Қаңтар, 2012 жыл Қымбатты ұстаздар, оқушылар



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі3,76 Mb.
#5449

   

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

1-бет



  

         

құттықтау сөз         

қаңтар, 2012 жыл

       


 

Қымбатты ұстаздар, оқушылар 

жəне ата-аналар! 

   Бар игілігіміздің  бастауы болған 

құтты Тəуелсіздігімізге 20 жыл толды.   

Баршаңызды  Тəуелсіздік мерекесімен 

шын жүректен  құттықтаймын!  

    Біз ел Тəуелсіздігінің 20 жылдығын 

салтанатты түрде атап өтіп, айтулы 

мерейтойды жақсы табыстармен қарсы 

алдық.      

Дүниежүзілік тарих тұрғысынан 

қарағанда, жиырма жыл — қас-қағым 

сəт, бірақ жас тəуелсіз мемлекет үшін 

бұл - кəмелетке толу кезеңі.  

 

   Қазақстан Республикасының мемлекеттік табысының 20 жылына айналған барша Қазақстан 



халқының қажырлы еңбегінің қос он жылдығы. 

     


Бұл - Қазақстанның өзінің мемлекеттік жобасының алғашқы қорытындыларын 

шығаратын уақыт. Қарқынды дамушы

 

мемлек еттің Ұлт көшбасшысы, ҚР Тұңғыш Президенті 



Н.Ə. Назарбаевпен бірге қол жетк ізген жетістіктеріне көз салуды талап ететін жағдай.   

     Халқының қамын ойлайтын, болашақтың к емел келешегін ойлайтын, парасаттылық пен 

батылдық, көрегендік пен кемеңгерлікті ту етіп ұстаған Елбасымсыздың басшылығының 

нəтижесінде осындай нəтижеге қол жеткізіп отырмыз. Біздің болашағымыз -жарқын, 

келешегіміз -кемел! 

     Тəуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы абыройлы белесте баршаңызға үлкен табыстар 

тілеймін! 

     Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін сыйы мен сынағы қатар келген ерекше жыл болды. 

Алдымыздағы жыл - жаңа дəуірдің басы. Тəуелсіздіктің үшінші онжылдығының парағын 

ашамыз. Алдағы кезеңге мақсатқа толы үмітпен, күш-жігермен, жақсы ниетпен қ адам 

басамыз.  

    Аяулы  «Жас дарын» оқушылары мен ұлағатты ұстаздар! 

 Сіздерді, Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Қанаттарыңыңыз талмай, армандағ ан биік 

шыңдарға жетулеріңізді тілеймін. Жаңа жыл игі бастамалардың, жаңа жетістіктер мен жаңа 

армандардың тоғысқан кезеңі болсын! 

 

Мектеп директоры С. Т. Хасанова 

 

 



 

 

Құрметті «Жас дарын» мектебінің ұжымы! 

       Сіздерді ел Тəуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз! 

Сондай-ақ, Жаңа 2012 жыл құтты болсын! М емлкетіміздің кемелді келешекке 

бет алғандағы əрбір жылы толағай табыстарға толы болғай! Əрқашан, татулық 

пен бірлік, береке мен табыс, шаттық пен қуаныш орнасын! 



Мектеп əкімшілігі 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



2-бет

  

            



Тəуелсіздік          

қаңтар, 2012 жыл

       


 

Тəуелсіздік тұғыры биік болсын! 

      М ектебімізде  Қазақстан  Республикасы  Тəуелсіздігінің  20  жылдығына  орай  «Тəуелсіздіктің 

шыңы  -  20  жұлдызды    күн»  атты  Қазақстан  20  жылдың  ішінде    əлем  деңгейіне  қаншалықты 

көтерілгенін,  халық аралық  аренадағы  абройы  жоғары  екенін  жəне  Астана  қаласының  мəдени 

жəне рухани келбетін айшықтау, кең қауымды Қазақстан халқының тарихи-мəдени жəне əлемдік  

мəдениет  пен  өнердегі  жетістіктерімен  таныстыру  мақсатында    мерекелік  тəрбие  жəне 

интеллектуалдық бірқатар іс-шаралар өтті. Атап айтсақ, «Руханиятты, азаматтық татулық əлемді 

бейбітшілікке  əкеледі»,  «М емлкеттік  рəміздерді  дəріптеу  ұлт  міндеті»,  «Ұлт  бірлігі  ел 

тыныштығының  кепілі  -  келісім»,  «Желтоқсан    -  ерлік  тарихымыз»,  «Дінаралық  келісім  ер 

бірлігіне  қызмет  етеді»,  «Жиырма  жылда  ел  жаңа»,  «М ен  -  Қазақстанның  патриотымын», 

«Қазақстанның даму кезеңдері», «Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы», «Тəуелсіздік 

- қасиет  тұнған ұлы ұғым», «Біздің басты құндылығымыз Тəуелсіздік, бейбітшілік, тұрақтылық» 

атты 

тəрбие 


сағаттары, 

салаутты 

өмір 

салтын 


насихаттауда 

спорттық 

іс-шаралар, 

интеллектуалдық əр түрлі сайыстар, ғылыми конференция, «Ғылым күні», «М ен - егеменді елдің 

болашағымын»  атты  шығармалар  сайысы,  «Тəуелсіздік  белестері»  атты  кітапханада  кітап 

көрмесі,  «М енің  Отаным  -  менің  Қазақстаным»  атты  сурет  сайыстары  өткізілді.  Жалпы  барлық  

іс-шаралар  өз  деңгейінде  ұйымдастырылып,    қорытынды  нəтижелері  бойынша  оқушылар 

марапатталды. 

