Атқа міну мәдениетінің генезисі
Атқа міну мәдениетінің генезисі Атқа міну мәдениеті
Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұланғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді.
Көшпенділер мәдениеті. Ұлы даланың жеті қыры Н.Ә.Назарбаев Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.
Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі - батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі.
Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр - жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі Жылқы атаулары:
құлын (биенің жас төлі),
жабағы (6 айдан асқан құлын),
тай (1 жастан асқаны) деп атайды.
Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды:
құнажын байтал (2 жастан асқаны),
дөнежін шығар (3 жастағы байтал),
дөнежін байтал (3 жастан асқаны),
бесті бие (4 жастан асқаны),
қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие),
кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие),
жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды.
Піштірілмеген еркек жылқының яғни айғырдың атаулары:
құнан айғыр (2 жастан асқаны),
дөнен айғыр (3 жастағысы),
сәурік айғыр (3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны),
бесті айғыр (5 жастағысы),
сақа айғыр (11 – 12 жастағысы), т.б.
Ат үстінде жүрген көшпенділер тақымына басқан сәйгүлігіне неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді. Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті. Масағына қауырсын тағылып, металмен ұшталған жебе берен сауытты тесіп өтетін көбебұзарға айналды. Қазақстан аумағында өмір сүрген түркі тайпалары ойлап тапқан тағы бір технологиялық жаңалық - қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі - ерекше белгісі. Бұл қару ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды
Жылқыға арналған мәдени шығармалар:
“Кербескер”
“Қара жорға”
“Бестай”
“Бозжорға”
“Тепеңкөк”
“Құлагері”
“Маңмаңгері”
“Құлагердің желісі”
“Телқоңыр”
“Бурылтай”
“Керкекіл”
Зерттеулер:
Белгілі этнограф Ахмет Тоқтабай бүгінде дүниежүзінде 65 миллион жылқы және 300-ден астам жылқы тұқымы барын айтады. Осылардың ішінде 17 тұқым қазақ жерінде өсіріледі.
Қазақстанда 2 миллион 500 мыңнан астам жылқы бар. Соның 65%-і — өнімді бағытта, қалғаны ұлттық спорт секілді салаларда қолданылады делінген.
Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет біздің бабаларымыз жасаған. Еуразия көшпенділерінің айрықша маңызды әскери жаңалығына баланған мұздай темір құрсанған атты әскер осылайша пайда болды. Отты қару пайда болып, жаппай қолданысқа енгенге дейін атты әскердің дамуы біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық пен біздің дәуіріміздің І ғасыры арасында көшпенділердің ұзақ уақыт бойы бұрын-соңды болмаған жауынгерлік үстемдік орнатуын қамтамасыз еткен жасақтың ерекше түрі - айбарлы атты әскердің қалыптасуына ықпал етті.
Назарларыңызға рахмет
Орындағандар: Дәлімбек Асқат
Тексерген: Сандыбаева А.
http://melimde.com
Достарыңызбен бөлісу: |