаларды қолдануға үйретуді сұраңыз;
Пайдалы сайттарды, танымдық ресурстарды ашуға үйретіңіз;
Ақпаратпен танысқаннан кейін не қызықты екенін сұраңыз;
Балаларыңызға өздері туралы ақпаратты желіде орналастырмау керектігін түсінуге көмектесіңіз;
Егер Сіздің балаңыз спам (қажетсіз электрондық пошта) алса, оған мұндай хаттарда жазылғандарға сенбеуге және жағдайда оларға жауап бермеу керектігін ескертіңіз;
Балаларға бейтаныс адамдар жіберген файлдарды ашуға болмайтынын түсіндіріңіз. Бұл файлдарда келіссіз немесе агрессивті мазмұндағы фотосуреттер, бейнелер болуы мүмкін екенін жеткізіңіз;
Интернеттегі кейбір адамдар өтірік айтуы мүмкін және өздерін басқа адамдардың атынан көрсетуі мүмкін екенін түсіндіріңіз;
Балаларыңызбен үнемі сөйлесіп отырыңыз, интернеттегі басқа адамдардың іс-әрекеттеріне қалай дұрыс әрекет ету және жауап беру туралы кеңес беріңіз;
Егер біреу желіде ренжітсе немесе агрессивті мазмұндағы материалды көрсе балаларыңызды дұрыс жауап беруге үйретіңіз;
Сіздің балаларыңыз қолданатын компьютерде жасына қарай зерделеу құралдары орнатылып, дұрыс конфигурацияланғанына көз жеткізіңіз.
Ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) жауапкершілігі:
баланы қашықтан оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
компьютер мен Интернетті қауіпсіз пайдалану жөніндегі ұсынымдардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
баланың оқу кестесі мен тапсырмаларын орындауын бақылауды қамтамасыз ету;
Мектептен байланыста болу;
егер отбасы білім беру ұйымымен қажетті техникамен қамтамасыз етілген жағдайда, жабдықтың сақталуын және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Сөйледі :
1. – 11 сынып ата-анасы :
- 11 сынып оқушылары мектепте оқыса жақсы болар еді.ҰБТ-ге дайындық қарсаңында балалардың мектептен білім алғаны жақсы еді.
2. -9 сынып ата-анасы :
-Балалар қашан мектепте оқиды? Жұмыстағы ата-аналар үшін,балалардың үйден оқығаны қиын болып тұр.Баламен бірге сабақ оқуға уақыт жоқ.
3. -5 сынып ата-анасы:
-Қашықтықтан оқуға үйрене бастадық.Кездескен қиындықтарды жеңуге тырысамыз.Сонда да,балаларымыз мектепке барғысы келеді.
Қаулы:
2. оқыту барысында ата-аналар балаларға сабақ оқу үшін жағдай жасап,қолдау көрсетсін.
2.2.Ата-аналар балалардың интернеттегі іс-әрекетін қатаң қадағаласын.
3. Мектепте оқитын кезекші сыныптар үшін санитарлық талаптар қатаң сақталсын.
Жиналыс төрайымы :
Хатшы :
Ата - аналар жиналысының хаттамасы
Хаттама №
орта мектебі мемлекеттік мекемесінде ата – аналар арасында жиналыс болып өтті.
Күні:
Жалпы оқушы саны –
Қатысқаны – ата - ана
Күн тәртібінде:
1. Оқушылардың ІІ тоқсан бойынша қорытынды бағаларын, оқушылардың пәндерге ынтасы мен қызығушылығын мәлімдеу.
2. Балалардың жетістіктері туралы ата - аналарға хабарлау.
3. «Қауіпсіздік ережелері» туралы.
4. Мектеп психологы баяндамасы
5. Әр түрлі сұрақтар
Тыңдалды:
1 сұрақ бойынша сөз сөйледі. Оқушылардың 2 - тоқсан бойынша қорытынды бағаларын мәлімдеп, «жақсы» деген бағадан «қанағаттандырарлық» бағаға түсіп кеткен оқушылардың сол пәндерге ынтасы мен қызуғышылығын мәлімдеді. Ата - аналар жиналысына шақырылған пән мұғалімдері оқушылар туралы айтты.
2 сұрақ бойынша сынып жетекші оқушылардың жетістіктері туралы айтты. «Ақ Бота» олимпиадасына қатысқаны туралы, 1 КВН ойынында келесі турға жолдама алғаны туралы айтылды. Қазақ тілі және әдебиет, математика, физика, информатика пәндері апталығында белсенді қатысқан оқушылар туралы айтылды.
3 сұрақ бойынша сынып жетекшісі сөз сөйлеп қауіпсіздік ережелерімен ата - аналарды таныстырып, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата - аналарға үгіт - насихат жұмыстар жүргізіп, қол қойғызды.
4 сұрақ бойынша мектеп психологы суицид туралы баяндама оқыды.
Жиналыс қаулы етеді:
1. ІІІ тоқсанда оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау, сыныптың білім сапасын көтеру.
2. Қауіпсіздік ережелерін ата - аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп отырсын.