 

 

 



 

 

 



Бірлігімен ынтымағы халқымның, 

Көгімізде жарқырайды жарық күн, 

Ырыс, дəулет, бақыты үшін халқымның – 

Жайнай берсін, жайнай берсін жарқын күн! 



Тұрсын Махмуд, 6 «а» сынып 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



3-бет

  

            



тəуелсіздік          

қаңтар, 2012 жыл

       


Желтоқсан –ерлік тарихымыз. 

М ектебімізде 2011 жылғы 26 қараша -15 желтоқсан аралығында  «Тəуелсіздіктің жиырма 

шыңы»,  «20 жұлдызды күн» аясында 10 «а» сыныбының ұйымдастыруымен  «Желтоқсан – ерлік 

тарихымыз»  атты тақырыптық салтанатты жиын өтті.  Бұл жиында сынып оқушылары Ахметова 

М ақпал, Сабыржан Айжас, Алдонғарова Дəметер жəне Қоқанов Əділхан мектеп оқушыларына 

Қазақстан Республикасының  1991-2011 жылға дейінгі тарихынан үзінділер бейнеленген 

презентациясын  ұсынды. Салтанатты жиынға жиналған оқушылардың санасына желтоқсан 

оқиғасы - ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет араласқан  қаралы да, қасіретті күн ек ендігін 

көрсетті. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихында сот үкімін қасқайып қарсы алған өр 

тұлғалы Қайрат Рысқұлбеков, отаршылдық жəне əміршілдік жүйеге қарсы көтеріліске шыққан 

студент қыз – Сəбира М ұхамеджанова, қайсар жүректі, өршіл рухты Лəззат Асанова сияқты 

тұлғалардың аттары алтын əріптермен жазылғандығы жайлы мағлұмат берілді. Желтоқ сан 

құрбандарына арналған жыр-шумақтарын оқып, оларды 1минуттық үнсіздікпен

 

еске алды.  



Салтанатты жиынды «Дүниеде тəуелсіз қазақ  елі бар. Əлемде егемен Қазақстан бар. Оның 

көп  ұлтты,  тату,  ынтымақты  халқы  бар.  Қуатты  экономик асы,  сенімді  саяси  жүйесі  бар.  Ең 

бастысы  –  бүгіннен  нұрлы,  бүгіннен  жемісті  болашағы

 

бар»  -  деген    Елбасымыздың    сондай 



мақтанышпенен, əрі жарқын болашағымызға деген кəміл сенімімен айтқан сөздерімен аяқтады. 

 

       «20 жұлдызды күн» аясында өткен  «Олимпиада» атты спорттық іс-шара желтоқсан айының  



5-і мен 10-ы аралығында  өткізілді. 

Салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың спортқа деген ынталарын арттыру 

мақсатында төмендегідей іс-шара ұйымдастырылды.  

8-9-10 сыныптар арасында волейбол ойынынан сайыс өткізілді, оның қорытындысы бойынша 

жүлделі І орынды 8 «а» сыныбы, ІІ орынды 10«ə» сыныбы, ІІІ орынды 10 «а» сыныбы иеленді. 6-

7  сыныптар арасында Пионерболдан қатарлас сайыс өтті. Нəтижесінде   жүлделі І орынды  7 «а» 

сыныбы, ІІ орынды 6 «б», ІІІ орынды 6 «а» сыныбы иеленді. Сайыс қорытындысы мектеп 

жиынында жарияланып, жүлдегер атанған сыныптар мақтау қағазымен марапатталды. 

Сондай-ақ сайыс барысында 7 «а» сынып оқушысы М еңдібай Тұрсынжан,  7 «ə» сынып 

оқушысы  Қабдолла М əди, 6 «б» сынып оқушысы Сағындықов М ейіржан жəне 6 «а» сыныбының 

оқушысы   Тұрсынов М ахмұд ең үздік, мық ты ойыншылар қатарына еніп, оқушылардың 

қошаметіне бөленді. Өткізілген  іс-шаралардың барлығы да өте қызықты, тартымды өтті. 

Оқушыларға осындай қуаныш сыйлаған, сайысты ұйымдастырған денешынықтыру пəнінің 

мұғалімі Сыпатаев Ермұрат Валерийұлына алғысымызды білдіреміз. 

                                          

 Абдрахманова Əнел, 10 «ə» сынып оқушысы 



 

 

  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Жа а

 жылды  ай елде  алай  арсы алады? 

   Жер шарында Жаңа жылды ең алдымен қ арсы алатын халық - Фиджи архипелагінің 160  

аралының тұрғындары. М ұнда барлығы 320 арал бар. 

 



    Шотландия мен Уэлсте ескі жылдың соңғы секундында есікті кеңірек ашып, ескі 

жылды «шығарып» жібереді де, Жаңа жылды «кіргізеді». 

 

   Үндістанның əр ауданында Жаңа жылды əр уақытта, қыркүйектен наурызға дейін 



қарсы алады. М ереке құрметіне ұшырылған көлемі өте үлкен, түрлі-түсті батпырауықты 

екі мерген садақпен атады. Батпырауық жанған кезде той басталады. 

 

    Панамада Жаңа жыл өрт сөндіргіш мұнарадағы зор қоңыраудың құлақ тұндырған ащы 



дауысымен басталады. 

 



    Болгарияда Жаңа жыл дастарханына басқа да тəтті тағамдармен бірге күміс теңге 

қосып, бірнеше қ абат етіп пісірген самса қойылады. Оның жанында денсаулық пен ұзақ 

өмір сүрудің белгісі - к изил ағашының бір бұтағы жатады. Күміс теңге тап болған адам 

Жаңа жылда зор бақытқа кенеледі деп есептеледі. Дастархан басында біреу түшкіріп 

қалса, жақ сы ырымға санайды. Оған көктемде туған алғашқы қозыны, лақты, құлынды, 

əйтеуір бір жас төлді сыйға тартады. 

 

   Иранда Жаңа жылды наурызда қарсы алады. Дəл сағат 12-де үстел басындағылар 



қолына күміс теңге ұстауға тиіс. Ə йтпесе, халық нанымында ол адам жыл бойы жат елде 

өмір сүреді. 

 

Бразилиялықтар Жаңа жылда көшелеріндегі бағандарды гүлмен,                                 



қоңыраумен безендіріп қояды. 

 



     Эфиопиялықтар Жаңа жылды қыркүйектің 10-11-інде қарсы алады. Жаңа жылда 

бірыңғай ақ киім киеді, ерте тұрып, шіркеуге барады. Сосын самырсын ағашының 

көлеңкесінде Жаңа жылға арнап дастархан жаяды. Балалар Жаңа жылға арнап салған 

суреттерін ата-анасынай сыйлады. Үй ортасынна жіп керіп, əлгі суреттерді іліп қояды. 

Сонан кейін мерекелік дастархан басына отырады. 

 4-бет 


  

 

                 



   

28 желтоқсанда облыс орталығындағы «Астана» мұз сарайында «Тəуелсіздік - алтын бесік!» 

деген атпен жаңа жылдық Президент шыршасы өтті. Оған аймақ басшысы Бақытжан 

Сағынтаев қатысты. Жыл сайын желтоқсан айының соңында ұйымдастырылатын дəстүрлі 

шараға биылғы жылы біздің мектебімізден  Тұрсын М ахмуд 6 «а» сыныбынан,  5 а» 

сыныбынан Белялова Əмина  барды. М ерекеге қатысқан балаларға Президенттің атынан сырт 

киімдер, оқу құралдары мен басқа да сыйлықтар табыс етілді.   

                                                     

 

29 желтоқсанда барлық 



сыныптар бойынша 

мектебімізде жаңа жылдық іс-

шара өткізілді. М ерекелік кеш 

барысында түрлі кейіпкер-

лердің қатысуымен 

театрландырылған қойылым 

көрсетілді. 5,6-сыныптар  Аяз 

ата мен Ақша қарға арналған 

өздерінің өлең-тақпақтарын 

тарту етті. 

 

 

           Еркінова Əсел, 9 «ə» сынып оқушысы 



 

 

 



 

Жа а

 жылға тілек! 

Құрметті ата-аналар, 

Құрметті шəкірт, балалар, 

Білімнің қайнар бұлағы, 

Құрметті абзал ұстаздар! 

Құтты болсын сіздерге, 

Құтты болсын біздерге! 

Жаңа Жылда аспаннан 

Нұр боп жауған ақша қар. 

Ақша қармен еліме 

Қыдыр шықсын төріме, 

Өмірдің көзі-қуаты 

Алтын күн тұрсын көгімде. 

Тілеген тілек оң болсын! 

Жаңа жылдың кешінде 

Ұлу жылы құтты боп, 

Арта берсін несібе! 

Жан-жасыл боп жайқалып, 

Сансыз шырақ тағынып, 

Ақша қардан ақ көрпе 

Сəн етіп, сəнмен жамылып 

Шыршамыз сауле шашып тұр. 

Арайлы нұрға малынып, 

Шыршамыз нұрға малынсын, 

Түрлі ойыншық тағынсын. 

Қармен жауған ақ тілек 

М аржан болып болып шашылсын. 

Айнала билеп əн салып, 

Гүл балалар жарыссын. 

Ақ қоян келіп кеткені 

Ұлу жылы келіп жеткені. 

Қиын сəт кетсін елімнен 

Алма-кезек өтпелі 

Ұлу жыл сұлу жыл болсын. 

Халқыма ырыс төгетін, 

Игеріліп бар байлық. 

Еліме пайда келетін 

Тəуелсіз болған 20 жыл 

Еліме берік болсыншы. 

Ұлан байтақ жеріме 

Кетпейтін бақыт қонсыншы. 

Бар əлем бізге қараған 

Еліміз тыныш болсыншы. 

Тəуелсіз болған жылымда 

Елімнің бақыт-бағына 

Бірліктің шын ұйтқысы 

Елбасы болсын тағында 

Қазақия елі үшін, 

Қазақия жері үшін, 

Қазақ болып өмірге 

Келген мына сен үшін. 

Қазақтың маржан тілі үшін, 

Қазақтың əсем жыры үшін, 

Достықтың алтын қ азығы 

М ұсылманның діні үшін 

Есен болсын Елбасы! 

Қазақтың жарқын күні үшін, 

Құтты болсын жаңа жыр, 

Құтты болсын жаңа нұр! 

Елімде алтын таң атсын. 

Құтты болсын Ж аңа Жыл! 

Жаңа Жылмен халқымның 

Бұзылмасын ұйқысы. 

Үзілмесін елімнің 

Сəбидің тəтті күлкісі. 

Құтты болсын бəріңе, 

Төрге шыққан Ұлу жыл! 

Құтты болсын, халайық, 

Ұлу жыл мынау Сұлу жыл! 

                                            Сартай  айдар лы 

                                    01.01.2012 жыл 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

  



5-бет

     


     

ЛУ

 ЖЫЛЫ 

ТТЫ

 БОЛСЫН!        

қаңтар, 2012 жыл

       


Жаңа жылдық əзіл қалжың 

Көрші батыр ата 

 М енің көрші атам нағыз батыр ғой!!! Ол 1-ші жəне 2-ші дүниежүзілік соғысқа аянбай қ атысты. 

Сосын шаршаған соң компьютерді өшіріп, ұйқыға кетті. 

                                                                  *** 

     Жағрапия пəнінен тест тапсырып шыққан оқушы  Жаратушыға былай деп жалбарыныпты: 

 - О, Құдай, М əскеуді Қытайдың астанасы ете гөр! 

                                                                    *** 

Екі қазақ  жолда келе жатып, құдыққа түсіп к еткен еврейдің баласын құтқарып алады. Ертесінде 

екеуінің үйіне баланың əк есі келіп: 

-

 



Кеше менің баламды құдықтан шығарып алған сіздер ме? 

-

 



Иə, иə, біз құтқарып қалып едік, - дейді ерекше құрмет күткен екуі. 

-

 



Баламның бас киімі қайда? 

Амантай Ерсағын, 6 «ə» сынып оқушы 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

6-бет                         



ҒЫЛЫМ КҮНІ                              қаңтар, 2012 жыл

       


Ғылым

 дегеніміз - т нып т рған ғажайып поэзия.

 

 

Білімді ұрпақ - ел тірегі 

     Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тəрбие беру жолында мектебімізде көп жұмыстар 

атқарылуда. Соның бірі  дəстүрге айналған «Ғылым күні» арнайы құрылған  бағдарлама бойынша 

ашық сабақтар мен іс-шаралар ата-аналардың қатысуымен болды. М ерекенің салтанатты бөлімі 

Ақ орда залында « «Жас дарын» мектебінің бүгінгі күні» атты мектеп директорының баяндамасы 

тыңдалды. Соынмен қатар,  «Жас қыран» жасөспірімдер ұйымдарының мүшелігіне салтанатты 

түрде қабылданды. Жасқырандықтар еліміздің лайықты азаматтары мен нағыз патриоттары болуға 

ант берді. Жиналған қ ауымға  ғалымдар атынан Афанасева В. Н. мен  Исмайлов Д. И. құттықтау 

сөз сөйледі. Жас жеткіншектердің ойына ой, жүрегіне қозғау салып, білім кеңіне терең бойлауға 

ықпал жасап, ізгілік нұрын құйып биік жетістіктерге жеткізген   ғалымдар мен  ұстаздарды 

марапаттау рəсімін Қамқорлық кеңес мүшелері мен ата-аналар комитеті  марапаттады.  «Шын 

жүйрік бəйгеде танылар» дегендей, халықаралық, республикалық сайыстардан жүлделі орын алған 

оқушыларға да ақшадай сыйлықтар мен алғыс хаттар берілді. Олар: халықаралық, республикалық 

деңгейде 16 оқушы, облыстық деңгейде 44 оқушы. 

 

 

 



 

    


  

Бала болашағы оның жылдам қабылдай білуіне, дұрыс таңдау жасауына, бүкіл өмір бойына 

өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ. Осыған байланысты жек е 

тұлғаға  қойылатын  талап:  ойлылық,  салмақтылық,  белсенділік,    жауапкершілік,  терең  білімділік. 

Бұл  оқушының  бойында  қалыптасатын  түпкілікті  мақсат,  міндеттерін  айқындауға  тікелей  жол 

ашады.  Құрметті  жас  жеткіншектер,  өз  мүмкіндіктеріңді  тиімді  пайдаланып,  сапалы  білім  алуға 

ұмтылыңдар. Ғылым негіздерін игеріп, бəсекеге қабілетті болыңдар!   

                                                                                               «Жас дарын» үн газеті ұжымы 



 

 

 

 



 

     Өнегелі ғұмырында қаншама шəкіртін білім нəрімен сусыңдатып, бойларына ізгілік 

шуағын дарыта білген Сəуле Төлегенқызы білім ордасында əріптестерінің құрметіне 

бөленіп, жаңа дəуірдің жаңа  үрдісіне сай еңбек етк ені үшін Тəуелсіздігіміздің 20 

жылдығы қарсаңда Елбасымыздың  қолынан «Елбасы төсбелгісімен»  жəне  «Облыс 

алдында ерен еңбегі үшін» деген  медалімен марапатталды. 

 

Ахмет Байтұрсынов «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа 



кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді» - деген 

болатын. Осындай мұғалімдердің бірі физика пəнінің мұғалімі Сумбаева Алтын 



Хайроллақызы. Өз пəнін шебер меңгерген, жаңашыл ұстаз - нəтижелі жетістіктерге 

жетті. Сондай жетістіктерінің бірі  - Астана қаласында өткен үлкен алқалы жиында 

Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталуы. «Жаныңда жүр жақсы 

адам» - дегендей, келер ұрпақ, жас буын өкілдерінің осындай ұлағатты ұстаздардан 

үйренері көп деп ойлаймыз. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



7-бет 

   


ҚҰТТЫҚТАУ                          қаңтар, 2012 жыл

       


Құттықтаймыз!!! 

Облыстық ғылыми жобалар сайысында өз жұмыстарын қорғап, жүлделі орындарға ие болған 

оқушылар мен оларды жетелеген пəн мұғалімдерін шын жүректен құттықтаймыз.  Олар:  

1.

 



Қожабеков Рустам, 10 «а» сынып оқушысы, физика, II орын 

2.

 



Жұмат Фариза, Тлеулинов Талғат, 11 «а» сынып оқушысы, физика, I орын 

3.

 



 Қайырбаев Тамерлан, Қозыбаев Болат 11 «а» сынып оқушысы, астрофизика, III орын 

4.

 



Оразымбетов Еламан, Ауғалиев Тамерлан 11 «а» сынып оқушысы, астрофизика, III орын 

5.

 



Сəбит Əдия 8 «а», Қадыр Ануар 7 «а» сынып оқушылары, математика, III орын 

6.

 



Хасанова Əйгерім 11 «а», Төлепберген Алмас 9 «а» сынып оқушылары, математика, I орын 

7.

 



Асаинов М ақсат 11 «а» сынып оқушысы, биология, II орын 

8.

 



Алдынгарова Дəметер, 10 «а» сынып оқушысы, биология, III орын 

9.

 



М ұрат М əдина 8 «б», Сыпатаева Сəния 9 «а» сынып оқушылары, тарих,  II орын 

10.


 

 Хасенов Арман 11 «а» сынып оқушысы, география, I орын 

11.

 Қожахмет Жақсылық, Такирова Еркежан 9 «ə» сынып оқушысы, тіл білімі, II



 орын 

12.


 

 Талипова Дариға, Нұрпейісова Айнұр 11 «ə» сынып оқушысы, тіл білімі, II орын 

13.

 

 Еркінова Əсел 9 «ə» сынып оқушысы, тіл білімі, III орын 



14.

 

 Қуандық Зере  11 «ə» сынып оқушысы, қазақ əдебиеті, I орын.  



15.

 

Тоғаев Қайрат 9 «а»   сынып оқушысы, информатика, II орын 



16.

 

 Ибраев Дəулет, 11 «а» сынып оқушысы, экономика, III орын.  



   Республикалық ғылыми жоба сайысына өткен Қожабеков Рустам, Қайырбаев Тамерлан мен  

Қозыбаев Болат,  Хасенов Арман, Қожахмет Жақсылық пен Такирова Еркежан, Еркінова Əсел сынды 

оқушыларға сəттілік тілеп, биік шыңды бағындырып, жүлделі орындарға ие болуларына  тілектестік 

білдіреміз. 

 

   


  

     


 

 

 

 



Қазақстан – болашаққа ұмтылған ел 

Болдым ғашық, туған дала, мен саған, 

  

Алыс жүрсем, арманым- сен аңсаған; 



Жақын жүрсем, мен-төрінде жанаттың,  

Алтын діңгек- өзім туған босағам! 

"Туған жер". Қ. Аманжолов 

    Түн.  Көзге  түртсе  көрінбейтін  қараңғы.  Аспанның  қабағы  бірнеше  күн  ашылмай  түнеріп  тұр.  Қап-

қара түнерген даланы тек ай сəулесі ғана сəл жарықтандырады. Долы боран. Орман  ішінде бет-аузын 

жалаған  боранға  қарамай,  басында  орамалы,  денесінде  тоны,  аяғында  пимасы,  қолына  дорба  ұстаған 

кішкентай  қыз  келеді.  Ол  жаурағанына  қарамастан,  еңсесін  тік  ұстап  келе  жатыр.  Желге  қарсы 

жүргендіктен, ерні тілініп, жарылыпты. Оны қ айта-қайта жалап қояды. Қабағынан қ ар жауып, кірпігіне 

мұз қатып келе жатқан ол біреу кездесіп қалар деп, жан-жағына жалақтап қарайды. 

Бір кезде алыстан лаулаған оттың көлеңк есі қол бұлғағандай көрінді. Жақындап келсе, бір кəрі қария 

от  жағып,  жылынып  отыр  екен.  Қыршылдаған  қ ардан  біреудің  келе  жатқ анын  сезген  қария  жалт 

қарады.  Бейуақыттағы  жолаушыны  көріп  таңданған  ол:  "Қызым,  бері  кел,  жаураған  шығарсың?"-деп 

жанына шақырды. Бірер мезеттен кейін қыз аяғын ақырын басып, отқа жақындады. Қол-аяғын жылыта 

отырып,  қарттың  өн  бойына  үңіліп  қарады.  Бет-ажары  Сарыарқа  тауларындай  қатпар-  қатпар,  бетіне 

əжімдер  əбден  қаптаған  қария  екен.  "Қызым,  мұнда  неғып  жүрсің?"-деді  қарт.  "М ен  түсімде  бір 

қарияны  көрдім.  Ол  маған  осындай  күні  орманға  кел  деп  аян  берді",-  деді  қыз.  "Дұрыс.  Ол  қария 

менмін.  М ен  жай  қария  емеспін,  Қыдыр  атаны  естіп  пе  едің?  Сол  атаң  мен  боламын.  М ен  сені  əдейі 

таңдап  алдым.  Өйткені,  бүгін  ұмытылып  бара  жатқан  тарих  беттерін  саған  баяндаймын.  Сен  оны 

халыққа жетк із. Қабілетің бар екен",- деді де қария өз əңгімесін бастады: "Тарихи сыры да көп, мұңы да 

көп  түркі  текті  халықтардың  ішіндегі  іргелісінің  бірі,  бірі  де  болса  бірегейі-  қазақ  халқы-  сенің  елің, 

атамекенің.  Қазақ  халқының  даму  жолына  зер  салатын  болсақ,  оның  ұлттық  ерлік  тарихы  өте  бай 

екендігін  аңғарамыз.  Бұл  ерліктер  көркем  жырдай  қызғылықты,  ғибратты.  Ол  шежіре  сонау  қазақ 

хандығының  құрылуынан  басталады.  Жəнібек  пен  Керей  қазақ  ұлты  үшін,  тілі  мен  мəдениеті  қ ұрып 

кетпес үшін,  неше ғасырлар бойы аңсаған қазақ елінің тəуелсіздігін алып, қазақ елінің еңсесін көтеріп 

тастады. Бірақ бұл егемендік оңайға түскен  жоқ, кейіннен де "Ақтабан шұбырынды " шайқасы болып, 

қаншама  бауырларымыз  қырылды.  Қытайға,  Жоңғарияға,  басқа  да  көптеген  көршілес  мемлек еттерге 

шұбырып  кеткен  боздақтарымыз  да  жетерлік.  Бірақ  халқымыз  кейіннен  "Бұланты",  "Аңырақай"  

шайқастарында  табандылық  көрсетіп,  Жоңғария  мемлекетін  жеңіп  шықты.  Əр  түрлі  қырғи-  қабақ  

шайқастардан шаршаған  халқымыз енді Ұлы Ресей  мемлекетінің қол астына кіре бастады. Бірақ Ресей 

үкіметі қазақтарға отарлау саясатын жүргізіп жатты. Шұрайлы жерлерін алып, малдарын айдап  кетіп, 

орыстандыру саясатынан халдері ауырлаған сайын, халық наразылығы күшейіп, патша үкіметіне қ арсы 

Исатай, Сырым, Кенесары бастаған қозғалыстары болды. Орыстың көп жыл қанауында болған қаз ақ елі 

Ə.Бөкейханов  төраға  болған  "Алаш  "  ордасын  құрды.  Танашев,  Х.Досмұхамедов,  Ж.Досмұхамедов, 

Ə.Ермеков  басқа  да  орда  мүшелері  Алаш  автономиясының  территориясындағы  жергілікті  басқаруды 

ұйымдастыру  мен  автономияны  басқару  мəселесін  талқылады.  Бірақ  қазақ  халқы  қанша  дегенмен 

орыстың  ықпалында  болды.  Орыстың  рұқсатынсыз  ешбір  қаулыны  қабылдай  алмайтын.  Ұлы  халық  

бізді өз уысынан жібергісі келмеді. Кейіннен 1941 жылы баққұмар Гитлердің нұсқ ауымен неміс халқы 

ортақ  жерімізге  соғыс  ашты.  Туған  жерін,  Отанын  қорғап,  азаттығы  үшін  қасық  қандарын  аянбаған 

батыр бабаларымыз Бауыржан, Баубек, Шығыстың қос шынары Əлия мен М əншүктер сол бір қанқұйлы 

соғыста  ерлікпен  елімізді  қорғаса,  кешегі  қанды  желтоқсанда  тəуелсіздік  жолында  құрбан  болған 

Қайрат, Жадыра, Лəззат сынды апа-ағаларымыз алдында біз борыштармыз. 

Өткенім бар - өкініш, жасыра алман, 

Тарихым бар жазылған ғасырлардан. 

Қазақ деген ел барын əйгіледім, 

Жаңа ғасыр, сен енді бас ұр маған! 

 Орындалсын аңсаған асыл арман!- 

деп ақын  жырлағандай өткенімізге өкініп, қилы тағдырды басынан төңкерген шежіре тарихымызды 

баяндадым. Бəрі де кеше болғандай есімде. Тарихтың əр парағы ел есінде, тарих елегінде болуы шарт!"- 

деп қария көзіне жас алып, тебірене "Ақтабан шұбырындыда" шығарған халық əні "Елім-айды" əндете 

жөнелді. Қыз енді ата көңілін жұбатайын деп, бүгінгі тəуелсіздік  туралы сөз қозғады: "Иə, ата. Тарих – 

халықтың  неше  мың  ғасырлар  бойы  сүрген  өмірінің  айнасы.  Тарих  елегінен  өткен  ескермейді  де, 

тозбайды. Бірақ, ата, қаз іргі халқымыз  тату- тəтті өмір сүріп жатыр.        (жалғасы 9-бетте) 

8-бет   

             



ЖАС ҚАЛАМ                              қаңтар, 2012 жыл

       


 

 

 

 



       

Желтоқсан  оқиғасынан  кейін,  1991  жылы  он  алтыншы  желтоқсанда  тəуелсіздігіміз  жарияланып, 

алғашқы Елбасын  тағайындадық. Осы мемлек еттің аты ұлтымыздың атына сəйкес- тəуелсіз Қазақстан 

деп  аталады.  Əнұранымен  айбатты,  елтаңбасымен  еңселі,  туымен  тұғырлы  мемлекет  өз  ақшасын- 

теңгені  шығарды.  Əрбір  теңгеде  қазақтың  ұлы  адамдарының  келбеті  кескінделген.  Бұл  ешкімнің  де 

ұмытылмағанын көрсетеді. 

Қазір елім достықтың гүлстаны, Қуаныштың, бақыттың ырыс бағы. М ейрамдарын 

елімнің бірге тойлап, М ұнда сан ұлт қосылып ту ұстаған. Орнап отыр елімнің 

тəуелсіздігі, Қолға тиді елдің ерік тізгіні. 

Ұлты үшін жанын берер ұлдары, 

Дербес, берік мемлекетпіз біз бүгін. Əнұраным қайрат беріп шырқалған, Елтаңбам 

бар төрден орын ол алған. Тілім алып мемлекеттік мəртебе, 

Көк туым бар көк аспанмен ұштасқан. Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар, Көк 

алқапты жасыл жайлау далам бар 

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген, 

Ақ ниетті халық деген данам бар. 

М енің  ойымша,  болашақта  Қазақстан  дамыған  елдер  қатарына  қосылып,  гүлденген  мемлек ет 

боларына  ешбір  күмəнім  жоқ,  ата!  Шығармамды  туған  жерге  деген  ыстық  махаббатпен  жазылған 

туындыммен аяқтағым келеді. 

Отан деген əрбір жүрек дірілі, 

Отан үшін болып келем үлгілі. 

М енің, сенің үмітіміз ертеңгі, 

Қазақстан- келешектің мекені. 

Дарқан далам- сенің, менің қуатым, 

Ата-бабам - сақтаған жез қанатым. 

Салт-дəстүр, дініміз бен тіліміз, 

Бола бермек мəңгі менің жалауым. 

 

 Т&леубаева Фарида, 10 «ə»- сынып о ушысы 

                                   Желтоқсан оқиғасы 

Желтоқсан оқиғасы 

Естен кетпес ешқашан. 

Құрбан болды жас апалар 

Құрбан болды жас ағалар  

Лəззат, Ербол, Қайрат аға 

Өз жандарын қиған  жандар. 

. 

 

   



              

 Тəуелсіз Қазақстан 

Тəуелсіз елім Қазақстан, 

Ынтымағы жарасқан. 

Сүйікті менің Отаным, 

20 жылдығың тойланғ ан. 

Елім менің өте ерекше, 

Болашағы тым айқын 

Көркейе бер көркейе, 

Өрлей бер сен биікке.  

  

 

Қыс                                      

Қыста дүние тыныстар, 

Аяз кернеп ауаны. 

Ақ ұлпадай күміс қар, 

Жұлдыз болып жанады. 

 

Жарылғасын Айжан, 5 «ə» сынып оқушысы  

 

 



Досыма 

Сыныптасым М ария, 

Қашанда болсын жанымда. 

Бірге күліп, бірге ойнап, 

Жүреміз біз əрқашанда. 

 

 



Бауыржан Ақерке, 5 «ə» сынып оқушысы 

 

 



 

Бетті дайындаған: 7 «ə» сынып оқушысы Молдакəрімова Əлия 

9-бет   


             

ЖАС ҚАЛАМ                            қаңтар, 2012 жыл

 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

10-бет                           



ЕСКЕ АЛУ

                              



қаңтар, 2012 жыл

       


 

 

 



 

ГҮЛБАРШЫН ЖҰМАЖАНҚЫЗЫ МҰҚ АШЕВА 

     

 Павлодар  облысының  білім  беру  саласында  қызмет  еткен 

ұлағатты  ұстаз,  Қазақстан  Республикасының  оқу  ағарту  ісінің   

үздігі, артына жарқын із қалдырған сабырлы, тəлімді,  табанды 

басшы, білікті ұйымдастырушы,  тұтастай өмірін елдің игілігі 

үшін  тер  төккен,  аяулы  ана,  асыл  əже    Гүлбаршын 

Жұмажанқызы М ұқашева 60-тан асқ ан шағында өмірден озды.  

Гүлбаршын  Жұмажанқызы  1949  жылы  16  сəуір  күні  

Павлодар облысында дүниеге келген. 

 

 Павлодар педагогикалық институтының   орыс тілі мен 



əдебиеті факультетін бітірген. 

1970  жылы  Успенка  ауданы,  Қаратай  орта  мек тебінің 

орыс  тілі  жəне  əдебиеті  пəнінің  мұғалімі  болып  еңбек  жолын 

бастады. 

1971-1986 

жылдары 


облыс 

мектептерінде 

директордың   оқу-тəрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1986-1999 

жылдары 


облыстық 

мұғалімдер 

біліктілігін 

арттыру 


институтында  к афедра  оқытушысы,  Үздіксіз  білім  беру 

институтында  директордың  орынбасары,  1999-2007  жылдары 

мектеп директоры қызметін атқарды. 

 

 



1999  жылы  мемлекеттік  тілде  оқытылатын  дарынды  балаларға  арналған  мектептің 

ашылуына үлес қосқан басшы. Əрдайым жүрген  жерінде  жақсылықтың  жаршысы,  мəдени  жəне 

рухани  дүниеміздің  шынайы  қамқоршысы  болып  жүретін  бір  туар  азаматша,  үнемі  білім 

сапасының  артуына  үлес  қосты.  Оқу-тəрбие  ісінің  дұрыс  жолға  қойылуына  аянбай  тер  төкті.      

Елдің  қамын  ойлаған  шын  жанашыры,  жаңалыққа  жаны  құмар  əдіскер  қай  ұжымға  келсе  де 

мұғалімдердің  тəжірибесінде  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізуде  көп  ізденіп,  тынымсыз  

еңбек  етті.  Теориялық  жағына  қатысты  шешілмеген  түйінді  мəселелерін  көтеретін  ғылыми 

байыпты    зерттеулер,  ұлттық  тəлім-тəрбие  мен  мінез-құлық  мəселелерін  қозғайтын  ойлы 

дүниелер  арқылы  ұжымдағы  мамандарды  жұмысқ а  жұмылдырды.  М ектептің  əр  оқушысы,  əр 

ұстазының қамқоры бола білген, жағдайын туғыза білген жаны жайсаң адам еді. Өз мамандығын 

жан-тəнімен  сүйген  Гүлбаршын  Жұмажанқызы  мемлекеттік  тілде  оқылатын  мектептің    жан-

жақты дамып, мəртебесін биіктету ісінде де бүкіл құнарлы нəрі мен қадір-қасиетін жас ұрпақтың 

бойына  сіңіру  жолында  мұғалімдердің  ғылыми  педагогикалық  жəне  əдістемелік  ой-өрісін 

кеңейтіп, сабақ беру шеберлігін жетілдіру саласында да ерекше тер төгіп, өзіндік лайықты  еңбек  

етті. Əріптестері арасында ақылшы, ата-аналар ортасында абыройлы, нəзік те сезімтал жан еді. 

Гүлбаршын Жұмажанқызы ұлын ұяға, қызын қияға қондырған өнегелі əулеттің ұйытқысы, 

басшысы  бола білді. Бір əулетке ғана емес, еліне ақылшы  басшы болып, өзінің  саналы ғұмырын 

халқына адал қызмет етуге арнаған тұлға еді. 

Топырағыңыз торқа, жаныңыз жəннатта, иманыңыз жолдас болсын! 

М арқұмның отбасына, туыстары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып 

көңіл айтамыз. 

 

 

«Жас дарын» мамандандырылған мектеп ұжымы 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

                      

11-бет                         Ойлан, тап!            



қаңтар, 2012 жыл

       


 

ЛОГИКА 

   1. Жазылуым бойынша оқысаң - минералмын. Егер алғашқы екі əріпімді ауыстырып оқысаң - 

улы газбын. М енен өндірістің ең қажетті деген заттарын алады. Ойлаңдаршы, сонда мен 

кіммін? 


2.

 

Буланғыш сұйық затпын, мені жаққанда, менің буымның əрбір 15 миллилитрінен 45 мл 



көмір қышқыл ғазы пайда болады. М енің химиялық формулам қандай? 

Бұл сызбадан қышқыл қалдықтарының атауын табыңдар. 

Х 

Л 

Б 

О 

Р 

А 

Й 

О 

Д 

С 

О 

Р 

Т 

Ф 

Т 

Б 

Р 

И 

У 

Л 

И 

О 

Н 

И 

Т 

О 

Д 

Ф 

Ь 

Д 

Р 

И 

А 

Р 

М 

Ф 

А 

Н 

И 

С 

Д 

Т 

К 

И 

О 

Т 

С 

Т 

У 

И 

Т 

О 

Д 

С 

Л 

И 

Р 

Л 

Ф 

С 

Р 

Б 

Ф 

И 

Т 

И 

И 

Ф 

У 

Н 

О 

А 

К 

А 

Т 

Д 

Ь 

Л 

А 

Т 

Т 

Жауапты органы: Сырттанова А.Т, Бекібаева С.Ғ. 

Редакторлар:Төкен Əлімқан, Молдакəрімова Əлия. 

Редколлегия:Қалыш Жарқын, Кабдрахманова Əдия. 

Корреспонденттер: Қуандық Зере, Абдрахманова Əнел, Еркінова Əсел. 

Фотокорреспондент: Омарова Нұргүл, Сəрсекеева Айжан

.

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет